Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 745 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелі:
мынадай мазмұндағы бөліммен және жолдармен толықтырылсын:
| «Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі |
| Жедел | Жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін | Аумақтық жер ресурстарын басқару басқармалары: |
| Ақмола | 2 |
| Ақтөбе | 2 |
| Алматы | 2 |
| Атырау | 2 |
| Шығыс Қазақстан | 2 |
| Жамбыл | 2 |
| Батыс Қазақстан | 2 |
| Қарағанды | 2 |
| Қостанай | 2 |
| Қызылорда | 2 |
| Маңғыстау | 2 |
| Павлодар | 2 |
| Солтүстік Қазақстан | 2 |
| Оңтүстік Қазақстан | 2 |
| Астана қаласы | 1 |
| Алматы қаласы | 1 ». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |