кандидаттың және (немесе) оның сенім білдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның іскерлік беделiн түсiретiн жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де жағдайларда кандидатты тіркеуден бас тартады немесе оны тіркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезіне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердің дұрыс еместiгi анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берілмейдi.
7. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе тiркеу туралы шешiм күшiнiң жойылуына оны ұсынған мәслихат (мәслихаттар) немесе кандидаттың жеке өзi жетi күн мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым бере алады. Бұл ретте шағым берiлген күнiнен бастап жетi күн iшiнде қаралады.
8. Тиістi аумақтық сайлау комиссиясы Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол үш күндік мерзiмде Орталық сайлау комиссиясына табыс етiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 74-бап өзгертілді
74-бап. Кандидатурасын алып тастау, Сенат депутаттығына кандидат етiп ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою
1. Сенат депутаттығына кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс бepугe екі күн қалғанға дейiнгi кезеңде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтінiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
2. Кандидатты ұсынған мәслихат (мәслихаттар) тiркеуге дейiнгi және одан кейiнгi уақытта облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс жасау арқылы кандидат ұсыну жөніндегі өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.
3. Мұндай жағдайларда тиiстi сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.
4. Егер кандидатурасын алып тастау немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшiн жою осыған мәжбүр еткен себептерсiз жүргiзiлген болса, онда аумақтық сайлау комиссиясы сайлау науқанын өткізуге республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың бiр бөлiгiн кандидаттың немесе оны ұсынған тиiстi мәслихаттың есебiне жатқызуға хақылы.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 75-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
75-бап. Сенат депутаттығына кандидаттың сайлау қорының мөлшерi
Кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 76-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
76-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Тіркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде Сенат депутаттығына екіден кем кандидат қалған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала және астана), қалалық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, өз қаулысымен сайлаудың мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиiс.
2. Бұл жағдайда Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 77-бап өзгертілді
77-бап. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бiрлескен отырысын өткізу тәртібі
1. Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бiрлескен отырысында жүргiзiледi.
2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын сайланған депутаттар санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады.
3. Егер Сенат депутатын сайлау жөніндегі отырыста болған таңдаушылардың елу процентiнен астамы дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлген болып есептеледi.
4. Бiрлескен отырыста тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) мәслихатының хатшысы төрағалық етушi болып табылады.
5. Таңдаушылардың бiрлескен отырысына тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.
6. Бiрлескен отырыс өткiзiлетiн жерде тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.
7. Сенат депутаттарын сайлау жөніндегі бiрлескен отырыстың өткiзiлгенiн куәландыратын құжат тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) тиiстi мәслихат хатшысының сайлау комиссиясына тапсыратын бiрлескен отырыс хаттамасы болып табылады.
8. Бiрлескен отырыс тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының төрағасы Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыс беру нәтижелерiн жариялағаннан кейiн жабылады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 78-бап өзгертілді
78-бап. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау
1. Сенат депутаты сайлауындағы дауыс санау нәтижелерi тиiсiнше облыстық, қалалық сайлау комиссиясының (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) дауыс беру пунктiнде өткiзiлетiн мәжілісiнде анықталады.
2. Облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша Сенат депутатын сайлау жөніндегі дауыс санаудың хаттамасын жасайды, оған:
1) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қол қояды;
2) таңдаушылардың бiрлескен мәжілісiнде жария етiледi;
3) сайлау күнiнен бастап екi күннен аспайтын мерзiм iшiнде Орталық сайлау комиссиясына жiберiледi.
3. Дауыс санау нәтижесiн анықтауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 79-бап өзгертілді
79-бап. Сенат депутатын сайлау кезiнде қайта дауыс беру
1. Егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бiрде-бiрi сайланбаса, тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясы ең көп дауыс алған екi кандидат бойынша қайта дауыс берудi тағайындайды. Кандидаттардың бipeуi шығып қалған жағдайда, сайлау бюллетеніне неғұрлым көп дауыс алған келесi кандидат енгiзiледi.
2. Қайта дауыс беру осы Конституциялық заңның талаптары сақтала отырып, бастапқы дауыс беру болған күнi өткiзiледi.
3. алынып тасталды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 80-бап өзгертілді
80-бап. Сенат депутаттарын қайта сайлау
1. Егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша қайта сайлау өткізу жөнiнде шешiм қабылдайды.
2. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзедi. Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мен тiркеу, қайта сайлау кезiнде жүзеге асыру көзделген басқада шаралар осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларының қысқартылған мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
3. Қайта сайлау туралы хабар жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
4. алынып тасталды
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 81-бап өзгертілді
81-бап. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтау және жариялау
1. Республика бойынша тұтас алғанда Сенат сайлауының қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей шығарады.
2. Сенат депутаты сайлауында:
1) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған;
2) қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн дауысын алған;
3) алынып тасталды
3. Сайлаудың қорытындыларын анықтауға және жариялауға байланысты өзге де мәселелер осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
ҚР 19.06.97 ж. № 133-1; 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңдарымен 81-бап өзгертілді
82-бап. Сенат депутаттарын тiркеу
1. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы) сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде Сенаттың сайланған депутаттарын тiркейдi.
2. Орталық сайлау комиссиясы тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) сайлау комиссиясының ұсынысы немесе таңдаушылардың арыздары бойынша, егер сайлау барысында немесе дауыстарды санау не дауыс беру нәтижелерiн анықтау кезiнде осы Конституциялық заңның бұзу орын алған болса, Сенат депутаты сайлауын жарамсыз деп табуы және Сенат депутатын тiркеуден бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте Орталық сайлау комиссиясының осы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күн iшiнде Сенат депутаттығына кандидат сотқа шағым бере алады, ол он күн мерзiм iшiнде шешiм қабылдайды.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 83-бап өзгертілді
83-бап. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізу
1. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауы Сенат депутаттарын кезектен тыс сайлау үшiн осы Конституциялық заңда белгiленген ережелерге сәйкес өткiзiледi. Бұл ретте сайлау шараларын өткізу мерзiмiн Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi.
2. Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткiзiлмейдi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 84-бап өзгертілді
84-бап. Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi Конституциялық Кеңестiң қарауы
1. Республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Республика Премьер-Министрінің сайлау қорытындылары шығарылғаннан кейiн он күн iшiнде берiлуi мүмкін өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес дау туындаған жағдайда Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Бұл жағдайда сайланған Сенат депутаттарын тiркеу өтiнiштi қарау уақытына тоқтатыла тұрады.
2. Орталық сайлау комиссиясы Сенат депутаттары сайлауын өткізудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.
3. Конституциялық Кеңес Конституцияны бұзу анықталған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде Сенат депутаттары сайлауын Конституцияға сәйкес емес деп таныған жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы осы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi сайлауды жарамсыз деп тану және сайлау жарамсыз деп танылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде екi ай iшiнде қайта сайлау өткізу туралы шешiм қабылдайды.
12-тарау. Республика Парламентi Мәжілісiнiң
депутаттарын сайлау
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен 85-бап өзгертілді
85-бап. Мәжіліс депутаттарын сайлауын тағайындау
1. Мыналар:
1) Мәжіліс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi кезектi сайлауды;
2) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы кезектен тыс сайлауды;
3) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, депутатты мандатынан айыру не оның қайтыс болуы шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын тағайындауға негiз болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрмей өткiзiледi.
3. Осы баптың 1-тармағының 2)-тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi бiр мезгiлде Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы шешiм қабылдай отырып, Парламенттiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап екi айдың iшiнде тағайындайды.
4. Осы баптың 1-тармағының 3)-тармақшасында көзделген жағдайларда шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын депутат мандаты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және одан айырылған не ол қайтыс болған сәттен бастап үш айдан кешiктiрмей Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды.
5. Сайлау күнi Конституцияның 41-бабының 3-тармағының талаптары ескерiле отырып белгiленедi.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 86-бап өзгертілді
86-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарға қойылатын талаптар
Мәжіліс депутаты болып сайлану үшiн азамат Конституцияның 51-бабының 4-тармағында белгiленген талаптарды қанағаттандыруға, сондай-ақ Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарына және осы Конституциялық заңға сәйкес белсендi сайлау құқығына ие болуға тиiс.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 87-бап өзгертілді
87-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну
1. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларда, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi.
2. Саяси партиялардың Мәжілiс депутаттығына кандидаттар ұсынуын олардың жоғары органдары әрбiр кандидат дауысқа түсетiн сайлау округiн көрсете отырып жүргiзедi. Саяси партияның депутаттыққа кандидат етiп осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбiр сайлау округiнде Мәжіліс депутаттығына бiр ғана кандидатты ұсына алады. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi. Бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округінiң аумағы бойынша Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тiзiмге енгізудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргізуге құқығы жоқ. Бiрыңғай жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілiс депутаттығына сайлану үшiн партиялық тiзiмге енгізiлген адамның аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ.
2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртібін дербес белгiлейдi. Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бiрге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттiгi тиiстi құжаттармен расталуға тиiс.
2-2. Саяси партиялар сайлау өткізу кезеңiнде сайлау блоктарын құра алады, олар Орталық сайлау комиссиясында тiркеледi. Сайлау блоктарын кемiнде екi саяси партия құра алады.
Саяси партия сайлау өткізу кезеңiнде бiр ғана сайлау блогына кiре алады. Сайлау блогына кіру туралы шешiмдi саяси партияның жоғары органы қабылдайды.
Сайлау өткізу кезеңiнде сайлау блоктарына осы Конституциялық заңда саяси партиялар үшiн көзделген ережелер қолданылады.
Саяси партиялардың жоғары органдары сайлау блогын құру немесе оған кіру туралы шешiм қабылдағаннан кейін осы саяси партиялардың уәкілетті өкілдері сайлау блогын құру туралы бiрлескен шешiмге (келiсімге) қол қояды.
Сайлау блогын басқару үшiн үйлестіру кеңесi құрылады, оның құрамына сайлау блогына кіретін саяси партиялардың уәкілетті өкілдері кiредi.
Сайлау блогын тіркеу үшiн оның уәкілетті өкілi Орталық сайлау комиссиясына мынадай құжаттарды:
1) саяси партиялардың жоғары органдарының сайлау блогына кіру туралы хаттамаларынан үзіндіні;
2) саяси партиялардың уәкiлеттi өкілдерi қол қойған және осы саяси партиялардың мөрлерiмен куәландырылған сайлау блогын құру туралы бірлескен шешімдi ұсынады.
Сайлау блогының атауында ұлттық, этникалық, дiни, өңiрлiк, қауымдық және гендерлік белгілердi көрсетуге, жеке адамдардың есiмдерi мен тектерін пайдалануға жол берiлмейдi.
Саяси партияның жоғары органы сайлау блогына кіру туралы шешім қабылдай отырып, сайлау блогынан жалпы партиялық тiзiмге кіретін адамдарды және (немесе) аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттар болып қаралатын адамдарды ұсынуға құқылы.
Сайлау блогының үйлестіру кеңесi саяси партиялардың жоғары органдары ұсынған адамдардан жалпы партиялық тiзiмдi қалыптастырады және оған кiретiн адамдардың кезектілігiн айқындайды.
Сайлау блогының үйлестiру кеңесi саяси партияның жоғары органы ұсынған кандидаттардан аумақтық сайлау округтерi бойынша ұсынылатын бiрыңғай кандидаттарды айқындауға құқылы.
Сайлау блогынан аумақтық сайлау округы бойынша бiрыңғай кандидаттың сайлау қорына сайлау блогына кiретiн саяси партиялардан қаражат түсуi мүмкiн, бiрақ ол осы Конституциялық заңда кандидаттардың сайлау қорлары үшін белгіленген шектерден аспауға тиiс.
Сайлау блогы сайлау қорытындылары шығарылғаннан және депутаттық мандаттар бөлiнгеннен кейiн өз қызметін тоқтатады.
3. Саяси партияның жоғары органының шешiмi:
1) ұсынылған кандидаттың назарына жеткiзiледi;
2) кандидаттың дауысқа түсу келісімi туралы өтiнiшiмен бiрге округтiк сайлау комиссиясына жiберiледi.
4. Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың өзiн-өзi ұсынуы азаматтардың тиiстi округтiк сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округi бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiш беру жолымен жүргiзедi.
5. Округтiк сайлау комиссиясы үш күн iшiнде кандидаттың Конституцияда және осы Конституциялық заңда өзiне қойылған талаптарға сәйкестiгiн анықтайды.
6. Ешкiм бiреуден артық сайлау округiнен кандидат болып ұсыныла алмайды.
7. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсыну сайлауға дейiн екi ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады.
8. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi тиiстi сайлау округі бойынша Мәжілістің депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы тиiстi округтік сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 88-бап өзгертілді
88-бап. Сайлау жарнасы
Мәжілістiң депутаттығына әрбiр кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Кандидат сайлау қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған немесе кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Саяси партия сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайда, сондай-ақ партиялық тiзiмге енгiзiлген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылмауға тиіс және республикалық бюджет кірісіне алынады.
ҚР 08.05.98 ж. № 222-I; 06.05.99 ж. № 375-I; 28.06.99 ж. № 407-I; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 44-III (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңдарымен 89-бап өзгертілді
89-бап. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тiркеу
1. Депутаттыққа кандидаттарды тiркеудi округтiк сайлау комиссиялары жүзеге асырады. Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады.
1-1. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы белгілеген тәртiппен және нысанда табысы және мүлкi туралы декларациялар ұсынады.
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары кандидат және партиялық тiзiмдер тiркелген күннен бастап он бес күн iшiнде тексереді.
Бұл ретте салық қызметi органдарының кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы мәлiметтер беру жөнiнде талап алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн ішінде беруге міндетті.
2. Саяси партиядан ұсынылған кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүргiзiледi:
1) саяси партияның жоғары органы отырысының осы саяси партияның әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген тиiстi сайлау округі бойынша кандидат ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзiндi көшірме;
2) азаматтың өзiн ұсынған саяси партиядан осы сайлау округi бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімi туралы өтiнiшi;
3) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
3-1) алынып тасталды
3-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
4) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат;
5) кандидаттың өзін ұсынған саяси партияның мүшесi екендiгiн растайтын құжат.
3. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда кандидатты тiркеу мынадай құжаттар болған жағдайда жүзеге асырылады:
1) азаматтың осы сайлау округi бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi;
2) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;
2-1) алынып тасталды
2-2) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;
3) кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат.
4. Тiркеуге Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
5. Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды тiркеу туралы округтiк сайлау комиссиясы хаттама жасайды, ол бес күн мерзiм iшiнде Орталық және тиiстi аумақтық сайлау комиссияларына табыс етiледi.
6. Округтiк сайлау комиссиясы:
1) кандидаттар тiркелгеннен кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында әр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын қызметiн (жұмысын), жұмыс орнымен тұрғылықты жерiн, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай, оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тiркеу туралы хабар жариялайды.
2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiктер бередi;
3) мынадай жағдайда:
кандидат ұсыну ережелерін бұзған, тiркеу үшiн қажеттi құжаттарды табыс етпеген;
кандидат Конституцияда және осы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сай келмеген;
кандидат өзiнiң сайлау алдындағы науқанында лауазымдық немесе қызмет жағдайын пайдаланған;
кандидат сайлау алдындағы үгiттi өзін тiркегенге дейiн, сайлау күні не соның алдындағы күні жүргізген;
кандидаттың және (немесе) оның сенім бiлдiрiлген адамдарының басқа кандидаттың ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн, оның iскерлiк беделiн түсіретін жалған мәлiметтердi таратқан фактiсiн сот анықтаған;
сот кандидат пен оның сенім бiлдiрілген адамдарының сайлаушыларды сатып алу фактілерін анықтаған;
осы Конституциялық заңда белгіленген өзге де жағдайларда кандидатты тiркеуден бас тартады немесе оны тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;
3-1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңдарына сәйкес кандидаттың немесе оның жұбайының (зайыбының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместігі анықталған жағдайда кандидатты тiркеу туралы шешiмнің күшін жояды.
Тiркеуден бас тартуға немесе тiркеудiң күшін жоюға қатысты кандидаттар тиiстi сотқа шағым жасай алады.
Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешімнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.
7. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi тiркеу мынадай құжаттар:
1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлігінде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар;