Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1338 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008.27.08. № 773 Қаулысымен күші жойылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы 6-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Ұлттық аккредиттеу орталығы) аккредиттеу жөніндегі орган болып белгіленсін.
2. Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің мәні:
1) аккредиттеу жөніндегі халықаралық (өңірлік) мемлекеттік емес және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына қатысу;
2) үш жыл мерзімге аккредиттеу аттестаттарын беру;
3) алты айға дейінгі мерзімге аккредиттеу аттестаттарының қолданысын тоқтата тұру;
4) инспекциялық тексерулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Мәсімов |