Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1141 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
2 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
01 «Әскери мұқтаждар» кіші функциясында:
208 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша 006 «Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту және сатып алу» деген бюджеттік бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
«006 Қару-жарақ, әскери және өзге де техниканы, байланыс жүйелерін жаңғырту, қалпына келтіру және сатып алу»;
7 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
01 «Тұрғын үй шаруашылығы» кіші функциясында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«049 «Ипотекалық кредиттерге кепілдік берудің қазақстандық қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
050 «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту
051 Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ-ға кредит беру»;
11 «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционалдық тобында:
02 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» кіші функциясында:
272 «Облыстың сәулет және қала құрылысы департаменті (басқармасы)» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«002 Елді мекендердегі құрылыстардың бас жоспарын әзірлеу»;
шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
1 «Ағымдағы шығындар» санатында:
1 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
110 «Жалақы» ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:
«115 Алқабилердің жалақысы»;
150 «Басқа да ағымдағы шығындар» ішкі сыныбы мынадай мазмұндағы ерекшелігімен толықтырылсын:
«154 Алқабилердің ел ішіндегі іссапарлары».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |