2. Кедендік құнды айқындау үшін резервтік әдісті қолдану кезінде:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ақпараттық анықтамалықтарды;
2) статистикалық деректерді, жалпыға бірдей қабылданған комиссиялық төлемдердің, жеңілдіктердің, пайданың, көлік тарифтерінің мөлшерлерін және өзге мәліметтерді пайдалануға жол беріледі.
Бұл ретте, бағаланатын тауарлардың коммерциялық деңгейін (көтерме, бөлшек саудадағы) және (немесе) санын ескере отырып, деректерді тиісінше түзету міндетті.
3. Тауардың кедендік құнын айқындаудың резервтік әдісін пайдалану кезінде кеден органдарында бар ақпарат та пайдаланылуы мүмкін.
4. Осы баптың ережелеріне сәйкес резервтік әдіс бойынша кедендік құн:
1) экспорт елінің ішкі рыногындағы тауар бағасы;
2) кедендік мақсат үшін екі баламалы құнның неғұрлым жоғарысын пайдалануды көздейтін жүйе;
3) экспорт елінен үшінші елге берілетін тауардың бағасы;
4) тауардың Қазақстан Республикасының ішкі рыногындағы отандық тауарларға арналған бағасы;
5) тауардың еркін белгіленген немесе дұрыс расталмаған құны;
6) осы Кодекстің 313-бабында көзделмеген шығындарды есептеу негізінде айқындалатын бірдей немесе біртектес тауарлардың құны;
7) ең төменгі кедендік құн негізінде айқындалмайды.
315-бап. Тауардың кедендік құнын айқындау және бақылау тәртібі
1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларант осы тарауға сәйкес мәлімдейді.
2. Тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығын бақылауды кеден органы жүзеге асырады. Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде таңдалған әдісті қолданудың және мәлімделген кедендік құн құрылымының дұрыстығы айқындалады.
3. Кедендік құнның декларациясын тексеруді жүзеге асыратын кеден органы өз бастамасы, декларанттың тапсырмасы немесе өтініші бойынша аталған декларацияға мәлімделген кедендік құн туралы қандай да бір дерек жазуға, өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізуге құқылы емес.
4. Жекелеген кеден режимдерін қолдану және өзгерту кезінде тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ерекшеліктері осы Кодекстің 6-бөлімінде көзделген.
5. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіпті қолдана отырып өткізетін тауарлардың кедендік құны осы Кодекстің 270-бабына сәйкес айқындалады.
316-бап. Мәлімделген кедендік құнды растау үшін құжаттарды табыс ету
1. Кедендік құн жөніндегі мәлімделген мәліметтерді растау үшін декларант мына құжаттарды:
1) осы Кодекстің 317-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, кедендік құн декларациясын;
2) шартты (келісім-шартты) және мәліметтері тауарлардың кедендік құнын айқындауға әсер етуі мүмкін оған қосымша келісімдерді;
3) шот-фактураны (инвойс) немесе шот-проформаны (сатып алу-сату мәмілесінен бөлек мәмілелер үшін);
4) егер кедендік декларацияны беру күніндегі мәміле бойынша төлем шарттарына сәйкес ол үшін төлем толық немесе ішінара жүзеге асырылса, тауардың құнын растайтын төлем құжаттарын;
5) егер беру шарттары бойынша тасымалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды сатып алушы жүзеге асыратын болса, көлік және сақтандыру құжаттарын;
6) тасымалдағаны үшін шотты немесе көлік шығыстары шот-фактураға енгізілмеген, бірақ сатып алушы шығын шеккен жағдайларда, көлік шығыстары туралы ресми расталған анықтаманы;
7) егер декларант бере алса, жіберуші елдің кедендік декларациясының көшірмесін табыс етуге тиіс.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
2. Егер мәлімделген кедендік құнды растау үшін осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттар жеткіліксіз болған жағдайда, декларант бұл үшін қажетті мына қосымша құжаттарды:
1) тауарды өткізетін тұлғаның құрылтай құжаттарын;
2) мәмілеге қатысы бар үшінші тұлғалармен жасалған келісім-шарттарды;
3) сатушының пайдасына үшінші тұлғаларға жасалған төлем шотын;
4) бағаланатын тауармен мәмілеге қатысы бар комиссиялық, брокерлік қызмет көрсетулер үшін шотты;
5) сатып алушының тауар құнын растайтын бухгалтерлік құжаттамасынан көшірмені;
6) лицензиялық немесе авторлық шарттарды;
7) қоймалық түбіртектерді;
8) беруге тапсырыстарды;
9) дайындаушы фирмалардың каталогтарын, айрықша тізбелерді, баға прейскуранттарын (прайс-парақтарын);
10) бағаланатын тауарға дайындаушы фирманың калькуляциясын;
11) кедендік құн декларациясында мәлімделген мәліметтерді растау үшін пайдаланылуы мүмкін өзге де құжаттарды табыс етуге құқылы .
3. Осы баптың 1-тармағының 2) - 6) тармақшаларында, 2-тармағының 1) - 8) тармақшаларында тізіп көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс.
Бұл ретте кедендік ресімдеу мақсаты үшін аталған құжаттардың түпнұсқасымен бірге олардың декларант куәландырған көшірмесі табыс етілуге тиіс.
317-бап. Тауардың кедендік құнын мәлімдеу шарты
1. Тауарлардың кедендік құнын декларант кедендік құн декларациясын толтыра отырып, тауарларды декларациялау кезінде кеден органына мәлімдейді. Кедендік құн декларациясын толтырудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2. Декларант мәлімдеген кедендік құн және оны айқындауға қатысты ол ұсынған мәліметтер дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негізделуге тиіс.
3. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендік құн декларациясы еркін айналыс үшін тауарларды шығару немесе тауарлар экспортының кедендік режимінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізілетін барлық тауарларға толтырылады.
4. Егер:
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1- тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара)
1) бір келісім-шарттың шеңберінде әлденеше рет беруді, сондай-ақ әртүрлі келісім-шарттар бойынша белгілі бір алушының мекен жайына белгілі бір тауарды бір жөнелтушінің қайталап беруін қоспағанда, әкелінетін (әкетілетін) тауарлар легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік көрсеткішке барабар сомадан аспаса;
2) Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген норма мен шарттар сақталса, кедендік құн декларациясы толтырылмайды.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларда кедендік құн кедендік декларацияда мәлімделеді.
318-бап. Тауарлардың кедендік құнын түзету
1. Егер:
1) кедендік құнды кедендік ресімдеу және кедендік бақылау барысында: осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын айқындау әдісі, тауарлардың кедендік құнының шамасы және (немесе) құрылымы оларды растау үшін ұсынылған құжаттарға сәйкес келмейтіндігі анықталса;
кедендік құн декларациясының нысандарында мәлімделген кедендік құнның шамасына әсер еткен техникалық қателер анықталса;
осы Кодекстің 321-бабына сәйкес тауар декларанттың пайдалануына берілген және кеден органдарында бар баға ақпараттарын қолдана отырып шартты түрде шығарылған болса;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 2- тармақша өзгертілді (бұр. ред . қара)
2) тауар шығарылғаннан кейін:
шартты шығарылған тауарға қатысты тауардың түпкілікті кедендік құнын айқындау кезінде не шартты шығарылған тауарға қатысты кеден органы жүзеге асырған тауардың кедендік бағалауы қабылданған кезде декларант табыс еткен қосымша ақпарат негізінде;
тауарды декларациялау кезінде орын алған, кедендік құнның шамасына және (немесе) құрылымына әсер еткен техникалық қателіктер анықталса;
кейіннен тексеру жүргізу барысында анықталған (кеден органында сақталатын құжаттар пакетін кейіннен бақылау кезінде болсын және сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушыларға тексеру жүргізу кезінде болсын) дәйектемесіз декларациялау табылса;
әкелінген немесе әкетілген тауардың саны және (немесе) сапасы бойынша сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) талаптарынан ауытқуларына байланысты, тауарлардың нақты құнының мәлімделген кедендік құнына сәйкес келмеуі анықталса;
3) трансферттік баға белгілеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәміленің бағасы өзгерсе, тауарлардың кедендік құнын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Тауардың саны сәйкес келмейтінін растайтын құжаттар:
1) кедендік төлемдер мен салық салынбайтын тауарлар бойынша экспорттаушы (импорттаушы) өкілінің қатысуымен, экспорттаушы (импорттаушымен) келісілген саны жөніндегі наразылық-талап (қабылдау актісі) және кеден органының тексеріп қарау актісі;
2) қалған тауарлар бойынша тәуелсіз сараптаманың қорытындысы (актісі) және кеден органының тексеріп қарау актісі болып табылады.
3. Тауардың жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүліну) фактісі кедендік құн мәлімделген кезге дейін анықталған жағдайда декларант мәлімдеген құнның шот-фактурада көрсетілген шамаға сәйкес келмеуі, егер мәлімделген құнның шот-фактурада көрсетілгеннен жоғалған, кем шыққан, зақымданған (бүлінген) тауар мөлшеріне сәйкес шамада айырмашылығы болса, бұл кедендік құнды түзетуге әкеп соқпайды. Тәуелсіз сараптама қорытындысы (актісі) мен кедендік тексеріп қарау актісі жоғалу, кем шығу, зақымдану (бүліну) фактісін растайтын құжаттар болып табылады.
Мөлшері шартта келісілген франшиза сомасының шегінен шықпайтын немесе баға туралы келісімде айтылған саны және сапасы бойынша ауытқуларды кеден органы бағаны төмендету немесе ұлғайту үшін негіз ретінде танымайды.
4. Трансферттік баға белгілеуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәміле бағасы өзгерген жағдайда, кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның кедендік төлемдер мен салықтардың сомасын есептеу туралы шешімі тауар мәмілесінің бағасын түзетуді растайтын құжат болып табылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 5- тармақ өзгертілді (бұр. ред . қара)
5. Тауарларды экспорт режимінде кедендік ресімдеуден немесе тауарды еркін айналым үшін шығарғаннан кейін төленуге тиіс кедендік төлемдер мен салықтарды есептей отырып түзету жасаған кезде (оның ішінде қаржылық тексеру басталғанға дейін декларанттың бастамасы бойынша) есептелген және нақты төленген кедендік төлемдер мен салықтар арасындағы айырмашылыққа Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 2,5 еселенген ресми ставкасы мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күнге өсімпұл есептеледі. Өсімпұл кедендік декларация кедендік ресімдеуге тіркелген күннен бастап есептеледі.
6. Кедендік құнды түзету нысаны кедендік құны және (немесе) кедендік төлемдері және (немесе) салықтары түзетілетін тауарларға ғана толтырылады. Кедендік құнды түзетуді толтырудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді. Кедендік құнды түзетудің көрсетілген нысандары кедендік декларацияның ажырамас бөлігі болып табылады.
7. Кедендік ресімдеуге құжаттарды қабылдағаннан кейін кеден органы жүргізетін декларант мәлімдеген кедендік құнды түзетулердің барлығы тауарларды кедендік бағалау ретінде қаралады және оларға декларант белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 8- тармақпен толықтырылды
8. Кеден органдары кедендiк құнды түзетудi тіркеудiң мерзiмi мен тәртiбін осы Кодекстің 384-бабына сәйкес айқындайды. Кеден органдары осы Кодекстің 440-бабында белгiленген мерзiмде кедендік құнды түзетуге тексеру жүргізедi.
319-бап. Кедендік құнды айқындау кезіндегі декларанттың құқықтары мен мiндеттерi
1. Декларанттың:
1) кедендік құнды анықтау үшiн табыс еткен мәлiметтерінiң дұрыстығына кеден органында күмән туындаған жағдайда, олардың дұрыстығын дәлелдеуге;
2) мәлiмделген кедендік құнды нақтылау қажеттiгi туындаған жағдайда, тауарды кеден органы жүзеге асырған кедендік бағалауға сәйкес кедендік баждар мен салықтардың төленуiн қамтамасыз еткен жағдайда, декларацияланған тауарды алуға құқығы бар. Кедендік төлемдер мен салықтар салынбайтын тауарлардың мәлiмделген кедендік құнын нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы белгiлеген мерзiмде қажеттi құжаттарды ұсыну жөнiнде мiндеттеме болған кезде декларацияланған тауарды алуға;
3) тауарлардың мәлімделген кедендік құнын кеден органының қабылдай алмау себебін түсіндіруді кеден органынан жазбаша сұратуға;
4) тауардың кедендік құнын айқындауға қатысты кеден органының шешiмiмен келiспеген кезде, бұл шешiмге Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар.
2. Декларант:
1) кедендік құнды мәлiмдеуге және оны айқындауға қатысты дұрыс, сан жағынан айқындалған және құжатпен расталған ақпаратқа негiзделген мәлiметтердi беруге;
2) мәлiмделген кедендік құнды растау қажет болған кезде, кеден органының талап етуi бойынша оған растау үшiн керек деректердi табыс етуге;
3) өзі мәлiмдеген кедендік құнды нақтылауға не кеден органына қосымша ақпарат табыс етуге байланысты өзінде туындаған барлық қосымша шығыстарды мойнына алуға мiндеттi.
320-бап. Кеден органының кедендік құнды айқындау жөніндегі құқықтары мен мiндеттерi
1. Тауарға кедендiк ресiмдеу жүргiзетiн кеден органы:
1) декларант таңдаған кедендік құнды айқындау әдісін пайдалануға болатындығы және декларант берген құжаттар мен мәліметтер негізінде, сондай-ақ кедендік құнды айқындау кезінде пайдаланылатын өзінде бар ақпараттың негізінде декларант мәлімдеген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың дұрыстығы туралы шешiм қабылдауға;
2) егер декларант табыс еткен құжаттар мен мәліметтер мәлімделген кедендік құнға қатысты шешім қабылдау үшін жеткіліксіз болса, декларанттан қосымша құжаттар және мәліметтерді жазбаша сұратуға және оларды табыс ету үшін жеткілікті мерзім белгілеуге құқылы. Бұл ретте, қосымша құжаттарды табыс етуді талап ету кедендік декларацияны тіркеуден және тауарлар шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды;
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3- тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) декларант мәлiмдеген кедендік құнды айқындаудың дұрыстығын растайтын құжаттар мен мәліметтер болмаған кезде не декларант табыс еткен мәлiметтер мен осы Кодекстiң 316-бабының 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құжаттар дұрыс емес немесе жеткiлiксiз болып табылатындығына негiздеме болған кезде, осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын түзетулермен, өзiнде бар мәлiметтер (соның iшiнде, бірдей немесе бiртектес тауарлар бойынша баға ақпараты) негiзiнде, осы Кодексте белгiленген тауарлардың кедендік құнын айқындаудың әдiстерiн бірінен кейін бірін қолдана отырып, декларацияланатын тауардың құнын дербес айқындауға құқылы. Бұл ретте кеден органы қабылданған шешім туралы екi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде декларантқа жазбаша хабарлауға мiндетті.
2. Кеден органы декларанттың жазбаша сауал салуы бойынша:
1) тауарлардың кедендік құнын кеден органы айқындаған жағдайда, оны айқындау тәртібі мен әдісі туралы ақпаратты;
2) тауарлардың декларант мәлiмдеген кедендік құнын кеден органының қабылдай алмау себептерін түсіндіруді жазбаша нысанда беруге мiндеттi.
321-бап. Кеден органдарының баға ақпаратын қолдана отырып тауарларды шартты шығару
1. Кедендік құнды растайтын құжаттардың болмауына байланысты әкелінетін тауарлармен мәміленің бағасы бойынша тауардың кедендік құнын айқындау әдісін пайдалану мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ декларант мәлімдеген кедендік құнды нақтылау қажет болған жағдайда, кеден органы өзінде бар баға ақпаратын негізге ала отырып жүзеге асыратын тауарды кедендік бағалауға сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу қамтамасыз етілген болса, кеден органы тауарды шартты шығаруды жүргізуге құқылы.
2. Кеден органдарында бар баға ақпаратын кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган дұрыс, сан жағынан айқындалатын және құжатпен расталған ақпарат негізінде ресімделген жүктің кедендік декларациялары статистикалық деректерінің мәліметтерін пайдалана отырып қалыптастырады.
3. Растайтын құжаттар ретінде төлем құжаттары табыс етілуге тиіс және мәміле шарттары бойынша төлеу мерзімі көрсетілген мерзімнен асып кеткен жағдайларды қоспағанда, кедендік төлемдер және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тауар шығарылған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн болады.
4. Мәлімделген кедендік құнды растайтын құжаттарды декларант табыс еткеннен кейін кедендік құнды түзету нысанын толтыра отырып, осы Кодекстің 43-тарауына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (немесе есепке алу) жүзеге асырылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 5- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Белгіленген мерзім өткеннен кейін мәлімделген кедендік құнды растайтын қажетті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тауардың шартты бағасы қолданылып есептелген кедендік төлемдер мен салықтар сомасы тауардың кедендік құнына қатысты түпкілікті шешім болып табылатын кедендік құнды түзету нысанын кеден органы лауазымды адамының толтыруы арқылы, бюджетке аударылады.
40-тарау. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
322-бап. Кедендік төлемдерді төлеушiлер
Мына тұлғалар:
1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар немесе декларант;
2) лицензия немесе кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушiлер болып табылады.
323-бап. Кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1- тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Алдын ала немесе мерзiмдік декларациялау рәсімі қолданылған, сондай-ақ кедендік баждарды төлеу мерзiмi өзгертiлген кездегi жағдайларды қоспағанда, кедендік баждар кедендік декларацияны тiркегенге дейін немесе ол тiркелген күнi төленеді.
2. Егер кедендік декларация осы Кодекстің 380-бабына сәйкес айқындалатын мерзiмде берiлмесе, онда кедендік баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен бастап айқындалады.
3. Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
324-бап. Кедендік алымдарды төлеу мерзімдері
1. Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:
1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні төленеді;
2) егер кедендік декларация осы Кодекстің 380-бабына сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе, онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу мерзімдері өтеді;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есептеледі.
2. Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастырудың басталуынан кешіктірілмей төленеді.
3. Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді.
325-бап. Алымдарды және алдын ала шешім үшін төлемақыны төлеу мерзімдері
Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау үшін осы Кодексте белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін немесе қабылдаған күні төленеді.
326-бап. Кедендік төлемдердi төлеу тәртібі
1. Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен төленедi.
2. Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 3- тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджетке аударылады.
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 327- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
327-бап. Талап қою мерзімі
Кеден органдарының кедендiк төлемдердің қайта қаралған сомаларын төлеу не кедендiк төлемдердiң төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптары бойынша, сондай-ақ төлеушілердiң артық төленген кедендiк төлемдердiң және салықтардың сомасын қайтарып алу немесе есепке алу туралы талаптары бойынша талап қою мерзiмi бес жыл болып белгіленедi.
328-бап. Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін бақылау
Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден органдары жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәртібін кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
41-тарау. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер
329-бап. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер
1. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
2. Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібімен берiледi және осы Кодекстің 330 және 331-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес сипатта бола алмайды.
3. Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актілерімен кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
330-бап. Кедендік төлемдер салудан босату
1. Кедендік баждарды салудан:
1) жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар;
4) iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар;
5) техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар желісі бойынша өтеусіз көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлар;
7) Қазақстан Республикасының ұлттық Банкi және оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетiн шикізат;
8) кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
9) Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тауарларды бажсыз әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар;
10) Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңдарына сәйкес кедендік баж салудан босатылатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалған, мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе сол аумақтан әкетілетін тауарлар;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және әкетілетін тауарлар;