7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Орал қаласындағы РУ-170/3 мекемесін 900 орынды қатаң режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды, Атырау қаласындағы 300 орынды әйелдер түзеу колониясын қайта жаңартуды аяқтау; Шымкент қаласындағы тергеу изоляторын қайта жаңартуды және кеңейтуді, Павлодар қаласындағы «Химпром» ААҚ № 822 және № 823 өндірістік корпустарын 1500 орынды ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп қайта жаңартуды, Алматы қаласындағы тергеу изоляторын қайта жаңартуды және кеңейтуді одан әрі жалғастыру.
Соңғы нәтиже: республика аумағында тепе-тең бөлінген режим және тергеу изоляторларының түрлері бойынша түзеу мекемелерінің желілерін құру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
225-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 130000 мың теңге (бip жүз отыз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы № 1247 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген жағдайларда азаматтардың білікті тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: заңнамада көзделген жағдайларда сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға уақытылы және толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Сотта адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі | Заңнамада көзделген жағдайларда сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттар алқасының өтінімдері бойынша адвокаттарға уақытылы еңбекақы төлеуді ұйымдастыру. Жасалған шарттарға сәйкес адвокаттардың қызметтеріне ақы төлеу және іссапар шығындарын төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, оның аумақтық органдары. Аумақтық адвокаттық алқалар. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сотқа, анықтау және тергеу органдарына міндетті қатысқаны үшін адвокаттарға толық еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: азаматтардың тегін заң көмегін алуына конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: заңнамада көзделген жағдайларда білікті санатқа жататын азаматтарға уақытылы тегін заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ету.
Сапасы: заңнамада көзделген жағдайларда білікті тегін заң көмегімен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
226-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Құқықтық насихат» деген 006 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 76506 мың теңге (жетпіс алты миллион бес жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 19-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық санасы мен құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: оқу орындарының барлық түрлерінде әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруін, азаматтардың жасын, психологиялық және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып, құқықтық оқытудың жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу;
мемлекеттік қызметшілердің жаңа буынының құқықтық даярлық деңгейін арттыру;
бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, құқықтық түсіндіру жұмыстарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану;
құқықтық мәдениетті, құқықтық тәрбиені қалыптастырудағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулерді өзектілендіру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Құқықтық насихат | Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес 2005-2007 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу. Мемлекеттің құқықтық саясатының өзекті мәселелері жөніндегі республикалық және өңірлік конференцияларды, семинарларды, дәрістерді мыналармен өткізу: - үй-жайларды, көлік құралдарын және жабдықтарды жалға алу; - әдістемелік ұсынымдар шығару; - кеңсе және өзге де тауарлар сатып алу; - бағдарламалар мен шақырулар дайындау; - ілеспе аудармамен, дыбыс жазбасымен қамтамасыз ету; - буфеттік қызмет көрсету. Іссапарлық шығындар төлеу. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша арнайы айдарлар, телебағдарламалар жасау мен құқықтық мазмұндағы жарнама-имидж роликтерін шығару және бейнефильмдер жасау. Жалпы білім беретін мектептердің құқықтық пәндер бойынша сертификаттар мен әзірлемелер дайындау. Құқықтық пәндер оқытушыларын қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Республика халқына құқықтық мәселелер бойынша түсінік беру үшін құқықтық тақырып бойынша жинақтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми көпшілік басылымдарын және басқа да әдебиеттерді, заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктерін, тақырыптық брошюралар шығару. Жасалған шарттарға сәйкес қызмет көрсетулер мен жұмыстарға ақы төлеу. Жас ғалымдарды тартумен құқық саласындағы өзекті проблемалар бойынша ғылыми зерттеулер өткізу. "Тікелей эфирде" "дөңгелек үстел" элементтерін қолдана отырып, құқықтық тақырып бойынша теле-, радио- хабарлар, дәрістер циклін өткізу; Мерзімді баспасөз басылымдарда құқықтық тақырып бойынша ақпараттық материалдарды жүйелі жариялау; Мерзімді баспасөз басылымдарда құқықтық тақырып бойынша жақсы жарияланым конкурсын (номинациялар бойынша), теле-, радиохабарлар ұйымдастыру және өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: барлық қоғамдық салаларда құқықтық нигилизмді еңсеру жұмысын өткізу.
Түпкі нәтиже: Республика азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыруды, құқықтық тәртіп пен заңды құрметтеудің нақты жағдайын жасауды, құқықтық түсіндіру жұмыстарын, азаматтарды құқықтық оқыту мен құқықтық тәрбиелеу жүргізуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктер мен Yкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруді қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
227-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 188300 мың теңге (бір жүз сексен сегіз миллион үш жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 4-тарау, 11, 20, 25-2-баптары; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесін орта кәсіптік білімді мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қылмыстық-атқару жүйесі үшін орта бөлім мамандарын даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау | Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде қызметті одан әрі өткеру үшін курсанттарды күндізгі және сырттай нысаны бойынша оқыту. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасап, білім беруді ұйымдастыру. Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне кандидаттарды және орта және аға басшы құрамның арнайы атағы бар адамдарды бастапқы даярлау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесіне орта кәсіптік білімді мамандарды даярлау.
Түпкі нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесін орта кәсіптік білімді мамандармен қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Сапасы: орта білім беру орындарын үздік бітірген арнайы кәсіптік білімі бар түлектердің санын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
228-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
««Құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу» мемлекеттік
деректер базасы» ақпараттық жүйесін құру"
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 497244 мың теңге (төрт жүз тоқсан жеті миллион екі жүз қырық төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізімдерін жасау мақсатында Жеке заңды тұлғаның бірыңғай нөміріне (сәйкестендіру нөміріне (бизнес-сәйкестендіру нөміріне)) көшу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 565 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасында жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімдерінің бірыңғай ақпараттық жүйесін жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жеке басты куәландыратын биометриялық құжаттарды енгізу үшін жағдайлар жасау;
қолда бар және әзірленіп жатқан ведомстволық есепке алу жүйесінің салыстырылмауын жою проблемасын шешу;
мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорын өзектендіруді іске асыру және ақпаратты қайталауды болдырмау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | "Құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесін құру | Жеке тұлғалардың сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау: құжаттандыру ақпараттық жүйесіне бейімделу бойынша жұмысты жүргізу (құжаттандыру жүйесін пысықтау); аумақтық бөлімшелер қызметкерлерін оқыту; есептеу техникасы құралдарын сатып алу; арнайы жабдықтар: чиптерге арналған байланыссыз ридерлер, қорғау және сертификаты бар (ЭЦҚ) қол қою құралдарының жеткізгіштерін сатып алу; биометрикалық алгоритмін (габитоскопия) енгізу: биометрикалық салыстыруды жүргізетін бағдарламалық қамтамасыз етуді, биометрикалық сәйкестендіруді жүргізетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; лицензиялық және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Тіркеу қызметі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімшелерінде тіркеу процестерін оңтайландыру, қолымен жасайтын операцияларды қысқарту, халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту, құжаттандыру мерзімін қысқарту;
жеке тұлғалар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді сақтайтын және ұсынатын орталықтандырылған дерекқорын жасау;
барлық республика бойынша құжаттандыру мерзімін екі айдан бір айға дейін 2 есе қысқарту және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту;
некеге тұру туралы 1-нысан бойынша өтінімдердің қайтарылуы 25300 бірліктен 12650 бірлікке дейін 2 есе қысқару тиіс;
тіркеу процедурасын жүзеге асыру кезінде жеке тұлғалар туралы дұрыс және өзекті ақпарат алу;
заңсыз тіркеу және құжаттандыру мүмкіншілігіне жол бермеу;
тәжірибелі пайдалану және енгізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
229-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Халыққа «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін
орталықтардың қызметін қамтамасыз ету»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 7382288 мың теңге (жеті миллиард үш жүз сексен екі миллион екі жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексі (Салық Кодексі); Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 8 , 9 , 18, 19-баптары; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы; «Астана және Алматы қалаларында «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, төрешілдік, қағазбастылық және өзге де әкімшілік кедергілерді түпкілікті жою үшін жағдайлар жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Астана және Алматы қалаларында, облыстық орталықтарда, қалаларда, аудандарда "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтардың қызметін қамтамас ыз ету | Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжаттарды қабылдауды және беруді жүзеге асыру; "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру және ұстау; халыққа қызмет көрсету орталығын орналастыру үшін ғимарат сатып алу; тиісті жұмысқа және қызмет көрсетулерге ақы төлеп, әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту; автокөлік жалдау; халыққа қызмет көрсету орталығын материалдық-техникалық, технологиялық, бағдарламалық, коммуникациялық қамтамасыз ету және сүйемелдеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Әділет департаменттері, аудандық (қалалық) Әділет басқармалары |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халыққа уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
халыққа қызмет көрсететін орталықты орналастыру үшін ғимарат сатып алу.
Түпкі нәтиже: халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қызмет көрсету ыңғайлығы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: халыққа қызмет көрсету орталығының біреуін құруға және ұстауға орташа шығыстар кемінде 34822,1 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шараларды орындауды уақытылы қамтамасыз ету.
Сапасы: салық заңнамасы саласында заңды тұлғаларды, жер учаскелеріне құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, халықты құжаттандыру мен тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және құжаттарды апостильдеу процедураларын өткізу мерзімін қысқарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
230-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Түзету мекемелерінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл»
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3255 мың теңге (үш миллион екі жүз елу бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстау үшін жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Түзету мекемелерінде ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл | ЖҚТБ-ның таралуын 77 түзеу мекемелерінде болдырмау және қылмыстық жазасын өтеп жатқан ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстауға жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар кешенін (медициналық мақсатта бір рет пайдаланатын құралдарды сатып алу; плакаттар, брошюлар, бейнефильм көшірмелерін дайындау; бейнеаппаратура сатып алу) қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, мемлекеттік түзеу мекемелері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау шаралар кешенін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: республикалық бюджеттің қаражатын тиімді шығындау.
Уақтылығы: іске асыру мерзіміне сәйкес іс-шаралар өткізу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
231-ҚОСЫМША
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау»
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3318971 мың теңге (үш миллиард үш жүз он сегіз миллион тоғыз жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; «Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; «Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген қылмыстың жасалуына сезіктілердің, айыпталушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау кезінде құқықтық тәртіпті, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындау.