ҚР Үкіметінің 2008.19.07. № 712 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2008.14.10. № 581в қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер:
Құтқарушылар азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен, заттай киім-кешектермен қамтамасыз етілді, ғимараттарға, жабдықтарға және басқа да негізгі құралдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1-тармағын іске асыруға 8 бірлік автокөлік құралдарын сатып алу, оның ішінде: УАЗ 3 бірлік, Газель 2 бірлік, орта сыныпты АҚМ - 1 бірлік, гидрооралым 3-ші жергілікті 1 бірлік, авариялық құтқару жабдықтары және аспаптары, оның ішінде: жылу зеңбірегі 4 бірлік, зардап шеккендерге киіз үй - 2 бірлік, ұялы байланыс кешені УКВ-10-бірлік, созылмалы құтқару матасы, авариялық құтқару аспабының жинағы, сүңгуір жейдесі, неопренді гидрокостюм, тау шаңғысы жинағы, газ қазандығы, үйлестіру-диспетчерлік қызмет және басқа жабдық үшін қатты дауыс байланыс жүйесі, оның ішінде желдеткіштер - 2 бірлік, тоңазытқыштар, ламинатор+брошуратор.
Азық-түлік, дәрі-дәрмектер, заттай мүліктер сатып алу, мерзімді қызметтегі 153 бірлік әскери қызметшінің келісім-шартты қызметке өтуі.
Дәнекерлеуші агрегат - 1 бірлік, байланыс құралы, коммуналдық-тұрмыстық жабдық, оның ішінде: жылыту қазандығы - 6 бірлік. Іс-шаралар жоспарының 3.1 т. іске асыру үшін автокөлік құралдарын, оның ішінде: жоғары өтімді КамАЗ (6*6) - 3 бірлік, ГАЗ шассасында АСА - 1 бірлік, УАЗ шассасында АСА - 1 бірлік сатып алу. "ҚР ӘҚ қару жарақтары мен әскери техниканы сатып алу, жаңғырту, жөндеу, пайдаға асыру мемлекеттік бағдарламасы" іс-шаралар жоспарын іске асыруға бульдозер 1 бірлік, № 52859 әскери бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
Алматы қаласында пәтерлер сатып алынды (бір бөлмелі - 2 бірлік, екі бөлмелі - 1 бірлік) сатып алу. Автокөлік құралы - 4 бірлік, оның ішінде: КамАЗ базасында АСА - 2 бірлік, НИВА Марш АСА - 2 бірлік, авариялық құтқару жабдығы. «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1 іске асыру УАЗ базасында АСА - 3 бірлік, қарда жүретін машина - 2 бірлік, Камаз автомобилі - 1 бірлік, УАЗ автомобилі - 1 бірлік, авариялық құтқару аспаптары мен жабдығы - 4 бірлік;
- Жер серігі терминалы - 1 бірлік, басқару бейне камерасы - 1 бірлік, дизельді-генераторлық қондырғы - 1 бірлік сатып алу;
- Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы гидротехникалық құрылыстарды, гидрологиялық посттарды, диспетчерлік пунктерді, сейсополигондарды және бөгеттегі ағымды жөндеу, бақылау және хабардар ету бекеттерін ұстау, аэрошолу жұмыстары, мұздық көлдерді ағызу бойынша алдын алу жұмыстары, жер сілкіністерін қысқа мерзімді болжауды қамтамасыз ету бойынша ғылыми-болжау жұмыстарын жүргізу, қар көшкіндерін, сел тасқындары мен сырғымаларды алдын ала түсіру бойынша жару жұмыстары.
Құрылыс техникалары мен автокөлік - 7 бірлік, оның ішінде: темір табанды эскаватор - 1 бірлік, Фронтальды жүк тиегіш - 1 бірлік, кран монипулятор - 1 бірлік, экскаватор - 3 бірлік, автогрейдер - 1 бірлік, гидрометеорологиялық бұйымдар сатып алу. «Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» іс-шаралар жоспарының 3.1 іске асыру үшін Камаз (самосвал) - 10 бірлік, тұрғын вагон - 10 бірлік, цемент таситын көлік - 1 бірлік, бензин таситын көлік - 1 бірлік;
- авиациялық техниканы ұстау бойынша қызмет көрсетулер қамтамасыз етілді, авиациялық техниканы ұстау, ұшыру-техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет көрсетулер сатып алынды, оның ішінде: жанар жағар май материалдарына, ағымдағы жөндеу және техникалық қызмет көрсету, авиациялық техниканы орналастыру шығындары;
- «Қазқұтқару» республикалық (халықаралық) жиын-семинары өткізілді және оған 335 құтқарушының қатысуы қамтамасыз етілді;
- Активтер - 190 бірлік, оның ішінде: Урал базасында АЦ-40 автоцистерна - 40 бірлік, Камаз базасында АЦ-40 автоцистерна 30 бірлік, ЗИЛ базасында АЦ 2,5-40 автоцистерна - 60 бірлік, өрт сөндіру-техникалық керек-жарақтар, «Диспетчер» АРМ жабдығын, байланыс құралдары, телекоммуникациялық жабдық, жедел жеңіл автомобиль - 1 бірлік сатып алу.
ММ өртсөндіру депосы ғимараттарының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша шығындар және күрделі жөндеу, оның ішінде: Атырау облысының Индер ауданы № 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу; Ақтөбе облысы Шалқар қ. Газовиков п.ө/б - 17 г. өрт сөндіру депосын күрделі жөндеу; Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы, Абай ауылы өрт сөндіру депосы ғимаратына күрделі жөндеу; Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное п. 7 ө/б өрт сөндіру деп осы ғимаратын күрделі жөндеу; Алматы қ. Қонаев көшесі 132 СПЧ-8 ғимаратын күрделі жөндеу, Жамбыл облысы Талас ауданы, Қаратау қаласы өрт сендіру депосының қазандықтарын жылыту және газдандыру жүйесін күрделі жөндеу; Батыс Қазақстан облысы ММ арнайы жасағына күрделі жөндеу; Тараз қаласы Асқаров 284-а көшесі бойынша жұмылдыру резерві ғимаратын күрделі жөндеу; Тараз қ. Жамбыл № 1 даңғылы бойынша ө/д жатақханасы ғимаратына күрделі жөндеу; материалдық емес активтерді сатып алу.
Камаз базасында 4 бірлік, гидравликалық авариялық құтқару аспаптары, іздеу құтқару иттері - 2 бірлік сатып алу.
Материалдық емес активтерді сатып алу, оның ішінде «1С -Бухгалтерия»
- белгілі бір адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету. Медициналық (емдеу және диагностикалық), зертханалық жабдықтар сатып алу.
Түпкі нәтиже:
төтенше жағдайлар оқиғаларын кеміту мен азайту бойынша іс-шараларды жүргізу, оның ішінде төтенше жағдайлардан күтілетін материалдық шығынды 2-3 % азайту, зардап шеккендер мен қаза болғандардың санын 3-4 % азайту, құтқарылғандардың санын 5-6 % көбейту. Емделген адамдардың денсаулығын жақсарту.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
бір әскери бөлімді ұстау орташа 347181,0 мың теңгені құрайды;
бір өңірлік аэромобильдік жасақты ұстау орташа 44852,6 мың теңгені құрайды;
«Қазқұтқару» семинарына қатысатын бір құтқарушыны 10 күн ішінде орташа қамтамасыз ету - 22,4 мың теңге;
1 тікұшақты бір жылда пайдалану, ұстау және оған техникалық қызмет көрсетудің орташа құны - 33120,7 мың теңге;
бір өрт сөндіру бөлімін ұстау орташа 36868,2 мың теңгені құрайды;
бір жедел құтқару жасағын ұстау 33247,2 мың теңгені құрайды. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайында жылына бір адамды емдеуге орташа шығыс 104,7 мың теңге.
Сапасы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы функцияларға сәйкес адамзат факторымен, қаза болғандар мен зардап шеккендер санымен байланысты төтенше жағдайлар санының артуын, сондай-ақ өндіріс объектілері мен жеке секторлардағы өрт, дүлей зілзала нәтижесіндегі материалдық шығынды 100 %-ға тежеу жөніндегі іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету. Диагностика және емдеу мерзімді медициналық-экономикалық хаттамаларға сәйкес емдеу.
Уақтылығы:
барынша уақыт мүмкіндігімен белгіленген регламент шеңберінде төтенше жағдайларға ден қою, олардың алдын алу және жою.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
35-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакция
1. Құны: 1820028 мың теңге (бір миллиард сегіз жүз жиырма миллион жиырма сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағын табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарын дайындаудың білім деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағын болуы ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету жағдайын жасау.
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау | Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес «2008 жылға арналған Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына 3-қосымшаға сәйкес сома шегінде инвестициялық жобаларды мына іс-шаралар бойынша іске асыру: 1) Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғау құрылыс кешенін салу (Мемлекеттік сараптаудың жобалық сметалық-құжаттарға 2004 жылғы 31 тамыздағы № 7-386/ 2004 қорытындысы); 2) ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) Астана қаласында жаңа әкімшілік орталықта 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазселқорғау ММ, |
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғауға арналған объектілер кешенін салу (орындалған жұмыстар көлемінің 11,5 %-ы);
Түпкілікті нәтиже: аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғауға арналған объектілерді пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған шартқа сай.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
36-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10399 мың теңге (он миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық және нормативтік-құқықтық базаны дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ өртпен күрестегі тәжірибе негізінде, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, үйлер мен ғимараттардың өрт қауіптілігін бағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу | Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтар мен зерттеулер жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу: - өрт қауіпті материалдар мен дайын өнімдер көрсеткіштерін айқындау бойынша; - өрт сөндіретін құрам мен оттан қорғау материалдарының сапасын айқындау бойынша; - өрттен қорғау құралдары мен құтқарушылар, сондай-ақ шаруашылық етуші объектілерде қолданатындай, авариялық-құтқару және өртке қарсы бөлімшелерде қолданатын техникалар; - өрт сөндіру автоматикасы мен жабдықтарының техникалық құралдарын, оттан қорғау материалдарының өрт сөндіру заттарын жобалау, монтаждау және пайдалануға берудің нормативтік құжаттарын (мемлекеттік стандарттар, әдістемелік ұсынымдар) әзірлеу бойынша; - өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес үйлестіруді есепке ала отырып, сынақ әдістерін айқындау | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 4 сынаулар мен зерттеулер жүргізу және өрттерді анықтау мен сөндірудің автоматтық жүйелерін, құтқару қондырғылары мен жеке қорғану құралдарын сынау әдістерін және жалпы техникалық талаптарды реттейтін 6 нормативтік құжаттар әзірлеу.
Түпкілікті нәтиже: өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік стандарттағы бір нормативтік-техникалық құжаттың сараптамасы 70,0 мың теңге;
бір нормативтік техникалық құжатты мемлекеттік тілге аудару рецензиясы - 50,0 мың теңге;
бір стандартты әзірлеу кезіндегі сынақ пен зерттеудің орташа құны - 2245,8 мың теңге.
Сапасы: республикада шығарылатын және Қазақстан рыногына әкелінетін сынақ үлгілерінің, бұйымдардың және өнімдердің өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін айқындау бойынша қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 100% орындалуын қамтамасыз ету.
Уақтылы: сынаулар мен зерттеулердің нәтижелерін белгіленген мерзімде ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
37-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 339285 мың теңге (үш жүз отыз тоғыз миллион екі жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 051001 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімі бар инженерлерді дайындау сапасын барынша ұлғайту.
ҚР Үкіметінің 2008.14.10. № 581в қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау | Штаттық саны 120 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесін ұстау. Тыңдаушыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және стипендиялар төлеумен, ғимараттарға, үй-жайларға, құрал-жабдықтарға ағымдағы жөндеу жасаумен және басқа да негізгі құралдармен қамтамасыз ету. Компьютерлер мен оргтехника, оқу- зертханалық жабдықтар, жиһаз, бақылау байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтар, шатырлар, әдебиеттер сатып алу. Оқу, әдістемелік және ғылыми- зерттеуді қоса алғанда білім беру қызметін жүзеге асыру. Ғимараттың беткі жағын, асхананың шатырын, спорт залының шатырын күрделі жөндеуден өткізу. Мемлекеттік сараптамадан өткен сметалық құжаттамаға сәйкес жатақхана және оқу корпусы ғимаратын күрделі жөндеу. | Жыл бойы | «Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесі |
ҚР Үкіметінің 2008.14.10. № 581в қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Түпкілікті нәтиже: Тыңдаушыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және стипендиялар төлеумен, ғимараттарға, үй-жайларға, құрал-жабдықтарға ағымдағы жөндеу жасаумен және басқа да негізгі құралдармен қамтамасыз ету. Компьютерлер мен оргтехника, оқу-зертханалық жабдықтар, жиһаз, бақылау байланыс құралдарын, өрт-техникалық жабдықтар, шатырлар, әдебиеттер сатып алу. Оқу, әдістемелік және ғылыми-зерттеуді қоса алғанда білім беру қызметін жүзеге асыру. Ғимараттың беткі жағы, асхананың шатыры, спорт залының шатыры күрделі жөндеуден өткізілді.
Түпкілікті нәтиже: «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындау - күндізгі оқу бөлімі факультетінің түлектері - 115 адам, сондай-ақ сырттай оқу бөлімі факультетінің түлектері - 150 адам.
Сапасы: 051001 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша (академиялық дәрежесі - бакалавриат) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес мамандарды дайындау.
Уақтылығы: мамандарды дайындаудың бекітілген кестесіне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
38-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын
төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11145 мың теңге (он бір миллион бір жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы басшы құрам мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша көмектесу, азаматтық қорғаныс әскерлері үшін білікті офицерлер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтық қорғаныс әскерлері үшін офицерлер кадрларының және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандардың біліктілігін арттыру, басшы құрамның, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, еліміздің азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың мамандарын дайындау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/ с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 007 | | Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау | Төтенше жағдайлар- дың алдын алу және оларды жою саласында кадрлар даярлау жөніндегі қызмет көрсетулер- ді (жұмыстарды) сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
бюджет саласындағы қызметкерлерді 47 санат бойынша оқыту, оқу бағдарламасында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша 62 тақырып көзделген, оқу курстары бір аптадан (42 оқу сағатынан) тұрады.
Түпкілікті нәтиже: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы 1750 бюджет саласындағы қызметкерлердің білім деңгейі мен дағдысын арттыру.
Қаржы-экономикалық тиімділік:
бір тыңдаушыны оқытуға - 6369 теңге, оқытудың бір сағаттық құны - 265,3 теңге.
Сапасы:
бюджет саласындағы қызметкерді оқыту бойынша жинақтық оқу жоспарына сәйкес.
Уақтылығы:
кадрларды дайындау және қайта даярлаудың бекітілген кестесіне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
39-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
1. Құны: 4677606 мың теңге (төрт миллиард алты жүз жетпіс жеті миллион алты жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы; «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын жаңартып отыруды қамтамасыз ету; сақтау режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалы және сандық сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 008 | | Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына операция жасау, мемлекеттік материалдық резервтің тауарлық-материалдық құндылықтар қорларын сақтау нормаларына дейін жеткізу, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған тауарлар мен материалдар номенклатурасын қалыптастыру үшін материалдық құндылықтарды сатып алу, жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті |
3 | | 101 | Мемлекеттік материалдық резервті сақтау | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттерінде сақтауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бүтіндігін қамтамасыз ету үшін оларды түгендеу, ауыстыру, бағалау, сертификаттау және сақтауды жүзеге асыру. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырмасы бар ұйымдарда сақтау мен ұстауды жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті |
4 | | 103 | Сақтау пункттерін күрделі жөндеу | Мемлекеттік мате- риалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өндірістік қуаттарына күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Құпия.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің