2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Индустрия
және сауда министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 355-381-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
355, 356, 357, 358, 359, 360, 361, 362 (құпия), 363, 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 374-1, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
355-ҚОСЫМША
233-Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 2 369 741 мың теңге (екі миллиард үш жүз алпыс тоғыз миллион жеті жүз қырық бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 21-24-баптары; «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңы; «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы; «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; «Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы; «Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы; «Өлшем құралдарын шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысы; «Қазақстан Республикасында экспорттық бақылауға жататын өнімнің тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысы; «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; «Сапа саласындағы конкурстар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы; «Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы; «Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 148 қаулысы; «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 наурыздағы № 321 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі лицензияланатын қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 392 қаулысы; «Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканы әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын, өнімнің бәсекеге қабілетті түрлерін шығару үшін жағдай жасауды және экспорттың өсуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде барынша терең технологиялық қайта бөлістер мен шикізат ресурстарын тиімді пайдалануды енгізу негізінде елдің индустриялық дамуы үшін жағдайлар жасау;
2) елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде ғылыми-технологиялық әзірлемелерді (ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану) енгізу және жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру негізінде ел экономикасының дамуы үшін жағдайлар жасау;
3) ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру;
4) құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту және реформалау үшін жағдайлар жасау;
5) техникалық реттеуді және өлшем бірлігін дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру;
6) сауда қызметін дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде теңгермелі кеден-тарифі саясатын жүргізу мен тауарлардың импорты кезінде ішкі рынокты қорғау және ұлттық сауда режимін ырықтандыру деңгейін ұлғайту жолымен отандық өндірісті дамыту және қолдау үшін жағдайлар жасау;
7) Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның ішінде сауда қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау;
8) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың және бәсекелестікті қорғаудың мемлекеттік саясатын, оның ішінде монополистік қызметті шектеу және жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу, сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы кәсіпкерлікті, инновациялық қызметті дамыту, ғылыми-техникалық өнімнің нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау жолымен қалыптастыру;
9) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау;
10) экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
11) өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзегі асыру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | 1. Метрология және сертификаттау, бәсекелестікті қорғау, тұрғын үй құрылысы, инвестицияларды қолдау, инновациялық даму, сауда қызметі саласында бақылауды жүзеге асыру. 2. Лицензиарлардың функцияларын орындау. 3. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды жетілдіру. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің қызметін қамтамасыз ету. 4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу. 5. Республикалық және халықаралық деңгейдегі сауда көрмелеріне, жәрмеңкелерге, семинарларға қатысуды және оларды өткізуді ұйымдастыру жолымен қазақстандық тауарларды экспортқа жылжытуға жәрдемдесу, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қорғау жөніндегі шараларды іске асыру. 6. Бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру. 7. Жер қойнауын пайдалану және сарапшылық рәсімдер жобаларында қазақстандық қатысудың мониторингі. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | 1. Техникалық реттеу және метрологая және бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. 2. Оларды өткізу саласында сапасы мен қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру үшін тауар үлгілерін сатып алу және сынау. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мынадай 4 тақырып бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) монополияға қарсы саясат шеңберінде халықаралық тәжірибені зерттеу, 2) қаржылық нарықтар, 3) бюджетті жоспарлау, 4) мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік және ағылшын тілдеріне оқыту. Халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторлар атағына мамандарды оқыту және шетелде тағылымдамадан өткізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Орталық аппарат пен оның аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру. Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорын, Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша ақпараттық орталықты материалдық-техникалық жарақтандыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Техникалық құралдарды, шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; Интернет желісіне ену қызметтерін сатып алу; есептеу техникасының құралдарына қызмет көрсету; ақпараттық жүйелерді және веб-сайтты сүйемелдеу; лицензиялық бағдарламалық өнімдерді сатып алу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7 | | 100 | Шет елдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету | Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саласындағы мүдделерін білдіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға жәрдемдесу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
8 | | 101 | Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі | Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі мәселелері бойынша саясатты әзірлеуде және жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету. Кредиторлық берешекті өтеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1) индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөнінде семинар мен тренингтер жүргізу;
2) сапа менеджменті жүйесін оқыту және жақсарту жөніндегі консалтингтік қызметтерді сатып алу;
3) мыналарды өткізу: кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін көздерді анықтау және Қазақстанның барынша қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына кіруі үшін кедергілерді жою жөніндегі нақты шараларды әзірлеу мақсатымен халықаралық сарапшыларды тарта отырып, талдау; өңірлерде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша семинарлар өткізу; әдістемелік құралдар мен журнал шығару; Қазақстандағы кәсіпкерлікті насихаттайтын бейне фильмдерін дайындау және оларды Қазақстанның телеарналарында орналастыру;
4) ИСО 9001:2000 Халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін, оның ішінде, аумақтық бөлімшелерде сапа менеджментінің жүйесін қолдау және жақсарту;
5) сертификатталған сапа менеджменті жүйесін, оның ішінде аумақтық бөлімшелерде инспекциялық бақылау жүргізу;
6) мына конкурстарды өткізу: «Алтын сапа» конкурс көрмесі мен «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Үкіметінің кемінде 120 конкурсантына сыйлығы;
7) кемінде 45 ұйымды аккредиттеу;
8) кемінде 10080 бірлік тауар үлгілерін сатып алу және оларды сынау;
9) жарнамалық-ақпараттық өнімді басу, веб-сайтқа сервистік қызмет көрсету, өңірлік және халықаралық семинарларды, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырыстарын өткізу;
10) Қазақстан Республикасының Үрімші қаласындағы (Қытай) Халықаралық жалпы салааралық көрмеге қатысуы; Қазақстан Республикасының ұлттық көрмелерін және Ауғанстан мен Ресей Федерациясының (шекара маңы аудандары) іскер топтарымен кездесулер өткізу; республика өңірлеріне шетелдік сарапшыларды тарта отырып, сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарларды экспорттық жылжыту және сауданы дамыту мәселелері бойынша семинарлар, тренингтер және оқу курстарын өткізу; тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданудың халықаралық тәжірибелерін зерделеу, тауарларды экспортқа жылжытуға жәрдемдесу, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің сыртқы нарықтардағы экономикалық мүдделерін қолдау;
"Дайын отандық өнімнің үздік экспорттаушысы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беруге конкурс-көрме өткізу;
11) тауар нарықтарын зерттеу;
12) жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қатысу бөлігінде келісім-шарт міндеттемелерінің орындалу мониторингі, оның ішінде:
- сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтерге қазақстандық қатысу бөлігіндегі жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу;
- 2007 жылға арналған сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің көлемі жөніндегі мердігерлердің жыл сайынғы жұмыс бағдарламалары мен бюджеттердің, қазақстандық қатысудың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жөніндегі мердігерлер жасайтын шарттардың жобаларына сараптаманы жүзеге асыру;
- бірыңғай тізілімнің web-порталын Интернет жаһандық ақпараттық желісіне шығаруды қамтамасыз ету және оған отандық өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз ету;
13) тауар үлгілерін сатып алу, сатып алынған өнімге сынақ жүргізу;
14) жабдықпен және өлшем құралдарымен жасақталған 19 жылжымалы зертханаларды құру;
15) мемлекеттік тілге кемінде 293 мемлекеттік қызметшілерді, оның ішінде аумақтық бөлімшелердің кемінде 137 адамын оқыту;
16) кемінде 66 адамды ағылшын тіліне оқыту;
17) кемінде 53 мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде, аумақтық бөлімшелердің 16 адамының біліктілігін деңгейін арттыру;
18) халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудитор атағына кемінде 10 адамды оқыту және тағылымдамадан өткізу;
19) 2006 жылы оқыған кемінде 10 адамды тағылымдамадан өткізу және оларды халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларға кандидаттардың халықаралық тізілімінде тіркеу;
20) Министрлікті материалдық-техникалық жарақтандыру;
21) ақпараттық-техникалық және технологиялық бағдарламалық қамтамасыз ету: шығыс материалдарын, жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді сатып алу; телекоммуникациялық қызметтерді (Интернет) сатып алу; есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді сатып алу; жергілікті міндеттер мен ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу; веб-сайтты сүйемелдеу; есептеу және телекоммуникациялық қамтамасыз етуді, ұйымдастыру техникасын сатып алу; лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;
22) кәсіби аудармашылардың қызметтерін сатып алу, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі туралы телебағдарламалар мен сюжеттерді дайындау және трансляциялау; материалдарды аудару; веб-сайтты сүйемелдеу; Дүниежүзілік сауда ұйымының хатшылығымен және Жұмыс тобына мүше елдермен (шамамен 40 ел) халықаралық байланыс қызметтерін, Интернетті сатып алу; өкілдік шығыстар; Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі туралы телебағдарламалар мен сюжеттер шығару жөніндегі қызметтерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: мемлекеттің мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету;
өлшеулердің барлық түрлерінің шын есебін қамтамасыз ету;
әртүрлі елдердің калибрлеу сынақ зертханалары өткізетін сынақ нәтижелерін өзара тану;
қазақстандық сертификаттарды шетелдерде тану;
ақпараттық жүйе техникасына қызмет көрсету;
электронды жеткізгіштердегі нормативтік құжаттар мен стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы ақпаратты өңдеу және тарату;
Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың ДСҰ хатшылығымен, ИСО, Халықаралық электротехникалық комиссиясымен (ХЭК), ДСҰ-ға мүше елдермен және ИСО және ХЭК халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерімен, техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен шұғыл ақпарат алмасу жөніндегі ақпараттық жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі;
ДСҰ хатшылығымен, ИСО, ХЭК, ДСҰ-ға мүше елдермен және техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен тұрақты байланысты ұстау үшін бірыңғай ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуіне арналған жағдайлар жасау;
Қазақстан бизнес қоғамдастығын қазақстандық өнімнің әлем нарығындағы бәсекеге қабілеттігін артыру үшін сауда техникалық кедергілер және санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ДСҰ-ның келісімдеріне сәйкес консультация жүргізу және ақпаратпен қамтамасыз ету;
мемлекеттік техникалық регламенттерге талдау жүргізу және әзірлеу үшін аударылған техникалық регламенттермен және айғақ базасының стандарттарымен қамтамасыз ету;
сауда техникалық кедергілер және санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықтың, оның ішінде ДСҰ хатшылығымен, ИСО, ХЭК, ДСҰ-ға мүше елдермен және ИСО және ХЭК халықаралық ұйымдардың стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерімен, техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен шұғыл ақпарат алмасу жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің қалыпты жұмыс істеуі; ДСҰ хатшылығымен, ИСО, ХЭК, ДСҰ-ға мүше елдермен және ИСО және техникалық реттеу және санитарлық және фитосанитарлық шаралар саласындағы халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен тұрақты байланысты ұстау үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік желісінің жұмыс істеуіне арналған жағдайлар жасау; Қазақстандағы мемлекеттік органдарға, бизнес қоғамдастығына және мүдделі тараптарға консултация жүргізу және қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, экспортқа жылжыту мен экспорт кезінде тиімді бәсекелестік үшін өнімнің сапасын және процестерін жақсарту үшін ДСҰ-ның сауда техникалық кедергілер және санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі келісімдеріне сәйкес ақпаратпен қамтамасыз ету;
Қазақстандағы кәсіпкерлікті насихаттау және шағын кәсіпкерлік субъектілері санының одан әрі өсуі үшін жағдайлар жасау.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау саласында: жарнамалық-ақпараттық сипаттағы өнімді жинаудың, талдаудың және таратудың толықтығы; шығарылатын басылымдардың Қазақстан аумағында қолданыстағы әдістемелік, нормативтік және заңнамалық актілерге сәйкестігі.
Қазақстандық тауарларды экспортқа жылжыту саласында: отандық тауар өндірушілерінің алыс және жақын шетелдік компаниялармен тиімді келісім-шарттар және шарттар жасасуы (бұрын өткізген көрмелердің тәжірибесіне сүйене отырып, көрмеге қатынасқан кәсіпорындардың 50%-дан астамы шетелдік компаниялармен ынтымақтасу туралы шарттар жасайтынын атап кету қажет); қазақстандық тауар өндірушілердің экспорттық жылжыту мәселелері бойынша хабардар болушылығын артыру, дайын өнім экспортындағы отандық тауар өндірушілерді ынталандыру, отандық тауар өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау және сыртқы сауда дауларын реттеу.
Бәсекелестікті қорғау саласында: тауар нарықтарының шоғырлану деңгейін, 18 тауар позициясы бойынша тауар нарықтары құрылымдарының көрсеткіштерін айқындау, тауар нарығына кіру және шығу кедергілерін айқындау, бәсекелестікті қорғау саласындағы саясатты жетілдіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Жер қойнауын пайдалану және экспорттық рәсімдер жобаларындағы қазақстандық қатысу мониторингі: «Отандық тауар өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай мемлекеттік тізілімі» ақпараттық жүйесіне қатысушыларды ұлғайту және 100 пайдаланушы - жер қойнауын пайдаланудың сервистік нарығының электрондық сауда-саттықтардың жасалуын қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдаланудың сервистік нарығында электрондық сауда-саттық жасау; жер қойнауын пайдаланудың сервистік нарығында қазақстандық қатысу үлесі туралы деректерді шұғыл алуды және жүйелік проблемаларды айқындау мақсатында олардың талдамалық өңдеуін қамтамасыз ету, талдамалық және статистикалық функцияларды қосу бөлігінде жұмыс істеушілікті ұлғайту және электрондық үкіметпен одан әрі ықпалдасу. Жұмыс істеушілікті жетілдіру және ұлғайту. Мүдделі отандық өндірушілер мен жер қойнауын пайдаланушыларды тарта отырып, бірыңғай тізілімді тесттік пайдалану. Жер қойнауын пайдалану жобаларына қазақстандық қатысуды ұлғайту жөнінде кемінде 4 көшпелі облыстық семинар өткізу.
БЭҚАЖ-дың үздіксіз жұмысын, жүйенің дер кезінде енгізілуі мен пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: «Алтын Сапа» республикалық көрме жәрмеңкесінің 1 қатысушысын тартуға кететін орташа шығын 187 мың теңгені құрайды;
1 аттестациялық зерттеу жүргізуге кететін орташа шығын 24,1 мың теңгені құрайды;
бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілді оқытуға кететін орташа шығын кемінде 24 мың теңгені құрайды, ағылшын тілін оқытуға кететін орташа шығын кемінде - 23 мың теңгені құрайды;
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін кететін орташа шығын кемінде 15,7 мың теңгені құрайды;
халықаралық деңгейдегі 1 сарапшы-аудиторды оқытуға және шетелде тағылымдамадан өткізуге орташа шығын кемінде 1806,4 мың теңгені құрайды;
2006 жылы оқыған халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторға 1 кандидаттың тағылымдамасына кететін орташа шығын кемінде 886 мың теңгені құрайды;
аударма жұмыстарының 1 маманына кететін орташа шығын айына 83 теңгені құрайды.
Уақттылығы: техникалық тапсырмаға (ерекшелікке) және жасалған шарттарға сәйкес жүктелген функцияларды уақтылы орындау.
Сапасы: техникалық реттеудің халықаралық тәжірибесіне көшу, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін артыру және оның әлемдік нарыққа ықпалдасуы үшін жағдайлар жасау;
Қазақстанның аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға кіруі;
жұмыстардың уақытылы орындалуы, Нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры ақпараттық жүйесінің сапалы жұмыс істеуі;
инвестициялық ахуалды жақсарту, өндірістің жаңа түрлерін және басқарудың қазіргі заманғы әдістерін игеру;
қызметтің басымды түрлерінде инвестицияларды тиімді пайдалану;
кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру;
мемлекеттік тілді оқыту курстарын өтуден кейін мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 31%;
ағылшын тілін оқыту курстарынан өтуден кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 9%;
біліктілікті арттыру курстарын өтуден кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 19%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
356-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне тұрғын үй салуға кредиттер беру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 23 800 000 мың теңге (жиырма үш миллиард сегіз жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы № 715 қаулысы.