Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жар-шысы, 2001 ж., №1, 8-құжат; №24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., №5, 30-құжат; №10, 56-құжат; 2005 ж., №13, 53-құжат; 2006 ж., №8, 45-құжат; №15, 95-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №9, 67-құжат):
16-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі талаптар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған қор биржаларының қайта құрылу жағдайларына қолданылмайды.».
2. «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №14, 119-құжат; 2004 ж., №16, 91-құжат; №23, 142-құжат; 2005 ж., №7-8, 24-құжат; №14, 58-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №4, 24-құжат; №8, 45-құжат; №10, 52-құжат; №11, 55-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №4, 28-құжат; №9, 67-құжат):
1) 84-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«84-бап. Сауда-саттықты ұйымдастырушыны басқару
1. Сауда-саттықты ұйымдастырушының органдары, олардың функциялары және өкілеттіктері, олардың шешімдерді қалыптастыру және қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, сауда-саттықты ұйымдастырушының жарғысымен және оның ішкі құжаттарымен айқындалады.
2. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі заңды тұлға акционері болып табылатын жағдайды қоспағанда, сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционерінің оның аффилиирленген тұлғаларымен бірлескен үлесі орналастырылған акциялардың жалпы санының бес процентінен аспауға тиіс.
3. Акциялардың мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тиесілі акционер заңды тұлғаның үлесі сауда-саттықты ұйымдастырушының дауыс беретін акциялары жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.
Сауда-саттықты ұйымдастырушының әрбір акционері «бір акция - бір дауыс» принципі бойынша дауыс береді.
4. Сауда-саттықты ұйымдастырушының директорлар кеңесінің құрамына уәкілетті органның өкілі тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңы болып белгіленген қор биржасы директорлар кеңесінің құрамына Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілі де тұрақты негізде дауыс беру құқығымен кіреді.
5. Қор биржасының директорлар кеңесі листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімі санатының ауысу мәселелері бойынша шешімдер қабылдаған кезде:
1) аталған шешімге сәйкес бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілетін, осы тізімнен шығарылатын немесе осы тізімнің өзге санатына ауыстырылатын эмитенттің (бұдан әрі осы тармақта — мүдделі эмитент);
2) мүдделі эмитентке қатысты оның еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болып табылатын ұйымдардың;
3) өздеріне қатысты мүдделі эмитент оның еншілес ұйымы немесе тәуелді акционерлік қоғамы болып табылатын ұйымдардың;
4) үшінші ұйымға қатысты оның мүдделі эмитентпен бірге еншілес ұйымдары немесе тәуелді акционерлік қоғамдары болатын ұйымдардың өкілдері болып табылатын директорлар кеңесі мүшелерінің дауыс бepуге құқығы жоқ.»;
2) 88-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі алып тасталсын.
3. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №10, 51-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Құрылтай және басқа да құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, бизнес-сәйкестендіру нөмірі беріле отырып, мемлекеттік тіркеу және бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің бірыңғай Ұлттық тізіліміне мәліметтер берілуі туралы куәлік беру рәсімі қаржы орталығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу деп түсініледі.
Қаржы орталығының қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының құқықтарын тану рәсімі қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу деп түсініледі.»;
2) 3-баптың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) барлық қатысушылардың теңдігі;»;
3) 5-баптың 2-тармағы:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) қаржы орталығының қатысушыларын аккредиттеу;»;
9) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) қаржы орталығын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;
11) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жақсартуға жәрдемдесу болып табылады.»;
4) 6-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу туралы куәліктер беру;»;
«2-1) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеу ережесін бекіту;»;
8) тармақшадағы «бюджеттік заңнамасында белгіленген тәртіппен» деген сөздер «Үкіметі белгілеген мөлшерде және тәртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 7 және 11-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-бап. Уәкілетті органның басшысы
1. Уәкілетті органның басшысы:
1) үшінші тұлғаларға қатысты уәкілетті органның атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерді жұмысқа қабылдауды, ауыстыруды және онымен еңбек шартын бұзуды жүзеге асырады;
3) өзі болмаған жағдайда міндеттерін атқаруды орынбасарларының біріне жүктейді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және ұйымдарда уәкілетті органның атынан өкілдік етеді;
5) уәкілетті органның жұмыс регламентін және оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) уәкілетті органның алқасы туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды;
7) өзіне осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның басшысын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.»;
«11-бап. Қаржы орталығының қатысушылары
1. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) уәкілетті орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігіне не қаржы орталығының қатысушысы ретінде акредиттеу туралы куәлігіне;
2) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияға ие бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады.
2. Мыналар қаржы орталығының қатысушылары болып табылмайды:
1) банктер;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
3) жинақтаушы зейнетақы қорлары.
3. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленетін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің түрлерін ұштастыра жүргізудің шарттары мен тәртібін ескере отырып, қаржы орталығының қатысушылары өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
4. Қаржы орталығының қатысушылары:
1) қаржы орталығының арнайы сауда алаңында;
2) қор биржаларында, соның ішінде шетелдік қор биржаларында;
3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуға құқылы.
5. Уәкілетті органның қаржы орталығының қатысушысын мемлекеттік тіркеуінің және (немесе) қаржы орталығының қатысушысы ретінде аккредиттеуінің міндетті шарты заңды тұлғаның Алматы қаласының аумағында тұрақты жұмыс істейтін органының болуы болып табылады.”;
6) 12-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
“Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияға ие осы Заңның 11-бабының 2-тармағында аталған тұлғалар қаржы орталығының арнайы сауда алаңында қаржы құралдарымен сауда-саттықты жүзеге асыра алады.”.
2-бап. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған қор биржалары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде өз қызметін осы Заңға сәйкес келтіруге міндетті.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і
№309-ІІІ ҚРЗ