Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 930 Қаулысы
ҚР Үкіметiнің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі, төраға |
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Ыбыраев Азамат Болатұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі |
көрсетілген құрамнан Смайылов Әлихан Асханұлы, Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |