ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7.Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. Астана қаласы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында алқа билердің қатысуымен қалалық сот және екі аудандық сот ғимараттары, Қостанай облысы Лисаковск қаласының қалалық сотының ғимараты мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотпен бірлесе отырып Оңтүстік Қазақстан аудандық соты негізінде сот орындаушыларының аумақтық бөлімшесі бар мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының типтік ғимаратын, Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Соттар әкімшісінің негізінде сот орындаушыларының аумақтық бөлімшесі бар әкімшілік сотының типтік ғимараты, Жамбыл облысы Тараз қаласындағы № 2 сотының негізінде сот орындаушыларының аумақтық бөлімшесі бар қылмыстық сотының типтік ғимараты, Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының негізінде аумақтық бөлімшелері бар аудандық сотының типтік ғимараты және Ақтөбе қаласындағы облыстық сот ғимаратын қайта жаңарту; Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық Соттар әкімшісінің және 3 қабатты әскери әкімшілік сотының ғимаратының мемлекеттік сараптамадан өткен белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық-сметалық құжаттамасы.
2. Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Шиелі ауылындағы 3 құрамды аудандық сотының әкімшілік ғимаратының құрылысының басталуы;
3. Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Тараз, Орал, Алматы облысы Қаскелең қалаларындағы облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарына жапсарлас құрылыс салу.
4. Алматы, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Өскемен, Орал қалаларындағы, облыстық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарын пайдалануға беру.
Түпкі нәтиже: құрылыс және сот жүйесі органдарының объектілерін қолданысқа енгізу арқылы соттың заңдылық принципін, объектілігін, дербестігін жақсарту.
Уақтылығы: жұмыстардың орындалу кестесіне және келісім-шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.