185. Тарату жүйесі
1259. Тарату құрылғыларының шиналарымен жалғанған тарату жүйесінің барлық сымдары қорғаныш автоматтарымен немесе балқымалы сақтандырғыштармен қысқа тұйықталудан және осы сымдарда болуы мүмкін рұқсат берілмеген асыра салмақ түсуден қорғалған болуы қажет. Егер қорғаныш аппаратуралары коммутациялық аппараттардың, электр жалғағыштардың контактілері немесе басқа монтаждау элементтері арқылы өтпейтін болса, онда оларды тарату құрылғыларының ішіндегі ұзындығы бір метрге дейінгі сымдарда орнатуға жол беріледі.
1260. Тарату жүйесінің коммутациялық аппаратурасы түскен салмақтың шамасы мен сипатына байланысты таңдалуы қажет.
1261. Бір қорғаныш аппаратымен тек қана борттық жабдықтың бір жүйесінің функционалды тәуелді элементтері болып табылатын бірінші немесе екінші санатты электр энергиясы қабылдағыштарының бір ғана электр қуат беру тізбегінің немесе осындай электр энергиясы қабылдағыштары тобы тізбегінің сымдары қорғалуы мүмкін.
Ескерту. Функционалды тәуелді элементтер деп элементтердің біреуі істен шыққан жағдайда барлық элемент топтары жұмысының тоқтатылуына әкелетін элементтерді айтамыз.
1262. Ұшақтың бортында осы ұшақтың қайталама тарату жүйесінде қолданылатын әрбір сақтандырғыш номиналының 1 данасы есебінен алынған қосалқы балқымалы сақтандырғыштардың жиынтығы болу қажет.
186. Электрмен жабдықтау жүйесін және электр
жабдықтары агрегаттарын сынақтан өткізу
1263. Әрбір тұрпаттағы электр жабдығының үлгісі осы жабдыққа таралатын П8-қосымшасының талаптарына сай екендігіне сынақтан өтуі қажет.
1264. Куәландырудан өтетін ұшақтың электрмен жабдықтау жүйесінің нақты макетін стендтік сынақтан жүйенің қалтқысыз жұмысы барысында және оның істен шығу оқиғаларын қолдан жасау арқылы өткізу қажет. Стендтік сынақтар барысында генератор жетектерінің сипаттамалары ұшақ қозғалтқышының сипаттамаларына ең жоғары дәрежеде сай болуы қажет.
1265. Куәландырудан өтетін ұшақтың ұшу сынақтары кезінде электрмен жабдықтау жүйесін стендтік сынақтар барысында қолдан жасау мүмкін емес ұшу жағдайлары барысында сынақтан өткізу қажет.
187. Жарық беру техникалық жабдықтары
1266. Осы бөлімнің талаптары мынадай жарық беру жабдықтарына:
аэронавигациялық жабдықтарға;
қону-сүйреу жабдықтарына;
экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға арналған жабдықтарға;
ішкі кабиналық жарық сигнализациясына арналған жабдықтарға;
жолаушы кабиналарын жарықтандыруға арналған жабдықтарға;
ұшақтардың қызметтік жайларын жарықтандыруға арналған жабдықтарға таралады.
1267. Жабдықтар міндетті жарық беру техникалық жабдықтары болып табылады және Приборлар бойынша ұшу ережесі (ПҮЕ) бойынша ұшатын ұшақтарда орнатылуы қажет. Көзбен шолу жағдайларындағы ұшу
сапарларына арналған ұшақтарда мынадай жарық беру техникалық жабдықтарын:
қону-сүйреу жабдықтарын;
жолаушы кабиналарын жарықтандыру жабдықтарын орнату міндетті болып табылмайды.
1268. Ұшақта орнатылған жарық беру техникалық жабдықтары экипаж мүшелерінің көздерін шағылыстырмауы қажет немесе олардың міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін қандай да бір болмасын ыңғайсыздық әкелмеуі қажет.
1269. Ішкі кабиналық жарық экипаждың сыртқы кеңістікті шолуы барысында олардың көру қабілетін төмендетпеуі қажет.
1270. Жарық беру техникалық жабдықтарының жұмысы басқа үлгідегі жабдықтардың жұмысына кедергі келтірмеуі қажет.
1271. Жарық беру техникалық жабдықтары қалыпты пайдалану жағдайларында, сондай-ақ оның қандай да бір бөлшегінде ақау болған жағдайда өрт жағынан қауіпсіз болуы қажет.
1272. Қолданылатын кез келген қалпақтар немесе түсті сүзгіштер қалыпты пайдалану жағдайларында өздерінің түсін немесе формасын өзгертпейтіндей және жарықтың едәуір жоғалуын болдырмайтындай етіп дайындалуы қажет.
1273. Жарық беру шегені лампаларды ауыстырғанда немесе оларды алып тастағанда токқа түсіп қалуды болдырмайтындай етіп құрастырылуы қажет.
188. Аэронавигациялық жабдықтар
1274. Аэронавигациялық жарық беру техникалық жабдығы ұшақты қашықтан оңай әрі қатесіз тануға мүмкіндік беретін, түнде қалыпты көру жағдайларында ұшақтардың соқтығысуын болдырмайтын іс-қимылдар орындауға жеткілікті уақытты қамтамасыз ететін ұшақтың әуедегі және жердегі орны мен ұшу бағыты туралы ақпарат беруді қамтамасыз етуі қажет.
1275. Аэронавигациялық жабдық аэронавигациялық шамдар мен жарық маягынан құралуы қажет.
1276. Борттық аэронавигациялық шамдардың (БАНШ) жарық таралу сызығын жасаған кезде мынадай анықтаулар (8.1-сурет) қабылданған:
1) ұшақтың көлденең жазықтығы - жанама кіндіктеме арқылы өтетін және оның симметриясының жазықтығына перпендикулярлы жазықтық;
2) ұшақтың тік жазықтықтары - көлденеңге перпендикулярлы жазықтықтар;
3) «Л» бұрышы біріншісі ұшақтың жанама кіндіктемесіне параллель, ал екіншісі ұшақтың жанама кіндіктемесін бойлай алға қарағанда біріншіден солға қарай 110о бұрышта жатқан, қиылысатын екі тік жазықтықтар арқылы құралады;
4) «П» бұрышы біріншісі ұшақтың жанама кіндіктемесіне параллель, ал екіншісі ұшақтың жанама кіндіктемесін бойлай қарағанда біріншіден оңға қарай 110о бұрышта жатқан, қиылысатын екі тік жазықтықтар арқылы құралады;
5) «X» бұрышы ұшақтың жанама кіндіктемесін бойлай артқа қарағанда тиісінше оңға қарай 70о және солға қарай 70о бұрыш құрайтын, жанама кіндіктеме арқылы өтетін тік жазықтықпен қиылысатын екі тік жазықтықтар арқылы құралады.
1277. Аэронавигациялық шамдар ұшақтың салыстырмалы курсы туралы ақпарат беріп отыруы қажет:
1) сол жақтағы қызыл борттық шам «Л» бұрышы шегінде;
2) оң жақтағы жасыл борттық шам «П» бұрышы шегінде;
3) артқы жақтағы ақ шам «X» бұрышы шегінде.
1278. Аэронавигациялық шамдардың жарық сигналдары үздіксіз немесе жарқылдауық болуы мүмкін.
Шамдардың жарқылдау жұмысы кезінде мүмкін болатын екі режимнің біреуі қолданылуы қажет:
1) шамдардың циклдық режимде іске қосылуы. Сол жақтағы, оң жақтағы және артқы жақтағы навигациялық шамдар бір құрылғыдан мынадай реттік тәртіпте іске қосылуы қажет:
қызыл - жасыл - ақ - қызыл және т.б.
2) 1277-тармақта аталған шамдардың бір мезгілде іске қосылу режимі. Сонымен қатар мынадай қосымша шамдардың біреуін немесе екеуін:
жарқылдауық артқы ақ шаммен кезектесіп тұратын жарқылдауық артқы қызыл шамды;
1277-тармақта аталған шамдардың іске қосылуымен кезектесіп тұратын, барлық бағыттардан көрінетін жарқылдауық ақ шамды іске қосуға рұқсат беріледі.
1280. Шамдардың циклдық режимде іске қосылуы кезінде әрбір шамның жарқылдау жиілігі минутына 30+3 жарқылды құрауы қажет.
1281. Көлденең жазықтықтағы аэронавигациялық шамдар жарық күшінің ең төменгі көрсеткіштері 8.1-суретте және 8.1-кестеде келтірілген.
23-кесте
Көлденең жазықтықтағы аэронавигациялық шамдар
жарық күшінің ең төмен көрсеткіштері
Шамдардың қолданыс бұрышы | Алға бағытталған ұшақтың жанама кіндіктемесінен оң және сол жақта орналасқан салыстырмалы ұшу бағытының бұрышы | Жарық күші, кд |
«Л» және «П» | 0-ден 10-ға дейін 10-нан 20-ға дейін 20-дан 110-ға дейін | 40 30 5 |
«Х» | 110-нан 180-ге дейін | 20 |
1282. Тік жазықтықтағы аэронавигациялық шамдардың жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері 8.2-суретте келтірілген. Кез келген бағытқа арналған кез келген тік жазықтықтағы шамның жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері 8.2-кестеде келтірілген көрсеткіштерден кем болмауы қажет.
24-кесте
Кез келген тік жазықтықтағы аэронавигациялық
шамдардың жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері
Көлденең жазықтықтан жоғарыға немесе төменге ысырылатын бұрыш | Жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері |
0 0-ден 5-ке дейін 5-тен 10-ға дейін 10-нан 15-ке дейін 15-тен 20-ға дейін 20-дан 30-ға дейін 30-дан 40-қа дейін 40-тан 90-ға дейін | 1,0 Ja 0,90 Ja 0,80 Ja 0,70 Ja 0,50 Ja 0,30 Ja 0,10 Ja 0,05 Ja |
Ескерту. Ja - көлденең жазықтықтағы тиісті бұрыштарға арналған аэронавигациялық шамдардың қазіргі нақты жарық күші.
23-сурет
1283. Шектес аймақтарда аэронавигациялық шамдардың шектес жарық сигналдарын ұластырған кезде ұластырылған шоғырлардағы рұқсат берілген ең жоғары жарық күші (кд) 8.3-кестеде келтірілген шамаларға сай болуы қажет.
Ескерту. 1. «А» зонасы қырлары жарық көзі арқылы етіп, шамдардың жазықтық шекарасын үлкен бұрышта 10о-та және кіші бұрышта 20о-та қиып өтетін екі қырлы бұрыштағы барлық бағыттарды қосады. «В» зонасы қырлары жарық көзі арқылы өтіп, шамдардың жазықтық шекарасын үлкен бұрышта 20о-та қиып өтетін екі қырлы бұрыштағы барлық бағыттарды қосады. 0-10о бұрыш диапазоны жарық күшінің ең жоғары көрсеткіші мен «А» зонасы арасындағы ауыспалы аралықты білдіреді.
2. Ja - көлденең жазықтықтағы тиісті бұрыштарға арналған аэронавигациялық шамдардың қазіргі нақты жарық күші.
25-кесте
Рұқсат берілген ең жоғары жарық күші (кд)
| «А» зонасы | »В» зонасы |
«Л» бұрышы шегіндегі жасыл жарық «П» бұрышы шегіндегі қызыл жарық «X» бұрышы шегіндегі жасыл жарық «X» бұрышы шегіндегі қызыл жарық «Л» бұрышы шегіндегі ақ жарық «П» бұрышы шегіндегі ақ жарық | 0,33 Ja 0,33 Ja 0,25 Ja 0,25 Ja 1,00 Ja 1,00 Ja | 0,20 Ja 0,20 Ja 0,05 Ja 0,05 Ja 0,20 Ja 0,20 Ja |
1284. Жарық маягы әуеде ұшақтардың ұзақ қашықтықтарда орналасқан орнын белгілеуге арналған.
Ұшақта кем дегенде жарық маягының екі шамдалы (жоғарғы және төменгі жарты шарлар үшін бір-бірден) орнатылған болуы қажет.
1285. Кез келген тік жазықтықтағы жарық маягы шамдалының тиімді жарық күшінің салыстырмалы көрсеткіштері 24-суретте және 26-кестеде келтірілген көрсеткіштерден кем болмауы қажет.
26-кесте
Көлденең жазықтықтан жоғары немесе төмен бұрыш, град | Жарықтың тиімді күшінің салыстырмалы көрсеткіштері |
0-ден 5-ке дейін 5-тен 10-ға дейін 10-нан 20-ға дейін 20-дан 30-ға дейін 30-дан 75-ке дейін | 1,0 J 0,6 J 0,2 J 0,1 J 0,15J |
Ескерту. J-жарықтың тиімді күші.
1286. Көлденең жазықтықтағы жарық маягы шамдалының қолданыс бұрышы кем дегенде 360о болуы қажет.
1287. Маяк шамдалы ұшақ конструкциясы элементтерімен экрандалған жағдайда маяктың аталған қолданыс аралығы шегінде «өлі аймақтарға» жол беріледі. Әрбір шамдалға арналған «өлі аймақ» бұрышының жиынтық шамасы ұшақ кіндіктемесіне қатысты цетрленген және артқа бұрылған 0,15 стерге тең болатын дене бұрышы шегінде 0,13 стерден аспауы қажет.
1288. Әрбір шамдалдың тиімді жарық күшінің абсолюттік көрсеткіші кем дегенде:
ақ түсті сәуле шығаратын маяк үшін - 400 кд;
қызыл түсті сәуле шығаратын маяк үшін - 400 кд болуы қажет.
1289. Маяктың әрбір шамдалы жарқылының жиілігі минутына 40-90 болуы қажет. Ұласу аймақтарында жарқыл жиілігінің жиынтығы минутына 180 жарқылдан аспауы қажет.
1290. Жарық маягының шамдары авиацияда қабылданған ақ түсті немесе қызыл түсті болуы тиіс және 8.6.7-нің тиісті талаптарына жауап беруі қажет.
1291. Жарық күшінің 1292-1294, 1296-1298-тармақтарда келтірілген көрсеткіштері ұшақ электр желісінің номиналды пайдалану кернеуіне сан жағынан тең болатын кернеуде, барлық жарық сүзгіштері мен қалпақтары орындарында орнатылған аппаратурамен қамтамасыз етілуі қажет.
189. Қону-сүйреу жабдықтары
1292. Қону-сүйреу жабдықтары қону және сүйреу (немесе қону-сүйреу) фарларынан құралуы қажет және:
1) ұшақ қонуға бет алғанда және ұшақтың алдыңғы аяғы жерден көтерілгенге дейін ұшу-қону алаңы мен оның жақын маңайының қажетті жарықтандырылуын;
2) ұшақ аэродром бойынша жылжыған кезде ұшу-қону алаңы мен сүйреу жолдарының қажетті жарықтандырылуын қамтамасыз етуі тиіс.
1293. Қону (қону-сүйреу) фарларының саны кем дегенде екеу болуы қажет. Сүйреу фарларының саны регламенттелмейді.
190. Экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға және ішкі
кабиналық жарық сигнализациясына арналған жабдықтар
1294. Экипаж мүшелерінің кабинасын жарықтандыруға арналған жабдықтар:
1) барлық приборлардың, жабдықтардың және ұшақ басқару органдарының жарықтандырылуын;
2) экипаж мүшелері жұмыс орындарының қажетті жарықтандырылуын;
3) приборларды жарықтандырудың жарықтығын реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.
1295. Жарық сигналдары күндізгі уақытта анық ажыратылуы қажет және түнгі уақытта көзді шағылыстырмауы тиіс.
191. Жолаушы кабиналары мен қызметтік жайларды
жарықтандыруға арналған жабдықтар
1296. Жолаушы кабиналары мен қызметтік жайларды жарықтандыруға арналған жабдықтар:
1) жолаушы кабиналары мен қызметтік жайлардың қажетті жарықтандырылуын;
2) түнгі уақытта ұшақтарға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін ұшақтың техникалық бөлімдерінің жарықтандырылуын қамтамасыз етуі қажет.
1297. Ұшақтың жолаушылар кабинасының жарықтандырылуы жолаушыларға ұшу сапарының жайлы болуын және ұшу барысында жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.
192. Жарық беру техникалық жабдықтарының
түстік сипаттамалары
1298. Жасыл, қызыл, сары және ақ түстер Жарықтандыру жөніндегі халықаралық комиссия ұсынған және 27-кесте мен 25-суретте келтірілген түстік координаттарға сәйкес болуы қажет. Түстік графикада қосарланған 1, 2, 3, 4 нүктелерді жалғап аталған түстерге сәйкес келетін иілген және тіке аралықтар көрсетілген.
27-кесте
Жарық беру техникалық жабдықтарының түстеріне рұқсат
берілген аралықтар
Нүкте коор- динат- тары | Х1 | Ү1 | Х2 | Ү2 | Х3 | Ү3 | Х4 | Ү4 |
Қызыл | 0,735 | 0,265 | 0,665 | 0,335 | 0,655 | 0,335 | 0,720 | 0,267 |
Жасыл | 0,266 | 0,724 | 0,024 | 0,414 | 0,245 | 0,414 | 0,311 | 0,465 |
Сары | 0,603 | 0,397 | 0.545 | 0,455 | 0,530 | 0,447 | 0,590 | 0,390 |
Ақ 0,30< Х < 0,50; Үо-0,01 <Ү< 7+0,01. |
Ескерту. Үо - Х=Хо болатын Планк сәуле шығарғышы үшін оның Ү кіндіктемесі бойынша координаты.
193. Экипаж кабинасын жинақылау
1299. Осы бөлімнің талаптары экипаж кабинасын жинақылауға таралады.
1300. Кабинаны жинақылау берілген құрамдағы экипаж мүшелеріне:
антропометрикалық талаптарды сақтай отырып, кабинадағы барлық экипаж мүшелерінің жайлы жайғастырылуын;
ҰЭБ-те көзделген барлық ұшу режимдерінде функционалдық міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1301. Экипаждың әрбір мүшесі үшін жеке жұмыс орны көзделген болуы қажет. Ұшқыштардың жұмыс орындары кабинаның алдыңғы жағында, ұшақ командирінің орны кабинаның сол жағында орналасқан болуы қажет. Экипажында ұшқыштардан басқа құрамына бортинженер кіретін ұшақтарда оның орны оң жақ бортта немесе ұшқыштардың жұмыс орындары арасында орналасуы қажет.
Экипаж мүшелерін ұшу бағытына қарсы артқа қаратып орналастыруға жол берілмейді.
Ескерту. Егер ҰЭБ бортинженердің жұмыс орнындағы қызметін оң жақ бортта да, сол сияқты ұшқыштардың жұмыс орындарының арасында да көздеген болса:
екі жұмыс орнында да оған жұмыс істеуге ыңғайлы болуын;
ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ бір жұмыс орнынан екіншісіне жылжуға ыңғайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1302. Ұшқыштарға күтіліп отырған пайдалану жағдайларындағы барлық маневрлер кезінде және барлық режимдерде оларға ыңғайлы болуын қамтамасыз ететін, жеткілікті түрде кең ауқымды көлеңкесіз, бұрмаламай кабинадан шолуға мүмкіндік беруді қамтамасыз етуі қажет. Қос ұшқыштың жұмыс орындарында нысана сызығының шартты жағдайындағы ұшқыштардың көздерін табуға бақылау жасауды қамтамасыз ететін құралдар болуы қажет. Күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты ішкі және сыртқы кабиналық кеңістікті күндіз және түнде шолуға қиындық туғызатын түрлі сәулелердің көзге шағылысуын болдырмау қажет. Атмосфералық жауын-шашыннан маңдайлық әйнектің бетін тазалауға арналған құрылғылар ішкі кабиналық кеңістікті шолуға жеткілікті мүмкіндікті қамтамасыз етуі қажет.
1303. Кабинадағы барлық жазулар өздеріне қатысты элементтерде (тұтқаларда, тумблерлерде және т.б.) орналасуы тиіс және күтіліп отырған пайдалану жағдайларына байланысты күндіз де және түнде де қараған кезде анық та, айқын болуы қажет. Мәтін бойынша қысқартылған жазулар олардың мағынасын түсіндіруге байланысты түрлі түсінік тудырмауы қажет.
194. Ұшақтың, күш-қуат қондырғысының және жабдықтардың басқару органдарын экипаждың жұмыс орындарына орналастыру
1304. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатылып және ұшу барысында қолданылатын ұшақтың, күш-қуат қондырғысының және жабдықтардың басқару органдарына экипаж мүшелерінің қолдары жете алатындай және ілінбелі белдіктерді қажет болмаса ағытпай-ақ олардың жұмыс орындарынан көрінетіндей болуы қажет.
1305. Ең жиі қолданылатын, оның ішінде ең күрделі ұшу кезеңдері (мысалы, ұшқыштарға - қонуға бет алғанда және қону кезінде) барысында, сондай-ақ күрделі және авариялық жағдайларда қолданылатын басқару органдары әрбір экипаж мүшесі қолымен жете алатын және шолу жасай алатын олардың жұмыс аралық аймақтарындағы ең ыңғайлы орындарда орналасуы қажет. Сонымен бірге басқару органдарының орналасқан орындарын ұшақтың жерден көтерілуі барысында, қонуға бет алғанда, қонуы кезінде және ҰЭБ бойынша іс-қимылдарды орындау үшін екінші айналысқа кеткенде ұшқыштар штурвалдардағы қолдарын ауыстырып жатпайтындай етіп таңдау қажет.
Екінші ұшқыштың штурвал тұтқасында орнатылған басқару органдары бірінші ұшқыштың штурвал тұтқасындағы олардың орналасуына қатысты»айна тәріздес орналасуы қажет.
1306. Жекелеген жағдайларда резервтік (апаттық) басқару органдарын (иінтіректерді, ауыстырғыштарды, сақтандырғыштарды) тек экипаж құрамында ұшуды басқарудан бос адам болған жағдайда ғана, ұшқыштардың жұмыс орындарынан тыс жерге орналастыруға жол беріледі.
1307. Ұшу барысында экипаж мүшелері үздіксіз пайдаланатын басқару органдары (ұшқыштарға - штурвал, басқыштар, РУД) басқару процесінде антропометрикалық талаптарды және ұшқыштардың ең аз шаршауын сақтай отырып орналасуы, сондай-ақ экипаждың креслоларына қатысты жылжып отыруы қажет.
1308. Басқару органдарының орналасуы, тұтқаларының нысаны және көлемі барлық ұшу режимдерінде және айрықша жағдайларда оларды тез танып, қатесіз қимылдауды қамтамасыз етуі қажет.
Түрлі мақсаттағы басқару органдарының бір-бірінен айырмасы (мысалы, нысаны бойынша, түсі бойынша және т.б.) болуы қажет. Апаттық басқару органдарының тұтқалары немесе олардың қорғаныш құрылғылары қызыл түске боялуы қажет. Оның басқа түспен қоса қолдануына жол беріледі.
1309. Кездейсоқ жылжуы айрықша жағдайларға алып келуі мүмкін басқару органдарын кабинаға орналастыру кезінде олардың қалпы кенеттен (кездейсоқ) өзгеріп кетпес үшін ондайды болдырмайтын шаралар көзделуі қажет. Бұл үшін басқару органдарын пайдалануға кедергі келтірмейтін әрі оларды тануға қиындық туғызбайтын оқшаулау құрылғыларын орнату қажет.
1310. Ұшу барысында бірнеше экипаж мүшелері пайдаланатын басқару органдарының тұтқаларын кабинаның бәріне ортақ аймағында не болмаса міндеттеріне осы тұтқаларды басқару кіретін экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орналастыру қажет.
1311. Әрбір экипаж мүшесі пайдаланатын басқару органдарын әрбір жылжуы кабинаның конструкциясына, басқа басқару органдары қалыптарының мүмкін болатын комбинацияларына және экипаж мүшелерінің киімдеріне қандай да болмасын кері әсері болмайтын оның креслосына қатысты басқару органының қажетті толық және кедергісіз жылжуын қамтамасыз ететіндей орналастыру қажет.
1312. Түрлі қозғалтқыштардың (мысалы, ҚБИ (қозғалтқышты басқару иінтірегі), қозғалқыштардың реверсивті құрылғыларын басқару иінтіректері, қозғалқыштардың тоқтату иінтіректері), сондай-ақ резервтелінген жүйелердің бірдей басқару органдары және де олардың тұтқаларының орындалуы қозғалтқышқа немесе резервтелінген жүйенің бөлігіне қатыстығын анықтау барысында қиындық туындамайтындай етіп орналастырылған болуы қажет.
ҚБИ-лардың және қозғалқыштардың реверсивті құрылғыларын басқару иінтіректерінің өзара орналасу қалыптары аталған иінтіректердің барлығын бірге, сондай-ақ әрқайсысын жеке басқаруға (1006) мүмкіндік қамтамасыз етуі қажет.
1313. Басқару органдарының жылжу бағыты ұшаққа көрсетіп отырған олардың әсеріне сай бола отырып, индикациялау приборларының көрсеткіштерімен көру жағынан және функционалдық жағынан сай болуы қажет.
Айналмалы қозғалыспен қозғалысқа келтірілетін басқару органдарының тұтқалары (гидравликалық, оттегі және ауа крандарынан басқасы) ажыратылған қалыптан толықтай іске қосылғанға дейін сағат тілі бойынша жылжып отыруы қажет.
Негізгі басқару органдарының жылжу бағыты мынадай талаптарға сай болуы қажет:
1) биіктік рулі - штурвалды (бағананы) артқа қарай (өзіңе қарай) - тік көтерілуге;
2) элерондар - штурвалды сағат тілі бойынша оңға қарай - оңға қарай жантаюға;
3) бағыттау рулі - оң басқышты алға қарай - оң жақ бұрылысқа;
4) тұрақтандырғыш - ауыстырғышты алға қарай (жоғары қарай) - шүйілуге;
5) қозғалтқышты басқару иінтірегі (ҚБИ) - артқа қарай (өзіңе қарай) - тіке тартымның (қуаттың) азаюына;
6) қозғалтқыш реверсін басқару иінтірегі - артқа қарай (өзіңе қарай) - кері тартымның (қуаттың) артуына;
7) шасси - басқару иінтірегін төмен қарай, артқа қарай (өзіңе қарай) - шығаруға;
шасси шығарылуын түймешелермен басқарғанда:
алдыңғы түймеше - жинауға;
артқы түймеше - шығаруға;
8) жалғас қанаттар, алғы қанатшалар - басқару иінтірегін төмен қарай, артқа қарай (өзіңе қарай) - шығаруға.
195. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында
орнатылған приборлар мен сигнализаторларды орналастыру
1314. Экипаж мүшелерінің прибор тақтасының иілу бұрышы онда орнатылған приборларды және сигнализаторларды пайдаланғанда олардың жеткілікті қолайлы болуын қамтамасыз етуі қажет.
1315. Прибор тақтасының дірілі приборлар көрсеткішін барлық ұшу кезеңінде есептеуге қиындық туғызбауы қажет.
1316. Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында орнатуға арналған приборлар мен сигнализаторлардың орындарын олар беретін ақпараттың маңыздылығын ескере отырып таңдау қажет.
Бұл ретте:
ұшу сапарының қауіпсіздігі үшін маңыздылығына (мысалы, негізгі пилотаждық-навигациялық приборларды ұшқыштың прибор тақтасының жоғарғы және ортаңғы аймақтарында орналастыру) байланысты топтастыру;
функционалдық мақсаты, яғни бір функционалдық жүйеге (мысалы, күш-қуат қондырғысының жұмысына бақылау жасайтын приборларды маңайына орналастыру) қатыстығы бойынша топтастыру;
қолдану уақыты, яғни ұшу барысында немесе жерде жекелеген ұшу кезеңдерінде белгілі бір уақыт тәртібі және т.б. бойынша топтастыру қолданылуы мүмкін.
1317. Экипаж мүшелерінің прибор тақталарында орнатылған приборлар мен сигнализаторлар күндізгі және түнгі ұшу жағдайларында олардың жұмыс орындарынан жақсы көрініп тұруы қажет. Сонымен қатар экипаж мүшелеріне өздерінің негізгі жұмыс отырысын сәл өзгертуге жол беріледі. Приборлардың көрсеткіштерін экипаж мүшелері жоғары дәрежедегі дәлдікпен еш бұрмалаусыз қабылдап отыруы қажет.
Сигнализация көру құралдарының ақпаратын экипаждың тиісті мүшесі еш бұрмалаусыз және осы функционалдық жүйенің немесе бақылау жасалып отырған өлшемнің жағдайы туралы қате түсінік туғызбай қабылдап отыруы қажет. Экипаж мүшелеріне өз жұмыс орындарынан ҰЭБ бойынша олар жұмысын бақылайтын күш-қуат қондырғысының приборлар көрсеткіштерін дұрыстап көруін және оларды бақылауға ыңғайлы болуын қамтамасыз ету қажет.
1318. Ұшқыштардың жұмыс орындарындағы пилотаждық-навигациялық приборлардың орналастырылуы төменде айтылатын талаптарға сай болуы қажет.
1319. Негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар тобын құрайтын ең маңызды пилотаждық-навигациялық приборлар әрбір ұшқыштың прибор тақтасында ұшқышқа қарсы, штурвал көлеңкелемейтін және барлық уақытта оның көз алдында тұратын орталық учаскесінің жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасуы қажет.
Топтың ішіндегі негізгі пилотаждық-навигациялық приборлар мынадай тәртіппен орналасуы қажет: