ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1947687 мың теңге (бір миллиард тоғыз жүз қырық жеті миллион алты жүз сексен жеті мың теңге)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің»Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» 2006 жылғы 22 мамырдағы Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдердегі мекемелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуы және жалға алуы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделі құрылысы мен жөндеуі туралы» 1996 жылғы 19 қыркүйектегі № 1144 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін, консулдық мекемелерін және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде орналастырудың тиісті жағдайларын қамтамасыз ету. Шетелдерде әкімшілік және тұрғын үй-жайларды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту. Қазақстан Республикасының шетелдердегі оң бет бейнесін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: шетелде әкімшілік және тұрғын үйге арналған ғимараттарды Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу және құрылысын салу.
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерін орналастыру үшін шетелде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу және салу | Келесі жобаларды іске асыру, соның ішінде: - Біріккен Араб Әмірліктерінде (Әбу-Даби қаласы) Қазақстан Республикасы Елшісінің резиденциясы мен Елшіліктің әкімшілік ғимараты құрылысын салуды - жалғастыру; - Өзбекстан Республикасында (Ташкент қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігін орналастыру үшін әкімшілік кешені құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу; - Испанияда (Мадрид қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігін әкімшілік орналастыру үшін ғимарат сатып алу; - Украинада (Киев қаласы) Қазақстан Республикасының Елшілігін орналастыру үшін әкімшілік кешенді құрылыс жұмыстарын бастау. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және шетелдердегі мекемелері |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: Қазақстан Республикасының шетелдегі дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері және дипломатиялық қызмет персоналын әкімшілік және тұрғын үйлерге орналастыру үшін шет елдерде Мадрид (Испания) қаласында сатып алынған, Әбу-Даби (БАӘ) және Киев (Украина) қалаларында салынып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінің болуы. Өзбекстан Республикасында (Ташкент қаласында) Қазақстан Республикасының Елшілігін орналастыру үшін әкімшілік кешені құрылысына белгіленген тәртіппен бекітілген, мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттаманың болуы.
Түпкі нәтижесі:
Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктерін әкімшілік және тұрғын үй мақсатындағы өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру, Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналының шетелде еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсарту, әкімшілік және тұрғын үй-жайды жалға алудың әкімшілік шығыстарын қысқарту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет персоналын шетелдерде өз меншігіндегі ғимараттарға орналастыру әкімшілік және тұрғын үйлерді жалға алуға арналған әкімшілік шығыстарын қысқарту арқылы қол жеткізіледі.
Сапасы:
Бюджеттік бағдарламаны іске асыру - мердігерлік ұйымдардың құрылысты салу кезінде жұмыстарды орындауына (техникалық қадағалау), шетелдерде жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу кезінде қолайлы нұсқаларын іріктеу барысында талаптардың сақталуына тиісті бақылау жасауды жүзеге асыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
49-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз әкелінген және саудалаудың құрбандары
болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда
қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету» деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11645 мың теңге (он бір миллион алты жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысын бекіту туралы» № 217 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы «Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға арналған валюталық қаражатты жұмсауды ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» № 148 қаулысы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2006 жылғы 25 қаңтарда № 4037 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы «Республикалық бюджетте «Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы» № 08-1/361 бұйрығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: шет мемлекеттерге заңсыз түрде әкелінген, сауда-саттықтың құрбандары болған, шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және кездейсоқ жағдайларға тап болған Қазақстан Республикасының азаматтарын қорғауды және оларды мемлекетке қайтаруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарына қаржылық көмек көрсету, Көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйыммен, Қазақстан Республикасының және өкілдік орналасқан елдің құқық қорғау органдарымен, трафиктің құрбандарына көмектесетін қоғамдық ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасап, трафиктің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын босатуды және елге қайтаруды ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарының арналарын пайдалана отырып, өкілдік орналасқан елде және Қазақстан Республикасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттерге заңсыз әкелінген және саудалаудың құрбандары болған, сондай-ақ шет елдерде басқа қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлық жағдайларда қалған азаматтарына қаржылық көмек көрсету | 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының отанына оралуы үшін көліктік шығыстарын төлеу. 2. Аудармашының көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары. 3. Адвокаттың көрсеткен қызметіне ақы төлеу шығыстары. 4. Біржолғы материалдық жәрдем (тамақтану, қонақ үйде тұру, жоқ болған жағдайда бірінші қажеттілігі бар заттарды сатып алу). 5. Шет мемлекеттің аумағында болған кезең ішінде жол жүгіне, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан жағдайда, оралу куәлігін ресімдеуге, қайтыс болған адамның денесін мәйітханада сақтауға немесе орналасқан елде жерлеуге арналған шығыстар төлемімен «200» жүгіне төлеу шығыстары. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Шетелде болған уақытысында Қазақстан Республикасының азаматтарына біржолғы материалдық көмек көрсету және осындай көмекке зәру Қазақстан Республикасының азаматтарын отанымызға жөнелту.
Түпкі нәтижесі: Адамдарды саудалаумен айналысатындардың немесе олармен байланысты адамдардың тарапынан саудалаудың, қауіп-қатердің немесе қорқытып-үркітудің құрбандары болған Қазақстан Республикасы азаматтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігін және мүмкіндігінше, Қазақстан Республикасына өз еркімен оралуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде болған уақытысында мемлекеттің қамқорлығына қатысты Қазақстан Республикасы азаматтарының сенімділігін арттыру, шетелде өз азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды нақты, іс жөнінде жүзеге асыратын республика ретінде әлемдік қоғамдастықта Қазақстан Республикасының имиджіне оң сипатта ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасының бір азаматын қорғауға және Қазақстан Республикасына жөнелтуге арналған шығындармен айқындалады. Зардап шеккен бір адам шығындарының орташа мөлшері 120 586 теңге құрайды.
Мерзімді уақыты: Шетелде құқықтық көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасының әрбір азаматына мемлекеттің тиімді көмек көрсетуімен.
Сапасы: Шетелде зардап шеккен Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанына оралған нақты санымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
50-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған
«Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарын нығайту және шетелде
Қазақстан Республикасындағы этникалық келісімді насихаттау»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 282702 мың теңге (екі жүз сексен екі миллион жеті жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі «Қазақстан халықтары Ассамблеясының стратегиясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ережесі туралы» № 856 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 23 сәуірдегі «Қазақстан халықтары Ассамблеясының институтын бекіту туралы»№ 1561 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 маусымдағы «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» № 593 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: «Қазақстан-2030» стратегиялық міндеттерді іске асыруда, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуда және қазақстандық халықты, оның күшті мемлекеттілігін, ашық азаматтық қоғамды қалыптастыру процесінде Қазақстан халықтары Ассамблеясының рөлін арттыру, Қазақстан этностарының тарихи шығу тегі елдерімен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту, этникааралық қатынастарды үйлесімді дамыту, Қазақстан Республикасының оң сипаттағы имиджін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік тілдің және қазақ халқы мәдениетінің негізгі рөл ойнауы жағдайында азаматтық және рухани мәдени ортақтық негізінде Қазақстан этностарын шоғырландыру арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, этникааралық қатынастар саласында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстандағы этникааралық үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктердің күш-жігерін кіріктіру, шетелдік іскер және қоғамдық топтардың ақпараттану деңгейін көтеру және Қазақстан Республикасына деген оң көзқарастарын қалыптастыруға жәрдемдесетін іс-шараларды, конференцияларды, таныстыру рәсімдерін, сапарлар алмасуларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Қазақстанда тұратын этностардың тарихи шығу елдерімен қатынастарын нығайту және шетелде Қазақстан Республикасындағы этникалық келісімдi насихаттау | Шетелдерде Өкілдік мәжілістер, көрмелер мен семинарлар өткізу, конфессияаралық және этникалық келісімнің қазақстандық моделін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, салтанатты және өзге де өкілдік іс-шараларды шетелдерде өткізу жөніндегі шығыстарды төлеу. | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдердегі мекемелері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи Отаны болып табылатын Германияда, Кореяда, Ресей Федерациясында және басқа да елдерде қазақстандық әртістердің гастрольдік концерттерін өткізу, конференцияларды, тұсаукесерлерді және де басқа іс-шараларды өткізу, сапарлармен алмасу, тиісті әдебиетпен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтижесі: Қазақстан Республикасында тұратын этностардың тарихи шығу тегі болып табылатын Германиямен, Кореямен, Ресей Федерациясымен және басқа да елдермен қатынастарды нығайту және халықтың осыған қатысы бар топтарын қамтитын өмір сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жобалардың сапасына ықпал ету.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: Іс-шараны өткізуге арналған шығындар - 282 702 мың теңге «Өкілдік шығындар» бағдарламасын іске асыру барысында көрсетілетін қызметтердің бірлігіне арналған шығындардың жоспарланған көлемін ic жүзіндегі шығындардың көлемімен салыстыру мүмкін емес, өйткені барлығы осы іс-шараға қатысатын делегациялар мүшелерінің санына және олардың мәртебесіне байланысты. Адамның немесе іс-шараның саны жөніндегі орташа арифметикалық деректер жұмсалған қаражатты тиімді пайдалану туралы анық ақпарат бере алмайды.
Мерзімді уақыты: Көзделген іс-шараларды толық көлемде қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасындағы үйлесімді этникааралық келісімді және 130-дан астам ұлттардың тату-тәтті тіршілік етуін шетелде насихаттауды қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет көрсетулерді алушылардың қажеттілігін қанағаттандыру.
51-ҚОСЫМША ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)