9-тарау. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік
бағдарламалары әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдердi жасауы
47. Осы Ереженің 17-тармағына сәйкес жасаған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтiнiмдердi ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкімшілерi мен әкiмдердiң аппараттары ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергілікті уәкілетті органы белгiлеген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 25 тамызынан кешіктiрмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына ұсынады.
10-тарау. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттік
бағдарламалар әкiмшілерінің бюджеттік өтінімдерiн қарау
48. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшiлерінің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерін осы Ереженің 20-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегi жергiлiктi уәкілеттi органы қарайды.
49. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi жөніндегі қорытындының нысанын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы айқындайды.
50. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерінің, әкiмдер аппараттарының бюджеттік өтiнiмдерi және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiкті уәкілетті органының олар жөнiндегі қорытындысы осы Ереженiң 23-тармағында көзделген тәртiппен ағымдағы жылдың 10 қыркүйектен бастап бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
51. Бюджет комиссиясының ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнің және әкімдер аппараттарының бюджеттік өтінiмдерін қарау кестесiн бюджет комиссиясының жұмыс органы жасайды.
52. Бюджет комиссиясы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң, әкімдер аппараттарының енгiзiлген бюджеттік өтінiмдерiн, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органының қорытындысын қарайды және ағымдағы жылдың 20 қыркүйегіне дейiнгi мерзiмде олар жөнiнде шешiм қабылдайды.
53. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), әкімдердiң аппараттарының бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi мен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы арасындағы келіспеушіліктердi бюджет комиссиясы қарайды.
54. Бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар жөнiнде түпкілiктi шешім қабылдағаннан кейiн ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi және әкiмдер аппараттары қосымша өтінiмдер бере алмайды.
55. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік бағдарламаларының әкiмшілерi, әкiмдер аппараттары үш күндiк мерзiмде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары жобаларын, шығыстардың есептерiн бюджет комиссиясының шешімдерiне сәйкес келтіреді және оларды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергіліктi уәкілеттi органына ұсынады.
11-тарау. Тиiстi қаржы жылына арналған ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) бюджетi туралы
мәслихат шешімiнiң жобасын әзiрлеу
56. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкілетті органы бюджет комиссиясы қабылдаған шешімдер негізiнде алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бap қала) бюджетi жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасайды және оны бюджет комиссиясының қарауына енгiзедi.
Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасын қарау және оның түпкiлікті нұсқасын айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешікпей аяқталады.
57. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілiктi уәкiлетті органы алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешімiнің жобасын жасайды және ағымдағы жылдың 15 қазанынан кеш емес мерзiмде оны ауданның облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады.
58. Алдағы қаржы жылына арналған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктiрмей мәслихатқа енгiзедi.