- мемлекеттік электронды қызметке және агроөнеркәсіп кешенінің ақпараттық инфрақұрылымына ауыл тұрғындарының қол жетуін қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені саласын басқару жүйесін біріккен автоматтандыруды қолданушылардың біріккен ұжымды жүйені алу және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру саласында ақпаратты пайдалану ретінде мақсатты топтың ақпараттық ресурстарын біріктіруді қамтамасыз ету;
- аграрлық рыноктың дамуын талдау және мониторингін жүзеге асыру;
- мемлекеттік басқару органдары, агроөнеркәсіптік кешен субъектілері және ауыл тұрғындары арасындағы өзара іс-қимылының тиімділігін көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/c | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | Электрондық үкімет құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараттық-маркетингтік жүйесінде «Е-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешені салаларын басқарудың біріккен автоматтандырылған жүйесін құру: «Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешеннің салаларын біріккен автоматтандырылған басқару жүйесінің кіші жүйесін әзірлеу және дамыту; пилотты аймаққа енгізу және жүйені көбейту; жүйені пайдаланушылар мен әкмшіліктерді оқыту; бюджеттік бағдарламаның міндеттерін шешу үшін есептеуіш техниканы, желілік және телекомуникациялық құралдарды, пайдаланушылар лицензиясын және бағдарламамен қамтамасыз ету үшін сатып алу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық инспекцияларда - пилоттық аймақтарда «Е-Agriculture» 14-кіші жүйені 213 автоматтандырылған жұмыс орнына енгізу.
Түпкі нәтиже: отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
1) аграрлық азық-түлік рыноктың тауар айналымын 1,7% ұлғайту;
2) өнімді өткізу барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің шығындарын 3-5% төмендету.
Уақтылығы: бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысында шаралар Жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: агроөнеркәсіп кешенінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ басқаруда қабылданатын шешімдердің сапалылығы және жеделділігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
148-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу»
деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 550 446 мың теңге (бес жүз елу миллион төрт жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өсімдіктердің және жануарлардың гендік қорын сақтаудың, өсімін молайтудың, кеңейтудің және пайдаланудың тиімді жүйесін жасау, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 743 | | Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасын салу | Құрылыс аумағын отырғызылған босату, құнарлы қабатын алу және сақтау; кешеннің бірінші кезеңін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-смета құжаттамаға (Технико-экономикалық негіздемеге мемлекеттік сараптама 2005 жылдың 29 желтоқсанынан № 2- 960/05) сәйкес: зертханалары бар негізгі корпусты, Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының ұлттық қоймасының сыртқы инженерлік желілерін салу; объекттерді технологиялық қолдау; авторлық қадағалау; техникалық қадағалау. Кешенді салудың бірінші кезеңнің ғимаратты және инженерлік жүйелерін салу бойынша бітірілген жұмыстарды қабылдауды жүргізу. | Ақпан -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: дайындық жұмыстары (учаске аумағын көк өскіндерден босату, құнарлы қабатты алу және сақтау, уақытша ғимараттар мен құрылыстар тұрғызу), зертханалары, сыртқы инженерлік желілері (алаңнан тыс) бар негізгі корпустың құрылысы басталатын болады.
Түпкі нәтиже: кешен құрылысын аяқтаған соң және оны пайдалануға берген соң өсімдіктер мен жануарлардың гендік қоры жүйелерін жасау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: өсімдіктердің жаңа жоғары өнімді сорттары мен будандарының, жануарлардың тұқымдар, сүлелері мен түрлерінің құрылынған және сақталып жатқан гендік қорын пайдалану арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Уақтылығы: жұмыстың жоспар-кестесіне және шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.