«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгінiң
Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы»
мемлекеттік мекемесiн тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1338 қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 8 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы» мемлекеттік мекемесi таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесiнде:
реттік нөмiрi 16-жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |