2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 396-401-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
396, 397, 398, 399, 400, 401-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
396-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сот жүйесі органдарының қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 13891930 мың теңге (он үш миллиард сегіз жүз тоқсан бір миллион тоғыз жүз отыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 88-бабы; «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Алматы қаласында мамандандырылған қаржылық сот құру туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 158 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: азаматтар мен ұйымдардың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, сот төрелігін іске асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігін күшейту, сот-құқық реформасының қарқынын жеделдету, атқарушылық іс жүргізу қызметін қамтамасыз ету, соттардың дербестігін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жергілікті соттардың азаматтық, қылмыстық және басқа да істер бойынша жоғары қадағалауын іске асыру, атқару құжаттарын орындауды бақылау, заңдарды жүйелеу жөніндегі жұмысты іске асыру, азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау, өзінің қызметтік міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру жөнінде қойылған біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламалары бойынша
кәсіптік қызмет саласында теориялық және практикалық білімді, іскерлікті және кәсіби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Сот жүйесі органдарының қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Бес бағыт бойынша мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: 1) соттардың қызметін ұйымдастыру мәселелері; 2) орындауды бюджеттеу, жоспарлау және бақылау; 3) қаржылық есептің халықаралық стандарттарын зерделеу; 4) атқарушылық өндірісін ұйымдастырудың тәртібі; 5) атқарушылық құжаттарды электронды есепке алуды ескеріп атқарушылық өндірісті жетілдіру. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер. |
3 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Жергілікті соттардың ғимараттары мен үй-жайларына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер |
4 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Жоғарғы Сотты, жергілікті соттарды, облыстардағы, Астана, Алматы қалаларындағы соттар әкімшілерін материалдық- техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер |
5 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | 1. Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі шеңберінде Интернет желісінің телекоммуникация қызметтерін сатып алу. 2. Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету. 3. Есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтерді сатып алу. 4. Техникалық құралдар сатып алу. 5. Жұмсалатын материалдар, толықтырушы және қосалқы бөлшектер сатып алу. 6. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер |
6 | | 100 | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қызметін қамтамасыз ету | Азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де сот ісін жүргізу арқылы сот төрелігін іске асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты |
7 | | 101 | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің аппараты | Жергілікті соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыру, атқару құжаттарын орындау. Судьялар корпусына арналған кадрлар іріктеуді жүзеге асыру үшін Әділет біліктілік алқасының қызметін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет |
8 | | 102 | Облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы әкімшілер | Жергілікті соттардың дербестігіне, судьялардың сот төрелігін іске асыру кезіндегі тәуелсіздігіне жәрдемдесетін жағдайлар жасау, жергілікті соттардың, сот орындаушыларының қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, атқару құжаттарын орындау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Соттар әкімшілер |
9 | | 103 | Жергілікті соттар | Заңмен жергілікті соттардың соттылығына жатқызылған істерді қарау арқылы сот төрелігін іске асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Соттар әкімшілері |
10 | | 104 | Алқабилер қатысатын соттар | Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асыру | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы Соттар әкімшілері |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: кәсіби деңгейді арттыру - 563 адам;
мемлекеттік тілге оқыту - 2456 адам, соның ішінде аумақтық органдарда - 2356 адам;
ағылшын тіліне оқыту - 544 адам, соның ішінде аумақтық органдарда - 444 адам.
Түпкі нәтиже:
азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға кететін орташа шығын 22,1 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді оқыту үшін кететін орташа шығын 30,4 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге ағылшын тілін оқыту үшін кететін орташа шығын 22,9 мың теңге.
Уақтылығы: іске асырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы:
істерді жедел және сапалы қарау;
мерзімдері бұзылып қаралатын істердің санын қаралған істердің жалпы санының 0,5 пайыз дейін төмендету;
бастапқы сот шешімдерінің күшінің жойылуын 1 пайызға дейін төмендету;
сот актілерінің нақтылы орындалуын аяқталған атқарушылық іс жүргізулердің 75 пайызға дейін ұлғайту.
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сай мемлекеттік қызметшілерге қойылатын кәсіби талаптарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін, мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өткеннен кейін іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесін 25 пайызға; ағылшын тіліне оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істеуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесін 4 пайызға; біліктілікті арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары қызметтерге тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесін 0,5 пайызға арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
397-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарының бірыңғай
автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 350000 мың теңге (үш жүз елу миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі бюджет кодексі; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аудандық соттарында бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Қазақстан Республикасы сот жүйесі органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін құру | Техникалық құралдар сатып алу. Лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. 296 аудандық сотты автоматтандыру үшін сервер және клиент бөлімін орнату. Аудандық соттардағы бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін көбейту, пайдаланушыларды оқытуды жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 296 аудандық соттың судьялары мен аппарат (кеңсе) қызметкерлерінің жұмыс орындарын автоматтандыру, сот істерін есепке алуды ұйымдастыру үшін электрондық база ұйымдастыру.
Түпкі нәтиже: соттар қызметінің тиімділігі мен анықтығын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: сот төрелігін іске асыруға кететін шығындарды 15 пайызға азайту.
Уақыттылығы: жасалған шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес.
Сапасы: дұрыс шешім қабылдау үшін 100 пайыз ақпарат ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
398-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сот процесіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын
қорғауды қамтамасыз ету»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24003 мың теңге (жиырма төрт миллион үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411 Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі: 71, 72, 174, 175, 176-баптар; 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі; 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 603-бабы; 2000 жылғы 5 шілдедегі «Қылмыстық процеске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық процеске қатысушы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: сот ісін жүргізу барысында келтірілген шығындарды өтеу және сот процесіне қатысатын тұлғаларды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Сот процесіне қатысушы тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету | Тұлғалардың сот процесіне шақырылуына байланысты шеккен шығындарын өтеу. | Жыл бойы | Облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: құзыретті, тәуелсіз және бейтарап соттың заңның барлық талаптарын сақтай отырып істерді қарау құқығын іске асыру.
Түпкі нәтиже: азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын 100 пайыз қамтамасыз ету.
Уақтылығы: іске асырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражаттарын тиімді жұмсау.
Сапасы: Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендірген бөлікте билік органдарына деген сенімді қоғам тарапынан нығайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
399-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 368152 мың теңге (үш жүз алпыс сегіз миллион бір жүз елу екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 25-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының судьяларды республикалық бюджет қаражатының есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кепілдіктерін орындау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Сот төрелігін толық және тәуелсіз іске асыру жөнінде жағдай жасау үшін судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету | Қазақстан Республикасының судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету | Жыл бойы | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасының судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже:
сот төрелігін сапалы және уақытында іске асыру үшін судьяларға жағдай жасау.
Тұрғын үйге жалпы сұраныстың 4%-ы мөлшерінде республика судьяларын тұрғын үймен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
судьялардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту және жетілдіру бойынша шараларды жүзеге асыру арқылы экономикалық әсерге қол жеткізіледі.
Уақытылығы: іске асырудың белгіленген мерзімдеріне сәйкес.
Сапасы: судьялардың жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындауына қол жеткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
400-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке түскен
мүлікті бағалау, сақтау және сату»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 88171 мың теңге (сексен сегіз миллион бір жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Сот әкімшілігінің жаңа жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» 2000 жылғы 12 қазандағы № 471 Жарлығы; «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті сатудан республикалық бюджетке қаражаттың түсуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүлікпен жұмыс істеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Жекелеген негіздемелер бойынша республикалық меншікке түскен мүлікті бағалау, сақтау және сату | Жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке түскен мүлікті сақтауға, тасымалдауға, бағалауға, сертификаттау мен санитарлық- эпидемиологиялық сараптау жүргізуге, жөнелтуге, сатуға, жоюға және одан әрі пайдалануға байланысты қызметтерді сатып алу, сондай-ақ басқа да қызметтер. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана мен Алматы қалаларындағы әкімшілер |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: Тәркіленген мүлікті жекелеген негіздер бойынша мемлекет табысына айналдыру.
Түпкілікті нәтиже: Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған мүліктің мемлекет пайдасына, оның ішінде мемлекетке берілген мүліктің нақты құнының түсуін қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Жекелеген негіздер бойынша мемлекет пайдасына айналдыру жөніндегі шаралардан түскен табыстардан жұмысты ұйымдастыру шығындарының артып кетуі.
Уақытылығы: Мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру жөніндегі процедураларды мерзімінде өткізу.
Сапасы: Заңдармен белгіленген мүлікті мемлекет пайдасына айналдыру (сақтау, бағалау, сату) жөніндегі процедураларды толық сақтау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
401-ҚОСЫМША
501 - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Сот жүйесі органдарының объектілерін дамыту»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1400000 мың теңге (бір миллиард төрт жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; «Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: соттың алқабилердің қатысуымен шешім қабылдауы кезінде заңдылық, объективтілік, тәуелсіздік принциптерін нығайту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: алқабилердің қатысуымен сот төрелігін сапалы жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Сот жүйесі органдарының объектілерін дамыту | "2007 жылға республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына сәйкес, берілген сомада инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі келесі іс-шаралар: 1. Құрылыс және жобалау-сметалық құжаттарын дайындау, мемлекеттік сараптамадан өткізу: 1) Қарағанды қ. алқа билер сотының жапсарлас құрылысы, Бұхар Жырау даңғылы, 37 (19.10.2006 ж. № 12-236/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 2) Шымкент қ. Тыныбаева көш. 42 үйде орналасқан Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының әкімшілік ғимаратына жапсарлас құрылысы (25.08.2006 ж. № 18-416/2006 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 3) Павлодар қ. Дүйсенов көш. 11 үйде орналасқан әкімшілік ғимаратының жапсарлас құрылысы 10.10.2006 ж. № 16-540/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 4) Қостанай қаласы, 100/1 Пушкин көшесінде орналасқан облыстық сот ғимаратына қосымша құрылыс (20.10.2006 ж. № 14-246/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 5) Алматы қаласы Қазыбек би, 66 мекен-жайында орналасқан қалалық сот ғимаратына жапсаржай салу (28.08.2006 ж. № 7-436/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 6) Ақтөбе қ. облыстық сотының әкімшілік ғимаратына қосымша құрылыс (кеңейту) (15.08.2006 ж. № 13-223/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 7) Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық сот әкімшілік ғимаратына жапсарлас құрылыс (15.08.2006 ж. № 15-307/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 8) Көкшетау қаласы Горький, 39 көшесі Ақмола облыстық ғимаратын жапсаржай салуға құрылысы (21.08.2006 ж. № 19-334/06 сараптама); 9) Орал қ. Кареев, 51 көше бойынша қалалық сот ғимаратына жапсаржай салу (25.08.2006 ж. № 11-694/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 10) Петропавл қ. Горький көш. 209 үйде орналасқан сот ғимаратына жапсаржай салуға (5.10.2006 ж. № 17-637/26 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 11) Өскемен қ. облыстық сот ғимаратына жапсаржай салуға (06.10.2006 ж. № 9-788/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 12) Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық сотының ғимаратына жапсарлас құрылыс (15.09.2006 ж. № 20-470/2006 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 13) Тараз қаласы Жамбыл облысы сотының әкімшілік ғимаратына жапсаржай салуға (13.09.2006 ж. № 10-334 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 14) Қызылорда қаласындағы облыстық сот әкімшілік ғимаратына жапсаржай салуға (кеңейту) (15.08.2006 ж. № 13-223/06 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама); 15) Атырау қ. Сәтпаев даңғылы бойындағы әкімшілік ғимарат құрылысы (31.03.2005 ж. № 08-45/2005 ТЭН-ге мемлекеттік сараптама). | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы соттар әкімшілері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:Тікелей нәтиже:
1) Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Шымкент, Павлодар, Орал, Петропавл, Өскемен, Қостанай, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Атырау қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылысына мемлекеттік арнайы сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттарын бекіту;
2) Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Қостанай қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылысы (істелген жұмыс көлемінен 100 пайыз);
3) Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Көкшетау, Орал, Петропавл, Өскемен, Талдықорған, Тараз, Қызылорда қалаларындағы облыстық және оған теңестірілген соттар ғимараттарына қосып салу құрылыстарының және Атырау қаласындағы әкімшілік ғимарат құрылысының басталуы.