Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 560 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 109-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
«
5-1 | 106 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалала- рының бюджеттеріне жеміс дақыл- дарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуді және өсіруді қамтамасыз етуге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республика- сының Үкіметі белгілеген тәртіппен 450-550 гектар алаңға жеміс ағаштарын және 650-750 гектар алаңға жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуге және өсіруге жіберген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер- дің шығындарын ішінара (40%) өтеу | Қаңтар- желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашы- лығы министрлігі, облыстардың әкімдері |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |