- Орал қаласындағы ЖҚЖ күрделі жөндеу жүргізілді, автокөлік құралдары, оның ішінде жабдықтарды тасымалдау үшін 2 Газель автомобилі, 3 Нива жедел қызметтік автомобилі, УАЗ базасындағы (11 орындық) 1 өткізгіштігі жоғары автомашина; байланыс құралы; оның ішінде авариялық-құтқару жабдығы; суда құтқару және сүңгуір жарақтары сатып алынды.
Соңғы нәтиже:
төтенше жағдайлар оқиғаларын кеміту мен азайту бойынша іс-шараларды жүргізу, оның ішінде төтенше жағдайлардан күтілетін материалдық шығынды 2-3 % азайту, зардап шеккендер мен қаза болғандардың санын 3-4 % азайту, құтқарылғандардың санын 5-6 % көбейту.
Қаржы-экономикалық тиімділігі:
бір әскери бөлімді ұстау орташа 265181,0 мың теңгені құрайды;
бір өңірлік аэромобильдік жасақты ұстау орташа 47262,8 мың теңгені құрайды;
"Қазқұтқару" семинарына қатысатын бір құтқарушыны 10 күн ішінде орташа қамтамасыз ету - 22,4 мың теңге;
1 тікұшақты бір жылда пайдалану, ұстау және оған техникалық қызмет көрсетудің орташа құны - 38407 мың теңге;
бір өрт сөндіру бөлімін ұстау орташа 36868,2 мың теңгені құрайды;
бір жедел құтқару жасағын ұстау 34173,4 мың теңгені құрайды.
Сапасы:
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы функцияларға сәйкес адамзат факторымен, қаза болғандар мен зардап шеккендер санымен байланысты төтенше жағдайлар санының артуын, сондай-ақ өндіріс объектілері мен жеке секторлардағы өрт, дүлей зілзала нәтижесіндегі материалдық шығынды тежеу жөніндегі іс-шаралардың 100%-ға орындауды қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
барынша уақыт мүмкіндігімен белгіленген регламент шеңберінде төтенше жағдайларға ден қою, олардың алдын алу және жою.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
35-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1582868 мың теңге (бір миллиард бес жүз сексен екі миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1383 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағын табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарын дайындаудың білім деңгейін көтеру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының аумағын болуы ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз ету жағдайын жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Төтенше жағдайлардан қорғау объектілерін салу мен реконструкциялау | "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының сәйкес белгіленген сома шегінде инвестициялық жобаларды мына іс-шаралар бойынша, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес іске асыру: 1) Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғау құрылыс кешенін салу (2004 жылғы 31 тамыздағы № 7-386/2004 сараптау қорытындысы); 2) Астана қаласындағы Есіл өзенінің сол жағалауындағы 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салу жаңа әкімшілік орталығында (2003 жылғы 12 қыркүйектегі № 17-318/23 сараптау қорытындысы). 3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтау және оған мемлекеттік сараптама жүргізу және Көкшетау техникалық институты оқу кешенінің құрылысын бастау (Мемлекеттік сараптаманың техникалық-экономикалық негіздемеге 2005 жылғы 28 шілдедегі № 2-484/05 қорытындысы) | қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, мемлекеттік мекемелер "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі", "Қазселқорғау", "Көкшетау техникалық институты" |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- Астана қаласын Есіл өзенінің су тасқынынан қорғауға арналған объектілер кешенін салу (орындалған жұмыстар көлемінің 11,5 пайызға);
- Астана қаласында 6 автомобильге арналған өрт сөндіру депосын салуды жаңа әкімшілік орталығында 2007 жылы аяқтау;
- 2900 бірлікке арналған Көкшетау техникалық институты оқу кешенін салу жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу.
Түпкі нәтиже: аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғауға арналған объектілерді, сондай-ақ оқу процесін жүргізу бойынша тиісті жағдайларды қамтамасыз ету үшін Көкшетау техникалық институты оқу кешенін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісінің кестесіне және жасалған келісім-шартқа сай.
Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сай.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
36-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу»
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10399 мың теңге (он миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өрт қауіпсіздігі саласындағы ғылыми-техникалық және нормативтік-құқықтық базаны дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамаларына, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес өрт қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, сондай-ақ өртпен күрестегі тәжірибе негізінде, заттардың, материалдардың, технологиялық процестердің, бұйымдардың, конструкциялардың, үйлер мен ғимараттардың өрт қауіптілігін бағалау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтарды талдау және жүргізу | Өрт қауіпсіздігі саласында сынақтар мен зерттеулер жүргізу жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу: - өрт сөндіру автоматикасы мен жабдықтарының техникалық құралдарын, оттан қорғау материалдарының өрт сөндіру заттарын жобалау, монтаждау және пайдалануға берудің нормативтік құжаттарын (мемлекеттік стандарттар, әдістемелік ұсынымдар) әзірлеу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы халықаралық стандарттармен үйлесуін ескере отырып, оларды сынаудың әдістерін айқындау; - өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша: 1. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру шкафтары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері"; 2. "Өрт сөндіру техникасы. Қысымы бар өрт сөндіру сораптары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері". 3. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру крандарының қақпақшалары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері". 4. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру каскалары. Жалпы техникалық талаптар және сынау әдістері". 5. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру, құтқару белдіктері. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері". 6. "Өрт сөндіру техникасы. Өрт сөндіру карабині. Жалпы техникалық талаптар. Сынау әдістері". | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 4 сынаулар мен зерттеулер жүргізу және өрттерді анықтау мен сөндірудің автоматтық жүйелерін, құтқару қондырғылары мен жеке қорғану құралдарын сынау әдістерін және жалпы техникалық талаптарды реттейтін 6 нормативтік құжаттар әзірлеу.
Түпкі нәтиже: өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және дамыту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: мемлекеттік стандарттағы бір нормативтік-техникалық құжаттың сараптамасы.
Сапасы: республикада шығарылатын және Қазақстан рыногына әкелінетін сынақ үлгілерінің, бұйымдардың және өнімдердің өрт қауіпсіздігі көрсеткіштерін айқындау бойынша қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 100% орындалуын қамтамасыз ету.
Уақтылығы: сынаулар мен зерттеулердің нәтижелерін белгіленген мерзімде ұсыну.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
37-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 330421 мың теңге (үш жүз отыз миллион төрт жүз жиырма бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңы; «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 шілдедегі Заңы; «Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 243 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өрт сөндіру қызметі бөлімшелерін өрт қауіпсіздігі саласындағы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: 051001 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білімі бар инженерлерді дайындау сапасын барынша ұлғайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау | Штаттық саны 120 бірліктен тұратын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесін ұстау. Тыңдаушыларды азық-түлікпен, киім-кешекпен және стипендиялар төлеумен, ғимараттарға, үй-жайларға, құрал-жабдықтарға ағымдағы жөндеу жасаумен және басқа да негізгі құралдармен қамтамасыз ету. Вахта автобустарын сатып алу; оқу әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қоса, білім беру жұмыстарын жүзеге асыру. Мемлекеттік сараптамадан өткен сметалық құжаттамаға сәйкес жатақхана ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 480 тыңдаушы оқыту, 10 автобустар сатып алу, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Түпкі нәтиже: «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жоғары білімді мамандарды дайындау - күндізгі оқу бөлімі факультетінің түлектері - 106 адам, сондай-ақ сырттай оқу бөлімі факультетінің түлектері - 100 адам.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір студентті бір жылда оқытудың орташа құны - 688,4 мың теңге.
Сапасы: 051001 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша (академиялық дәрежесі - бакалавриат) білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес мамандарды дайындап шығару.
Уақтылығы: мамандарды дайындаудың бекітілген кестесіне сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
38-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын
төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау»
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 11145 мың теңге (он бір миллион бір жүз қырық бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шілдедегі Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы басшы құрам мен мамандардың кәсіби деңгейін көтеру бойынша көмектесу, азаматтық қорғаныс әскерлері үшін білікті офицерлер кадрларын және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандар даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: азаматтық қорғаныс әскерлері үшін офицерлер кадрларының және төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесі үшін жоғары білікті мамандардың біліктілігін арттыру, басшы құрамның, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, еліміздің азаматтық қорғаныс саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың мамандарын дайындау және қайта даярлау, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарына, республиканың басқа да ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 007 | | Мемлекеттік органдар мен мекемелер мамандарын төтенше жағдай ахуалында іс-әрекет жасауға даярлау | Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында кадрлар даярлау жөніндегі қызмет көрсетулерді (жұмыстарды) сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бюджет саласындағы қызметкерлерді 47 санат бойынша оқыту, оқу бағдарламасында төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс бойынша 62 тақырып көзделген, оқыту курстары бір аптадан (42 оқу сағатынан) тұрады.
Түпкі нәтиже: төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы 1750 бюджет саласындағы қызметкерлердің білім деңгейі мен дағдысын арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: бір тыңдаушыны оқытуға - 6369 теңге, оқытудың бір сағаттық құны - 265,3 теңге.
Сапасы: Бюджет саласындағы қызметкерлерді оқыту жоспары бойынша.
Уақтылығы: бекітілген кестеге сәйкес кадрларды дайындау және қайта даярлау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
39-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау»
деген 008 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4752079 мың теңге (төрт миллиард жеті жүз елу екі миллион жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Мемлекеттік материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы; «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: бекітілген номенклатураға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің тауарларын жаңартып отыруды қамтамасыз ету; сақтау режимінің талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалы және сандық сақталуын және қол сұқпаушылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 008 | | Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау | | | |
2 | | 100 | Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операция жасау, мемлекеттік материалдық резервтің тауарлық-материалдық құндылықтар қорларын сақтау нормаларына дейін жеткізу, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар мен материалдар номенклатурасын қалыптастыру үшін материалдық құндылықтарды сатып алу, жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті |
3 | | 101 | Мемлекеттік материалдық резервті сақтау | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттерінде сақтауды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бүтіндігін қамтамасыз ету үшін оларды түгендеу, ауыстыру, бағалау, сертификаттау және сақтауды жүзеге асыру. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыруға байланысты міндеттері бар ұйымдарда сақтау мен ұстауды жүзеге асыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті |
4 | | 103 | Сақтау пункттерін күрделі жөндеу | Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымдардың өндірістік қуаттарына күрделі жөндеу жүргізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Құпия.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
40-ҚОСЫМША
202-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 95502 мың теңге (тоқсан бес миллион бес жүз екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Республика аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 19 наурыздағы № 451 өкімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың және табиғи-шаруашылық жүргізуші объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: - Алматы қаласының аумағы үшін сейсмикалық мониторингтің жаңа бірегей ұңғымалық жүйесін әзірлеу және енгізу;
- төтенше жағдайлар саласындағы жаңа геофизикалық материалдар алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 009 | | Төтенше жағдайлар саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | "Қиратушы жер сілкіністерін қысқа мерзімде болжау үшін жаңа ғылыми-технологиялық бағыт - микросейсмологияны болжауды әзірлеу"; "Алматы қаласының сейсмикалық қауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласын зерттеу" тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қызмет көрсетулерді сатып алу. Мемлекеттік ғылыми зерттеу сараптамасын жүргізу бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
- қиратушы жер сілкінісінен қорғалатын аумақтардың шағын сейсмикалығын бақылаудың технологиялық жүйесін жасауда жаңа әдістерге жету;
- болжау ақпараттарын жинаудың жаңа технологиялық әдістерін әзірлеу;
- болжау мониторингінің жүйесіне көп түскен сейсмометрикалық ақпаратты жедел өңдеу алгоритімін әзірлеу;
- сейсмикалық режимнің математикалық үлгілерін әзірлеу;
- шағын жер сілкіністері бойынша деректер базасын құру;
- Алматы қаласы үшін қиратушы жер сілкіністерінің қауіптілігі бойынша аумақтың шағын сейсмикалық мониторинг жүйесінің инфрақұрылымдарын оңтайландыру бойынша зерттеу-іздестіру жұмыстарын жүргізу;
- өңірдің сейсмикалылығын және оның тереңдік құрылысын зерттеу (шағын сейсмикалылықты, қалалық жарылым аймақтарын зерттеу);
- тереңдікті бақылаудың жаңа әдістерін әзірлеу;
- мониторингтің тереңдік және жер бетілік жүйесі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу;
- тереңдік мониторинг бойынша деректер базасын құру;
- Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлуге арналған деректерді өңдеу;
- сейсмикалық тереңдік мониторинг деректерін республикалық жер сілкіністерін болжау желісіне бейімдеу және енгізу.
Түпкі нәтиже:
- Алматы қаласының маңайында болуы мүмкін қиратушы жер сілкінісі туралы алдын алу қызметтеріне арналған жаңа технологиялық әдістемелер алу;
- Алматы қаласын шағын сейсмикалық аудандарға бөлу міндеттерін орындау үшін бірегей геофизикалық материалдар алу арқылы алдын алу қызметтеріне деректер беру.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
- Алматы қаласының маңайында болуы мүмкін қиратушы жер сілкінісі туралы алдын алу қызметтері үшін жаңа технология әзірлеу саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша шығыстар - 65502,0 мың теңге;
- Алматы қ. сейсмикалық қауіптілігінің тереңдік ұңғымалық сейсмикалық мониторингі саласында ғылыми зерттеу жүргізу бойынша шығыстар - 30000,0 мың теңге.
Сапасы:
төтенше жағдайлар мониторингінің жаңа технологиясының көмегімен Алматы қаласының халқы мен табиғи-шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін арттыруды қамтамасыз ету.
Уақтылығы:
жасалған шарттарға сәйкес жыл ішінде.