Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қарашадағы № 1066 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
12 «Көлік және коммуникация» функционалдық тобында:
09 «Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» кіші функциясында:
601 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«004 «Есіл» авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |