2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 372-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
372-бап. Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сату үшiн
өткізуден жалтару
Азаматтық қаруды, оған арналған патрондарды сақтауға рұқсатты iшкi iстер органдары алып қойған жеке тұлғалардың оларды сату үшiн өткізуден жалтаруы, -
қарудың өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 373-бап. өзгертілді
373-бап. Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар мен
демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудiң тәртібі туралы
заңдарды бұзу
1. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, тосқауылдар, демонстрациялар не өзге де көпшiлiк iс-шараларын ұйымдастыру немесе өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу не оларды ұйымдастыруға немесе өткізуге кедергi жасау, сол сияқты заңсыз жиналыстарға, митингiлерге, шерулерге, демонстрацияларға не өзге де көпшiлiкке арналған iс-шараларға қатысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Рұқсат етiлмеген жиналысқа, митингке, тосқауылға, демонстрацияға не өзге де көпшiлiк iс-шараларына қатысушыларға ұйымның басшыларының және басқа да лауазымды адамдарының үй-жай не өзге де мүлiктер (байланыс құралдарын, көбейту техникасын, жабдықтар, көлiк) беруi немесе осындай iс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу үшiн өзге де жағдайлар туғызуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әкiмшiлiк жаза шаралары қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жиналысты, митингтi, шерудi, демонстрацияны ұйымдастырушы қайталап жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 374-бап өзгертілді; 2005.23.02 № 33-III ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 374-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 374-бап. өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
374-бап. Қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарды бұзу
1. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерiнiң не қоғамдық бiрлестiктiң осы қоғамдық бiрлестiктердiң жарғыларында белгiленген мақсаттары мен мiндеттерiнiң шегiнен тыс iс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестіктің мүшелерiне - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiкке айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қоғамдық бiрлестiк басшыларының, мүшелерінің не қоғамдық бiрлестiктiң Қазақстан Республикасының заңдарын бұзатын іс-әрекеттер жасауы, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейінгi мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктiң мүшелерiне айлық есептік көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн үш айдан алты айға дейiнгі мерзiмге тоқтата отырып, қоғамдық бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептiк көрсеткіштің жүз елуге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелеріне айлық есептiк көрсеткіштің жүзге дейінгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, сол сияқты осы баптың үшінші бөлігінде көзделген бұзушылықтарды жоймау, -
қоғамдық бiрлестіктің қызметiне тыйым сала отырып, қоғамдық бiрлестiктің басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, қоғамдық бiрлестiктің мүшелерiне айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың, шет ел қатысатын заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, дiни бiрлестіктердiң, қайырымдылық ұйымдарының саяси партияларды қаржыландыруы -
заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, лауазымды адамдарға - төрт жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде, заңсыз қайырмалдықтар тәркілене отырып, шетелдiк заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Шетелдiктердің және азаматтығы жоқ адамдардың саяси партияларды қаржыландыруы, -
заңсыз қайырымдылықтар тәркілене отырып және Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Саяси партиялардың заңсыз қайырмалдықтарды қабылдауы, -
заңсыз қайырмалдықтар тәркiлене отырып және он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға ала отырып не онсыз саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, саяси партияның басшысына төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Саяси партиялардың қаржылық қызметi туралы жылдық есептіктi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiм мен көлемде жарияламау, -
саяси партияның қызметiн алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып, партияның басшысына айлық eceптiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Саяси партияның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнің (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда қызметтi қайта тiркеусiз жүзеге асыруы, -
саяси партияның қызметiне тыйым сала отырып, партияның басшысына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 374-1-баппен толықтырылды
374-1-бап. Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртiппен тiркелмеген қоғамдық,
дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау,
қатысу, сондай-ақ олардың қызметiн қаржыландыру
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасау, -
жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатылған немесе тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiн қаржыландыру, -
екi жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2005.08.07 № 67-III ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 375-бап. өзгертілді
375-бап. Дiни сенім бостандығы және дiни бiрлестiктер туралы заңдарды
бұзу
1. Дiни бiрлестiктер басшыларының бiрлестiктi мемлекеттік басқару органдарында тiркеуден жалтаруы, дiни бiрлестiктiң оның жарғысымен (ережесiмен) белгiленген өз мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келетiн қызметтi жүзеге асыруы, саяси партиялардың қызметiне қатысуы және оларға қаржылай қолдау көрсетуi, қайырымдылық қызметтi жүзеге асыруды, науқас адамдарды күтiп-бағуды, бас бостандығынан айыру орындарына баруды қоспағанда, жерден басқа орында дiни iс-шаралар өткізу ережелерiн бұзуы, дiнге табынушылар мен дiни бiрлестiктер мүшелерiнiң дiнге табынуға қатысы жоқ арнаулы балалар мен жасөспiрiмдер топтарын ұйымдастырып, жиындарын өткізуi, жеке тұлғаларды дiни жоралғыларды орындауға немесе өзге де дiни қызметтерге қатысуға мәжбүр етуi, -
ескерту жасауға немесе дiни бiрлестiк басшыларына - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға қызметiн алты айға дейiн тоқтата тұрып немесе қызметiне тыйым сала отырып не онысыз, жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңға сәйкес жүзеге асырылатын дiни жоралғыларды, басқа дiни қызметтi атқаруға кедергi жасау, азаматтардың дiнге қатыстылығына қарай олардың құқықтарын бұзу, сол немесе басқа дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын нәрселердi, құрылыстарды және орындарды аяқ асты ету, жеке тұлғалардың дiни сезiмдерiн қорлау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Азаматтардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың есептiк тiркеусiз миссионерлiк қызметтi жүзеге асыруы, -
азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштің он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Дiни бiрлестiктiң өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы, -
дiни бiрлестіктің басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң отызға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қызметiн үш айдан алты айға дейінгі мерзiмге тоқтата отырып не қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Діни бiрлестіктің өз жарғысына (ережесіне) қайшы келетiн қызметтi жүйелi түрде жүзеге асыруы, сол сияқты дiни бiрлестiктiң өз қызметiн тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды белгiленген мерзiмде жоймауы, -
дiни бiрлестiктiң басшыларына - айлық есептік көрсеткiштiң қырыққа дейінгі мөлшерiнде, заңды тұлғаларға дiни бiрлестiктiң қызметiне тыйым сала отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
376-бап. Азаматтық хал актілерін жазу ережелерiн бұзу
Некеге отыруға кедергi болатын мән-жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін жазу органдарына жалған мәлiметтер беру, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 377-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
377-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке
басты куәландыратын құжаттарсыз тұру
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша немесе уақытша болатын жері бойынша үш айдан астам мерзімде тіркеусіз тұруы -
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсіз не жарамсыз тұруға ықтиярхатпен, азаматтығы жоқ адамның куәлігімен үш айдан астам мерзімде тұрақты тұруы -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 378-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.12.01. № 227-III ҚР Заңымен 378-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
378-бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке
басын куәландыратын құжаттарсыз тұруға жол беру
1. Құжаттау және халықты тіркеу ережелерін сақтауға жауапты адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз Қазақстан Республикасында тұруға жол беруі, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құжаттау және халықты тіркеу ережелерін сақтауға жауапты адамдардың шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәліксіз не жарамсыз ықтиярхатпен немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігімен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына жол беруі, -
ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
379-бап. Төлқұжаттарды, жеке куәлiгiн заңсыз алып қою немесе оларды
кепiлге қабылдау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
азаматының жеке куәлiгiн, төлқұжатын жоғалту немесе
жарамсыздыққа жеткізу
1. Азаматтардың төлқұжаттарын, жеке куәлiктерiн заңсыз алып қою немесе оларды кепiлге қабылдау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн, төлқұжатын жоғалту немесе жарамсыздыққа жеткізу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 380-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
380-бап. Азаматтың куәлiк (төлқұжат) немесе жеке басын куәландыратын
басқа құжаттарды алуы кезiнде көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Азаматтың куәлiк (төлқұжат) не жеке басын немесе азаматтығын куәландыратын басқа да құжаттарды алуы кезiнде Қазақстан Республикасының атқарушы билiк органдарына көрiнеу жалған мәлiметтер немесе жалған құжаттар беруi, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 380-1-баппен толықтырылды
380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және
(немесе) анықтаманы заңсыз алу
1. Ауруды өтірік сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 381-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 381-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 381-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
381-бап. Мемлекеттік статистикалық есептілік және бақылау
деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу,
уақтылы табыс етпеу, көрінеу дұрыс емес деректер
табыс ету
1. Қаржылық есептілікті қоса алғанда, белгіленген мемлекеттік статистикалық есептілік және бақылау деректерін тиісті статистикалық органдарға табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, сол сияқты қасақана дұрыс емес есептілік табыс ету, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 381-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін
табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс
етпеу, жасыру, қосып жазу және басқа да
бұрмалаушылықтар
Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгіленген мерзімді бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерін басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәліметтерін алуға қандай да бір нысанда болсын кедергі жасау, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен екінші бөлікпен толықтырылды
2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
382-бап. Мемлекеттік статистикалық бақылаулар жүргiзуден бас тарту
Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық бақылаулар жүргiзу жөніндегі мемлекеттік мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
383-бап. Лауазымды адамның коммерциялық құпиясы бар статистикалық
деректердi сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi
Лауазымды адамның коммерциялық құпия болып табылатын статистикалық деректердi олардың заңды иесiнiң келісімiнсiз кiмге де болса сатуы, беруi немесе өзге де жария етуi, егер иесiне iрi залал келтiрiлмесе, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
384-бап. Бекiтiлмеген нысандар бойынша статистикалық есеп-қисап жинау
Заңмен белгiленген тәртiпте келісілмеген немесе бекітілмеген есеп-қисап нысандары бойынша ведомстволық немесе мемлекеттік есеп-қисапты жинау, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін
бұзу
1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесін бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді
386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген
талаптарды бұзу
1. Мемлекеттік құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттік құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -
қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 387-бап өзгертілді
387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру
ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн
бұзу
1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлігінiң, Қорғаныс министрлігінiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы
режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының
аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 389-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу
тәртібін бұзу
1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткізу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жекелеген жерлерде болудың заңдармен белгiленген тәртібін бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 390-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында
шекара режимiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының аумақтық және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетіндегі және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.