іс жүзіндегілермен салыстырғанда аса тиімді, қауіпсіздігі төмен, есірткілік әсері әлсіз есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу және енгізу үдерісін бақылауды;
Ішкі әскерлердің жасақталуын жоспарлауды және ұйымдастыруды;
төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету және төтенше оқиғалардың салдарларын жою үшін, сондай-ақ заңсыз қарулы құралымдарға қарсы күрес, жанжал аудандарын оқшаулау және тосқауыл қою, аса қауіпті құқық бұзушылықтардың, диверсиялардың, террористік актілердің, қарулы қақтығыстардың жолын кесу, тайталасушы тараптарды ажырату үшін Ішкі әскерлерді тарту туралы шешімдерді орындауды, заңсыз қарулы құралымдарды қарусыздандыру және жою, жанжал ауданында халықтан қаруды алып қою, жанжал ауданына іргелес аудандарда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;
Ішкі әскерлер кадрларын іріктеу, бөлу, оларды республика аумағында орналасқан жоғары оқу орындарында, әскери училищелерде, сондай-ақ шартты негізде басқа мемлекеттердің әскери оқу орындарында оқыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруды;
медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады және құрылымдардың, Ішкі әскерлер әскери бөлімшелерінің және әскери-оқу орындарының орналасқан жерлеріндегі санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қадағалауды жүзеге асыруды;
қылмыстық процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың өмірін, денсаулығын, ар-намысын, абыройын және мүлкін қорғауды қамтамасыз етуді;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарының қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі сауалдарын орындауды;
жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуге құқығы бар ішкі істер органдарының бөлімшелері мен қызметкерлерін бақылауды жүзеге асыруды;
жедел-іздестіру іс-шаралары мен арнайы операциялардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыруды;
әскери-тергеу органдарының қызметін бақылауды жүзеге асыруды;
қылмыстық және басқа да процестерге қатысушылардың өмірін денсаулығын абыройын, намысын және мүлкін қорғау үшін бақылауды жүзеге асыруды;
профилактикалық іс-шараларды өткізу тәртібін әзірлеуді және тұрғындарды жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына және ережелеріне оқытуды;
жол-көлік оқиғаларын ескерту және жолын кесу жөнінде шаралар әзірлеуді;
жеңіл, жүк автомобильдерін және автобустарды, олардың базасында дайындалған арнайы автомобильдерді, мотоциклдерді, мотороллерлерді, сондай-ақ автомобильдермен бірге қозғалуға арналған тіркемелерді, оның ішінде басқа мемлекеттерде тіркелгендерін және Қазақстан Республикасының аумағына екі айдан астам мерзімге әкелінгендерін қоса алғанда, мемлекеттік тіркеу және есепке алу тәртібін әзірлеуді;
мемлекеттік нөмірлік тіркеу белгілерінің, көлік құралдары мен тіркемелерді тіркеу туралы куәліктердің, жүргізуші куәліктерінің және көлік құралдары мен жүргізушілерге жол қозғалысына қатысуға рұқсат беруге қажетті басқа да арнайы өнім үлгілерін әзірлеуді;
автомотокөлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік техникалық тексеруден өткізу тәртібін әзірлеуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген автомотокөлік құралдарын және олардың тіркемелерін, оның ішінде сенімхат және басқа да құжаттар бойынша пайдаланатын адамдарды тіркеу мен есепке алудың тәртібін әзірлеуді;
белгіленген тәртіппен көлік құралдарына ілесіп жүруді жүзеге асыруды;
жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық әзірлемелер ұйымдастыруға қатысуды;
автомобиль жолдарын, жол құрылыстарын, темір жол өтпелерін, қалалық электрлік көлік желілерін, сондай-ақ автомотокөлік техникасының жаңа үлгілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысуды;
жол қозғалысын реттеуді қамтамасыз етуді;
мүдделі мемлекеттік органдармен жол қозғалысы қауіпсіздігіне, көшелер мен жолдардың құрылысына және қайта жаңғыртуға, сондай-ақ жүргізушілерді дайындаудың көлік құралдары мен оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысты ережелердің, нормативтер мен стандарттардың жобаларын келісуді, жол қозғалысына қатысуға автомотокөлік құралдары мен олардың тіркемелеріне және жүргізушілерге рұқсат беруге байланысты жұмыстарды жүргізуді;
мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылауды, көлік құралдарын пайдаланатын, оның ішінде сенімхатпен жүрген тұлғаларды тіркеу және есепке алуды және көлік құралдарын, троллейбустар мен трамвайларды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау мен куәліктер беруді жүзеге асыруды;
көлік құралдарының иелері мен тасымалдаушылардың заңнамада белгіленген азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға шарт жасасу жөніндегі міндеттерін көлік құралдарының иелері мен жолаушыларды тасымалдаушылардың орындауын бақылауды жүзеге асыруды;
жол қозғалысы қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыруды және оны орындау үшін міндетті түрде нұсқамалар беруді.
13. Министрліктің оған жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығаруға;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
3) қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкi
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады.
15. Министрлiкке бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Министрлiктiң өзiне бекітілген мүлiктi өздiгiнен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайда және шекте мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
17. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі Министрдiң ұсынуы бойынша қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары болады.
18. Министр өз құзыретi шегінде шешiм қабылдауда дербес және Министрлiктiң қызметі үшiн дербес жауап бередi.
19. Осы мақсатта Министр мынадай өкілеттiктердi жүзеге асырады:
1) Министрлiктiң қызметiне басшылық етудi жүзеге асырады;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдарында және халықаралық қатынастарда Министрлiктiң мүддесiн бiлдiредi;
3) ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) өз орынбасарларының, сондай-ақ Комитеттер төрағаларының және Министрлiктің өзге де құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiктер шеңберiн айқындайды, жауапкершілiк дәрежесiн белгiлейдi;
5) Министрлiктiң атынан iшкi iстер органдары орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi, сондай-ақ өз құзыреті шегiнде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар орындауға мiндеттi кесiмдер шығарады;
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
7) азаматтарды Министрлiктiң кадрына қабылдайды, оларға алғашқы және қоса алғанда кезектi полиция полковнигiне дейiнгi арнаулы атақтарды, сондай-ақ Министрлiктiң әскери қызметшiлерiне қоса алғанда полковникке дейiнгi әскери атақтарды, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерiне офицерлiк құрамның алғашқы әскери атағын және полковник әскери атағын бередi;
8) Қазақстан Республикасының Президентiне жоғары басшы құрамға арнаулы атақтар және жоғары әскери атақтар беру туралы ұсыныстар енгiзедi;
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) еңбек қатынастары мәселелері құзыретіне жатқызылған қызметкерлерге заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және тәртіптік жаза қолданады;
10) ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) өз құзыретi шегінде заңнамаға сәйкес iшкi iстер органдарының бөлiмшелерiн құрады және таратады, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген штат санының лимиті шегiнде олардың құрылымын, штат санын және бөлiнген бюджет қаражатының шегiнде еңбекақы қорын белгiлейдi;
12) iшкi iстер органдары лауазымдарының санаттары бойынша біліктiлiк талаптарын бекiтедi;
13) республикалық бюджеттен бөлiнген қаржы шегiнде iшкi iстер органдары мен iшкi әскерлердi ұстауға арналған қаржы қаражатын бөледi;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды
19-1. Жауапты хатшы не жауапты хатшының өкілеттіктерін жүзеге асыратын лауазымды адам:
1) Министр қалыптастыратын саясатты қамтамасыз етеді, оның актілері мен тапсырмаларын орындайды;
2) Министрлік аппаратына басшылық жасауды жүзеге асырады: оның бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) Министрлік қызметінде ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің, ведомстволардың, сондай-ақ аумақтық бөлімшелердің Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Министрліктің штат саны лимиті шегінде құрылымы мен штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісілгеннен кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;
7) Министрліктің қызметін қамтамасыз ету және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісілгеннен кейін Министрлік департаменттері мен басқармалары басшыларын, Министрліктің аумақтық бөлімшелері басшылары мен олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
9) ведомостволардың басшыларын тағайындау үшін ұсынылатын ведомостволар басшыларының орынбасарларын тағайындауды Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
11) Министрдің келісімі бойынша Министрліктің қызметкерлерін іссапарларға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақылар беру мәселелерін шешеді;
12) Министрдің келісімі бойынша еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республиканың Президенті, Үкіметі, Министр бекітетін Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
14) жыл сайын Министрліктің жұмыс жоспары мен оның қызметінің нәтижелері туралы есепті әзірлейді және Министрге бекітуге ұсынады;
15) Министрліктің бюджеттік өтінімін дайындауды, Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізетін Министрге бюджеттік өнімнің ұсынылуын, сондай-ақ бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржыландыру жоспарын және оның қаржылық есебін әзірлейді және Министрмен келісілгеннен кейін бекітеді;
17) мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттері мен стандарттарын әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрліктің құзыреті шегіндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастырады;
20) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынаста өз өкілеттігі шегінде Министрліктің атынан өкілдік етеді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.29.10. № 1004 қаулысымен 19-2-тармақпен толықтырылды
19-2. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапты хатшы немесе жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлға:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне орындалуы міндетті тапсырмалар беруге;
2) жауапты хатшының құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
3) жеке қолданыстағы құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.
20. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңес беру органы болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр бекiтедi.
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
21. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 811 қаулысымен тізбе толықтырылды
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi
1. Мемлекеттік мекемелер
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Емханасы бар орталық госпиталi.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Кинологиялық орталығы.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Оңтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Солтүстiк" әскери және арнайы жабдықтау базасы.
5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Автокөлiктік қызмет көрсету мекемесi.
6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң "Сұңқар" арнайы мақсаттағы жасағы.
7. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Астана қаласы).
8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Дипломатиялық өкiлдiктердi күзету жөніндегі полиция полкi.
9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Үкiметтік мекемелердi күзету жөніндегі полиция полкi.
10. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Академиясы.
11. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Бәрiмбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институты.
12. Iшкi әскерлер жоғары әскери училищесi (Петропавл қаласы).
13. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Ақтөбе заң колледжi.
14. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің Алматы заң колледжi.
15. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Семей заң колледжi.
16. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң Бауыржан Момышұлы атындағы Шымкент заң колледжi.
17. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесі (Астана қаласы).
18. Қазақстан Республикасы Iшкi 1стер министрлігінiң училищесi (Ақтөбе қаласы).
19. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Алматы қаласы).
20. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Атырау қаласы).
21. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Өскемен қаласы).
22. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң училищесi (Тараз қаласы).
23. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Теміртау қаласы).
24. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Қызылорда қаласы).
25. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң училищесi (Қостанай қаласы).
26. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Ақтау қаласы).
27. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Павлодар қаласы).
28. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң училищесi (Петропавл қаласы).
29. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің училищесi (Шымкент қаласы).
30. Астана қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
31. Ақмола облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
32. Ақтөбе облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
33. Алматы қаласы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
34. Алматы облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
35. Атырау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
36. Шығыс Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
37. Жамбыл облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
38. Батыс Қазақстан облысы Iшкi 1стер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
39. Қарағанды облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
40. Қызылорда облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
41. Қостанай облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталі.
42. Маңғыстау облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы.
43. Павлодар облысы Iшкi iстер департаментінің емханасы бар госпиталi.
44. Солтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
45. Оңтүстiк Қазақстан облысы Iшкi iстер департаментiнiң емханасы бар госпиталi.
46. 3477 әскери бөлiмi.
47. 3502 әскери бөлiмi.
48. 3514 әскери бөлiмi.
49. 3517 әскери бөлiмi.
50. 3650 әскери бөлiмi.
51. 3656 әскери бөлiмi.
52. 3660 әскери бөлiмi.
53. 5449 әскери бөлiмi.
54. 5451 әскери бөлiмi.
55. 5510 әскери бөлiмi.
56. 5511 әскери бөлiмi.
57. 5512 әскери бөлiмi.
58. 5513 әскери бөлiмi.
59. 5514 әскери бөлiмi.
60. 5515 әскери бөлiмi.
61. 5516 әскери бөлiмi.
62. 5517 әскери бөлiмi.
63. 5518 әскери бөлiмi.
64. 5546 әскери бөлiмi.
65. 5570 әскери бөлiмi.
66. 5571 әскери бөлiмi.
67. 5572 әскери бөлiмi.
68. 6505 әскери бөлiмi.
69. 6506 әскери бөлiмi.
70. 6636 әскери бөлiмi.
71. 6637 әскери бөлiмi.
72. 6638 әскери бөлiмi.
73. 6654 әскери бөлiмi.
74. 6655 әскери бөлiмi.
75. 6656 әскери бөлiмi.
76. 6679 әскери бөлiмi.
77. 6697 әскери бөлiмi.
78. 6800 әскери бөлiмi.
79. 7552 әскери бөлiмi.
80. Астана қаласының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
81. Ақмола облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
82. Ақтөбе облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
83. Алматы қаласының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
84. Алматы облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
85. Атырау облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
86. Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
87. Жамбыл облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
88. Батыс Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
89. Қарағанды облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
90. Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы (Жезқазған қаласы).
91. Қостанай облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
92. Қызылорда облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
93. Маңғыстау облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
94. Павлодар облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
95. Солтүстiк Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
96. Оңтүстік Қазақстан облысының Мамандандырылған күзет қызметi басқармасы.
97. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің «Есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы
2. Мемлекеттік кәсiпорындар
1. "Алатау" республикалық мемлекеттік кәсiпорны.
3. Акционерлік қоғамдар
1. "Қазақстан" санаторийi" акционерлік қоғамы.
2. "Арқа" санаторийi" акционерлік қоғамы.
3. "Арман" санаторийi" акционерлік қоғамы.
4. "Күзет" акционерлік қоғамы.
4. Жауапкершілігі шектеулi серiктестiк
1. "Сақшы-На страже" жауапкершілiгi шектеулi серiктестігі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 607 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 313 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.06.11. № 1041 қаулысымен тізбе толықтырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң
аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң
тiзбесi
1. Астана қаласының Iшкi iстер департаментi.
2. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi.
3. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаменті.
4. Алматы қаласының Iшкi істер департаментi.
5. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi.
6. Атырау облысының Iшкi iстер департаментi.
7. Шығыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi.
8. Жамбыл облысының Iшкi iстер департаментi.
9. Батыс Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi.
10. Қарағанды облысының Iшкi iстер департаментi.
11. Қызылорда облысының Iшкi iстер департаментi.
12. Қостанай облысының Iшкi iстер департаментi.
13. Маңғыстау облысының Iшкi iстер департаментi.
14. Павлодар облысының Iшкi iстер департаменті.
15. Солтүстiк Қазақстан облысының Iшкi iстер департаментi.
16. Оңтүстiк Қазақстан облысының Iшкi істер департаментi.
17. Көлiктегi Батыс Iшкi iстер департаментi.
18. Көлiктегi Орталық Iшкi iстер департаментi.
19. Көлiктегi Оңтүстiк-Шығыс Iшкi iстер департаментi.
20. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Көкшетау қаласының Iшкі iстер басқармасы.
21. Ақмола облысының Iшкi iстер департаменті Степногор қаласының iшкi iстер бөлiмi.
22. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Ақкөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
23. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Аршалы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
24. Ақмола облысының Iшкi iстер департаменті Астрахан ауданының iшкi iстер бөлiмi.
25. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Атбасар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
26. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Бұланды ауданының iшкi iстер бөлiмi.
27. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Егiндiкөл ауданының ішкi iстер бөлiмi.
28. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Еңбекшiлдер ауданының iшкi iстер бөлiмi.
29. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Ерейментау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
30. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Есіл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
31. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Жақсы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
32. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Жарқайың ауданының iшкi iстер бөлiмi.
33. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Зерендi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
34. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Қорғалжын ауданының iшкi iстер бөлiмi.
35. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Сандықтау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
36. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Целиноград ауданының iшкi iстер бөлiмi.
37. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Шортанды ауданының iшкi iстер бөлiмi.
38. Ақмола облысының Iшкi iстер департаментi Щучье ауданының ішкi iстер бөлiмi.
39. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Ақтөбе қаласының iшкi iстер бөлiмi.
40. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаменті Әйтеке би ауданының iшкi iстер бөлiмi.
41. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Алға ауданының iшкi iстер бөлiмi.
42. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Байғанин ауданының iшкi iстер бөлiмi.
43. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Ырғыз ауданының iшкi iстер бөлiмi.
44. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Қарғалы ауданының iшкi iстер бөлiмi.
45. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Мәртөк ауданының iшкi iстер бөлiмi.
46. Ақтөбе облысының оппа icтep департаментi Мұғалжар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
47. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Темір ауданының iшкi iстер бөлiмi.
48. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Ойыл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
49. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Қобда ауданының iшкi iстер бөлiмi.
50. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Хромтау ауданының iшкi iстер бөлiмi.
51. Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментi Шалқар ауданының iшкi iстер бөлiмi.
52. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Талдықорған қаласының Iшкi iстер басқармасы.
53. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Еңбекшiқазақ ауданының Iшкi iстер басқармасы.
54. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Iле ауданының Iшкi iстер басқармасы.
55. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Қарасай ауданының Iшкi iстер басқармасы.
56. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Талғар ауданының Iшкi iстер басқармасы.
57. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Қапшағай қаласының iшкi iстер бөлiмi.
58. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Текелi қаласының iшкi iстер бөлiмi.
59. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Ақсу ауданының iшкi iстер бөлiмi.
60. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Алакөл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
61. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Балқаш ауданының iшкi iстер бөлiмi.
62. Алматы облысының Iшкi iстер департаменті Ескелдi ауданының iшкi iстер бөлiмi.
63. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Жамбыл ауданының iшкi iстер бөлiмi.
64. Алматы облысының Iшкi iстер департаментi Қаратал ауданының iшкi iстер бөлiмi.