2021.29.12. № 94-VII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Тұтынушыға арналған ақпарат «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік тілде және орыс тілінде берілуге тиіс. Егер аббревиатура дайындаушыны немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік берсе, ақпараттың бір бөлігі қысқартылуы мүмкін.
10. Мәлімделген ақпаратқа өнімнің сәйкестігі дайындаушы немесе өнімді нарыққа орналастыратын тұлға үшін міндетті талап болып табылады.
16-бап. Сәйкестікті растау
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ойыншықтар қауіпсіздігінің сәйкестігін растау Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Шет мемлекет берген сәйкестікті растау саласындағы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінде танылған жағдайда олар Қазақстан Республикасында жарамды деп есептеледі.
4-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер
17-бап. Қазақстан Республикасының ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
18-бап. Өтпелі ережелер
1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді бекітетін нормативтік құқықтық актілер қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының нарығында орналастырылған ойыншықтар үшін олардың сәйкестігін растайтын құжаттар оларда көрсетілген қолданылу мерзімі ішінде күшін сақтайды.
2015.29.10. № 376-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін пайдалануға берілген және сәйкестігі міндетті расталуға жататын ойыншықтар үшін олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының аумағында еркін айналысқа қайта түскен кезде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес міндетті түрде сәйкестікті растау жүргізілуге тиіс.
19-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2007 жылғы шілденің 21-і.
№ 306-ІІІ ҚРЗ