1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін мемлекеттік бақылауды;
он бірінші абзац 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды қамтиды.
4. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары тексерулер нысанында жүзеге асырады.
5. Тексерудің түрлері:
1) жоспарлы - жылына бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілетін, уәкілетті органның, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының алдын ала жоспарлаған тексеруі;
2) жоспардан тыс - қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, қоршаған ортаға, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерді дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ шағымдарға, өтініштерге және арыздарға дереу ден қоюды талап ететін, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты тағайындалатын тексеру болып табылады.
6. Тексерулер жүргізу мерзімі нұсқама тапсырылған кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.»;
22) 4-бөлім алып тасталсын;
23) 5-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы»;
24) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«22-бап. Жеке және заңды тұлғалардың тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға қатысуы
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін насихаттау мен танымал етуге қатысады, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруда облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына жәрдемдеседі.
Жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында оларға қамқоршылық жұмыстарын белгілеуге құқылы.»;
25) 23 және 24-баптар алып тасталсын;
26) 27-баптың екінші және үшінші бөліктеріндегі «тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін» деген сөздер «Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 28-баптағы «уәкілетті комиссиялар құрады, олардың құрамына» деген сөздер «арнайы комиссия құрады, оның құрамына» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) 7-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«7-тарау. Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалану тәртібі»;
29) 29-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін» және «Тарихи-мәдени мұра объектілерді» деген сөздер тиісінше «Тарих және мәдениет ескерткіштерін», «Тарих және мәдениет ескерткіштері» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Қала құрылысы және сәулет ескерткіштерін, қалалар» деген сөздер «Қалалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 30-бапта:
бірінші бөліктегі «ұйымдарға, қоғамдық бірлестіктерге, кәсіпорындар мен азаматтарға» деген сөздер «жеке және заңды тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері осы Заңға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша пайдалануға беріледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері уәкілетті органның шешімі бойынша пайдалануға беріледі.»;
31) 31-бап алып тасталсын;
32) 32-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланып отырған жеке және заңды тұлғалар тарих және мәдениет ескерткіштерін сипаты мен мақсатына сәйкес пайдалану жөніндегі міндеттерін бұзып, соның салдарынан тарих және мәдениет ескерткішіне жойылу немесе бүліну қатері төнген жағдайда, олар пайдалану құқығынан айрылады.»;
екінші бөліктегі «пайдалану туралы шартта» деген сөздер «қорғау міндеттемесінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
33) 33, 34, 36, 38 және 39-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз ету
Жеке және заңды тұлғалар өздеріне пайдалануға берілген жерлерде тұрған тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
төртінші және он төртінші абзац 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
34-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарына:
1) ғылыми зерттеу - тарих және мәдениет ескерткішін сақтау жөнінде жобалау-сметалық құжаттама жасау және қажетті жұмыстар жүргізу мақсатында оның сапасын және сақталу деңгейін зерделеуге, бағалауға бағытталған іс-шаралар кешені;
2) консервациялау - тарих және мәдениет ескерткішін одан әрі бұзылудан сақтайтын және ескерткіштің тарихи қалыптасқан келбетін өзгертпей оның конструкциялық бөліктері мен сәндік элементтерін бекітуді және қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені. Ескерткіштің бүтін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралардан тұратын аварияға қарсы жұмыстар да консервациялауға жатады;
3) реставрациялау - тарих және мәдениет ескерткішін құндылығы жоқ және ескерткіштің келбетін бұзатын қабаттардан тазарту жолымен оның тарихи, сәулеттік-көркемдік келбетінің сақталуы мен ашылуын, ғылыми негізделген деректер арқылы ғимараттың, ансамбльдің, кешеннің жоғалған элементтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
4) қайтадан жасау - жеткілікті ғылыми деректері мен тарих және мәдениет ескерткішінің айрықша тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы болған кезде жоғалған тарих және мәдениет ескерткішін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) жөндеу - тарих және мәдениет ескерткішінің техникалық жай-күйін оның келбетін өзгертпей, кезеңдік жұмыстар жүргізу жолымен күтіп-ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;
6) бейімдеу - тарих және мәдениет ескерткішінің тарихи, көркемдік құндылығына және сақталуына нұқсан келтірмей, оның қазіргі заманға сай пайдаланылуы үшін жағдай жасау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені.
2. Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары - уәкілетті органның бақылауымен, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының бақылауымен жүзеге асырылады.
3. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстары бюджет қаражаты, инвестициялар тарту есебінен, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелері мен пайдаланушыларының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады.»;
«36-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау аймақтары
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.
2. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) бекітеді және олар тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған объектілердің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.
3. Уәкілетті орган көзделген аймақтардың шегінде Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануы мүмкін.»;
«38-бап. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салу
1. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстыруға және оларды өзгертуге тыйым салынады.
Тарих және мәдениет ескерткішінің жетпіс процентінен астамы бұзылған не оның тарихи-мәдени құндылығы жоғалған, не орнын ауыстыру оның сақталу жағдайын жақсартатын болған жағдайда:
1) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен;
2) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның арнайы комиссиясымен келісе отырып тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде ғана олардың орнын ауыстыруға және өзгертуге жол беріледі.
2. Мұндай шешім алған жеке және заңды тұлғалар ескерткіштің орнын ауыстыруды немесе оларды өзгертуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті, ал уәкілетті орган тарих және мәдениет ескерткішін ғылыми зерделеу және тіркеу бойынша жұмыстар жүргізуге міндетті.
3. Аталған жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты шығыстар тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруға немесе оларды өзгертуге шешім алған жеке және заңды тұлғалардың есебінен жүргізіледі.»;
39-бап. Аумақты игеру кезінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету
1. Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуге тиіс.
2. Тарихи, ғылыми, көркемдік және өзге де мәдени құндылығы бар объектілер табылған жағдайда, жеке және заңды тұлғалар одан әрі жұмыс жүргізуді тоқтата тұрып, бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
3. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.»;
34) 40-бапта:
тақырыптағы және бірінші бөліктегі «ескерткіштерге» деген сөздер «ескерткіштерде» деген сөздермен ауыстырылсын;
«рұқсат құжаттары және (немесе)», «рұқсат құжаттарын және (немесе)» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші абзац 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
екінші бөліктегі «ескерткіштерінің археологиялық және реставрациялау» деген сөздер «ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау» деген сөздермен ауыстырылсын;
35) 42-бапта:
бірінші бөліктегі «лауазымды адамдар мен азаматтар» деген сөздер «тұлғалар» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «азаматтар, ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер» деген сөздер «жеке және заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
36) 43-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«43-бап. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылау
Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды:
1) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары;
2) уәкілетті орган жүзеге асырады.».
4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №23, 143-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 ж., №18, 366-құжат; 1997 ж., №7, 79-құжат; №12, 184-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №21, 782-құжат; 2001 ж., №10, 121-құжат; 2002 ж., №15, 147-құжат; 2003 ж., №15, 131-құжат):
1) 10-баптың бірінші бөлігіндегі «азаматтық және» деген сөздер алып тасталсын;
2) 34-баптың бірінші бөлігі алып тасталсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №3, 17-құжат; №9, 86-құжат; №24, 338-құжат; 2002 ж., №10, 103-құжат; 2004 ж., №10, 56-құжат; №17, 97-құжат; №23, 142-құжат; №24, 144-құжат; 2005 ж., №7-8, 23-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №13, 86, 87-құжаттар; №15, 92, 95-құжаттар; №16, 99-құжат; №18, 113-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 14-құжат):
27-баптың 1-тармағында:
18) тармақшадағы «тарих немесе мәдени мұраны сақтау» деген сөздер «тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
бесінші абзац 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі
«18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жай-күйін және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
6. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., №13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
9-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы «мәдени мұраларын» деген сөздер «тарихи-мәдени мұраларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2007 жылғы 10 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 6) тармақшасының жиырмасыншы және отыз төртінші абзацтарын, 13) тармақшасының сегізінші абзацын, 17) тармақшасының оныншы абзацын, 18) тармақшасының төртінші, алтыншы және он үшінші абзацтарын, 19) тармақшасының бесінші және жетінші абзацтарын, 21) тармақшасының сегізінші және он бірінші абзацтарын, 33) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтарын, 34) тармақшасының төртінші абзацын және 5-тармағының бесінші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і
№ 307-ІІІ ҚРЗ