Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 1697 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы";
кіріспеде:
"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті" деген сөздер "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"енгізу" деген сөзден кейін "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
1) 1-тармақта:
"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін" деген сөздер "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Жақыпов Мірболат Хабиұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі, төрағасының орынбасары" деген жолдағы "төрағаның орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын;
"Қанешев Біржан Бисекенұлы" деген сөздер "Есенғараев Асқар Батылханұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
Комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Смағұлов Қайрат Молдырахманұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары,
Мырзахметов Абылай Исабекұлы - Көлік және коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары,
Могильный Валерий Валентинович - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым департаментінің директоры,
Арнутовский Сергей Васильевич - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі департаменті бастығының орынбасары,
Әкежанов Айдар Әбиұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша),
Асанов Қадыржан Нәжентайұлы - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыспен қамтамасыз ету орталығы бастығының қызметін уақытша атқарушы (келісім бойынша),
Оқасов Сейітқаже Қажекенұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары;
комиссия құрамынан мыналар шығарылсын:
Алтай Абылайханұлы Тілеубердин,
Амангелді Сұлтанұлы Жанайдаров,
Меліс Құдысұлы Әбсәметов,
Әділбек Қатаямұлы Бектасов,
Шахмардан Сейітқанұлы Қаратаев,
Салтан Талғатұлы Ахунов,
Ажар Қилымбекқызы Құзытбаева;
2) 2-тармақта "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін" деген сөздер "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже";
1-тармақта:
"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін" деген сөздер "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бағыттары бойынша қызметті" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті" деген сөздер "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"мемлекеттік мекемелерде" деген сөздер "ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті" деген сөздер "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацта "Қазақстан Республикасының Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын," деген сөздер алынып тасталсын;
екінші, тоғызыншы абзацтар "ақпараттандыру" деген сөзден кейін ", ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын, үшінші, оныншы абзацтар "ақпараттандырудың" деген сөзден кейін ", ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы абзац "процестерін" деген сөз ", ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі процестерді" деген сөздермен ауыстырылсын;
он екінші абзац "ақпараттандыру" деген сөзден кейін "және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" деген сөздермен толықтырылсын;
"Комиссияның құқықтары" деген бөлімшеде:
бесінші абзацта:
"Бірыңғай ақпараттық кеңістікті" деген сөздер "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды" деген сөздермен ауыстырылсын;
"үшін" деген сөзден кейін ", ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
12-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
"12. Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитетіне жүктелсін.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссияның жұмыс орнының функциялары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.".
2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет туралы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттігі туралы ережелерге белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі