3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инспекторлық құрамына кордондар салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Мемлекеттік мекемелердің инфрақұрылымын дамыту | «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің сәйкес сома шегінде инвестициялық жобаларды іске асыру: Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы үшін кордондар салу (27.08.2004 жылғы № 20-275/2004 МС және 27.08.2004 жылғы № 20-276/2004 МС); Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы үшін кордондар салу (14.04.2005 жылғы№ 15-108/05 МС); Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне кордондар салу (06.05.2005 жылғы № 12-75/05 МС). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының Министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: Алакөл мемлекеттік табиғи қорығына - 2 бірлік кордон, Үстірт мемлекеттік табиғи қорығына - 3 бірлік кордон, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне - 5 бірлік кордон салынатын болады.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтау және қалпына келтіру.
Уақтылығы: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайын материалдық-техникалық базасын бекіту және инфрақұрылымын дамыту нәтижесінде жақсарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын қамтамасыз ету.
Сапасы: генетикалық резервтің табиғи эталон, уникум және көнезамандық түрлері ретінде ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықтарға ие мемлекеттік қорғауға алынған мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтаудың тиімділігі мен сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
109-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 009 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 20130429 мың теңге (жиырма миллиард бір жүз отыз миллион төрт жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы; «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабы; «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 10-бабы; «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 4-бабы; «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 3 , 9 және 11-баптары;»"Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлерді жасау мен дамыту жөніндегі жоспарларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; "Тоқыма өнеркәсібі»пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 қаулысы;»"Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 наурыздағы № 149 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жергілікті атқарушы органдары арқылы мемлекеттік қолдауды іске асыру жолымен отандық тауар өндірушілердің өндірген мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімінің сапасын, бәсекеге қабілеттілігін, өнімділігін, пайдалылығын және тиімділігін көтеру, республиканың суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуді арттыру, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалылығын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің өнімділігін және өсімдік шаруашылығында өндірілетін өнімінің сапасын көтеру, бірінші ұрпақты будан мен элиталық тұқымды толық қажеттілікте өсіру үшін қажетті бірегей тұқымды санында және ассортиментте өндіру есебінен ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің гендік қорын сақтап қалу;
отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің асыл тұқымды өнімге қол жеткізуін қамтамасыз ету жолымен ауыл шаруашылығы малдарының гендік қорын дамыту және сақтап қалу және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының тұқымдық базасын қалпына келтіру;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отынының, тыңайтқыштардың (органикалықтардан өзге) тұқым улағыштардың және гербицидтердің құнын арзандату;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді суармалы сумен қамтамасыз ету;
жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуді және өсіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау;
құрама жемнің құнын арзандату арқылы мал шаруашылығы өнімінің өндірісін ұлғайту және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру;
қазақстандық мақта талшығының сапасын міндетті түрде бума бойынша сараптамадан өткізуді енгізу, мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізуге бағытталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің шығынының құнын өтеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 009 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | | | |
2 | | 100 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен субсидиялау жолымен облыстық бюджеттерге тұқым шаруашылығын дамытуға ағымдағы нысаналы трансферттер, оның ішінде: бірегей тұқымдарын және жеміс дақылдарының көшеттерімен қоса өндіруге жіберілген шығындарды (40%-ға дейін) өтеу; жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуға, жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің аналықтарының салынған алқаптарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге кететін шығындарды (100%) толық өтеу; отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылған элиталық тұқымның құнын (40%-ға дейін) арзандату; аналық жеміс дақылдарының көп жылдық екпелерін отырғызуға кететін шығындарды (100 %) толық өтеу (Сиверс алманың өскін сорты және кәдімгі өрік). | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдері |
3 | | 101 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен субсидиялау үшін облыстық бюджеттерге асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға ағымдағы нысаналы трансферттер, оған қоса: отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың): асыл тұқымды төлдердің 11000 - 13000 тонна тірідей салмағын, асыл тұқымды жұмыртқаның 5500,0 - 7500,0 мың данасын, бұқалар ұрықтарының 900 - 1100 мың дозасының құнын жартылай (50%-ға дейін) арзандату; мал тұқымының асылдандыру орталығына 20 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алу мен 130 - 140 бас малды күтіп ұстау және олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалануға кеткен шығындарды толық өтеу; мал тұқымын асылдандыру орталығына 50 бас асыл тұқымды қошқарларды сатып алу және 140 - 160 бас қошқарларды күтіп ұстау, олардың ұрықтарын алу, сақтау, пайдалануға кеткен шығындарды толық өтеу; етті құс өсіру жөніндегі асыл тұқымды шаруашылығына 11000 - 12000 бас асыл тұқымды балапандарды сатып алу және 21000 - 23000 бас асыл тұқымды құсты күтіп ұстауға кеткен шығындарды толық өтеу; асылдандыру ісін дамыту үшін сатып алынатын арнайы технологиялық, лабораториялық құрал-жабдықтар, арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасының құнын өтеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдері |
4 | | 104 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауар материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығын және сапасын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тәртіппен басымды дақылдар бойынша 2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді, сондай-ақ дизель отынын сатып алуға кеткен шығындарын ішінара өтеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс Әкімдері |
5 | | 105 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне су жеткізіп беру бойынша қызмет құнын субсидиялауға ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын (40 %) субсидиялау. | Сәуір -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл министрлігі, облыс Әкімдері |
6 | | 107 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен мал шаруашылығының, дәлірек айтқанда ірі қара шаруашылығының, шошқа шаруашылығының және құс шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау, оның ішінде: - сиыр, шошқа және құс етін өндіруде, мамандандырылған кәсіпорындар мен шаруашылықтардың пайдаланған 180-250 мың тонна құрама жемнің құнын (45% дейін) арзандату. | Наурыз -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл министрлігі, облыс Әкімдері |
7 | | 108 | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне қазақстандық мақта талшығының сапасын сараптауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттері | 682,0 мың сынама көлемде мақта талшығы сапасын сараптамадан өткізуге ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің (мақта иелерінің) жіберген шығындарын толық өтеу. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасының Ауыл министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тұқым шаруашылығын дамытуды қолдау:
Тікелей нәтиже: кейіннен элиталық тұқымды өндіруді қажетті көлемде қамтамасыз ету үшін 6000-8000 тонна дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, біржылдық және көпжылдық шөптердің, мақтаның бірегей тұқымдарын өндіруге жіберілген шығындардың орнын толтыру; жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерінің аналықтарын 17,2 га алқапқа салуды және 7,5 га алқапта жеміс дақылдарының аласа діңді телітушілерінің аналығының және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің аналықтары алқаптарының аяқталмаған өндірісін ұстауды қолдауды қамтамасыз ету;
52000-56000 тонна дәнді, дәнді бұршақты, майлы және көкөніс дақылдарының, күріштің, қант қызылшасының, жүгерінің, картоптың, мақтаның, біржылдық және көпжылдық шөптердің элиталық тұқымдарының және 90000-110000 дана жеміс дақылдары көшеттерінің құнын арзандату арқылы отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің элиталық және будандық тұқымдарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: егісте жоғарғы репродукциялы тұқымды пайдаланудың үлестік салмағының 85%-ға дейін, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелер аналықтарын салу алқабының 25 гектарға дейін артуы.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілерінің айналым қаражаты 996 253 мың теңгеге көбейеді, арзандатылған тұқымның орташа құны: дәнді-дақылдар шамамен 19800 теңгені, картоп - 46 000 теңгені және мақта - 50 000 теңгені құрайды.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шаралар жоспарын белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: себілетін тұқымның сапасы жақсарады, сапалы тұқымның үлесі 90% құрайды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:
Тікелей нәтиже:
- сатылатын асыл тұқымды төлдің саны: ірі қара малдың - 10 600 - 12 600 бас, қой - 141 500 - 145 000 бас, жылқы - 2 990 - 3 500 бас, шошқа - 7000 - 9 000 бас, түйе - 1600 - 2 100 бас, түйе құс - 2 000 - 2 500 бас; асыл тұқымды жұмыртқа - 5 500 - 7 500 мың дана; жоғары өнімді бұқалардың ұрығы - 900 - 1 100 мың доза;
- мал және құс шаруашылығының асыл тұқымдық базасын қалпына келтіру мақсатында 70 бас отандық және шет елдік-селекциядан алынған аталықтар, сондай-ақ шет елдік селекциялық - 150 дана эмбриондар мен 5 811 доза бұқалардың ұрығы, 11 000 - 12 000 бас шет елдік селекциялық асыл тұқымды құстар сатып алынады;
- асылдандыру ісі үшін 97 данаға арнайы технологиялық жабдықтар және арнайы ауыл шаруашылығы және ұйымдастыру техникасы сатып алынады;
- асыл тұқымды мал шаруашылығының әрбір субъектісіне орташа есеппен 5 000,0 мың теңгеден астам қаржылай көмек көрсетіледі.
Түпкі нәтиже:
- отандық тауар өндірушілерге сатылатын асыл тұқымды төлдердің есебінен жыл сайын 30-40 асыл тұқымды шаруашылықтар қалыптасады;
- сиырлар мен қашарларды қолдан ұрықтандыру бекеттерін қалпына келтіру және жаңадан салу (100-ге жуық) есебінен олардың саны көбейеді, бұл қолдан ұрықтандырылған аналықтардың санын 470,0 мың басқа жеткізуге мүмкіншілік тудырады, қолдан ұрықтандыру әдісімен қамту 35%-ға жетеді;
- қолдан ұрықтандыру үшін жоғары классты аталық бұқалардың ұрығын пайдалану малдың өнімділігін 10-12%-ға арттыруға мүмкіншілік береді және сәйкесінше мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 6-8%-ға ұлғаяды;
- аудандастырылған бағалы тұқымның гендік қорын дамыту және сақтап қалу: болжам бойынша асыл тұқымды мал басының өсуі 10-15% (қойлар 20% жоғары);
- құрылып жатқан асыл тұқымды мал шаруашылығы субъектілерінде 350-500-дей жұмыс орындары ашылады;
- келешекте екі отандық салт мініс жылқы тұқымдары шығарылады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: асыл тұқымды мал шаруашылықтарының қаржылай-экономикалық жағдайлары жоғарылайды, сатқан ірі қара мал, жылқы, түйенің әр басынан 15-18 мың теңге, қойдан - 3,5 - 5 мың теңге, шошқадан - 5 - 6 мың теңге табыс түседі.
Уақтылығы: берілген бағдарламада көзделген іс-шаралар көрсетілген мерзімде орындалады.
Сапасы: ауыл шаруашылығы малдарының өнімдік және тұқымдық сапалары жоғарылайды, асыл тұқымды малдың жалпы мал санынан үлесі 10% дейін болады, бірінші және элита классты асыл тұқымды малдың үлесі 30%-дан жоғары болады. Қазіргі уақытта республикада кейбір асыл тұқымды шаруашылықтарда малдың сүт өнімділігінің деңгейі 6000,0 кг-нан асып, еуропа елдерінің деңгейіне жетті.
Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалалары бюджеттеріне көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май және басқа да тауарлы материалдық құндылықтардың бағасын төмендетуге, өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын көтеруге арналған ағымдағы нысаналы трансферттер:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің 14 -16 миллион гектар аумақта басымды дақылдар бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу бағасын төмендету.
Түпкі нәтиже: ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін, азық-түлік қауіпсіздігін және өндірістің агротехнологиялық айналымын қамтамасыз ету;
республиканың экспорттық әлеуетін және ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: отандық ауылшаруашылығы өнімін өндірушілері көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын, тыңайтқыштарды (органикалықтардан өзге), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алу шығынын өтеу орта шамамен 15-17% құрайды.
Уақтылығы: бағдарламада көрсетілген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: тұқым улағыштарды, тыңайтқыштарды гербицидтерді қолдану нәтижесінде өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сонымен қатар көктемгі - дала және күзгі егін жинау жұмыстарын уақтылы өтуін қамтамасыз ету.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау:
Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 8 545,378 миллион куб суармалы су беру жөніндегі қызметтердің құнын арзандату.
Түпкі нәтиже: суармалы жерлердің тиімділігін және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: суармалы судың бір текше метрінің нақты құны ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне сәйкес анықталады.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: суарылатын жерді сумен қамтамасыз етудегі үлесі 90% кем болмауы.
Жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын егуді және өсіруді қамтамасыз ету:
Тікелей нәтиже: жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпе ағаштарын тиісінше 450-550 гектар және 650-750 гектар алқапқа егу.
Түпкі нәтиже: жеміс шаруашылығының және жүзім шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: көп жылдық екпе ағаштарын егуге кететін шығындардың 40%-ын субсидиялау 1 гектарға кететін шығынды тиісінше 402,7 мың теңгеге және 855,8 мың теңгеге азайтуға мүмкіндік береді.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: республика тұрғындарын жеміс шаруашылығының және жүзім шаруашылығының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ жеміс дақылдары мен жүзім өнімдерінің сапасын және ассортиментін жақсарту есебінен отандық жеміс дақылдары мен жүзімді қайта өңдеу өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін көтеру.
Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын көтеруді субсидиялау: Тікелей нәтиже:
- сиыр етін өндірудің жалпы көлемі 348,3-тен 385,0 мың тоннаға дейін, шошқа еті - 196,5-тен 228,0-ге дейін, құс еті 45,7-ден 87,9 мың тоннаға дейін ұлғайтылуы;
- сиыр етінің, шошқа етінің және құс етінің импорттық үлесі 20,0 - 25,0-ға азайтылуы;
- ішкі нарықтың жоғары сапалы отандық өндірістен алынған сиыр етімен, шошқа етімен және құс етімен толықтырылуы.
Түпкі нәтиже:
- отандық ірі мамандандырылған кәсіпорындар мен шаруашылықтардың ет сатуды ұлғайтуы: сиыр етін - 11,2-тен 18,6 мың тоннаға дейін, шошқа етін - 8,0-ден 12,0 мың тоннаға дейін, құс етін - 30,2-тен 60,0 мың тоннаға дейін, немесе 2005 жылмен салыстырғанда, ретінше 18,6%-ға, 66,6%-ға және 100,3%-ға көтеруі.
Уақтылығы: осы кіші бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар белгіленген уақытта орындалады.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: құрама жемнің құнын арзандату арқылы сиыр етінің, шошқа етінің және құс етінің отандық өндірісін ынталандыру және ішкі нарықтағы импорттық ет өнімінің үлесін азайту жөніндегі шараларды дер кезінде жүргізудің нәтижесінде отандық мамандандырылған кәсіпорындар мен шаруашылықтардың сатқан етінің өзіндік құны 25,0% - 30,0%-ға төмендейді, соған байланысты 1 кг еттің сатылу бағасы 20,0% - 25,0%-ға төмендейді.
Сапасы: ішкі нарықта отандық өндірістен алынған еттің бәсекелеске қабілеттілігі оның сапасының мал мен құсты азықтандыру, күтіп бағу және бордақылау жағдайын жақсартуға байланысты жоғарылауының арқасында арта түседі. Тұтынушы отандық жоғары сапалы сиыр етін, шошқа етін және құс етін арзандау бағамен сатып ала алады.
Қазақстанның мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізуге:
Тікелей нәтиже: республикада өндірілетін мақта талшығының сапасын халықаралық стандарттар бойынша 682,0 мың сынама көлемде сараптамадан объективті түрде бума бойынша өткізуді қамтамасыз ету.
Түпкі нәтиже: мақта талшығын тиімді кешенді түрде талдау;
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мүдделерін қорғау, олардың табыстарын өсіру;
одан әрі экспортқа шығару үшін өсірілген мақтаға оңтайлы баға;
«әділетті» бағаны белгілеу есебінен мақта саласының табысын және бюджетке салықтық түсімдерді арттыру;
қазақстандық тоқыма өндірісінің беделін арттыру және тоқыма өнімдерін әлемдік нарыққа шығару;
мақтаның шынайы сапасы туралы нақты ақпарат;
бүкіл әлем бойынша өлшемнің сәйкестілігіне, дәлдігіне және тұрақтылығына кепіл беретін халықаралық стандарттарға сәйкес мақта талшығының сапасын бағалау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табысын 5%-ға дейін арттыру;
мақта талшығын экспортқа шығарған жағдайда 7,0-8,4 млн. АҚШ долларына ысырапты төмендету.
Уақтылығы: осы бағдарламада көзделген іс-шараларды белгіленген мерзімде орындау.
Сапасы: мақта талшығының сапасын сараптамадан өткізу бойынша халықаралық талаптарға сәйкес қызметтер көрсету;
қазақстандық мақта талшығын кешенді, объективті және тәуелсіз талдауды қамтамасыз ету;
қажетті сапа көрсеткіштерімен талшық бумасын дәл таңдап алу есебінен тоқыма фабрикалары өндіретін тауарлардың сапасын арттыру;
көрсетілген бағдарламаға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бөгетсіз қатысуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
110-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1122233 мың теңге (бір миллиард бір жүз жиырма екі миллион екі жүз отыз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жеткілікті көлемде, сапалы ауыз суына тұрғындардың қолын жеткізуді қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын, аса маңызды сумен жабдықтау топтық жүйелерінен ауыз су беруде көрсетілген қызметтердің құнын арзандату.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер | Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіпте Көкшетау өнеркәсіптік су құбыры, Орда, Каменск, Булаев, Есіл, Сергеев, Соколов, Преснов, Арыс, Шәуілдір, Сарыағаш, Жиделі, Октябрь, Арал-Сарыбұлақ, Қазба-Ақшымырау-Қызан, Атырау-Мақат топтық су құбырлары бойынша және Қаныш Сәтпаев атындағы канал бойынша ауыз су беру жөніндегі көрсетілген қызметтердің құнын субсидиялаудың дифференцияланған мөлшері бойынша арзандату. | Қаңтар -желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті |