Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 999 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесінде:
1-тармақта «орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының,» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |