Ілеспе қызметтер жүргізуге арналған шарт уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
3. Аудиторлық ұйым, жүргiзiлген аудит туралы аудиторлық есептің көшiрмесiн, уәкiлеттi органға оның жазбаша сұратуы бойынша беруге мiндеттi.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының міндетті аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйым өзіне белгілі болған:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуына әкеп соқтырған;
2) пруденциялық нормативтерді және сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзуға әкеп соқтырған;
3) қаржылық есептіліктің кейбір немесе барлық баптарын және басқа да ақпараттарды растаудан бас тартуға не оларды ескертпе жасай отырып растауға, сондай-ақ кері пікір білдіруге әкеп соқтырған шешімдер туралы уәкілетті органға дереу хабарлауға міндетті.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз құрылымында iшкi аудит қызметi (аудиторы) болуы мiндеттi, оның қызметi лицензиялауға жатпайды.
6. Iшкi аудит жүргiзу тәртібі, уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптары ескерiле отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиiстi iшкi құжаттарында белгiленедi.
7. Қаржы жылының қорытындылары бойынша аудит жүргізу сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлғалар үшін міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы аудиторлық есепті алғаннан кейін он күн ішінде оның көшірмесін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар басқа заңды тұлғаларға табыс етуге міндетті.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігін аудиторлық ұйым растауға тиіс.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қомақты қатысуы бар заңды тұлға аудиторлық есепте көрсетілген, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайына әсер ететін бұзушылықтарды аталған тұлғалар аудиторлық есепті алған күннен бастап үш ай ішінде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар жойылғанға дейін:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лицензиясының қолданылуын осы Заңның 54-бабының 1-тармағы 8-1) тармақшасының негізінде тоқтата тұруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 2-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
Бұзушылықтар осы есепті алған күннен бастап бір жыл ішінде жойылмаған жағдайда, уәкілетті орган:
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын осы Заңның 55-бабының 1-тармағы 1) тармақшасының негізінде лицензиясынан айыруға;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) ірі қатысушыға қатысты осы Заңның 53-1-бабының 3-тармағында көзделген шараларды қолдануға құқылы.
6-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құру
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлерi
1. Жеке және заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместерi осы Заңда және уәкілетті органның өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген талаптарды ескере отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алады.
2. Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы ғана сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшысы және акционерi бола алады.
Ұлттық басқарушы компанияны қоспағанда, жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы мемлекетке тиесiлi ұйымдар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлерi бола алмайды.
3. 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. Тізбесін уәкілетті орган белгілейтін оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалардың қатысушылары (құрылтайшылары, акционерлері) болып табылатын жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының - Қазақстан Республикасының резидентінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері бола алмайды.
Аталған шектеу оффшорлық аймақтарда тіркелген тізбесін уәкілетті орган белгілейтін рейтингтік агенттіктердің бірінің "А" рейтингінен төмен емес халықаралық кредиттік рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Оффшорлық деп танылған аймақтардың тізбесі сақтандыру қызметіне қадағалауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен ; 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара ) 22- бап өзгертілді; ҚР 2006.05.07. № 164-III Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құқықтық мәртебесi
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық ұйым болып табылады және өз қызметін осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
Өзара сақтандыру қоғамы тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады және өз қызметін «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құқықтық мәртебесі заңды тұлғаның әділет органдарында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ретінде мемлекеттік тіркелуімен және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясының болуымен айқындалады.
Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті уәкілетті орган беретін лицензия негізінде жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі осы Заңмен және «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Өзара сақтандыру жөніндегі қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының құқықтық мәртебесі «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
23-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өз жарғысында жазылған атауды өз атауы ретiнде пайдаланады.
2. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
3. "Өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "өмiрдi сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
4. Тек қана қайта сақтандыру қызметiн жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымының толық атауында мiндеттi түрде "қайта сақтандыру" деген сөздер немесе содан туындаған сөз болуға тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
6. Атау ретiнде бұрынғы құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының атауындағы белгiлермен бiрдей немесе онымен араластыру дәрежесiне дейiн соған ұқсас сөздердi белгi атауы ретiнде пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу, еншiлес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ); 2006.05.05. № 139-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 24-бап өзгертілді
24-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының органдары
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мiндеттi түрде мынадай алқалық органдар құрады:
1) директорлар кеңесi - басқару органы;
2) басқарма - атқарушы орган;
3) iшкi аудит қызметi - бақылау органы.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында акционерлік қоғамның тек қана директорлар кеңесiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелерге қосымша, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi аудиторлық ұйымның аудиторлық есебінің, ішкі аудит қызметінің немесе актуарийдiң негiзiнде белгiленген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгi жөніндегі заң талаптарының бұзылуына байланысты мәселелердi қарауға құзыреттi.
16.05.03 ж. № 416-11; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.02. № 128-III (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілді
25-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталын қалыптастыру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары орналастырылған кезде тек қана Қазақстан Республикасының ұлттық валюта ақшасымен төленуге тиiс.
2. Заңды тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын меншікті оң капиталы болған ретте ғана сатып алады. Бұл шектеу жинақтаушы зейнетақы қорларына (зейнетақы активтері есебінен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алатын) және инвестициялық қорларға қолданылмайды.
3. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
4. Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерiн оның құрылтайшылары оны мемлекеттік тiркеуден өткiзген кезге дейiн толық төлеуге тиiс.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкiлеттi органның келісімiмен ғана акционерлерден меншiктi акцияларын сатып алуға, мәмiле жасау нәтижесiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлетi мәселелерiне қатысты заң талаптары бұзылмайтын жағдайда құқылы.
6. алып тасталды
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 26-бап өзгертілді ; 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда
26-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі
қатысушысы
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Бірде-бір тұлға уәкілетті органның жазбаша келісімінсіз дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы бола алмайды.
Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалар рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингі болғанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға уәкілетті органның келісімін ала алады. Ең аз рейтинг және рейтингтік агенттіктердің тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін тікелей иеленетін немесе ең аз талап етілетін рейтингі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен дауыс беру мүмкіндігі бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының акцияларын (қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентін жанама иеленуді немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының он немесе одан да көп процентімен жанама дауыс беруді көздейтін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғасы үшін аталған рейтингтің болуы талап етілмейді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары - жеке тұлғалар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын өздеріне меншік құқығында тиесілі мүлік құнынан аспайтын мөлшерде төлейді.
2. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім беру, келісімді кері қайтарып алу ережелерін, аталған келісімді алу үшін табыс етілетін құжаттарға қойылатын талаптарды уәкілетті орган айқындайды.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы болғысы келетін тұлға келісім алу үшін уәкілетті органға осы баптың 4-7-тармақтарында айқындалған құжаттар мен мәліметтерді қоса тіркей отырып, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу туралы өтінішті табыс етуге міндетті.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін жеке тұлға мынадай құжаттарды:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді, соның ішінде растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса тіркей отырып, акцияларды сатып алуға пайдаланылатын ақша көздері мен қаражаттардың сипаттамасын;
2) өтініш берушінің мүддесін білдіру тапсырылған өтініш берушінің өкіліне (ол бар болғанда) берілген сенімхатты;
3) өзі ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың тізімін және олардың құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4 тармақ 3-1)-3-3)- тармақшалармен толықтырылды
3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының ықтимал нашарлауы жағдайларында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қайта капиталдандыру жоспарын;
3-2) растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, мінсіз іскерлік бедел туралы мәліметтерді;
3-3) жеке тұлға тұратын елдің салық органдары немесе өзге де уәкілетті тұлғалары растаған кірістер мен мүлік туралы мәліметтерді;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4 тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш беруші туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі туралы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
5) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғаның тұратын елінің тиісті мемлекеттік органының Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алуға осы ел заңнамасында рұқсат етілгені туралы жазбаша растауын не тиісті мемлекеттің уәкілетті органының аталған құрылтайшы мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін табыс етеді.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті заңды тұлға мынадай құжаттарды:
1) өтініш берушінің жоғары органының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу туралы шешімінің көшірмелерін;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 5 тармақ 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) оның басшы қызметкерлерінің мінсіз іскерлік беделі туралы мәліметтерді;
3) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелерін, өтініш берушінің ірі қатысушылары туралы, сондай-ақ өтініш берушінің ірі қатысушыларының ірі қатысушылары туралы қысқаша деректерді;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
4) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген нысан бойынша өтініш берушінің басшы қызметкерлері туралы қысқаша деректерді, соның ішінде білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтерді;
5) аяқталған соңғы екі қаржы жылының аудиторлық ұйым куәландырған жылдық қаржылық есептілігін, сондай-ақ тиісті өтініш табыс етер алдындағы аяқталған соңғы тоқсанның қаржылық есептілігін;
6) ірі қатысушы мәртебесін алудың қаржылық салдарларын талдауды, соның ішінде өтініш берушінің және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мәртебе алғаннан кейінгі болжамды есеп айырысу балансын, егер бар болса, өтініш берушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін сату, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыру жөніндегі немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне немесе оны басқаруға айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлары мен ұсыныстарын (бизнес-жоспар мен ұйымдық құрылымды қоса алғанда) табыс етеді.
6. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлға мынадай құжаттарды:
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) осы баптың 4-тармағының 1), 2), 3) және 3-1) тармақшаларында және 5-тармағының 1), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі берген заңды тұлғаның кредит рейтингі туралы мәліметтерді табыс етеді.
7. Ірі қатысушы мәртебесін алуға келісім алу үшін Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржылық ұйым мынадай құжаттарды:
1) осы баптың 6-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды;
2) өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының өтініш беруші осы ел заңнамасының шеңберінде қаржы қызметін жүзеге асыруға уәкілетті екендігі туралы жазбаша растауын не өтініш беруші шыққан елдің қаржылық қадағалау органының осы елдің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы жазбаша растауын табыс етеді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Сақтандыру ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін сатып алуға ниеттенген ірі қатысушы мәртебесін алу жөніндегі осы Заңның талабы өзі орналасқан елде шоғырландырылған қадағалауға жататын, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымына қолданылмайды.
8. Жиынтығында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының он немесе одан да көп процентін иеленетін немесе олармен тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар және:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімдеріне өздерінің арасында жасалған шартқа орай не өзгеше түрде бірлесіп ықпал ететін;
2) жеке алғанда немесе өзара бір-бірінің ірі қатысушылары болып табылатын;
3) олардың бірі басқа тұлғаның лауазымды тұлғасы немесе өкілі болып табылатын;
4) олардың бірі өздерінің арасында жасалған шартқа сәйкес екінші тұлғаға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алу мүмкіндігін берген;
5) жақын туыстар немесе ерлі-зайыптылар болып келетін тұлғалар бірлесіп сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушы болып табылатын тұлғалар деп танылады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасының талаптарына сәйкес банк конгломератына кіретін жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банк заңнамасына сәйкес шоғырландырылған қадағалауға жатады.
9. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алу үшін осы баптың талаптарына сәйкес берілген өтініш бойынша шешімді уәкілетті орган құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап үш ай ішінде қабылдауға тиіс.
10. Уәкілетті орган келісім беруге негіз болған жалған мәліметтер анықталған немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары осы Заңның талаптарын сақтамаған жағдайда, осы бапқа сәйкес берілген келісімді кері қайтарып алуға құқылы. Бұл жағдайда мұндай шара қолданылатын тұлға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акцияларының өзіне тиесілі санын осы бапта белгіленгеннен төмен деңгейге дейін қысқартуға немесе өзінің тікелей немесе жанама дауыс беру құқығын қолдануды қоса алғанда, өзіне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметіне ықпал етуді (немесе ықпал етуге тырысуды) тоқтату міндеттемесін қабылдауға міндетті.
11. Тұлға өзіне қатысты емес себептер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келе бастаған не сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акциялары кепіл болып табылатын борыштық міндеттемелер бойынша кепілге салынған мүліктің оған көшуі нәтижесінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларын меншігіне алған жағдайларға осы баптың міндетті түрде уәкілетті органның келісімін алу қажеттігі туралы талаптары қолданылмайды.
Аталған жағдайларда ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлға акцияларды сатып алған немесе оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгісіне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап отыз күн ішінде уәкілетті органды хабардар етуге және осы баптың ережелеріне сәйкес уәкілетті органның жазбаша келісімін алғанға дейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшылығына немесе қызметіне ықпал етуге бағытталған ешқандай әрекет жасамауға немесе осылайша сатып алынған акциялармен дауыс бермеуге міндетті.
Тиісті мәртебені алу туралы өтініш акцияларды сатып алған кезден бастап не оған өзінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетіні белгілі болған кезден бастап алпыс күн ішінде, егер бұл тұлға көрсетілген мерзімде акцияларды иеліктен шығарғысы келмесе ғана, уәкілетті органға табыс етіледі. Акцияларды сатып алған күннен бастап алпыс күн ішінде оларды иеліктен шығару жөнінде шешім қабылдағаны туралы ақпарат мұндай шешім қабылданған күннен бастап дереу уәкілетті органға табыс етіледі.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен бап 11-1- тармақпен толықтырылды
11-1. Мыналар бойынша:
1) кезектен тыс акционерлердің жалпы жиналысын шақыру немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы сотқа талап-арызбен жүгіну;
2) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізу;
3) директорлар кеңесінің отырысын шақыру;
4) аудиторлық ұйымның қоғамның өз есебінен аудит өткізуі мәселелері бойынша акционерлердің шешім қабылдауын көздейтін олардың арасында жасалған келісім негізінде әрекет ететін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиынтығы он және одан да көп проценті өздеріне тиесілі акционерлер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушылары болып табылмайды.
12. Егер уәкілетті органға осы тұлғаның ірі қатысушы белгісіне сәйкес келетінін немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын тікелей, жанама иеленуші болып табылатынын немесе келісімнің негізінде немесе өзгеше түрде осы Заңның талаптарына сәйкес уәкілетті органның келісімінсіз, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының осы бапта белгіленген шектерге тең немесе одан асатын мөлшердегі акцияларымен дауыс беру мүмкіндігі бар екенін көрсететін мәліметтер белгілі болса, ол жеке және заңды тұлғалардан ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы. Ақпарат оны иеленетін кез келген тұлғалардан, сондай-ақ осы тұлғалардың бақылауында болатын ұйымдардан талап етілуі мүмкін.
2007.19.0 2. № 230-III ҚР Заңымен 13 тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн мерзімде, растайтын құжаттарды табыс ете отырып, уәкілетті органды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының өзі тікелей немесе жанама иеленетін немесе тікелей немесе жанама дауыс беру мүмкіндігі бар үлесін өзгерту туралы хабардар етуге міндетті.