2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
3) қолданыстағы заң актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
16. Министрлікті Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министрдің орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
17. Министр Министрлікті басқаруды жүзеге асырады, Министрлікке жүктелген тапсырмаларды орындауға және оны өз қызметінде жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
18. Осы мақсатта Министр:
1) реттеуші саладағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасайды;
2) өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) ведомстволардың өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекетінің тәртібін және құзыретін айқындайды;
4) ведомстволар актілерінің толық немесе бөліктерінің күшін жояды немесе тоқтатады;
5) Министр бұйрығына қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлікті білдіреді;
7) Министрліктің жұмыс регламентін бекітеді;
8) Министрлікке келімге түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларына бұрыштама қояды және келіседі;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Министрлік қабылдаған шешімдер Министрдің бұйрығымен ресімделеді.
20. Министрліктің аппараты басшылығын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Жауапты хатшы жүзеге асырады.
21. Үкіметтің, Министрдің орнынан түсуі Жауапты хатшының өкілеттілігінің қысқаруына әсер етпейді.
22. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Министрге, Премьер-Министрге, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
23. Жауапты хатшы:
1) Министр қалыптастырған мемлекеттік басқарудың реттеуші саласындағы саясатты жүзеге асыруды және оның тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді;
2) Министрліктің аппаратын басқарады, ұйымдастырады, үйлестіреді және оның бөлімшелерінің жұмысын қадағалауды жүзеге асырады;
3) Министрліктің қаржылық және материалдық-техникалық, құқықтық-ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдаушылық қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) Министрмен келісуден кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат санының лимиті шегінде Министрліктің, ведомстволардың құрылымын және штат санын бекітеді;
5) Министрмен келісуден кейін Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) Министрліктің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, құжат айналымын ұйымдастырады және кадрлық қызмет жұмысын, орындаушылық және еңбек тәртібінің сақталуын қадағалайды;
7) Министрлік қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
8) Министрмен келісуден кейін Министрлік басқармалары мен департаменттерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) ведомство басшылары тағайындауға ұсыным берген ведомство басшыларының орынбасарларын тағайындауда Министрмен келіседі;
10) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерін қызметтен босатады және қызметке тағайындайды;
11) Министрмен келісу арқылы Министрлік қызметкерлеріне сыйақы және үстемақы төлеу, көтермелеу, біліктілігін көтеру, даярлау (қайта даярлау), материалдық көмек көрсету, еңбек демалыстарын беру, іссапар мәселелерін шешеді;
12) Министрмен келісу арқылы еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар құзыретіне енетін қызметкерлерді қоспағанда, Министрлік қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Министр бекіткен стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен Министрлікті қамтамасыз етеді;
14) Министрліктің жылдық жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жылдық есепті әзірлеуді және Министрлік басшысына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
15) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына берілетін бюджеттік өтінімдерді Министрге ұсыну, сонымен катар басқа да бюджеттік процестің рәсімдерін орындауды, Министрліктің бюджеттік өтінімдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
16) Министрліктің қаржылық есебін және қаржыландыру жоспарын Министрмен келісуден кейін бекітеді және дайындауды қамтамасыз етеді;
17) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын және регламенттерін әзірлеуді ұйымдастырады;
18) Министрлік құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
19) Министрлікке келісімге түсетін нормативтік құқықтық актілер жобалары бойынша қорытындылар әзірлеуді ұйымдастырады;
20) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және өзге ұйымдармен өзара қатынаста Министрлікті білдіреді;
21) Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жауапты хатшыға жүктелген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
24. Жауапты хатшының:
1) Министрлік аппаратының қызметкерлеріне міндетті түрде орындауға тапсырмалар беруге;
2) Жауапты хатшының құзыретіне енетін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдар мен құжаттарды, лауазымды тұлға үшін қажетті ақпараттарды, материалдар мен құжаттарды өзге де мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан сұрауға және алуға;
3) жеке қолданысқа құқықтық актілер жасауға құқығы бар.
25. Жауапты хатшы Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзіне жүктелген міндеттерді орындауға жауапкершілікте болады.
26. Министрліктің Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатарынан Министр бекітеді.
27. Министрлік қызметін ұйымдастырудың өзге де мәселелері, лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері, құрылымдық бөлімшелердің қызметін қамтамасыз ететін құзыреті мен өкілеттігі, Министрмен келісуден кейін жауапты хатшы бекіткен құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер Министрліктің жұмыс регламентін белгілейді.
4. Министрліктің мүлкі
28. Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады және айналым қаражатының негізгі қорларынан, сондай-ақ құны Министрліктің теңгерімінде көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады.
29. Министрлікке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
30. Егер заңда өзгеше белгіленбесе, Министрлік өзіне бекітіліп берілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
31. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.