42. | Олардың кесу операцияларын орындай алатындығына немесе орындай алмайтын. дығына қарамастан, электрлi (соның iшiнде газды электрмен қыздыру) лазерлiк немесе басқа да жарық немесе фотонды, ультрадыбысты, электронды-сәулелi, магниттi-импульстi немесе плазмалы- доғалы төменгi температурада дәнекерлеуге, жоғары температурада дәнекерлеуге немесе пiсiруге арналған машиналар мен аппараттар; металдарды немесе қышметалды ыстық күйiнде тозаңдатуға арналған электрлi машиналар мен аппараттар | 8515 (8515 11 000 8515 19 000 0 8515 90-нан басқа) |
42-1 | Электр энергиясының сыртқы көзінен қоректенетін, 8604 тауар позициясына енгізілгендерден басқа, жолаушы, тауар немесе багаждық моторлы темір жол вагондары, ашық платформалар | 8603 10 000 0-ден |
42-2 | Өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін, темір жол немесе трамвай жолдарын жөндеуге немесе оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған техникалық құралдар (мысалы, шеберхана вагондары, крандар, шпалұрғыш машиналар, жол түзеткіш машиналар, бақылау- өлшеу вагондары және жолдарды тексеруге арналған көлік құралдары) | 8604 00 000 0 |
42-3 | Барлық түрдегі цистерна-вагондар | 8606 10 000 0 |
42-4 | 8606 10 субпозициясына енгізілгендерден басқа, термооқшаулаушы, рефрижиратор вагондар | 8606 20 000 0 |
42-5 | Жүк таситын өздігінен жүрмейтін жабық және жабылатын темір жол вагондары | 8606 91-ден |
42-6 | Биіктігі 60 см астам алынбайтын борттары бар жүк таситын өздігінен жүрмейтін ашық темір жол вагондары | 8606 92 000 0-ден |
43. | Тракторлар (8709 тауар позициясының тракторларынан басқа) | 8701 (8701 30 900 0-ден басқа) |
44. | Өзге де шынжыр табанды тракторлар (3 т. к. шынжыр табанды тракторлардан басқа)* | 8701 30 900 0-ден |
45. | Көлiк құралының толық массасы 5 тоннадан астам жүк тасымалдауға арналған моторлы көлiк құралдары | 8704 |
46. | Жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдау пайдаланылатындардан басқа, арнайы мақсаттағы моторлы көлiк құралдары (мысалы, авариялық жүк автомобильдерi, автокрандар, жолдарды тазалауға арналған автомобильдер, су құю-жуу автомобильдерi, автошеберханалар, рентген қондырғылары бар автомобильдер)* | 8705-тен (8705 30 000 0, 8705 40 000 0, 8705 90 000 0-ден басқа) |
47. | Жүктердi тасымалдауға арналған жаңа жартылай тiркемелер | 8716 39 300 |
48. | Өзге де тiркемелер мен жартылай тiркемелер | 8716 40 000 |
49. | Азаматтық авиацияға арналған өзге де өздiгiнен жүрмейтiн көлiк құралдары* | 8716 80 000 0-ден |
50. | Өзге де ұшу аппараттары (мысалы, тiкұшақтар, ұшақтар) | 8802 11- 8802 40 |
51. | Саяхаттық, экскурсиялық кемелер, паромдар, жүк кемелерi, баржалар және жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдауға арналған ұқсас жүзу құралдары | 8901 |
52. | Балық аулау кемелерi; жүзбелi базалар және балық өнiмдерiн қайта өңдеуге және консервілеуге арналған өзге де кемелер | 8902 00 |
53. | Буксирлер және итергiш кемелер | 8904 00 |
* - тауарлар номенклатурасы код арқылы да, тауарлар атауы арқылы да айқындалады.
ҚР Үкіметінің 2005.02.03. № 193 Қаулысымен 2-қосымшмен толықтырылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 сәуірдегі
№ 475 қаулысымен
бекітілген
Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне
беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты
қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк
тiзбесiн қалыптастыру ережесi
1. Осы Ереже Қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлiк тiзбесiн (бұдан әрi - Тiзбе) қалыптастыруға бiрыңғай әдiстi қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
2. Тiзбеге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды мүдделi мемлекеттік органдар, сондай-ақ жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар мемлекеттік фискалдық саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік уәкiлеттi органға (бұдан әрi - Уәкiлеттi мемлекеттік орган) жiбередi.
3. Тiзбенi мүлiкпен толықтыру жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) толықтыру қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiкке Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай мүлiк өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы немесе мұндай өндiрiстiң болмауы туралы қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның қосуға ұсынылып отырған мүлiкпен Тiзбенi толықтыру қажеттiлiгi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiктiң құны (мүлiктiң 1 бiрлiгi үшiн теңгемен);
6) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеге қосуға ұсынылып отырған мүлiктiң ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестiгi мәнiне қорытындысы.
4. Тiзбеден мүлiктi алып тастау жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәлiметтер қоса берiледi:
1) алып тастау қажеттiгiнiң негiздемесi;
2) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған мүлiкке Қазақстан Республикасының жылдық қажеттiлiгi (нақты көлемi) туралы қорытындысы;
3) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағындағы осындай мүлiк өндiрiсiнiң жылдық көлемi (нақты көлемi) туралы өндiрушiнiң атауы көрсетілген қорытындысы;
4) экономиканың тиiстi саласын басқару мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның алып тастауға ұсынылып отырған мүлiктi Тiзбеден алып тастау қажеттiгi туралы қорытындысы;
5) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендiк әкiмшiлендiрудi жүзеге асыру мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның Тiзбеден алып тастауға ұсынылып отырған мүлiктiң ЕурАзЭҚ Сыртқы экономикалық қызметi тауар номенклатурасының (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН) тауарлар атауларына және кодтарына сәйкестігі мәнiне қорытындысы.
5. Уәкілеттi мемлекеттік орган осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көрсетiлген мәлiметтермен қоса табыс етiлген ұсыныстарды қарайды және Уәкілеттi мемлекеттік орган ұсыныстарды алған күнiнен бастап 30 күнтізбелiк күн iшiнде өтінiм берушiге Тiзбенi толықтырудың және (немесе) Тiзбеден мүлiктi алып тастаудың орындылығы туралы негiздi қорытындыны бередi.
6. Өтінiм берушi осы Ереженiң 3 және (немесе) 4-тармақтарында көзделген мәлiметтердiң толық емес тiзбесiн табыс еткен жағдайда, Уәкiлеттi мемлекеттік орган өтінiм берушi табыс еткен ұсыныстарды қараудан жазбаша нысанда бас тартады.