Екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 4 желтоқсандағы № 1171 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 609 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған екі айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. «Еңбекке уақытша жарамсыздықтың екі айдан артық мерзімі белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы № 1213 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1171 қаулысымен
бекітілген
Екі айдан артық мерзімі еңбекке уақытша жарамсыздықтың
белгіленуі мүмкін ауру түрлерінің
тізбесі
1. Ішектің пенетрациясымен және ішектен қан кетумен асқынған іш сүзегі мен паратифтер
2. Сальмонеллездік септицемия
3. Ботулизм, асқынған түрі
4. Амебиаз, асқынған түрі
5. Бактериологиялық және гистологиялық расталған тыныс алу органдарының туберкулезі
6. Бактериологиялық және гистологиялық расталмаған тыныс алу органдарының туберкулезі
7. Басқа органдардың туберкулезі
8. Милиарлық туберкулез
9. Оба
10. Туляремия
11. Күйдіргі, өкпелік түрі
12. Декомпенсация сатысындағы созылмалы жіті және ауыр дәрежедегі жітілеу бруцеллез
13. Маңқа және мелиоидоз, асқынған түрі
14. Бүйректі зақымдайтын лептоспироз
15. Алапес (Гасен ауруы)
16. Листериоз, асқынған түрі
17. Дифтерия, уыттық түрі
18. Менингококктық жұқпа
19. Стрептококктық септицемия
20. Басқа септицемия
21. Миокардитпен асқынған бөртпе сүзегі
22. Жіті полиомиелит
23. Орталық нерв жүйесінің баяу вирустық жұқпалары
24. Құтыру
25. Вирустық маса энцефалиті
26. Вирустық кене энцефалиті
27. Басқа айдарларда жіктелмеген, басқа да вирустық энцефалиттер
28. Анықталмаған вирустық энцефалиттер
29. Вирустық менингит
30. Орталық нерв жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген, басқа да вирустық жұқпалары
31. Орталық нерв жүйесінің вирустық жұқпасы
32. Бүйрек синдромымен асқынған геморрагикалық безгек
33. Герпетикалық менингит
34. Герпетикалық энцефалит
35. Ауыр дәрежедегі А вирустық гепатиті
36. Ауыр дәрежедегі В вирустық гепатиті
37. Комамен анықталмаған вирустық гепатит
38. Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) туғызатын ауру
39. Менингитпен асқынған эпидемиялық паротит
40. Кандидоздық менингит
41. Кандидоздық септицемия
42. Рlasmodium falciparum тудыратын безгек, асқынған түрі
43. Рlasmodium vivax тудыратын безгек, асқынған түрі
44. Рlasmodium malarіаe тудыратын безгек, асқынған түрі
45. Лейшманиоз, висцеральдық түрі
46. Токсоплазмалық менингоэнцефалит
47. Басқа органдарды зақымдайтын токсоплазмоз
48. Экинококкоз
49. Цистицеркоз
50. Еріннің қатерлі ісігі
51. Тілдің қатерлі ісігі
52. Қызыл иектің қатерлі ісігі
53. Ауыз қуысының қатерлі ісігі
54. Таңдайдың қатерлі ісігі
55. Ауыздың басқа да және анықталмаған бөлігінің қатерлі ісігі
56. Құлақ маңы сілекей безінің қатерлі ісігі
57. Басқа да және анықталмаған үлкен сілекей бездерінің қатерлі ісіктері
58. Бадамша бездің қатерлі ісігі
59. Ауыз-жұтқыншақтың қатерлі ісігі
60. Мұрын-жұтқыншақтың қатерлі ісігі
61. Алмұрт тәрізді синустың қатерлі ісігі
62. Жұтқыншақтың төменгі бөлігінің қатерлі ісігі
63. Еріннің, ауыз қуысы мен жұтқыншақтың басқа және таралуы дәл белгіленбеген қатерлі аурулары
64. Өңештің қатерлі ісігі
65. Асқазанның қатерлі ісігі
66. Ащы ішектің қатерлі ісігі
67. Тоқ ішектің қатерлі ісігі
68. Ректосигмоидтық қосылыстың қатерлі ісігі
69. Тік ішектің қатерлі ісігі
70. Анус пен анус каналының қатерлі ісігі
71. Бауыр мен бауырішілік өт жолдарының қатерлі ісігі
72. Өт қабының қатерлі ісігі
73. Өт шығару жолдарының басқа да және анықталмаған бөліктерінің қатерлі ісігі
74. Ұйқы безінің қатерлі ісігі
75. Ас қорыту органдарының басқа да және таралуы дәл белгіленбеген қатерлі ісігі
76. Мұрын мен орта құлақ қуысының қатерлі ісігі
77. Қосымша қуыстардың қатерлі ісігі
78. Көмей мен кеңірдектің қатерлі ісігі
79. Бронх пен өкпенің қатерлі ісігі
80. Айырша бездің қатерлі ісігі
81. Жүректің, көкірек орта мен өкпе қабының қатерлі ісігі
82. Тыныс алу органдары мен кеуденің ішкі органдарының басқа да және таралуы дәл белгіленбеген қатерлі ісігі
83. Сүйектің және буын шеміршектерінің қатерлі ісігі
84. Терінің қатерлі меланомасы
85. Терінің басқа да қатерлі ісіктері
86. Мезотелиома
87. Капоша саркомасы
88. Шеткі нервтер мен вегетативтік нерв жүйесінің қатерлі ісігі
89. Ішперде асты кеңістігі мен ішперденің қатерлі ісігі
90. Дәнекер және жұмсақ тіндердің басқа да үлгілерінің қатерлі ісігі
91. Сүт безінің қатерлі ісігі
92. Сарпайдың қатерлі ісігі
93. Қынаптың қатерлі ісігі
94. Жатырдың қатерлі ісігі
95. Анабездің қатерлі ісігі
96. Плацентаның қатерлі ісігі
97. Ер адамдардың жыныс мүшелерінің қатерлі ісігі
98. Бүйректің, бүйрек түбекшесінің қатерлі ісігі
99. Зәр жолының, зәр қабының қатерлі ісігі
100. Көздің және оның қосалқы аппаратының қатерлі ісігі
101. Мидың және ми қабықтарының қатерлі ісігі
102. Жұлынның, бас сүйегі нервтерінің және орталық нерв жүйесі бөліктерінің қатерлі ісігі
103. Қалқанша бездің қатерлі ісігі
104. Бүйрек үсті безінің қатерлі ісігі
105. Басқа да эндокриндік бездер мен ұқсас құрылымдардың қатерлі ісігі
106. Басқа да дәл белгіленбеген және орналасулардың қатерлі ісігі
107. Лимфалық түйіндердің екінші және анықталмаған қатерлі ісігі
108. Тыныс алу және ас қорыту органдарының екінші қатерлі ісігі
109. Басқа орналасулардың екінші қатерлі ісігі
110. Ходжкин ауруы (лимфогранулематоз)
111. Фолликулярлық ходжкиндік емес лимфома
112. Диффуздық ходжкиндік емес лимфома
113. Шеткі және терілік т-клеткалық лимфомалар
114. Ходжкиндік емес басқа да және анықталмаған лимфоманың үлгілері, лимфосаркома
115. Қатерлі иммунопролиферативтік аурулар
116. Көпше миелома және қатерлі плазмоклеткалық ісіктер
117. Лимфолейкоз
118. Миелолейкоз
119. Моноцитарлық лейкоз
120. Анықталған жасушалық үлгідегі басқа да лейкоздар
121. Анықталмаған жасушалық үлгідегі лейкоз
122. Лимфоидтық, қан жасаушы және оларға ұқсас тіндердің анықталмаған және басқа да қатерлі ісіктері
123. Дербес (бірінші) көпше орналасулардың қатерлі ісігі
124. Ауыз қуысының, өңештің және асқазанның in situ карциномасы
125. Басқа да және анықталмаған ас қорыту органдарының in situ карциномасы
126. Орта құлақ пен тыныс органдарының in situ карциномасы
127. Терінің in situ карциномасы
128. Сүт безінің in situ карциномасы
129. Жатыр мойнының карциномасы
130. Басқа да және анықталмаған жыныс органдарының in situ карциномасы
131. Басқа да және анықталмаған орналасулардың in situ карциномасы
132. Ауыздың, жұтқыншақтың, сілекей бездерінің қатерсіз ісігі
133. Тоқ ішектің, тік ішектің және анустың қатерсіз ісігі
134. Орта құлақтың және тыныс алу органдарының қатерсіз ісігі
135. Сүйектердің және буын шеміршектерінің қатерсіз ісігі
136. Сүт безінің қатерсіз ісігі
137. Анабездің қатерсіз ісігі
138. Ер адамдардың жыныс органдарының қатерсіз ісігі
139. Көздің және оның қосалқы аппаратының қатерсіз ісігі
140. Мидың және орталық нерв жүйесінің басқа да бөліктерінің қатерсіз ісігі
141. Қалқанша бездің қатерсіз ісігі
142. Феохромоцитома және басқа нейроэндокриндік ісіктер
143. В 12 витамині және фолиев тапшылығы анемиясы
144. Гемолитикалық анемиялар
145. Апластикалық анемиялар
146. Қанның ұйығыштығының бұзылуы, пурпура және басқа геморрагикалық жағдайлар
147. Агранулоцитоз
148. Көкбауыр аурулары
149. Эссенциалдық тромбоцитоз
150. Метгемоглобинемия
151. Гистиоцитоз
152. Құрама иммун тапшылығы
153. Саркоидоз
154. Гипотиреоз
155. Мойын органдарын қысу синдромымен IV-V дәрежедегі уытты емес зоб
156. Тиреотоксикоз (гипертиреоз)
157. Тиреодит
158. Қантты диабет
159. Гипопаратиреоз, гиперпаратиреоз
160. Гипофиздің гиперфункциясы
161. Гипофункция және гипофиз функцияларының басқа да бұзылулары
162. Иценко-Кушинг синдромы
163. Адреногенитальдық бұзылулар
164. Бүйрек үсті безі функциясының жеткіліксіздігі
165. Гиперальдостеронизм
166. Бүйрек үсті безі функцияларының басқа да бұзылулары
167. Айырша бездің абсцесі
168. Айырша бездің тұрақты гиперплазиясы
169. Карциноидтық синдром
170. Амилоидоз
171. Шизофрения
172. Асқынған менингит
173. Өрескел неврологиялық бұзылуымен энцефалит, миелит және энцефаломиелит
174. Өрескел неврологиялық бұзылуымен бас сүйек ішіндегі және омыртқа ішіндегі абцесс пен гранулема
175. Айқын неврологиялық синдромы бар орталық нерв жүйесінің қабыну аурулары салдарынан болған зардаптары
176. Паркинсон ауруы, екінші паркинсонизм
177. Айқын функционалдық бұзылулары бар басқа да экстрапирамидтік және қимылдық бұзылулар
178. Жаңғалақтық склероз
179. Ес-түсінен айырылатын қояншық
180. Функцияларының өрескел бұзылулары бар иық тұтасуларының зақымдануы
181. Басқа айдарларда жіктелген аурулар кезіндегі нерв түбіршектері мен тұтасуларының қысылуы
182. Қолдың мононевропатиясы
183. Аяқтың мононевропатиясы
184. Тұқым қуалайтын және идиопатиялық невропатия
185. Қабынған полиневропатия
186. Басқа да полиневропатиялар
187. Басқа айдарларда жіктелген аурулар кезіндегі полиневропатия
188. Myasthenia gravis және нервтік-бұлшық еттік синапстың басқа да бұзылулары
189. Декомпенсация сатысында жиі кризі бар басқа да миастениялар
190. Балалардың церебралдық параличі
191. Гемиплегия
192. Параплегия мен тетраплегия
193. Басқа да параличтік синдромдар
194. Гидроцефалия
195. Уыттық энцефалопатия
196. Мидың басқа да зақымданулары
197. Жұлынның басқа да аурулары
198. Басқа жіті конъюнктивиттер
199. Көз пемфигоиды
200. Склерит
201. Көз мөлдір қабығының жарасы, іріңді түрі
202. Интерстициалдық және терең кератит
203. Жабысқақ лейкома
204. Буллездік кератопатия
205. Қарапайым ұшықтың вирусы негізіндегі кератит және кератоконъюнктивит
206. Басқа айдарларда жіктелген, басқа да жұқпалы және паразитарлық аурулар кезіндегі кератит пен кератоконъюнктивит
207. Басқа да иридоциклиттер
208. Нұрлы қабықтың және цилиарлық дененің басқа да анықталған аурулары
209. Афакия
210. Хориоретинальдық қабыну
211. Қан құйылу және көздің қан тамыры қабығының жарылуы
212. Торқабықтың ажырауы және оның жарылуы
213. Торқабық қан тамырларының бітелуі
214. Ретинальдық қан құйылу
215. Көздің қабынып ауруы салдарынан болған қайталама глаукома
216. Шыны тәріздес денеге қан құйылу
217. Эндофтальмит
218. Көру нервісінің невриті
219. Ретробульбарлық неврит және басқа айдарларда жіктелген ауру
220. Мастоидит және емізік тәрізді өсіндінің басқа да аурулары
221. Орта құлақтың холестеатомасы
222. Вестибулярлық функцияның бұзылулары және бас айналу синдромы
223. Жүрекке әсер ететін ревматикалық қызба
224. Ревматикалық хорея
225. Ревматикалық миокардит
226. Созылмалы ревматикалық перикардит
227. Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар бүйректі басым зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру
228. Жүрек пен бүйректерді басым зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру
229. Миокардтың жіті инфарктісі
230. Миокардтың қайталама инфарктісі
231. Миокардтың жіті инфарктісінің кейбір ағымдағы асқынулары
232. Жүректің (бұрын миокардтың инфарктісі болған) созылмалы ишемиялық ауруы
233. Жүректің аневризмасы
234. Өкпе эмболиясы
235. Өкпе артериясының аневризмасы
236. Жіті перикардит
237. Жіті және жітілеу эндокардит
238. Жіті миокардит
239. Кардиомиопатия
240. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі
241. Субарахноидалдық қан құйылу
242. Миға қан құйылу
243. Шағын түрлерін қоспағанда, ми инфарктісі
244. Қолқаның аневризмасы және шарбылануы
245. Аневризманың басқа түрлері
246. Шеткі қан тамырларының басқа аурулары (Лериш синдромы)
247. Артерияның эмболиясы және тромбозы
248. Бронхоэктатикалық ауру
249. Өкпенің және көкірек ортаның абсцесі
250. Өңештің басқа аурулары (күйгеннен кейінгі тарылулар)
251. Жыланкөзбен асқынған гангренасы бар, түйнектелген бір жақты немесе анықталмаған шап жарығы
252. Жыланкөзбен асқынған гангренасы бар кіндіктің жарығы
253. Жыланкөзбен асқынған іштің алдыңғы қабырғасының гангренасыз түйнектелген жарық
254. Жыланкөзбен асқынған іштің алдыңғы қабырғасының жарығы
255. Жыланкөзбен асқынған, гангренасыз түйнектелген диафрагмалық (параэзофагеальдық) жарық
256. Жыланкөзбен асқынған, гангренасы бар, түйнектелген
диафрагмалық жарық
257. Крон ауруы
258. Жаралы колит
259. Ішектің жіті қантамырлық аурулары
260. Жыланкөзбен асқынған перитонит
261. Басқа айдарларда жіктелген жүқпалы аурулар кезіндегі ішперденің зақымдануы
262. Бауырдың уытты зақымдануы
263. Басқа айдарларда жіктелмеген бауыр функциясының жеткіліксіздігі
264. Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит
265. Бауырдың циррозы
266. Табиғи, жасанды өт жыланкөзбен асқынған өттегі тас ауруы (холелитиаз)
267. Ішперде флегмонасымен және панкреонекрозбен асқынған жіті панкреатит
268. Денеге жайылған пустулездік псориаз
269. Артропатикалық псориаз
270. Уыттық эпидермалдық некролиз (Лайелла)
271. Серопозитивтік ревматоидтық артрит
272. Коксартроз (ұршық буынының артрозы)
273. Түйінді полиартериит және сол тектес жағдайлар
274. Жүйелі қызыл жегі
275. Дерматополимиозит
276. Дәнекер тіндердің басқа да жүйелі зақымдануы
277. Шорбуындаушы спондилит
278. Остеомиелит
279. Сүйек туберкулезі
280. Айқын неврологиялық бұзылумен миелопатиялы мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің зақымдануы
281. Бел және айқын түбіршекті синдромы бар миелопатиялы басқа да бөліктер мен омыртқааралық дискілердің зақымдануы
282. Жіті нефриттік синдром
283. Жедел өршитін нефриттік синдром
284. Нефроздық синдром
285. Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі
286. Бүйрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі
287. Эндометриоз
288. Ұрықтың белгіленген немесе болжалды патологиялық басқа жағдайлары кезінде анаға көрсетілетін медициналық көмек
289. Плаценталық бұзылулар
290. Жалған толғақтар (түсік тастау қауіптері)
291. Басқа айдарларда жіктелген, бірақ ананың жүктілігін, босануын және босанғаннан кейінгі кезеңін асқындыратын басқа да аурулар
292. Тернер синдромы
293. Басқа айдарларда жіктелмеген, жыныс хромосомаларының, әйелдер фенотипінің басқа да аномалиялары
294. Басқа айдарларда жіктелмеген, жыныс хромосомаларының, ер адамдар фенотипінің басқа да аномалиялары
295. Басқа айдарларда жіктелмеген, хромосомалардың басқа да аномалиялары
296. Бас сүйектің және бет сүйектерінің сынуы
297. Бас сүйек күмбезінің және негізінің сынуы
298. Көз ұясы түбінің сынуы
299. Бет сүйегінің, жоғары және төменгі жақ сүйектерінің сынуы
300. Бас сүйегі мен бет сүйектерінің көп жерден сынуы
301. Көру нервісінің және көру жолдарының жарақаты
302. Көзді қимылдататын нервтің жарақаты
303. Бөгет нервінің жарақаты
304. Үш тармақты нервтің жарақаты
305. Алшақтатқыш нервтің жарақаты
306. Бет нервісінің жарақаты
307. Есту нервісінің жарақаты
308. Қосымша нервтің жарақаты
309. Бас сүйектің басқа да нервтерінің жарақаты
310. Көз бен көз ұясының жарақаты
311. Көз ішіндегі еттің ояндауымен немесе жоғалуымен көздің жырық жарақаты
312. Бөгде затпен немесе онсыз, көз ұясының терең жарасы
313. Көз алмасының түсуі
314. Бас сүйектің ішіндегі жарақат
315. Мидың жарақатты ісігі
316. Мидың ошақтық және диффузиялық жарақаты
317. Эпидуральдық қан құйылу (травматикалық)
318. Субдуральдық жарақатты қан құйылу
319. Ұзаққа созылған ес-түссіз жағдаймен бас сүйектің ішіндегі жарақат
320. Бастың мылжалануы
321. Бастың бөлігін травматикалық отау
322. Дабыл жарғағының травматикалық жарылуы
323. Бастың көп жерден жарақаттануы
324. Көмейге, кеңірдекке, қалқанша безге, жұтқыншаққа және өңештің мойындық бөлігіне тиетін ашық жарақат
325. Омыртқаның мойындық бөлігінің сынуы
326. Мойын деңгейіндегі омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
327. Мойын омыртқаның шығуы
328. Мойын деңгейіндегі көп жерден шығулар
329. Нервтердің және мойын деңгейіндегі жұлынның жарақаты
330. Омыртқа артериясының жарақаты
331. Мойын деңгейіндегі бірнеше қан тамырының жарақаты
332. Кеуде омыртқаның сынуы
333. Омыртқаның кеуде тұсындағы көп жерден сынуы
334. Кеуде бөлігіндегі омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
335. Көкірек қуысының басқа және анықталмаған бөлігінің орнынан тайып шығуы
336. Кеуде бөлігіндегі нервтер мен жұлынның жарақаты
337. Қолқаның кеуделік бөлігі мен жүректің жарақаты
338. Көкірек қуысының басқа және анықталмаған органдарының жарақаты
339. Көкірек қуысының мылжалануы және көкірек қуысының бір бөлігін травматикалық отау
340. Көкірек қуысының көп жерден жарақаттануы
341. Іштің, арқаның төменгі бөлігінің және санның ашық жарақаты
342. Омыртқаның бел-құйымшақ бөлігінің және жамбас сүйектерінің сынуы
343. Бел-құйымшақ бөлігіндегі омыртқааралық дискінің травматикалық жарылуы
344. Бел омыртқаның шығуы
345. Құйымшақ-мықын буынының және құйымшақ қосылысының шығуы
346. Қасаға жігінің травматикалық жарылуы (қасағаның мүшеленуі)
347. Іштің, арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің деңгейіндегі нервтердің және жұлынның белдік бөлігінің жарақаты
348. Қолқаның іш бөлігінің жарақаты
349. Мықын қан тамырларының жарақаты
350. Іштің, арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің деңгейіндегі бірнеше қан тамырларынын жарақаты
351. Ішперде қуысы органдары мен жамбас органдарының жарақаты
352. Іш бөлігінің, арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің мылжалануы және оларды травматикалық отау
353. Іштің және арқа мен жамбастың төменгі бөлігінің анықталмаған және басқа да жарақаттары
354. Иық белдеуі мен иықтың деңгейіндегі сыну
355. Иық буынының шығуы, асқынған
356. Иық белдеуі мен иықтың деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттердің және сіңірлердің жарақаты
357. Иық белдеуі мен иықтың мылжалануы
358. Иық белдеуі мен иықты травматикалық отау
359. Білек сүйектерінің сынуы
360. Кәрі жілік басының шығуы
361. Шынтақ буынындағы анықталмаған шығу, асқынған
362. Білек деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттердің және сіңірлердің жарақаты
363. Білектің мылжалануы
364. Білекті травматикалық отау
365. Қол басының қайық тәріздес сүйегінің және білек сүйектерінің сынуы
366. Алақан сүйектері мен қолдың басы саусақтарының көп жерден сынуы
367. Білек пен қолдың басы деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаты
368. Білек пен қол басының мылжалануы
369. Білек пен қолдың басын травматикалық отау
370. Білек пен қол басының басқа да және анықталмаған жарақаттары, асқынған
371. Ортан жіліктің сынуы
372. Жамбастың шығуы, асқынған
373. Қаптамалы-байламалық аппаратының, ұршық буынының шығуы, созылуы және оған артық күш тусуі, асқынған
374. Ұршық буын мен жамбастың аумағындағы нервтердің, бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаты, асқынған
375. Ұршық буын мен жамбастың аумағының мылжалануы
376. Ұршық буын мен жамбастың аумағын травматикалық отау
377. Тобық буынын қоса алғандағы, сирақ сүйектерінің сынуы
378. Тізе тобығының шығуы, операция жасалған
379. Тізе буынының шығуы, асқынған
380. Крест тәріздес байланыстың (алдыңғы) (артқы) созылуы, жарылуы және оларға артық күш түсу
381. Сирақ деңгейіндегі нервтердің жарақаты
382. Тізе асты артериясының жарақаты
383. Өкше (ахиллдік) сіңірінің жарақаты
384. Сирақтың мылжалануы
385. Сирақты травматикалық отау
386. Өкше және топай сүйектерінің сынуы
387. Табанның басқа сүйектерінің сынуы
388. Табан сүйектерінің сынуы
389. Табанның көп жерден сынуы
390. Тобық буынының шығуы, асқынған
391. Операциялық емдеуден кейінгі тобық буыны мен табан деңгейіндегі байламдардың ажырауы
392. Тобық буыны мен табан деңгейіндегі нервтердің, бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаты
393. Тобық буыны мен табанның мылжалануы
394. Тобық буыны мен табан деңгейінде травматикалық отау
395. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын сынықтар
396. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын қабықтық-байланыстық
аппаратының шығуы, созылуы және оларға артық күш түсуі
397. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын мылжаланулар
398. Дененің бірнеше бөлігін қамтитын травматикалық отау
399. Жұлынның мойын деңгейіндегі және басқа да нервтердің жарақаттарымен үйлескен мидың және бас сүйек нервтерінің жарақаттары
400. Дененің бірнеше бөлігіне әсер еткен нервтер мен жұлынның жарақаттары
401. Дененің бірнеше бөлігіне әсер еткен бұлшық еттер мен сіңірлердің жарақаттары
402. Іш қуысы мен жамбас органдарының жарақаттарымен ұштасқан кеуде органдарының жарақаттары
403. Омыртқаның сынуы
404. Омыртқаның және дененің анықталмаған деңгейдегі басқа да жарақаттары
405. Қолдың анықталмаған деңгейдегі сынуы
406. Қолдың анықталмаған деңгейдегі басқа да жарақаттары
407. Аяқтың анықталмаған деңгейдегі сынуы
408. Аяқты анықталмаған деңгейде травматикалық отау
409. Дененің анықталмаған бөлігінің мылжалануы және оны травматикалық отау
410. Бас пен мойынның термиялық және химиялық күюі
411. Дененің термиялық және химиялық күюі
412. Білек пен қол басының үшінші дәрежедегі күйігін қоспағанда, иық белдеуі мен қол аумағының термиялық және химиялық күюі
413. Білек пен қол басының үшінші дәрежедегі термиялық күйігі
414. Білек пен қол басының үшінші дәрежедегі химиялық күйігі
415. Тобық буыны мен табанды қоспағандағы, ұршық буын мен аяқ аумағындағы үшінші дәрежедегі термиялық күйігі
416. Тобық буыны мен табанды коспағандағы, ұршық буын мен аяқ аумағындағы үшінші дәрежедегі химиялық күйігі
417. Тобық буын мен табан аумағының үшінші дәрежедегі термиялық күйігі
418. Тобық буын мен табан аумағының үшінші дәрежедегі химиялық күйігі
419. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетін термиялық күйік
420. Көздің басқа бөліктері мен оның қосалқы аппаратының термиялық күйігі
421. Көздің мөлдір қабығы мен конъюнктивтік қабының екінші және үшінші дәрежедегі химиялық күйігі
422. Көз алмасының жарылуына және бұзылуына алып келетін химиялық күйік
423. Көздің басқа бөліктері мен оның қосалқы аппаратының химиялық күйігі, асқынған
424. Тыныс жолдарының термиялық және химиялық күйіктері
425. Басқа ішкі органдардың термиялық және химиялық күйіктері
426. Дененің бірнеше бөлігінің ең болмаса бір үшінші дәреже көрсетілген термиялық күйігі