7) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған азаматтарды, ұйымдарды, қоғамдық бiрлестiктердi жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш бередi;
8) тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдаланушыларға олардың осы Заңды бұзғандығына байланысты нұсқамалар бередi;
9) объектiлердi тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды осы мәртебеден айыру туралы қорытындылар дайындау жөнiндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
10) мемлекет меншiгіндегі және тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға беру туралы мәселенi келiседi;
11) осы Заңды бұзған - ескерткiштердi пайдаланушыларға, азаматтарға, лауазымды адамдарға, ұйымдарға, қоғамдық бiрлестiктерге нұсқамалар жiбередi;
12) жаңа тарих және мәдениет ескерткiштерiн салуға бақылауды жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
20-бап. Қазақстан Республикасының архивтердi және құжаттаманы мемлекеттік басқару органының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының архивтердi және құжаттаманы мемлекеттік басқару органы:
1) тарихи-мәдени мұраға қатысты тарих және мәдениеттiң деректi ескерткiштерiнiң, сирек қолжазбалардың қорларын қалыптастыруға қатысады;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерiнiң тарих және мәдениеттiң сирек қолжазбаларын, деректi ескерткiштерiн анықтау мен жинау, оларды есепке алу, қорғау, реставрациялау, пайдалану және насихаттау жөніндегі жұмысына басшылық етедi;
3) мемлекеттік архивтерде тұрмаған тарих және мәдениеттiң сирек қолжазбаларының, деректi ескерткiштердiң сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады;
4) мамандардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, ғалымдардың және басқа да зерттеушiлердiң мемлекеттік архивтердегi тарих және мәдениеттiң сирек қолжазбаларын, деректi ескерткiштерiн зерттеуiне қол жеткiзудi қамтамасыз етедi.
4 бөлім. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану
саласын қаржыландыру
ҚР Президентінің 05.10.95 ж. № 2488 Жарлығымен 21-бап өзгертілді
21-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5 бөлім. Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі пайдалану
жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қоғамдық
бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің,
ұйымдар мен азаматтардың қатысуы
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
22-бап. Қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдар мен азаматтардың тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар тарих және мәдениет ескерткiштерiн насихаттауға және көпшілікке танытуға қатысып, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктер оларға қамқорлық белгiлеуге құқылы.
Қоғамдық бірлестіктер тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі қызметін өз жарғыларына (ережелеріне), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 23-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
23-бап. Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауға, сақтауға және пайдалануға байланысты шараларды жүргізу ісіне халықты тартуға жәрдемдеседі, ескерткіштерді насихаттауды жүзеге асырады, өз қызметінде тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен бірлесіп іс-қимыл жасайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 24-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
24-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының тарихи-мәдени мұраны қорғауға және пайдалануға қатысуы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы:
- тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауға, зерттеуге және тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағын құрастыруға қатысады.
6 бөлім. Тарих және мәдениет ескерткіштерін
мемлекеттік есепке алу
25-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
26-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ескерткiштер санаттарына жатқызу
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн есепке алуды және қорғауды тиiмдi ұйымдастыру мақсатында ескерткiштер мынадай санаттарға бөлiнедi:
1) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енген халықаралық маңызы бар тарихи, ғылыми, сәулеттiк, көркемдiк, мемориалдық тұрғыдан құнды тарих және мәдениет ескерткiштерi;
2) бүкiл елiмiздiң тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi;
3) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) тарихы мен мәдениетi үшiн айрықша маңызы бар, тарихи, ғылыми, сәулет, көркемдiк және мемориалдық тұрғыдан құнды жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 27-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
27-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн бекіту тәртібі
ЮНЕСКО-ның Дүниежүзiлiк Мәдени және Табиғи Мұра тiзiмiне енгізу үшiн ұсынылатын тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынады.
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң тiзiмiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөнiндегі уәкiлеттi органның келiсуiмен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
28-бап. Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның арнаулы комиссиясын құрудың тәртібі және оның құрамы
Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану туралы, сондай-ақ оларды мәртебесiнен айыру туралы қорытындыны әзiрлеу үшiн тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган уәкiлеттi комиссиялар құрады, олардың құрамына ғалымдар, мамандар, мәдениет пен өнер қайраткерлерi, шығармашылық одақтар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енеді.
7 бөлім. Тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану тәртібі
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 29-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
29-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін пайдалану
Тарихи-мәдени мұра объектілерді Қазақстан халықтарының рухани және дәстүрлерін түлету және дамыту мақсатында, сондай-ақ ғылыми және тәрбиелік мақсатта пайдаланылады.
Қала құрылысы және сәулет ескерткiштерiн, қалалар мен басқа да елдi мекендердiң тарих және мәдениет ескерткiштерiн пайдалану режимi тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану ережелерiне сәйкес облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары бекiтетiн оларды қорғау аймағы жобаларында айқындалады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
30-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға берудің тәртібі мен шарттары
Тарих және мәдениет ескерткіштерін ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындар мен азаматтарға ғылыми, мәдени-ағарту, туристік және өзге де мақсаттар үшін пайдалануға беру осы Заңмен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi болып табылатын үйлер, ғимараттар тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен алдын ала келісім бойынша, олар аумақтарында орналасқан облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша пайдалануға берiледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 31-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
31-бап. Музейлердің, кітапханалардың, архивтердің, оқу орындарының, басқа да мекемелер мен ұйымдардың өздері пайдаланып отырған тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі
Қорларында Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын тарих және мәдениет ескерткіштері бар мемлекеттік музейлер, кітапханалар, архивтер, оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да мекемелер мен ұйымдар ескерткіштерді қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі қызметін осы Заңмен, сондай-ақ музей және архив қорлары туралы заңдармен белгіленген тәртіп бойынша пайдаланушылар құқығымен жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 32-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
32-бап. Тарих және мәдениет ескерткішін пайдалану құқығынан айыру
Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланып отырған кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер ескерткіштерді өз сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану міндеттерін бұзып, соның салдарынан ескерткіштің жойылу немесе бүліну қаупі төнген ретте, олар ескерткішті пайдалану құқығынан айырылады.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн оның санатына қарай пайдалану құқығынан айыру, егер тарих және мәдениет ескерткiшiн пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иесiнiң немесе тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының өтiнiшi негiзiнде соттың шешiмiмен ғана жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 33-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
33-бап. Пайдалануға берілген жерлердегі тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер өздеріне пайдалануға берілген жердегі тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 34-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
34-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау, консервациялау
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау, консервациялау ескерткiштердi қорғау жөніндегі уәкiлеттi органмен келiскеннен кейiн және соның бақылауымен ғана жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн жөндеу, реставрациялау, консервациялау бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебiнен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткiштерiн меншiк иелерi мен пайдаланушылардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тарих және мәдениет ескерткіштерін жөндеу, реставрациялау жөніндегі жұмыстарды тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган беретін лицензия негізінде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргізеді.
Тарих және мәдениет ескерткiштерiн консервациялау жөніндегі жұмыстарды тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган беретiн арнайы рұқсат негiзiнде мамандандырылған ғылыми-реставрациялық ұйымдар, басқа да ұйымдар мен азаматтар жүргiзедi.
Ғылыми-реставрациялық және басқа ұйымдар мен азаматтарды тиiстi жұмыстар жүргiзуге шарттар негiзiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң меншiк иелерi немесе пайдаланушылар тартады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 35-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
35-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштері бар қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобаларын тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісу
Қалалар мен басқа да елді мекендерді жоспарлаудың, салудың және қайта салудың жобалары, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштері бар жерді пайдалану карталары тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілуге тиіс.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 36-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары
Тарих, археология, қала құрылысы және сәулет, монументтік өнер ескерткіштерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленетін тәртіп бойынша қорғалатын аймақтар, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
Күзет аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келісім бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.
Аталған аймақтар шегінде тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның рұқсатынсыз жер өңдеу, құрылыс және басқа жұмыстарды, сондай-ақ шаруашылық қызметін жүргізуге тыйым салынады.
Ескерткіштерді қорғау аймақтары елді мекендердің бас жоспарларына, егжей-тегжейлі жоспарлары мен құрылыс жобаларына енгізіледі.
Егер ескерткіштерді жапсарлас немесе қорғалатын аймақтар арқылы өтетін жолдар бойымен көліктің жүруі ескерткіштердің өмір сүруіне қатер төндіретін болса, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілiктi атқарушы органының шешімімен мұндай жолдар арқылы көліктің жүруіне шек қойылады немесе тыйым салынады.
37-бап. Тарихи-мәдени қорықтарды қорғау
Айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени қазына болып табылатын ескерткіштер ансамбльдері мен кешендері, аумақтар тарихи-мәдени қорықтар деп жариялануы мүмкін, оларды қорғау олар туралы арнаулы Ережелер негізінде жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 38-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзуға, орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салу
Қозғалмайтын тарих және мәдениет ескерткіштерін бұзуға, орнын ауыстыруға, өзгертуге тыйым салынады.
Объект дүлей апат салдарынан қираған және тарихи, ғылыми, көркемдік құндылығын жойған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің рұқсатымен ерекше ретте ғана бұл ережені қолдануға жол беріледі.
Мұндай рұқсат алған кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер немесе азаматтар ескерткішті бұзған, орнын ауыстырған, өзгерткен кезде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган тарих және мәдениет ескерткiштерiн ғылыми зерттеу және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге міндетті.
Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығындар ескерткіштерді бұзуға, орнын ауыстыруға немесе өзгертуге рұқсат алған кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелер мен азаматтардың есебінен жүргізіледі.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 39-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
Жер учаскелері бөлініп берілген кезеңде аумақтарды игерудің барлық түрінде жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс. Ескерткіштердің өмір сүруіне қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың барлық түрін жүргізуге тыйым салынады.
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар осындай жұмыстарды жүргізу барысында тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар археологиялық және басқа объектілерді тапқан ретте бұл туралы тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органға хабарлап, одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 40-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
40-бап. Археологиялық ескерткіштерге қазба және барлау жұмыстарын жүргізу
Археологиялық ескерткіштерге қазба және барлау жұмыстарын жүргізуге рұқсат құжаттары және (немесе) лицензиясы бар болған жағдайда ғана жол беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағында тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң археологиялық және реставрациялау жұмыстарына рұқсат құжаттарын және (немесе) лицензияны облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарымен келісім бойынша тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган береді.
Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңды ұйымдары мен нақты адамдарының Қазақстан аумағында жүргізген археологиялық зерттеулері нәтижесінде алынған барлық материалдар мен табылған заттар ғылыми тіркеліп, өңделгеннен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейлеріне беріледі. Олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілуіне тыйым салынады.
41-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін әкелу және әкету
Ескерткіштерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және оларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.
8 бөлім. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі
заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік және олардың
орындалуын бақылау
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 42-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
42-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы заңдарының бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген лауазымды адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тарих және мәдениет ескерткiшiне немесе оның қорғау аймағына зиян келтiрген азаматтар, ұйымдар және қоғамдық бiрлестiктер тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiруге, ал бұл мүмкiн болмаған кезде келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өтеуге мiндеттi. Тарих және мәдениет ескерткiшiн немесе оның қорғау аймағын қалпына келтiру тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органның бақылауымен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 43-бап өзгертілді (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
43-бап. Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңдарының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңдарының орындалуын бақылауды:
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары;
тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган;
- Қазақстан Республикасының архивтерін және деректемелерiн мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
9 бөлім. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының