Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 қыркүйектегі № 827 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Жедел жұмысты жүзеге асыру және арнайы су көлігін оңтайлы пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы су көлігінің тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген бөлімде:
«Теңіз» деген бағанда:
«Атырау» деген жолдағы «1» деген сан алынып тасталсын;
«Маңғыстау» деген жол «1» деген санмен толықтырылсын;
«Шағын көлемді» деген бағанда:
«Алматы» және «Атырау» деген жолдардағы «2» және «1» деген сандар тиісінше «1» және «2» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |