3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өндірісі Қазақстанда құру үшін перспективалық болатын өңдеу өнеркәсібі салаларының өнімін айқындау мақсатында зерттеулер жүргізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кейбір өңдеуші өнеркәсіп салаларында бірқатар өнімдердің маркетингі бойынша ақпаратты талдау және жинап, қорыту; отандық өндірісті дамытудың барынша перспективалық бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар дайындау;
шикізаттық емес тауарлардың экспорты, жалдамалы тұрғын үй нарығын, кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды ынталандыру жөнінде ұсыныстар дайындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Жаңа технологияларды құру және дамыту | Мына бағыттар бойынша негізгі міндеттерді орындау: 1. Қазақстан Республикасында құрылыс металл құрастырмалары өндірісін дамытудың перспективаларын зерттеу. 2. Қабырғалық құрылыс материалдары өндірісін дамытудың перспективалық бағыттарын талдау. 3. Цементтің әртүрлі маркаларына ішкі және өңірлік сұранысты зерттеу. 4. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің, экспортын дамыту әлеуетін, сондай-ақ қазақстандық шикізаттық емес тауарлары мен қызметтерді өткізудің әлеуетті нарықтарын және қазақстандық кәсіпкерлердің шетелдерде инвестцияларды жүзеге асыруын айқындау. 5. Жаһандануға, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне жалпы тұтастай әлемдік үрдіс жағдайында шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдаудың тетіктерін айқындау. 6. Экономика салаларын техникалық зерттеу. 7. Қашықтықтан басқарылатын ұшу аппараттарына (ҚБҰА) қажеттілікті зерттеу. 8. Байланыстың аса жаңа жүйелерінде отандық құрылымдарға қажеттіліктерді зерттеу. 9. Қазақстанның ірі елді мекендерінде жалдамалы тұрғын үйі нарығының әлеуетін бағалау. 10. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі өндірісі саласында биотехнологиялық өнім (трансгендікті қоспағанда) нарығының әлеуетін айқындау. 11. Олардың өндірістерін Астана қ. индустриялық аймағында орналастыру үшін құрылыс материалдары саласының өнімдерін зерттеу. 12. Орындалған жұмыстар туралы есептерге сараптама жүргізу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бірқатар өнімдер мен өңдеуші өнеркәсіптің кейбір салаларын маркетингтік зерттеулер жүргізу бойынша, құрылыс индустриясы бойынша, биотехнологиялық өнім, шағын және орта кәсіпкерлік мәселелері бойынша, шикізаттық емес тауарлардың экспорты бойынша, ҚБҰА бойынша, Қазақстанда аса жаңа байланыс жүйелерін дамыту бойынша, Астана қ. индустриялық аймақ бойынша кемінде 12 талдамалық есеп дайындау.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібі салаларын зерттеу нәтижелерімен қамтамасыз ету. Қаржылық-экономикалық нәтиже: орташа есеппен 1 есепке кететін шығын 10,83 млн. теңге, бұл ретте экономикалық тиімділік салаларды технологиялық дамытудың нақты жобалары/ бағдарламаларының зерттеу нәтижелері негізінде енгізілген түрінде.
Уақтылығы: жасалған шарттардың техникалық тапсырмаларына сәйкес.
Сапасы: орындалған талдамалық зерттеулерді орындалған жұмыстың сапасы туралы қорытынды беру үшін үшінші тарапқа жіберу, сондай-ақ жаңа өндірістерді құру және бар өндірістерді әртараптандыру үшін мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің зерттеу нәтижелерін қолдауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
369-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру»
деген 017 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 43700000 мың теңге (қырық үш миллиард жеті жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығы; «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі Заңы; «Қазақстанның инвестициялық қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы; «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңы; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысы; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 тамыздағы № 862 қаулысы; «Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 450 қаулысы; «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыруға бағытталған ғылыми-инновациялық қызметті институционалдық қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 тамыздағы № 775 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: даму институттарын тиімді корпоративтік басқару жолымен инновациялық және инвестициялық белсенділікті арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
- индустриялық-инновациялық даму саласындағы мамандандырылған кеңестің ұсынымдары негізінде Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың ережелерін ескере отырып, институттардың стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- даму институттарының корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибені енгізуі.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 017 | | "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | "Қазына" орнықты даму қоры» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданған қаражатты бөлу туралы шешім негізінде даму институттарының жарғылық капиталдарын ұлғайту; - инвестициялық жобаларды кредиттеуді және лизингтік компанияларды капиталдандыруды қамтамасыз ету; - жоғары технологиялық start uр компаниялардың акцияларын сатып алу, жаңа жоғары технологиялық компанияларда бақыланбайтын үлестік қатысу, технопарктерді дамыту, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ-тың қызметіне қатысу; - шикізаттық емес салалардағы жаңа құрылып жатқан, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру; - микрокредиттеу желісін дамыту және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне кепілдік беру; - Қазақстан Республикасы үшін өзекті бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу; - экспортты жылжыту және инвестицияларды тартуға жәрдемдесу жөніндегі қызметті қамтамасыз ету; 2) "Қазақстанның Даму Банкі"» АҚ-ның кредиттік ресурстарының құнын төмендету үшін қаржыландыру; 3) "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-тың қызметін қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кесімдерін, "Қазына" орнықты даму қоры" АҚ-тың және даму институттарының алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін басқа да іс-шараларды қаржыландыру. | Қаңтар-наурыз Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- экономикаға кредит беру көлемдерінің өсуі, өңірлік және салалық кредит беру лимиттерінің және 1 қарызгерге тәуекел бойынша лимиттерін арттыру;
- Қазақстанның Даму Банкінің кредиттік ресурстар құнын төмендетуді қамтамасыз ету;
- жаңа жоғары технологиялық компанияларға қатысу;
- инновациялық инфрақұрылымдарды дамытуға қатысу;
- перспективтік компаниялар жобаларын инвестициялау және инвестициялар тарту;
- экономиканың шикізаттық емес секторларындағы жеке сектордың бастамаларына қаржылық қолдау көрсету;
- республика өңірлерінде микрокредиттеу жүйесін дамыту;
- шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қазақстандық тауарлар мен қызметтердің әлем нарықтарына жылжыту үшін жағдайлар жасау;
- даму институттарын тиімді басқару.
Түпкі нәтиже:
- Қазақстанның Даму Банкі тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- экономиканы ауқымды кредиттеу;
- инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
- әлем бойынша жоғары технологиялық компанияларды сатып алуға қатысу;
- түпкі өнімнің экспортына бағытталған өндірісті дамыту;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
- Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
- экономиканың барлық секторларында инвестициялық және инновациялық белсенділігін арттыру және ынталандыру.
Уақтылығы: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.
Сапасы: шикізаттық емес секторларды дамытуға бағытталған өндірістің көлемін ұлғайтумен қоса ел экономикасы құрылымын әртараптандыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
370-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
««Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту»
деген 019 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2970546 мың теңге (екі миллиард тоғыз жүз жетпіс миллион бес жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 шілдедегі 770 қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысы; «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 279 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 мамырдағы № 439 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тоқыма өнеркәсібін дамыту, Қазақстан Республикасы экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне енуін жандандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: инфрақұрылымдарды құру және 15 жаңа иіру, тоқу және тігу өндірісін, дайын бұйымдар өндірісін салу үшін тоқыма секторына инвесторлар тарту жөнінде қолайлы инвестициялық ахуал жасау; дайын тоқыма өнімін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту; тиімділігі жоғары өндірістерді құру.
ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 97 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 019 | | "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту | 1. Сумен жабдықтау құрылысына нысаналы трансферттер аудару (диаметрі 600 мм., ұзындығы 7 км. 2 тін); құбыр коллекторын салуға нысаналы трансферттер аудару; (диаметрі 800 мм., ұзындығы 7 км.); 220/10 кВ және кіріс-шығысы Вл-220 кл КС салуға нысаналы трансферттер аудару; Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына кіреберіс темір жолын салуға нысаналы трансферттер аудару; кіреберіс автомобиль жолын және Бадам өзеннен арқылы автомобиль көпірін салуға нысаналы трансферттер аудару; Кеден үшін қосымша құрылыстар салуға нысаналы трансферттер аудару (бақылау өткізу пункті, таразы, бақылау алаңы және аспа). 2. Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуге нысаналы трансферттер аудару. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Әкелме инженерлік-коммуникациялық желілерді (сумен жабдықтау және құбыр, электрмен жабдықтау, газ құбыры, телефон орнату), кіреберіс темір жолдарын, автомобиль жолдарын және Бадам өзені арқылы автомобиль көпірін, кеден үшін қосымша құрылыстар (бақылау өткізу пункті, таразы, бақылау алаңы) салу.
Түпкілікті нәтиже:
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту, қазіргі заманғы жоғары технологиялық кәсіпорындарды салу, отандық экономиканың тоқыма және тігін өнімі импортына тәуелділігін еңсеру, қосымша жұмыс орындарын құру, дайын тоқыма өнімін өндіру үшін әлемдік брендтерді тарту, сапа мен ассортиментті жақсарту есебінен өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, өнімнің шығындарын төмендету, ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетін арттыру және оны әлемдік экономикаға біріктіру.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
- өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, отандық мақта талшығын қосылған құны жоғары дайын өнімге дейін қайта өңдеу;
- өңірге инвестицияларды, қазіргі заманғы технологияларды тарту;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетін арттыру, әлемдік нарықтың дәстүрлі және жаңа сегменттерін бекіту және игеру есебінен экспорттың құрылымын түпкілікті өнім пайдасына өзгерту үшін ғылыми және өнеркәсіптік-технологиялық негіздерді құру;
- сапаны, ассортиментті жақсарту және өндіріс шығындарын төмендету есебінен өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттыру.
Уақтылығы: жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы:
Арнайы экономикалық аймағын құру жоғары технологиялық өндірістер мен технологияны дамытуға, республиканың ғылыми және техникалық әлеуетін пайдалануды ұлғайтуға, тоқыма өнеркәсібі саласында бәсекеге қабілетті өнімнің жаңа буынын әзірлеу және өндіру үшін технологиялық негіз құруға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
371-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
««Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын
қалыптастыру» деген 020 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 200000 мың теңге (екі жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы; «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 12 сәуірдің 2004 жылғы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы; «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 616 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экономиканы әртараптандыруға және жоғары қосылған құны бар тауарлар өндірісін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасының сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру; Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруі және Қазақстанның экономикалық негізделген шарттарда басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелігі; қазақстандық тауарлардың сыртқы рыноктарға қолжетімділігін кеңейту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның сыртқы және ішкі саудасын дамытуға бағытталған сапалы талдау және зерттеулерді жүргізу; сауда саясаты мәселелері жөніндегі сыртқы экономикалық қызметтің мүшелеріне консультация беру; отандық бизнесті ДСҰ ережелерімен таныстыру жұмыстарын жүргізу; қажетті хабарламаларды беру мәселелері және жалпы қолданудың сауда шараларына қатысты ДСҰ-ға қатысушы елдердің мәселелеріне жауаптар жөнінде ДСҰ Хатшылықтарымен өзара іс-қимыл.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 020 | | "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ-тың жарғылық капиталын қалыптастыру. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі, "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-тың жарғылық капиталын ұлғайту халықаралық және ішкі сауда саласындағы жоғары білікті, соның ішінде сауда саласындағы экономикалық салдарын сапалы талдауды жүргізу үшін шетел мамандардың тобын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Түпкі нәтиже: Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі және Қазақстанның экономикалық негізделген шарттарда Қазақстанның экономикалық өсіміне бағытталған басқа да өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелігі, икемді кедендік-тарифтік саясатын қолдану, Қазақстанның ДСҰ-ға кіру, басқа өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелік процесі шеңберінде қабылдайтын міндеттемелердің сапасын арттыру қажеттігі; елдің экономикалық дамуында сапалы серпілісі үшін Қазақстанның әлем экономикасына ойдағыдай интеграциясы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: Қазақстанның ДСҰ-ға кірудің және Қазақстан экономикасының дамуына арналған Қазақстанның басқа өңірлік интеграциялық бірлестіктерде мүшелігінің теріс салдарын барынша азайту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
372-ҚОСЫМША
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру жөніндегі іс-шараларды
өткізу» деген 021 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 14000000 мың теңге (он төрт миллиард теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы; «Өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 483 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аумақтық дамуды жеделдету және өңірлік дамуға екпін түсіре отырып, Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға барынша бейімделген өңірлердің, шикізаттық емес секторлардың бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жүктелген функциялардың барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: кластерлік даму, өзін өзі ұйымдастыру және ішкі ресурстарды жұмылдырудың, әлеуетті инвесторларды экономиканың шикізаттық емес секторларына тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастырудың тетіктерін енгізу жолымен өңірлік Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және дамыту.
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдар лама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 021 | | Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация құру жөніндегі іс-шараларды өткізу | 6 Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жарғылық капиталын қалыптастыру: 1. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың офистерін ашу және ұстау: а. 6 орталық; б. 7 филиал; 2. Мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. 3. Жеке отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды құру және іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. 4. Пайдалы ұзақ мерзімді негізде кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне сұранысты жасау, өнімді нарықтарға жылжыту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. 5. Жаңа өндірістік және басқару технологияларын халықаралық стандарттарға негізделген кәсіпорындарға енгізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу. 6. Жарнама-ақпараттық өнімді дайындау, веб-сайтты ұстау, жаңарту және сервистік қамтамасыз ету. 7. Конференциялар, семинарлар мен консультациялық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу. 8. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту. 1) офис ашу және ұстау: а. 1 орталық; б. 2 филиал; 2) мемлекеттік кәсіпорындарды оңалту, қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер мен технологияларды дамыту, халықаралық стандарттарға негізделген кәсіпорындарда жаңа өндірістік және басқару технологияларын енгізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу; 3) жеке меншік отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен бірлескен жобалар жасау және іске асыру жөнінде іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу; 4) Қарағанды облысының Теміртау қаласында индустриялық парктің инженерлік инфрақұрылымын салу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі, "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ |
ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 214 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының офистерін ашуын және ұстау:
а. 7 орталық
б. 9 филиалдарының кеңселерін ашу және ұстау.