3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр« кешені мүлкінің сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы Үкіметі жалға алған «Байқоңыр» ғарыш айлағы объектілерінің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | «Байқоңыр» кешенінің жалға берілген мүлкінің есебі | Қазақстан Республи- касының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясы жалға алған «Байқоңыр» кешені объектілері- нің мүлкін есепке алу және түгендеу, бухгалтерлік есеп жүргізуді жүзеге асыру мақсатында штат саны 15 адам мемлекеттік мекемені ұстау. | жыл бойы | Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі, «Байқоңыр- баланс» мемлекеттік мекеме |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ресей Федерациясының Үкіметі жалға алған және Федералдық ғарыштық агенттіктің қарамағындағы «Байқоңыр» кешенінің мүлкін есепке алу және бухгалтерлік есеп жүргізу, жылжымалы мүлкінің есебі.
Соңғы нәтиже: «Байқоңыр» кешені мүлкінің сақталуы.
Қаржы-экономикалық тиімділік: мемлекеттік мекеменің бір қызметкерін қаржы-шаруашылық ұстау жылына 718,1 мың теңгені құрайды.
Уақытылығы: «Байқоңырбаланс» мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес.
Сапа: бухгалтерлік есепті жетілдіру және «Байқоңыр» кешені мүлкін талан-таражға салудың алдын алу.