1) тармақшадағы «орта жалпы» деген сөздер «жалпы орта» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «бастапқы кәсіптік, орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік» деген сөздер «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 1) тармақшасындағы «орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік» деген сөздер «орта білімнен кейінгі немесе жоғары» деген сөздермен ауыстырылсын.
50-тармақ 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді
50. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат):
23-бапта:
бірінші бөлік алып тасталсын;
екінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Лицензияның болуы білім беру қызметінің мынадай кіші түрлерімен айналысу үшін талап етіледі:»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;».
51. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лицензиялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1-баптың 33-тармағы алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 2-тармағын, 3-тармағының 2) және 4) тармақшаларын және 50-тармағын; 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 5-тармағын; 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 33-тармағының 1), 5), 8) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 27-сі.
№ 320-ІІІ ҚРЗ