2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 164 бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Дара кәсіпкерлердің және сауда қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елі туралы, дайындаушысы, жеткізушісі немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттік тілде және орыс тілінде анық және жеткілікті ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 166-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен 166-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін
қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес
төлемдерді толық және уақтылы төлемеу
Байланысты гранттар қаражатының түсімдерін қоспағанда, бюджетке төленетін салықтық емес төлемдерді толық және уақтылы төлемеу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 166-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын
қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 167-бап жаңа редакцияда
167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңдарын бұзу
1. Мемлекеттік сатып алу туралы заңдарда көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн негiзсiз қолдану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік сатып алу тәсiлiн уәкiлеттi органмен келісіп алмай, ондай келiсу заңдарда көзделген жағдайда, қолдану, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жүргiзiлетiн мемлекеттік сатып алу туралы конкурсты ұйымдастырушының ақпаратына заңдарда қойылған талаптарды бұзу, сол сияқты анық емес ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу процесiнiң қатысушыларын - ықтимал өнiм берушiлердi тiркеу рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Ашық және жабық конкурстарды, сондай-ақ екi кезеңдiк рәсiмдер пайдаланылатын конкурстарды өткізу кезiнде бюджеттік қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соқпаған мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттік қаражатты қосымша жұмсауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген бюджеттік қаражатты iрi мөлшерде қосымша шығындауға әкеп соққан iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Осы баптың бiрiншi - алтыншы бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
1. Осы баптың бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары деп; осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған лауазымды адамдарды мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты конкурс ұйымдастырушысының басшысы және (немесе) оның орынбасары, сондай-ақ конкурс комиссиясының хатшысы деп түсiну керек; осы баптың төртiншi, бесiншi, алтыншы бөлiктерiнде аталған лауазымды адамдарды конкурс комиссиясының төрағасы, мүшелерi және хатшысы деп түсiну керек.
2. Құқық бұзушылық жасау кезіндегі айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың еселенген мөлшерiнен асатын сома осы баптың мақсаттары үшiн iрi мөлшер деп танылады.
ҚР 06.07.04 ж. № 572-II Заңымен 167-1-баппен толықтырылды
167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар
және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
заңдарының талаптарын бұзу
1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ақпарат берушінің кредиттік тарихтың субъектісі туралы ақпаратты кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік бюроларға беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті беру туралы сауал беруі, сондай-ақ оны қате ресімдеу -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 168-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 168-бап өзгертілді
168-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдарының
талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етiлетiн мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан он екi күнтiзбелiк ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпарат табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өздерiне жүктеген мiндеттердi ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану арқылы орындамауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың валюталық бақылау агентiнiң функцияларын орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 28.03.03 ж. № 398-II Заңымен 168-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 168-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
168-1-бап. Микрокредиттік ұйымдар туралы заңнама
талаптарын бұзу
1. Микрокредиттік ұйымдардың микрокредиттік ұйымдар туралы заңнамаға сәйкес тыйым салынған не олардың құқық қабілеттілігі шегінен тыс операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының отыз процентіне дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға мәміле сомасының оннан бір процентіне дейінгі не операциялар бойынша алынған кіріс сомасының елу процентіне дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Микрокредиттік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 168-2 баппен толықтырылды; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 168-2 бап өзгертілді
168-2-бап. Қазақстан Республикасының банк заңдарының
талаптарын бұзу
1. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес банктің ірі қатысушысы немесе банк холдингі белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес табыс етiлуi қажет мәлiметтердi табыс етпеуi, сол сияқты әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы табыс етпеуi немесе ондай мәлiметтерi жоқ ақпаратты табыс етуi не дұрыс емес мәлiметтердi (ақпаратты) табыс етуi, -
жеке тұлғаға -айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды тұлғаға - екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банктердің ірі қатысушыларының, банк холдингтерінің банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерiне уәкiлеттi орган жүктеген мiндеттердi шектеулi ықпал ету шаралары арқылы орындамауы -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде заңды тұлғаға төрт жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тоғыз жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) басқа да сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi әлденеше рет бұзуы, -
заңды тұлғаға айлық есептiк көрсеткiштiң бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктердің әлденеше рет бұзуы, -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңдарына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңдарын бұза отырып, сол сияқты олардың құқық қабiлеттілігi шегiнен тыс операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының оннан бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының елу процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға мәмiле сомасының бiр процентiне дейiнгi не операциялар бойынша алынған табыс сомасының жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың банк операцияларының нәтижелерiн бухгалтерлiк есепте тиiсiнше көрсетпей жүргiзуi, -
заңды тұлғаға есепке алынбаған соманың жүз процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың бухгалтерлiк есепке алуды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептілік жөніндегі талаптарды бұза отырып жүргiзуi не ондағы көрсеткiштердiң, не пруденциялық нормативтердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң және (немесе) Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгiленген сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң бұрмалануына әкеп соққан банктiк немесе өзге де есептілік жасауы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Осы баптың сегiзiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға тиiсiнше есепке алынбаған соманың он процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң банк шоттарын ашу және жабу тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), -
лауазымды адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Клиенттермен жасалатын шарттарда банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық қызмет бойынша шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақы ставкаларын көрсету жөніндегі, сондай-ақ қаржылық қызметтер бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезіндегі міндеттерін орындамауы,-
лауазымды адамға - отыз айлық, заңды тұлғаға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 169-бап өзгертілді
169-бап. Клиенттерге, кредит берушiлерге және заемшыларға банк
қызметiн көрсетуге байланысты талаптарды бұзу
1. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқауларды не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптарды дер кезiнде немесе дұрыс орындамауы, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаулар не ақшаны қолма-қол алу жөніндегі талаптар сомасының бес процентке дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шот иесiнiң банктегi шотына ақшаны дер кезiнде немесе дұрыс есептемеуi, -
заңды тұлғаға төлем немесе ақша аударымы жөніндегі нұсқаудың дер кезiнде немесе дұрыс есептелмеген сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы, -
заңды тұлғаға - әрбiр төлем құжаты үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 169-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 169-1- бап өзгертілді
169-1-бап. Қазақстан Республикасының аумағында достық,
қола және қаржы вексельдерiн шығару
Қазақстан Республикасының аумағында достық, қола және қаржы вексельдерiн шығару, -
жеке тұлғаларға - қырық, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 170-бап өзгертілді; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 170-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
170-бап. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының,
ашық жинақтаушы зейнетақы қорының немесе банк
холдингінің ірі қатысушысы белгілерін заңсыз алуға
байланысты бұзушылықтар
1. Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға елуден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банк холдингі белгілерін уәкілетті органның алдын ала келісімінсіз алу -
заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бір мыңнан екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 170-1-баппен толықтырылды; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 170-1-бап өзгертілді
170-1-бап. Банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының,
жинақтаушы зейнетақы қорларының заңды тұлғалардың жарғылық
капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуына
байланысты бұзушылықтар
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әрекеттерді қоспағанда, банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзып, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін немесе акцияларды заңсыз сатып алуы, -
лауазымды адамдарға - жүз, заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының уәкiлеттi органның алдын ала рұқсатынсыз еншiлес ұйымды құруы не иемденiп алуы, -
лауазымды адамдарға - үш жүз, заңды тұлғаларға бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 171-бап өзгертілді; 2005.23.12. № 107-III ҚР Заңымен 171-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
171-бап. Уәкілетті органға банк заңнамасына немесе
зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес
табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс
етпеуге, сол сияқты уақтылы табыс етпеуге немесе
мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуге байланысты
бұзушылық, не дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты)
табыс ету
Банктің, жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшыларының (акционерлерінің) және олардың аффилиирленген тұлғаларының, жинақтаушы зейнетақы қорының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы белгілеріне сәйкес келетін жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органға банк заңнамасына немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес табыс етілуі талап етілетін ақпаратты табыс етпеуі, сол сияқты уақтылы табыс етпеуі немесе мәліметтері жоқ ақпаратты табыс етуі не олардың дұрыс емес мәліметтерді (ақпаратты) табыс етуі -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 172-бап өзгертілді
172-бап. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы
активтерiн мақсатсыз пайдалану
1. Зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның заңдарда белгiленген зейнетақы активтерiн инвестициялау тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамға айлық есептiк көрсеткiштiң төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кастодиан-банктiң мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерiнiң мақсатты орналастырылуын бақылауды жүзеге асырмауы, -
кастодиан-банктiң лауазымды адамына айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 172-1 баппен толықтырылды; ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңымен 172-1 бап өзгертілді
172-1-бап. Банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын
таратуға байланысты талаптарды бұзу
1. Банктi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату комиссиясы төрағасының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу жағдайларын жою туралы жазбаша нұсқамаларды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындамауы, -