Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 және 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 қарашадағы № 1079 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
II «Шығындар» бөлімінде:
03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында, 09 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» ішкі функциясында, 221 «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» әкімшісі бойынша 001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
001 «Орталық органның аппараты» кіші бағдарламасы бойынша «1 903 951» деген сандар «1 815 851» деген сандармен ауыстырылсын;
002 «Аумақтық органдардың аппараттары» кіші бағдарламасы бойынша «2 990 098» деген сандар «3 078 198» деген сандармен ауыстырылсын;
2) «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысында:
көрсетілген қаулыға 221-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
реттік нөмірі 2-жолдағы 10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Мемлекеттік органдар үшін «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы» баспа басылымын шығару.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |