Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қаңтардағы № 22 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 10 тамыздағы № 1041 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережесін, Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 26, 249-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сұйытылған көмірсутекті газдарды жеткізу, тасымалдау және пайдалану ережесінде:
1-тармақта «техникалық» деген сөзден кейін «және есептік» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«және газды пайдаланатын үймереттерінің» деген сөздер алынып тасталсын;
«кәсіпорындағы» деген сөз «газ тораптық ұйымдағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
екінші абзацта «газ сатып алушы» деген сөздер «газ сатып алуға шарт жасасқан» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші абзацтағы «кәсіпорны» деген сөз «объектісі» деген сөзбен ауыстырылсын;
жетінші абзацта:
«кәсіпорны» деген сөз «ұйымы» деген сөзбен ауыстырылсын;
«газбен жабдықтау» деген сөздер «газ шаруашылығының» деген сөздермен ауыстырылсын;
«газ толтыратын бекетті,» деген сөздерден кейін «газбен жабдықтау жүйесін пайдалану қызметін, оның ішінде» деген сөздермен толықтырылсын;
он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«газбен жабдықтау жүйесі - газ құбырлары, газ толтыру станциялары, газ толтыру пункттері, топтық резервуарлық қондырғылар, газбаллонды қондырғылар, газ құбырларындағы үймереттер, электр- химиялық коррозиядан қорғау құралдары, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары ғимараттарының, қазандықтардың, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындардың, қоғамдық ғимараттар мен тұрғын үйлердің газ жабдықтары;»;
мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:
«газ жабдығы - газ құбырларының құрамдас элементі ретінде пайдаланылатын толық зауыттық дайын күйдегі техникалық бұйымдар (компенсаторлар, конденсат жинақтары, құбырлық бекітпе арматура, газ аспаптары), газды пайдаланатын қондырғылар.»;
4-тараудың тақырыбында «жасасу» деген сөзден кейін «және газ тораптық ұйымының қызметтерін беру» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2 және 12-3-тармақтармен толықтырылсын:
«12-1. Табиғи монополия саласында қызметін жүзеге асыратын газ тораптық ұйымдар табиғи монополиялар саласына жатпайтын өзге қызметті табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырады.
12-2. Табиғи монополия саласына жатқызылған газ тораптық ұйымның қызметтеріне ақы төлеу тәртібі мен шарттары табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған тиісті үлгі шартпен айқындалады.
12-3. Табиғи монополия саласына жатқызылған газ тораптық ұйымның қызметтеріне қол жеткізуге рұқсат беру табиғи монополиялар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
16-тармақта «Азаматтарға» деген сөз «Абоненттерге» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. СКСГ-ның шығысын есепке алу және оны тұтынғаны үшін есеп айырысу»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Газ толтыру станцияларында, газ толтыру пункттерінде, топтық резервуарлық қондырғыларда газ тораптық ұйымның СКСГ-ның шығысын есепке алуы уәкілетті орган бекіткен нормативтік құжатпен белгіленеді.»;
мынадай мазмұндағы 22-1, 23-1, 23-2, 23-3, 23-4, 23-5-тармақтармен толықтырылсын:
«22-1. Топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушыларға бөлінген СКСГ-ның мөлшері көлемдік әдіспен анықталады және тұтынушылардың газдың коммерциялық есебін алу аспаптарының көрсеткіштерін немесе газдың коммерциялық есебін алу аспаптары болмаған кезде тұтынушылар пайдаланған және тұтыну нормасы бойынша есептелген газ көлемін жиынтықтау жолымен есептеледі.»;
«23-1. Тұтынушылардың оларға СКСГ-ны жеткізгені үшін есеп айырысуы заңнамада белгіленген тәртіппен белгіленетін бағаларға сәйкес жүргізіледі.
Газ толтыру станцияларынан СКСГ-ны алатын тұтынушылар үшін бағалар СКСГ-ның бір килограмы үшін белгіленеді.
Коммерциялық есебін алу аспаптары бар тұтынушыларға бағалар СКСГ-ың бір текше метрі үшін белгіленеді.
23-2. Тұтынушы тұтынған СКСГ үшін есеп айырысу газ тораптық ұйымның газды коммерциялық есепке алу аспаптарының мәліметтері негізінде жазып берген төлем құжаты бойынша СКСГ-ны жеткізуге арналған шарт ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
23-3. Абонентпен СКСГ-ны тұтынуды есепке алған деректер болмаған кезде, газ тораптық ұйым абоненттің газды коммерциялық есебін алу аспабының нақты деректері бойынша кейіннен қайта есептесу арқылы тұтыну нормасы бойынша есеп айырысу жүргізеді.
23-4. Тұтынушының кінәсінен емес және СКСГ-ны тұтынуды есепке алу деректерінің дұрыс еместігін тудырған газдың коммерциялық есебін алу аспабының бұзылуы айқындалған жағдайда, газ тораптық ұйым СКСГ-ны тұтынуды тұтыну нормасы бойынша қайта есепке алуды, бірақ алдыңғы өткен үш айдан аспайтын мерзімде жүргізеді. Егер коммерциялық есепке алуды көрсетілген мерзімде қалпына келтіру мүмкін болмаса, СКГС тұтыну есебінің тәртібі және есебін қалпына келтіру мерзімдері тұтынушы мен газ тораптық ұйым арасындағы келісім бойынша белгіленеді.
23-5. Пәтерлерде тұрып жатқан абоненттердің санын есепке алуды газ тораптық ұйым жүзеге асырады.
Абоненттің пәтерінде тұрып жатқан адамдар санын есепке алу тәртібін айқындайтын шарттарды абонентпен СКСГ-ны жеткізуге арналған шартқа газ тораптық ұйым енгізеді.»;
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Газ толтыру пунктін жобалау кезінде тапсырыс берушімен (газ тораптық ұйыммен) авариялық өтінімдерді орындауға және тұрмыстық газ баллондарын жөндеуге қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйыммен шарт жасасу қажеттілігін ескеру керек.»;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Тұтынушылардың газ жабдықтарын газ тораптық ұйымның газ құбырларына қосуы газ тораптық ұйым беретін техникалық шарттарға сәйкес жүргізіледі.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Газ жабдықтарын пайдалану кезінде тұтынушылар Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережесінің талаптарын сақтайды.»;
мынадай мазмұндағы 8-1-бөліммен толықтырылсын:
«8-1. Газды есепке алудың коммерциялық аспаптарын орнату және пайдалану
38-1. СКГС тұтынушыларының газды пайдаланатын қондырғылары тұтынылған газ үшін газ тораптық ұйыммен есеп айырысу үшін газды коммерциялық есепке алудың қажетті аспаптарымен қамтамасыз етіледі. СКСГ-ның есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілген есептеу аспаптары пайдаланылады.
38-2. Газды коммерциялық есепке алу аспаптарын тексеру Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде көрсетілген аспапқа аралық тексеру интервалына сәйкес, сондай-ақ мүдделі тараптардың бірінің өтініші бойынша олардың көрсеткіштерінің дұрыстығына және оның есебіне күмән келтірілген жағдайда жүргізіледі.
38-3. Газды коммерциялық есепке алудың орнатылған аспабы газдың коммерциялық есебін алу аспабының бастапқы көрсеткіштері, аспаптың маркасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетілетін акті жасала отырып, СКСГ-ны тұтынушыға жеткізетін газ тораптық ұйымда міндетті тіркелуден өтеді.
38-4. Газды коммерциялық есепке алу аспабының есептеу тетігі қаптамасының бекіткішінде тексеруге құқығы бар ұйымның пломбасы, ал газ құбырымен қосылған жерінде - газ тораптық ұйымның пломбасы болуы тиіс.
38-5. Газды коммерциялық есепке алу аспаптарының техникалық сипаттамалары газды пайдаланатын жабдықтардың зауыттық паспорттарында көрсетілген техникалық деректермен салыстырмалы болуы тиіс.
38-6. Абоненттердің газды: коммерциялық есепке алу аспаптары газ тораптық ұйымның қызметкерлері оларды байқау үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін жерлерге орналастырылады.
38-7. Газды коммерциялық есепке алу аспабын және пломбасын қарау мақсатында, сондай-ақ СКСГ-ны жеткізуге арналған шарт ережелерін абоненттің орындауы мәніне газ тораптық ұйымның өкілі абонентке барады және СКСГ-ны жеткізуге арналған шартта белгіленген тәртіппен газ тораптық ұйымның өкілі және абонент (оның өкілі) қол қоятын актіні ресімдейді.
Акті абоненттің қол қоюдан бас тартқан кезінде де, бірақ оны газ тораптық ұйымның және/немесе кондоминиумды басқару органының өкілдерінен тұратын құрамында кемінде үш адам бар комиссия ресімдеген, сондай-ақ абоненттің (оның өкілінің) қол қоюдан бас тартқаны туралы жеке актіні ресімдеген жағдайда жарамды деп есептеледі. Бас тартқаны туралы актіге газ тораптық ұйымның өкілі және абонент (оның өкілі) қол қояды.».
2. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |