5) 10-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің 1), 2) тармақшаларындағы «15», «3», «3,5», «4», «4,5» деген цифрлар тиісінше «30», «5», «5,5», «6», «6,5» деген цифрлармен ауыстырылсын;
екінші бөлікте «Жәрдемақы» деген сөз «Жәрдемақылар» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
« 2. Өтініш беруші жәрдемақының мөлшерін өзгерту немесе оны төлеуді тоқтату үшін негіз бола алатын мән-жайлар туралы тиісті уәкілетті органды он бес күн мерзімде хабардар етуге міндетті.
Өтініш беруші бала күтімі жөніндегі жәрдемақының және балалар жәрдемақысының мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытылы хабарламаған жағдайда, көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап жәрдемақы мөлшері қайта қаралады, бірақ бұл мерзім оларды тағайындаған кезден ерте болмауға тиіс.»;
6) 11-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «негіз болып табылады» деген сөздер алып тасталып, тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) өтініш берушінің жәрдемақының (жәрдемақылардың) заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дұрыс емес мәліметтер беруі негіз болып табылады.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жәрдемақыны төлеу осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.
Артық төленген сомалар - ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда сот шешімінің негізінде сот тәртібімен қайтарылуға жатады.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Бала (балалар) қайтыс болған жағдайда осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларында көзделген жәрдемақыларды төлеу бала (балалар) қайтыс болған ай өткен соң тоқтатылады.».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 7) және 8) тармақшаларын қоспағанда, 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н.НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы желтоқсанның 19-ы
№ 9-ІV ҚРЗ