Экзогендік геологиялық процестердің айқындалуы адам қызметінен тәуелсіз жүруі мүмкін. Алайда техногендік факторлар экзогендік геологиялық процестердің айқындалуын күшейтуі немесе әлсіздендіруі мүмкін. Экзогендік геологиялық процестердің табиғи даму барысына адамның ойсыз араласуы олардың апаттық белсенділігін тудыруы және табиғи ландшафттың қайтарымсыз өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін. Осы факторларға көшкіндер, селдер, карстер, жер бетінің отыруы және басқалары жатады.
Р/с N | Көрсеткіштер | Параметр | Салыс- тыр- малы қана- ғатта- нарлық жағдай |
эколо- гиялық зілза- ла | төтенше экологи- ялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Тау массивінің ауытқыған техногендік өзгерулері (0,00001 сал. бірліктен астам) және индукцияланған сейсмикалық, аумақ ауданынан пайызбен | 40-50- ден астам | 40-20 | 20-ға дейін |
2 | Геологиялық ортаның ластануына әкелетін жер қойнауын пайдалану кезіндегі тау массивінің механикалық бұзылуы, тау жыныстарының ауытқыған өзгерулері, сал.б | 0,0001 | 0,0001- 0,00001 | 0,000001- ден кем |
3 | Техногендік жүктемеге негізделген жер бетінің екпесі, лай көшкіні, сел, карсттар, аумақтың % | 30-дан астам | 30-20 | 20-дан кем |
9) жер беті экожүйелердің тозуын бағалау үшін көрсеткіштер
Экожүйенің бұзылу дәрежесін бағалау экожүйелердің құрылымындағы және қызмет етуіндегі қолайсыз өзгерістерді анықтайтын және бұзылу дәрежесі бойынша олардың кеңістіктік дифференциациясын, сондай-ақ тозу процестерінің серпінін ескеретін критерийлер бойынша жүргізіледі.
Табиғи экожүйелердің жай-күйіндегі құрылымдық-функционалдық өзгерістер, олардың орнықтылығының әртүрлі деңгейіне қарамастан, бір типті көрсеткіштермен сипатталады. Төтенше экологиялық жағдай аймағындағы экожүйелердің жай-күйі топтардың біріндегі 20-50% шегінде үлес салмағының төмендеуі (немесе артуы) кезінде негізгі трофикалық топтардың қатынасындағы өзгерістермен сипатталады, бұл ретте экожүйе ішінде өзара қарым-қатынастардың бұзылуы жүреді, бірақ тозу процесі әлі қайтымсыз сипатқа ие болмайды. Экологиялық зілзала аймақтарында экожүйелердің жай-күйі трофикалық буындардың бірінің үлес салмағының 50%-дан астам төмендеуімен (немесе артуымен) сипатталады. Экожүйе ішіндегі өзара байланыстардың бұзылуы қайтымсыз сипатқа ие болады, экожүйе орта және ресурс өсімін молайтатын функцияларынан айырылады.
Аумақтың экологиялық жай-күйін бағалау кезінде қалай қолайсыз өзгерістердің байқалу ауданын, солай зерттелетін аумаққа тозудың әртүрлі дәрежесін бөлудің кеңістікті бірыңғай еместігін ескеру қажет (өйткені аумақ учаскесінің тозу дәрежесі тең болған кезде, қалпына келу мүмкіндігі оның ауданына кері пропорционалды болып келеді).
Экожүйелердің тозу жылдамдығы байқаулардың 5-10 жылдық қатарымен есептеледі. Экологиялық ахуалдың нашарлауын болжау және оны тұрақтандыру және жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу үшін шиеленіскен экологиялық жағдай кезінде экожүйелердің бағытталуы мен тозу жылдамдығын бағалау ерекше маңызды.
Р/с N | Көрсеткіш | Параметр | Салыс- тырмалы қана- ғатта- нарлық жағдай |
эколо- гиялық зілзала | төтен- ше эколо- гиялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Негізгі көрсеткіштер |
1 | Кеңістік белгілер | | | |
2 | Тозған аумақтардың ауданы, % | | | |
3 | Адамға тікелей қауіп төндірмейтін (уытты емес жыныстар үйінділе- рі; карьерлер, а/ш және орман жерлерінің тозуы) | 75-тен астам | 75-5 | 5-тен кем |
4 | Ғимараттар мен құрылыс- тардың бұзылуына қауіп төндіретіндер (антропо- гендік батулар, көшкін- дер, жарылымдар, әскери полигондар және басқалары) | 50-ден астам | 50-1 | 1-ден кем |
5 | Жер беті су қоймалары мен су құбырына ағызу арқылы бөліктерді ауамен ауыстыру мүмкіндігімен жер астындағы сулардан оқшауландырылған уытты жыныстар үйінділері | 20-дан астам | 20-0,1 | 0,1-ден кем |
6 | Жер астындағы сулардың ластану қаупімен уытты жыныстардың карьерлік ойықтары мен үйінділері (жер астындағы сулар қорғалмаған) | 5-тен астам | 5-тен кем | жоқ |
7 | Аумақтың жыралармен тілінделуі, км/км | 2,5 | 2,5-0,7 | 0,7-ден кем |
8 | Динамикалық белгілері | | | |
9 | Жер бетіндегі экожүйелердің тозу жылдамдығы, жылына аудан % | 4-тен астам | 4-0,5 | 0,5-тен кем |
10 | Тапталған жайылымдар ауданының ұлғаю жылдамдығы, жылына аудандар % | 8-ден астам | 8-2 | 2-ден кем |
11 | Өсімдіктердің жылдық өнімінің азаю жылдамдығы, жылына% | 7,5-тен астам | 7,5-3,5 | 3,5-тен кем |
12 | Топырақтың органикалық заттары құрамының азаю жылдамдығы, жылына % | 7-ден астам | 7-0,5 | 0,5-кем |
13 | Шымтезектің дайындалу (минералдану) жылдамдығы, жылына/мм | 40-тан астам | 40-1 | 1-ден кем |
14 | Сортаңдалған топырақ ауданының арту жылдамдығы, жылына% | 5-тен астам | 5-1 | 1-ден кем |
15 | Мүжілген топырақ ауданының арту жылдамдығы, жылына% | 5-тен астам | 5-0,5 | 0,5-тен кем |
16 | Жылжымалы құмдар ауданының арту жылдамдығы, жылына% | 4-тен астам | 4-0,5 | 0,5-тен кем |
17 | Қолайсыз агромелиоративтік жағдай жерлерінің салыстырмалы ауданының арту жылдамдығы, бағалы ауылшаруашылығы алқаптары алаңының жылына % | 1-ден астам | 1-0,1 | 0,1-ден кем |
Қосымша көрсеткіштер |
18 | Экожүйелер жағдайының құрылымдық-функционалдық сипаттамалары | Экожүйе ішіндегі өзара байла- ныстың қайтым- сыз бұзылуы | Экожүй- едегі қайтым- сыз үдеріс- терсіз қауым- дастық- тар құрылы- мының бұзылуы | Экожүйе- дегі құрауыш- тардың бірқатар тозуының жеке белгіле- рі болуы мүмкін |
19 | Трофикалық жүйе - үлес массаның өзгеруі | Фитофаг- тардың үлес массасы- ның 50%-ға артуы, зоофаг- тар мен сапро- фагтар- тар үлес масса- сының 50%-ға азаюы | Фито- фагтар үлес масса- сының 20%-ға артуы, зоофаг- тар мен сапро- фагтар- тардың үлес масса- сының 20%-ға- азаюы | Тұрақты (ауытқу- лар норма шегінде) |
10) аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде өсімдіктердің жай-күйін бағалау үшін көрсеткіштер.
Кез келген табиғи экожүйенің биотикалық құрауышы ретінде өсімдіктер экожүйенің құрылымдық-функционалдық ұйымдастыруында және оның шекарасын анықтауда шешуші рөл атқарады. Өсімдіктер тек қана қоршаған ортаның бұзылуына өте сезімтал емес, сондай-ақ антропогендік әсер ету нәтижесінде аумақтың экологиялық ахуалының өзгеруін неғұрлым көрнекі көрсетеді. Өсімдіктердің жай-күйін бағалау критерийлері географиялық жағдайларға және экожүйелердің типтеріне байланысты айрықшаланады. Бұл ретте өсімдік жамылғысының құрылымындағы да (тамырлы қауымдастықтар ауданының кемуі, ормандылықтың өзгеруі), өсімдік қоғамдастығы мен жеке түрлердің (популяциялар) деңгейіндегі де қолайсыз өзгерістер ескеріледі: түрлік құрамның өзгеруі, қауымдасу мен доминанттар ценопопуляцияларының жастық спектрінің нашарлауы.
Түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы - негізгі антропогендік факторларға жоғары сезімталдық білдіретін экожүйе жай-күйінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Антропогендік әсердің нәтижесінде қолайсыз түрлер-индикаторлар популяциясының тығыздығы төмендейді, ал оң түрлер-индикаторларда - артады. Антропогендік жүктеменің шекті мәні түр-индикатор популяциясы тығыздығының 20%-ға, ал сыни мәнінің - 50%-ға төмендеуін (немесе артуын) есептеген жөн.
Ценопопуляцияның (ЦП) елеулі параметрлерінің бірі жастық аспекті -ЦП-ға әртүрлі жас жағдайындағы дарақтардың қатысу үлесі. Жас жағдайы морфологиялық белгілер кешенінің негізінде не оны анықтау көп қиындық тудырмайтын жағдайда абсолюттік жас негізінде белгіленеді.
Параметр антропогендік әсерлердің әртүрлі нысандарына - тура да (жаю, бұтау, техногендік әсер етулер), жанама түрде де - экотопты өзгерту арқылы ден қояды.
Өсімдіктердің жай-күйін тіршіліктің табиғи ортасына антропогендік жүктеме деңгейінің индикаторы ретінде қарастыруға болады (техногендік шығарындылармен ағаштардың немесе қылқан жапырақтардың зақымдануы, жайылым өсімдіктерінің жобалық жамылғысының және өнімділігінің кемуі).
Жобалық жамылғының өзгеруі өсімдіктерге антропогендік әсердің әртүрлі типтерінің нәтижесінде болады, олардың ең бастылары фитоценоздың механикалық бұзылуы (жаю, рекреация және т.б.) және популяция түрлерінің тіршілік ету жай-күйінің метаболизм және су теңгерімі үдерістерінің өзгеруі арқылы өзгеруіне әкеліп соғатын химиялық әсер ету болып табылады.
Негізгі орман құраушы түрлер сүрегінің ағаштарының кемуі қанағатсыз орман шаруашылығы қызметінің нәтижесінде орман экожүйелерінің тозу процесі туралы куәландырады.
Орман өрттері орман экожүйелерінің ауқымды аудандарының тозуына әкеліп соғатын қауіпті фактор болып табылады. Орманның қайта қалпына келуі кемінде 10 жыл ішінде жүретін ауқымды өртеңдер экожүйедегі қайтымсыз өзгерістердің белгісі болып табылады. Орман дақылдарының жай-күйін бағалаған кезде аумақтың өңірлік ерекшеліктерін, ең алдымен, орманның табиғи қалпына келу мүмкіндігін ескеру қажет.
Агроценоз жай-күйінің кейбір критерийлері аумақтың тұтастай алғанда қолайсыз экологиялық жағдайы туралы куәландырады: егістерде зиянкестердің дамуы, егістердің жойылуы және басқалары. Бұл критерийлерді пайдаланған кезде міндетті түрде егістердің жойылу себептерін көрсету және картада қолайсыз өзгерістердің ареалдарын көрсету қажет.
Қорықтар өсімдіктерінің зақымдануы тіршілік ету ортасындағы қосалқы өңірлік және өңірлік сипаттамаға ие өзгерістер туралы куәландырады. Өсімдік жамылғысының сапалы және сандық сипаттамаларының өзгеруі тек қана өсімдік қоғамдастығының табиғи жай-күйімен салыстырғанда объективті түсіндіріле алады. Бұл ретте аялық деп зерттелетін аумаққа өзінің табиғи-ландшафттық сипаттамалары бойынша ұқсас салыстырмалы бұзылмаған учаскелер түсініледі.
Р/с N | Көрсеткіш | Параметр | Салыс- тырмалы қана- ғатта- нарлық жағдай |
экологи- ялық зілзала | төтенше экологи- ялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Биологиялық алуан- түрліліктің азаюы (Симпсонның алу- антүрлілік индексі, нормадан%) | 50-ден астам | 50-10 | 10-нан кем |
2 | Антропогендік жүктеменің түр-индикаторы популяциясының тығыздығы, % | 50-ден астам (кем) | 20-50- ден астам (кем) | 20-дан кем |
3 | Тамырлық (немесе квазитамырлық) қауымдастықтар ауданы, жалпы ауданнан% | 5-тен кем | 5-80-нен кем | 80-нен астам |
4 | Табиғи шөптесін өсімдіктердің түрлік құрамы | Қайталама түрлері молдығы- ның азаюы | Үстемдік түрлер қайтала- ма түрлерге ауысқан | Доми- нанттар- дың, субдо- минант- тардың және сипатты түрлер- дің табиғи ауысуы |
5 | Доминанттардың ценопопуляциясының жас спектры, қайта қалпына келуі сал. бірл. | 01-ден кем | 0,1-0,3 | 0,3-тен астам |
6 | Жапырақтылық, оңтайлыдан (аймақтықтан)% | 10-нан кем | 10-90 | 90-нан астам |
7 | Негізгі орман құраушы түрлер сүрегінің қоры, қалыптыдан% | 30-дан кем | 30-80 | 80-нен астам |
8 | Ағаштардың техногендік шығарындылармен зақымдануы, жалпы ауданнан % | 50-ден астам | 50-5 | 5-тен кем |
9 | Қылқан жапырақты түрлердің техногендік шығарындылармен зақымдалуы (қылқан жапырақтың зақымдануы),% | 50-ден астам | 50-5 | 5-тен кем |
10 | Ағаштардың ауруы, % | 50-ден астам | 50-10 | 10-нан кем |
11 | Орман дақылдарының өлуі, орман дақылдары жұмыстарының ауданынан% | 70-тен астам | 70-5 | 5-тен кем |
12 | Кемінде 10 жыл ішінде орманданбаған өртеңдердің ауданы | 10 мың га-дан астам | 10-5 мың га. | 5-тен кем |
13 | Өсімдіктердің зиянкестерімен, ауруларымен зақымдалған егістіктердің ауданы, жалпы ауданынан % | 50-ден астам | 50-10 | 10-нан кем |
14 | Егістердің жойылуы, жалпы ауданынан % | 30-дан астам | 30-5 | 5-тен кем |
15 | Жайылымдық құрғақ далалық және шөлейттік өсімдіктердің жобалық жамылғысы, қалыптыдан % | 10-нан кем | 10-80 | 80-нен астам |
16 | Жайылым өсімдіктерінің өнімділігі, әлеуеттіден % | 5-тен кем | 5-80 | 80-нен астам |
17 | Сирек түрлер ареалдарының өзгеруі | Ареалдың жойылуы | Ареал ауданының бөлінуі және қысқаруы | жоқ |
18 | Қорықтар өнімдіктерінің зақымдануы | Формация- лардың ауысуын тудыратын | Қауымдас- тықтардың ауысуын тудыратын | Фенотип- тік, қауым- дастық- тардың ауысуын тудыр- майтын |
19 | Жасыл екпелердің ауданы (ірі қалалар мен өндірістік орталықтарда адамға), нормативтен % | 10-нан кем | 10-30 | 30-дан астам |
11) аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде фаунаның жай-күйін және жануарлардың гендік қорының өзгеруін бағалау үшін көрсеткіштер
Жануарлар дүниесі жай-күйінің критерийлері және көрсеткіштері зооценоз және жануарлардың жеке түрлерінің (популяциялардың) деңгейінде қарастырылады.
Тұтастай алғанда зооценоздың жай-күйін бағалау критерийі ретінде, алуантүрліліктің өзгеруін осы критерий молшылықты бағалаумен байланысты, ал көптеген жануарлардың саны циклдық өзгерістерге ұшырайтындығын ескере отырып есептеу қажет.
Р/с N | Көрсеткіш | Параметр | Салыс- тырмалы қана- ғатта- нарлық жағдай |
эколо- гиялық зілзала | төтенше эколо- гиялық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Биологиялық алуан түрліліктің азаюы, бастапқыдан% | 50-ден астам | 50-5 | 5-тен кем |
2 | Антропогендік жүктеменің түрі-индикаторы популяциясының, тығыздығы,% | 50-ден астам | 50-20 | 20-дан кем |
10 жылдық кезеңді салыстырып бағалау үшін уақытша қадамды анықтау қажет. Әртүрлілікті бағалау мына формула бойынша есептелетін Симпсон (D) критерийі бойынша жүргізіледі:
1
D= ---------
P12+K+Pn1
мұнда P1*Pn- бірлік үшін алынған жиынтық молшылықтағы әрбір түрдің үлесі. Осы бағалауды жүргізу үшін барлық фауна бойынша деректерді пайдалану міндетті емес, олар бойынша сенімді ақпараты бар түрлердің өзіндік топтарын талдаумен шектелуге болады.
Жануарлар түрлерінің шаруашылық-маңызды түрлерінің өзгеруі орташа есеппен 10 жылдық бөлік үшін абсолюттік сан бойынша деректерді пайдаланып бағаланады және статистикалық өңдеуді талап етеді. Антропогендік жүктеменің түрлері-индикаторлары популяциясы тығыздығының өзгеруін бағалаған кезде олардың әсерге әртүрлі ден қоюын ескеру қажет: орнықты түрлердің популяциясы өзінің санын арттыратын, ал антропогендік жүктемеге сезімтал түрлер популяциясы оны кемітетін болады.
12) аумақты бағалау үшін биохимиялық көрсеткіштер
Биохимиялық тұрғыдан экологиялық қолайсыз аумақтарды қоршаған табиғи ортаның құрамдас бөлігінің химиялық элементтік құрамының күрт өзгеруімен биохимиялық провинциялар ретінде қарастыруға болады. Бұл провинциялардың шығу тегі тек қана табиғи емес, техногендік де болуы мүмкін.
Аумақтың экологиялық жай-күйін бағалау үшін ортаның әртүрлі құрамдас бөліктерінде С:N, Са:Р, Са:Sr құрамы қатынасының өзгеру көрсеткіштерін, сондай-ақ сынама алаңдарынан өсімдік шабындарындағы және өсімдіктердегі уытты және биологиялық белсенді микроэлементтер құрамының деңгейін пайдалану ұсынылады.
Р/с N | Көрсеткіш | Параметр |
экология- лық зілзала | төтенше экология- лық жағдай |
1 | 2 | 3 | 4 |
Негізгі көрсеткіштер |
1 | Топырақтардағы С:N қатынасы | 4-тен кем | 4-8 |
жер беті суларында | 4-тен кем немесе 20-дан астам | 4-8-кем немесе 20-16 |
өсімдіктерде | 4-тен кем | 4-8 |
өсімдік жемдерде | 4-тен кем немесе 16-дан астам | 4-тен кем немесе 8-16 |
2 | Өсімдік шабындарындағы және өсімдік азықтарындағы химиялық элементтердің құрамы: сынап, кадмий, қорғасын, күшән, сурьма, никель, хром, ЕРД артуы бойынша; | 10-нан астам | 10-1,5 |
Селен, мг/кг жеңіл-құрғақ зат; | 0,02-ден кем немесе 0,5-тен астам | 0,02-0,05 |
фтор, мг/кг жеңіл-құрғақ зат; | 2-ден кем немесе 200-ден астам | 2-10 немесе 50-200 |
мыс, мг/кг жеңіл-құрғақ зат; | 3-тен кем немесе 100-ден астам | 3-5 немесе 80-100 |
таллий, бериллий, барий, аядан асу бойынша | 10 астам | 10-1,5 |
Қосымша көрсеткіштер |
3 | Ауытқыған ландшафтты ескергендегі азықтағы Са:Р қатынасы (алымы). %(бөлімі) | <0.1 немесе>10 >20 | 0,4-0.1 немесе 5-10 >20 |
4 | Ауытқыған ландшафтты ескергендегі өсімдіктер мен азықтағы Са:Sr қатынасы (алымы), %(бөлімі) | <1 >20 | <10-1 >20 |
5 | Өсімдік шабындарындағы және өсімдік азығындағы биологиялық маңызды микроэлементтер құрамының деңгейі, мг/кг: жеңіл-құрғақ заттар: | | |
| мырыш | 10-нан кем немесе 500-ден астам | 10-30 немесе 100-500 |
| темір | 20-дан кем немесе 500-ден астам | 20-50 немесе 200-500 |
| молибден | 0,2-ден кем 50-ден астам | 0,2-2 немесе 10-50-ден астам |
| кобальт | 0,1-ден кем немесе 50-ден астам | 0,1-0,3 немесе 5-50 |
| бор | 0,1-кем немесе 300-ден астам | 0,1-0,3 немесе 30-300 |