Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
21 маусымдағы № 684 қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 20 наурыздағы № 237 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға
Нұршабеков - Қазақстан Республикасы
Ризат Рахатбекұлы Ақпараттандыру және байланыс
жөніндегі агенттігінiң Мемлекеттік
бақылау және лицензиялау департаменті
директорының орынбасары, хатшы;
көрсетiлген құрамнан Марченко Григорий Александрович, Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы шығарылсын;
2) "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерiн қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат):
1) 1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметті үйлестiру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Мыңбаев - Қазақстан Республикасы
Сауат Мұхаметбайұлы Премьер-Министрінің орынбасары,
төраға;
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Арман Ғалиасқарұлы министрi,
мына:
"Маханбетәжиев - Қазақстан Республикасының Экономика
Батыр Әпенұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Ақпараттандыру және инновациялар
саласындағы шығыстарды жоспарлау
департаментiнiң директоры"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Жақыпов - Қазақстан Республикасының Президентi
Мiрболат Хабиұлы Әкiмшiлiгiнiң Кеңсесi меңгерушiсiнiң
бiрiншi орынбасары (келісім бойынша)"
деген жолдағы "Әкiмшiлiгiнiң Кеңсесi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Кеңсесi Жалпы бөлiмiнiң меңгерушiсi" деген сөздермен ауыстырылсын;
мына:
"Есекеев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Қуанышбек Бақытбекұлы министрлігі Ақпараттық технологиялар
департаментiнiң директоры"
деген жолдағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ақпараттық технологиялар департаментiнiң директоры" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Марченко Григорий Александрович, Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы, Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы шығарылсын;
3) "Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 21 мамырдағы № 543 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 14, 149-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Радиожиілiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы ережеде:
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | | | | Д.К. Ахметов |