Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 шілде № 1047
Осы редакция 2008 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесiн одан әрi реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 28 тамыздағы № 812 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж.; № 29, 258-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2001 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкіметіне педагогикалық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн";
2) 3-тармақтағы:
1) тармақшасындағы "Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшасындағы "кәсiптiк-техникалық оқу орындарын" деген сөздер "бастауыш кәсiптiк білім беретiн оқу орындарын" деген сөздермен, "жұмыспен қамту қызметтерi" деген сөздер "жергiлiктi бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік жалпы білім беру мектептерiнiң жанындағы жалпыға бiрдей мiндеттi орта білім қоры туралы үлгi ережеде:
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жалпы оқыту қорының қаражаты білім беру ұйымдарында жоспарланады және олардың ағымдағы бюджеттік шоттары және шығыстардың бюджеттік жіктемесінің бағдарламалары, кіші бағдарламалары мен ерекшеліктері бойынша ақылы қызмет көрсетуден, демеушілік қайырымдылық көмектерден алынатын қаражат шоттарында ескеріледі".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі