26. Мемлекеттік тіркеуге жылжымайтын мүлік құқықтарының жүктелімдері (шектеулері), оның ішінде объектіні пайдалануға тыйым салу мен шектеуге қатысты белгіленген кепіл (ипотека), жал, сервитуттар, мүлікті тұрқындау, сенімді басқару, талап ету құқығы туралы арыз жатады.
27. Тіркеуге, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке құқықтарды өзгертулері мен тоқтатылуы жатады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен
жасалатын мәмілелерді тіркеу орны
28. Мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын объектінің орналасқан жері бойынша аудандық, қалалық тіркеу органы жүзеге асырады.
29. Жылжымайтын объект екі немесе одан да көп тіркеу секторларында (аудандарда, қалаларда) орналасқан кезде мұндай объектінің құқығын тіркеу олардың әрқайсысында жеке жүзеге асырылады.
Тіркеу субъектілерi
30. Қазақстан Республикасының азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды, шетел азаматтарын, қазақстандық және шетел заңды тұлғаларын, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдарды қоса алғанда, міндетті мемлекеттік тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікке басқа құқықтардың меншік иелері мен заңды иелері тіркеу субъектілері болып табылады.
31. 14-тен 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ сотпен әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған адамдар жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы арызды заңды өкілдерінің (ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының) келісімімен беруге құқылы. Мұндай келісім нысаны кәмелетке толмағандармен жасалатын мәмілелер үшін заңмен белгіленген нысанға сәйкес келу керек.
32. Шаруашылық жүргізу құқықтары, жедел басқару құқығы, жер пайдалану құқығы және мемлекеттік заңды тұлғаларға тиісті басқа да міндетті мемлекеттік тіркелуге тиісті жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтар осындай құқықтар жататын сол мемлекеттік заңды тұлғалармен тіркеледі.
Тіркеу органдарының құжаттамалары
33. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін құжаттаманың бір жүйеге келтірілген нысаны белгіленеді.
34. Құжаттаманың құрамын, оның мазмұны мен жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
II. Тіркеудің тәртібі мен жалпы рәсімi
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын
мәмілелерді тіркеу құқығының тіркеушісi
35. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді тіркеуші жүзеге асырады.
36. Өзінің қызмет міндеттерін орындау кезінде тіркеуші Қазақстан Республикасының заңдарын, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерін, осы Ережені және оның қызметін реттейтін басқа да актілерді басшылыққа алады.
37. Тіркеушінің қызмет міндеттері қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қабылданған лауазымдық нұсқаулықпен реттеледі.
Тіркеудің тәсілі мен негіздерi
38. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу Құқықтық кадастрдың тіркеу парағына қажетті жазбаларды енгізу жолымен жүзеге асырылады.
39. Осы Ереженің 44-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса берумен жылжымайтын объектінің орналасқан жері бойынша тіркеу органына құқық иеленушінің жазбаша өтініші жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылады.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен
жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы өтініштің
нысаны, мазмұны және оны беру
40. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы өтініштің нысанымен мазмұнын осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
41. Жеке тұлғаның өтінішінде: тіркеу органының атауы, өтініш иесінің аты, әкесінің аты, фамилиясы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжат деректері (атауы, сериясы, нөмірі, берілген күні), жылжымайтын объектінің атауы мен орналасқан жері, тіркелетін құқық (жүктелімдер, шектеулер) санаты, қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі мен белгіленген нысанға сәйкес басқа да мәліметтер көрсетілуі тиіс.
Заңды тұлғаның өтінішінде: тіркеу органының атауы, заңды тұлғаның атауы, заңды мекен-жайы, жылжымайтын мүліктің атауы мен орналасқан жері, тіркеуші құқықтың санаты (жүктелімдер, шектеулер), қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі мен белгіленген нысанға сәйкес басқа да мәліметтер көрсетілуі тиіс.
42. Жеке тұлға - құқық иесінің өтінішіне оның өзі немесе оның өкілетті өкілі қол қоюы керек, Заңды тұлғаның өтінішіне оның басшысы немесе өкілетті өкіл қол қоюы керек. Егер азамат тәндік кемістігі немесе сауатсыздығы салдарынан өз қолын қоя алмаса онда оның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 152-бабының 4-тармағымен белгіленген ережелер бойынша басқа азамат қолын қояды.
43. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар тіркеу органында жеке немесе бұған өкілетті құқық иесінің өкілімен беріледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 155-бабының 1-тармағымен белгіленген жағдайларда құжаттарды почтамен жіберуге жол беріледі.
Тіркеуге ұсынылатын құжаттардың құрамы,
мазмұны мен талаптары
ҚР Үкіметінің 2000.11.02. № 1656 қаулысымен 44-тармақ өзгертілді
44. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу үшін өтініш беруші тіркеу органына:
жылжымайтын мүлікке құқықтарды (жүктелімдер, шектеулер) немесе олармен жасалатын мәмілелерді тіркеу туралы өтінген белгіленген нысандағы жазбаша өтінішті;
қажет кезінде әрекет (жүктелімдер, шектеулер) аясын көрсететін жылжымайтын объект жоспарын қоса берумен жылжымайтын мүлікке сәйкес құқықтың пайда болуын, өзгеруін, шектелуін (жүктелімін) немесе тоқтатылуын растайтын құқық белгілейтін құжаттарды;
төлем туралы банктің белгісі бар тіркеу төлемін енгізу туралы құжатты ұсынады.
Бұдан басқа, өтініш және жоғарыда аталған құжаттармен бірге:
а) жеке тұлға тіркеушіге төлқұжат немесе оның орнындағы өзге құжатты (жеке бас куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстану ықтиярхатын, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және басқа әскери құрамалардың офицерінің жеке бас куәлігін, әскери билетін, 16 жасқа толмаған азаматтың туу туралы куәлігін) ұсынады;
б) заңды тұлға тіркеу туралы куәлікті (жарғының, ереженің көшірмелерін), осы субъект өз елінің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын сауда тізілімінен алынған көшірме немесе басқа да құжаттың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасын ұсынады.
45. Құқық белгілейтін құжаттар тіркеуге екі данада тиісінше рәсімделген түрде ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болады. Бұл құжаттардың түпнұсқа даналары (немесе нотариалды куәландырылған көшірме) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.
46. Құқық белгілеуші құжаттар қолданылып жүрген заңдармен белгіленген талаптарға жауап беруі тиіс, атап айтқанда мүлікті сипаттауды, тиісті құқықтық сипаттауды (жүктелімдерді, шектеулерді) қамтуы, нотариалды куәландырылған, қажетті жағдайларда қол қойылған болуы керек (тараптардың, лауазымды адамдардың және т.б.). Тазартулары немесе артық жазулар, сызылған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулері бар құқық белгілейтін құжаттар, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттар қабылданбауға тиіс.
47. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға мынадай негіздер бойынша жол беріледі:
тиісті емес адамның немесе жеке басының және/немесе оның өкілеттігін куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты келуі;
құжаттарда тазартулар артық жазулар, сызылған сөздер мен өзге де ескертілмеген түзетулер, мәтінде өңделген іздер және т.б. бар болса;
мекен-жайын, фамилиясын, атын, әкесінің атын немесе заңды тұлғалардың атауын дұрыс көрсетпеуі, құқық белгілеуші құжаттарда немесе оның көшірмелерінде қажетті қолдардың және мөрлердің болмауы;
өтініш берушінің осы Ереженің 44-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын толық емес немесе тиісінше ресімделмеген түрде беруі;
тіркеу үшін төлем енгізу туралы құжаттың болмауы.
Тіркеу тәртібі мен мерзімдері
48. Арыз берушінің құқықтарын, жүктелімдерді (шектеулерді) сондай-ақ жылжымайтын мүлікке қатысты мәмілелерді тіркеу осы Ереженің 44-тармағында санамаланған құжаттар берілген сәттен он күн мерзімнен аспай жүргізілуге тиіс. Көрсетілген мерзімдер бұзылған кезде, өтініш беруші, жоғары органға (лауазымды тұлғаға) және/немесе сотқа бара алады.
49. Сол бір құқықты немесе өзге объектілерді тіркеу үшін бірнеше өтініш болған кезде құқық немесе өзге объект бұрын берілген өтініш бойынша тіркеледі.
50. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мынадай жүйелілікте жүргізіледі:
субъектілерден осы Ереженің 44-тармағында көзделген өтініштер мен құжаттарды тіркеуді қабылдау;
тіркеуге түсетін құжаттарды есепке алу кітабына тіркеу үшін қабылданған өтініштер туралы мәліметтер енгізу;
құжаттарды есепке алу кітабында өтінішке және қоса берілген құжаттарға нөмірлер беру;
өтініш берушіге құжаттарды алғаны туралы қолхат беру, онда тіркеуші құжаттардың түскен күнін, сағатын және минутын олардың тізбесі мен нөмірлерін, өзінің фамилиясы, тіркеуге түсетін құжаттарды есепке алу кітабында тіркелген өтініштің нөмірін көрсетеді;
олар нотариалды куәландырылмаған жағдайда құжаттардың дұрыстығын тексеру;
белгіленген тәртіпке сәйкес тіркеу парақтарына жазбалар енгізу;
өтініш берушіге тіркеу мерзімі біткеннен кейін жүргізілген тіркеу күні туралы тіркеу органының белгісімен құқық белгілеуші құжаттардың түпнұсқаларын (нотариалды куәландырылған көшірмелерін) қайтару, сондай-ақ өтініш берушінің тілегі бойынша мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
Тіркеуге түсетін құжаттарды тексеру
51. Тіркеуге түсетін құжаттардың дұрыстығын тексеру олар нотариалды тәртіпте куәландырылмаған жағдайда жүзеге асырылады.
52. Тіркеуші құжаттарды олардың дұрыстығын айқындау үшін болуы мүмкін тазартуларды, ескертілмеген сызып тастаулар мен түзетулерді, мәтінді өңдеу белгілері мен басқаларды анықтау жолымен тексереді.
53. Құқық белгілеуші құжатты тексеру оның дұрыстығын анықтау мен осы түрдегі құжаттар үшін заңдармен көзделген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
54. Құжаттардың тиісті түрде ресімделгенін анықтап, тіркеуші негізгі құқық белгілеуші құжат деректерін архив деректерімен және электрондық банк деректерімен салыстырады.
55. Құжаттардың дұрыстығына, олардың тиісті түрде ресімделгені мен олардың мазмұнының архив деректермен және банк деректерімен сәйкестігіне күмән болмаған кезде тіркеуші өтініштегі "тексерілді" бөлімін толтырады, күнін және өзінің фамилиясын көрсетеді.
56. Құқықты куәландыратын құжат тексеріліп біткеннен және құқықтық кадастрдың тіркеуші парағына жазба енгізілгеннен кейін барлық құжаттар тізімдемемен архивке беріледі.
57. Тіркеу тоқтатылған немесе одан бас тартылған (осы Ереженің 58-60 тармақтары) жағдайда тіркеуге түсетін құжаттарды есепке алу кітабында тиісті жазба жүргізіледі. Өтініш берушіге жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуден бас тарту немесе тоқтату себебі туралы жазбаша нысанда хабар жіберіледі. Тіркеуден бас тартылған кезде өтініш жабық деп танылады және өтініш беру басымдықтарын анықтау үшін ескерілмейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен
жасалатын мәмілелерді тіркеуден бас тарту
58. Мыналар жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді тіркеуден бас тарту негіздері болып табылады:
тиісті емес адамның келуі;
құжаттарда тазартулардың, ескертілмеген түзетулердің, мәтінді өңдеу іздері және т.б. бар болуы;
мекен-жайын, фамилиясын, атын, әкесінің атын немесе заңды тұлғалардың атауын дұрыс көрсетпеуі, құқық белгілеуші құжаттарда немесе олардың көшірмелерінде қажетті қолдардың және мөрлердің болмауы;
өтініш берушінің осы Ереженің 44-тармағында көрсетілген құжаттар жиынтығын толық емес немесе тиісінше ресімделмеген түрде беруі;
мәміленің қолданылып жүрген заңдарға сәйкессіздігі;
59. Тіркеуден бас тарту үшін негіз болып табылатын жағдаяттар жойылған кезде адам тіркеу органына жаңа өтініш бере алады.
Мемлекеттік тіркеуді тоқтату үшін негіздер
60. Мемлекеттік тіркеуді тоқтату жағдаяттар болған кезде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының 19-бабында көзделген тәртіпте он күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету
61. Тіркеу кезінде жіберілген қателерді түзету "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының 21-бабында көзделген шарттар болған кезде жүзеге асырылады.
III. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (шектеулерді,
жүктелімдерді) және олармен жасалатын мәмілелердi
тіркеу ерекшеліктерi
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелерді тіркеу
62. Мәмілені тіркеу мүдделі тараптың, мынадай ережелерді сақтай отырып, тіркеу органына берген немесе почтамен жіберген өтініші бойынша жасалады:
Нотариалдық тәртіпте куәландырылған мәмілені тіркеу тараптардың біреуінің тіркеу органына берген немесе почтамен жіберген өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Егер мәміле нотариалдық тәртіпте куәландырылмаған болса, оны тіркеу органына почтамен жіберген азаматтың өтініші бойынша мәмілені тіркеу тек құжаттардың және мәмілеге қатысушылардың (уәкілетті өкілдердің) қойған қолдарының анықтығын нотариалдық тәртіпте куәландыру жағдайында ғана жүзеге асырылады.
Егер мәміле нотариалдық тәртіпте куәландырылмаған болса, тіркеуші органға почтамен жіберілген құжаттар бойынша заңды тұлға жасаған мәмілені тіркеу, құжаттарда ұйымның мөрі бар болса немесе құжаттардың және мәмілеге қатысушылардың (уәкілетті өкілдерінің) қойған қолдарының анықтығын нотариалдық тәртіпте куәландырылған кезде жүзеге асырылады.
Егер мәміле нотариалдық тәртіпте куәландырылмаған болса, міндетті нотариалдық куәландыруға жатпайтын мәмілені тіркеу үшін мәмілеге қатысушылардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) олардың тікелей тіркеу органына беретін өтініші бойынша барлық мәмілеге қатысушылардың (уәкілетті өкілдердің) жеке бастары мен қойған қолдарының нақтылығын анықтау қажет.
63. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының 2-бабындағы 1-тармақта санамаланған жылжымайтын мүлікке құқықтардың пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталған мәмілелер тіркеуге жатады.
64. Осы Ереженің 63-тармағымен көзделген мәмілелер олардың тіркелу сәтінен бастап жасалған болып есептеледі.
65. Мәмілелерді тіркеуден бас тарту тек заңдармен көзделген негіздер бойынша ғана мүмкін. Тіркеуден бас тартқан орган сот бойынша мәміленің жарамсыз танылуын талап етуге тиіс. Егер мұндай талап тіркеуге арналған құжаттарды алғаннан кейін бір ай ішінде мәлімденбесе, мәміле тіркелген болып танылады.
66. Тіркелетін мәмілелер заңдармен осы түрдегі мәмілелер үшін белгіленген талаптарға сәйкес келуге, онда оған қатысушылардың қолдары мен теңдестіру сипаттамалары (жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты, заңды тұлғаның атауы), жылжымайтын объектінің қысқаша сипаттауы, сондай-ақ тіркелетін құқықтық (жүктелімнің) санаты болуға тиіс.
67. Егер мәміле нотариалды куәландырылмаса, тіркеу органы қойылған қолдардың нақтылығын, олардың еркінің көңіл білдіруіне сәйкестігін тексеруге міндетті.
68. Егер мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәміле тиісті түрде жасалса, бірақ тараптардың біреуі оны тіркеуден бас тартса, сот басқа тараптың талабы бойынша мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл жағдайда мәміле сот шешіміне сәйкес тіркеледі.
Тіркелмеген жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын
мүлікке құқықтарды тіркеу
69. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік объектілері орналасқан жер учаскелеріне құқықтардың тіркелмегендігі мұндай объектілерге құқықтарды тіркеуден бас тартуға негіз болып табылады. Бұл ретте тіркелмеген жер учаскесіне арнайы нормативтік актімен көзделген тәртіпте шартты нөмір беріледі. Тіркеу органы мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін тиісті органға оған заңдармен белгіленген тәртіпте кадастр нөмірі берілетін жер учаскесін есепке алу қажеттілігі туралы ресми хабарлама жіберуге тиісті.
70. Жер учаскесінде кадастр нөмірін беруге байланысты құқықтық кадастрын тіркеу құжаттарында өзгертулер енгізу мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін органдардың жер учаскесіне кадастр нөмірін беру туралы ақпаратты және жер учаскесінің жоспарын беруі кезінде немесе қажетті құжаттарды қоса бере отырып, құқыққа иеленушінің өтініші бойынша жүзеге асырылады. Жер учаскесіне құқықты тіркеу белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Жалпы меншіктегі ғимараттарда орналасқан пәтерлерге
және басқа да үй-жайларға құқықтарды тіркеу
71. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі әрбір пәтер немесе өзге үй-жай жалпы меншіктегі ғимараттарды тіркеу объектісі болып табылады.
72. Пәтерлер мен басқа да үй-жайлар құқықтарымен бірге мұндай үлестерді анықтауға орай жер учаскесіне ортақ меншік құқығындағы үлес, сондай-ақ тіркеу объектісі болып табылады.
73. Ортақ меншіктегі ғимараттарда орналасқан жылжымайтын мүліктің объектілерін теңдестіру осы объектілердің заңдарымен белгіленген тәртіпте айқындалған жеке тіркеу нөмірімен қамтамасыз етіледі.
74. Ортақ меншіктегі ғимараттарда орналасқан пәтерлер мен басқа да үй-жайлар құқықтарды құқықтық кадастр тіркеу "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасайтын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының 25-бабымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Сервитуттарды тіркеу
75. Сервитуттарды тіркеу "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының 7-тарауымен және өзге де заң актілерімен көзделген негіздер болған кезде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүзеге асырылады. Сервитуттарды тіркеу туралы құжаттарға объектінің орналасқан жері мен сервитуттың қолданылу аясы көрсетілген жер учаскесінің жоспары (өзге жылжымайтын объектінің кадастрлық жоспары) қоса беріледі.
76. Сервитуттарды тіркеу жер учаскесіне жататын, осы сервитутпен жүктелім жасалған тіркеу парағында және сервитуттар соның пайдасына туындаған жер учаскесіне жататын тіркеу парағында жүзеге асырылады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынға құқықтар мен
жүктелімдерді және олармен жасалатын мәмілелердi
тіркеу
77. Оның меншік иесі немесе өзге заттық құқықтың субъектісі кәсіпорынның жылжымайтын мүлкіне және олармен жасалатын мәмілелерге құқықтарды және жүктелімдерді тіркеу субъектісі болып табылады.
78. Кәсіпорынның жылжымайтын мүлкін тіркеуді жылжымайтын мүлік объектісі орналасқан жер бойынша тіркеу органы жүзеге асырады.
79. Кәсіпорынның жылжымайтын мүлкін тіркегеннен кейін болған жылжымалы мүлік құрамының өзгеруі тіркеу құжаттарына өзгертулер енгізуге әкеп соқпайды.
Пайдалану құқығын тіркеу
80. Бір жылдан аса мерзімге пайдалану құқығы тіркеу объектісі болып табылады.
81. Пайдалану құқығын тіркеу бұл құқық кімнің мүддесінде пайда болғанын адамды және қай мерзімге туындағанын көрсете отырып, пайдалану құқығымен жүктелім жасалған объектіге қатысты тіркеу парағына жазбалар енгізу жолымен, мүдделі тараптың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
82. Жылжымайтын мүлік объектісіне пайдалану құқығын тіркеу үшін қажет кезде өтінішке қоса құқықтың қолданылу аясын көрсете отырып жылжымайтын мүлік объектісінің жоспары беріледі.
83. Пайдаланудың тіркелген құқығы азаматтық заңдар нормасына және тараптар арасындағы шартқа сәйкес тоқтатылған болып есептеледі.
Кепілді тіркеу
84. Кепілді тіркеу кепілдің мәнісі болып табылатын жылжымайтын мүліктің объектісіне жататын тіркеу парағына жазбалар енгізу жолымен кепіл ұстаушының өтініші бойынша жүзеге асырылады. Өтінішке кепіл туралы шарт қоса беріледі.
85. Тіркеу жазбасына тіркеу қағазында көзделген мәліметтер кіреді.
86. Кепілді тіркеуден бас тартуға шартта көрсетілген мүліктің кепіліне жол берілмеген жағдайларда, сондай-ақ шарттың немесе оған қоса берілген құжаттар мазмұнының заңдарға және мемлекеттік тіркеу кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі кезінде жол беріледі.
Мемлекеттік меншік құқығын тіркеу
87. Мемлекеттік меншік құқығын тіркеу мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқығын немесе жер пайдалану құқығын тіркеумен бір мезгілде жасалады.
88. Мемлекеттік меншік құқығын тіркеу туралы құжаттарды берген кезде мемлекеттік органдар белгіленген жағдайларда мемлекеттік құпияларды қорғау қажеттілігін көрсетуге тиіс. Мемлекеттік құпияларды қамтамасыз етпегендік үшін жауапкершілік бұл ретте тіркеу органына жүктеледі.
Сот қаулыларымен белгіленген құқықтарды,
жүктелімдерді (шектеулерді) тіркеу
89. Сот шешімімен белгіленген жылжымайтын мүлікке құқық жалпы негіздерде тіркеуге жатады. Тіркеу органы сот шешімімен белгіленген құқықтарды тіркеуден бас тартуға құқылы емес.
90. Жылжымайтын мүлікке деген құқықтарға қатысты соттың қаулылар, ұйғарымдар, шешімдер, сондай-ақ үкімдер қабылдау фактілері қабылдану сәтінен бастап тіркеледі.
Оларға шағым беру немесе наразылық білдіру фактілері де тіркеуге жатады.
Соттың мұндай үкімі, шешімі немесе ұйғарымы заңды күшіне енбеген жағдайда, олар осы жылжымайтын мүлікке үшінші тарап жағынан құқықтық дәмелену бар екендігі туралы ескерту ретінде қаралуға тиіс.
Құқық иесінің қаза болуына немесе заңды тұлғаның қайта
құрылуына (таратылуына) байланысты жылжымайтын
мүлікке құқықтың ауысуын тіркеу
91. Мұра ету тәртібінде немесе заңды тұлғаның қайта құрылуы (таратылуы) салдарынан жылжымайтын мүлік ауысқан кезде заңды мирасқорлардың құқықтарын тіркеу жалпы негіздер бойынша жүзеге асырылады.
92. Құқықтың мұра ету тәртібінде ауысуын тіркеу үшін өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагер осы Ереженің 44-тармағында санамаланған құжаттарға заң бойынша немесе өсиет бойынша мұра ету құқығы туралы куәлікті немесе мұрагер құқығын куәландыратын өзге құжаттарды қоса береді. Қайта құрылуға байланысты құқықтың ауысуы кезінде құжаттарға осыған сәйкес өткізу немесе бөліну балансы қоса беріледі.
93. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) 50, 51-баптарында көзделген тәртіпте заңды тұлғаның таратылуына байланысты мүліктің ауысуы кезінде тіркеу үшін жылжымайтын мүліктің берілуі соның негізінде болған таратылу балансын беру қажет.
Құқықты тоқтатудың жекелеген негіздерін тіркеу
94. Мүліктің құруына немесе мүліктің жылжымайтын объект ретінде пайдаланылудан шығуына апарып соғатын оның бүлінуіне байланысты құқықтың тоқтатылуын тіркеу үшін құқық иеленуші (уәкілетті өкіл) уәкілетті органның тиісті жағдаятты растайтын актісін қоса отырып, тіркеу органына құқықтың тоқтатылуын тіркеу туралы өтініш беруге тиіс.
95. Құқықтан бас тартуға байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығының(өзге заттық құқықтың) тоқтатылуын тіркеу мынадай тәртіпте жүзеге асырылады.
Құқық иеленушінің немесе иесіз мүлікке есеп жүргізетін органның өтініші бойынша тіркеу органы тіркеу құжаттарына жылжымайтын мүлікке меншік құқығынан (өзге заттық құқықтан) бас тарту туралы белгі енгізеді.
Мұндай мүлікке құқықтың тоқтатылуын тіркеу Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) 242, 250-баптарымен, "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы Заң күші бар Жарлығының 61-бабымен көзделген нормаларды сақтай отырып, сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.