24.3. Велосипед пен мопед жүргiзушiлерiне:
ең болмағанда бiр қолымен рульден ұстамай жүруге;
сенiмдi аяқ тiрегiшпен жабдықталған қосымша орындықта 7 жасқа дейiнгi баладан басқа жолаушыларды тасымалдауға;
көлемiнiң ұзындығынан немесе енiнен 0,5 м артық шығып тұратын жүктердi немесе басқаруға кедергi келтiретiн жүктердi тасымалдауға;
қатарында велосипед жолы болғанда жол бойымен қозғалуға;
трамвай қозғалысы бар және осы бағытқа қозғалу үшiн бiр жол жолағынан артық болғанда солға бұрылуға немесе керi бұрылуға тыйым салынады.
Велосипед және мопедтiң пайдалануына арналған тiркемеден басқа велосипедтердi және мопедтердi, сондай-ақ велосипедпен және мопедпен сүйретуге тыйым салынады.
24.4. Велосипед жолының көше қиылысынан тыс орналасқан, реттелмейтiн өтпесiнде велосипед пен мопедтердiң жүргiзушiлерi осы жолмен қозғалып келе жатқан көлiк құралдарына жол беруi тиiс.
Көлiк-арба (шана) жүргiзушiсi шектеулi шолынатын жерлерде жанасып жатқан аумақтан және екiншi дәрежелi жолдан жолға шығу кезiнде малды жүгенiнен ұстап алып жүруi тиiс.
24.5. Малдарды, ереже бойынша, тәулiктiң жарық уақытында айдап өту керек. Мал айдаушылар малдары мүмкiндiгiнше жолдың оң жақ шетiне жақын бағыттауы тиiс.
24.6. Тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында мал топтарын жолдың бойымен немесе ол арқылы айдаған кезде мал айдаушылар жолда мал бар екендiгiн ескерту үшiн жүргiзушiлерге сигнал беруi тиiс.
Ескертпе. Шырақпен немесе фонарьмен қолдың шеңбер жасай қозғалуы сигнал болып табылады, мұндайда берiлетiн сигнал мал топтарынан жақындап келе жатқан көлiк құралдарының бағытында, 10-15 метр ара қашықтықта болуы тиiс.
24.7. Теміржол жолдары арқылы айдағанда мал айдаушылар мал санын әр торты қауiпсiз айдап өтудi қамтамасыз ететiндей болуын ескере отырып, топтарға бөлуi тиiс.
24.8. Көлiк-арбаның (шананың) жүргiзушiлерi, мал айдаушылар мен жүк артылған және мiнiс малының және малдың иелерiне мыналарға:
малдың қатты төсенiштi жолдарға шығып кетуi мүмкiн жағдайларда оларды қадағалаусыз қалдыруға;
малдарды теміржол жолдары арқылы және арнаулы белгiленген жерлерден тыс, сондай-ақ тәулiктiң қараңғы уақытында және жеткiлiксiз көрiну жағдайында (түрлi деңгейдегi мал айдаудан басқа) айдап өтуге;
малдарды, өзге жолдар бола тұрып, асфальтты және цемент-бетон төселген жолдармен алып жүруге тыйым салынады.
1-қосымша
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен тақырып жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жол белгiлерi* (ҚР СТ 1125-2002 және 23457-86 ГОСТ-ы бойынша)
Жол белгiлерiн таңбалау Қазақстан Республикасының стандарттау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Ескерту белгiлерi
ҚР Үкіметінiң 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 1 бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ескерту белгiлерi жүргiзушiлерге олардың бойымен қозғалу тиiстi жағдайға байланысты шара қабылдауды талап ететiн жолдың қауiптi учаскесiнiң жақындағандығын хабарлайды.
1.1. "Шлагбаумы бар теміржол өтпесi".
Жол белгiлерiн нөмiрлеу ҚР СТ 1125-2002-гe сәйкес келедi.
Жол белгiлерiнiң атаулары мен кескiндеулерi 2-суретте
келтiрiлген.
1.2. "Шлагбаумы жоқ теміржол өтпесi".
1.3.1. "Бiр жолды теміржол", "Көп жолды теміржол". Шлагбауммен жабдықталмаған теміржол арқылы өтпенi белгiлеу: 1.3.1.- бiр жолмен, 1.3.2. - екi және одан көп жолмен.
1.4.1. - 1.4.6. "Теміржол өтпесiне жақындау". Елдi мекеннен тыс теміржол өтпесiнiң жақындағаны туралы қосымша ескерту.
1.5. "Трамвай желісімен кесiп өту".
1.6. "Тең мағыналы жолды кесiп өту".
1.7. "Айналысты қозғалыспен кесiп өту".
1.8. "Бағдаршам реттеуi". Қозғалыс бағдаршаммен реттелетiн қиылыс, жаяу жүргiншi өтпесi немесе жол учаскесi.
1.9. "Айырылатын көпiр". Айырылатын көпiр немесе паром өткелi.
1.10. "Жағалауға шығу", Жағалауға немесе жағаға шығу.
1.11.1., 1.11.2. "Қауiптi бұрылыс". Шағын радиусты немесе көрiнуi шектеулi жолдың доғалануы: 1.11.1. - оңға, 1.11.2. - солға.
1.12.1., 1.12.2. "Қауiптi бұрылыстар". Қауiптi бұрылыстар бар жол учаскелерi: 1.12.1.- бiрiншi бұрылыспен оңға, 1.12.2. - бiрiншi бұрылыспен солға.
1.13. "Тiк еңiс".
1.14. "Тiк өрлеу".
1.15. "Тайғақ жол". Жүрiс бөлiгiнiң қатты тайғанақ жол учаскесi.
1.16. "Тегiс емес жол". Жүрiс бөлiгiнде тегiс емес жерлерi бар жол учаскесi (толқынданған, шығыңқы, көпiрлермен үйлесiмсiз жалғасқан және с.с.).
1.16.1 "Жасанды ойлы-қырлылық".
1.17. "Қиыршық тас шашылған". Қиыршық тас, ұсатылған тас және сол сияқтылардың көлiк құралдарының дөңгелегi астынан шашырауы мүмкiн жол учаскесi.
1.18.1.-1.18.3. "Жолдың тарылуы". 1.18.1.- екi жағынан, 1.18.2. оң жағынан, 1.18.3. - сол жағынан тарылуы.
1.19. "Екiжақты қозғалыс". Қарама-қарсы қозғалысты жол учаскесiнiң (жүрiс бөлiгiнiң) басталуы.
1.20. "Жаяу жүргiншi өтпесi". 5.16.1., 5.16.2. және (немесе) белгiлерiмен 1.14.1-1.14.3. таңбаларымен белгiленген жаяу жүргiншi өтпесi.
1.21. "Балалар". Жүрiс бөлiгiне балалар шыға келуi мүмкiн балалар мекемесiне (мектептер, сауықтыру лагерлерi және сол сияқтылар) жақын жердегi жол учаскесi.
1.22. "Велосипед жолымен қиылыс".
1.23. "Жол жұмыстары".
1.24. "Мал айдау".
1.25. "Жабайы хайуанаттар".
1.26. "Тас түсу". Опырылып құлау, ысырма жүру, тас түсуi мүмкiн болатын жол учаскелерi.
1.27. "Бүйiрден соғатын жел".
1.28. "Төмен ұшатын ұшақтар".
1.29. "Тоннель". Жасанды жарықтандыруы және тоннель немесе кіру порталының көрiнуi шектеулi тоннель.
1.30. "Басқа қауiптіліктер". Басқа ескерту белгiлерiмен көзделмеген қауiптіліктерi бар жол учаскелерi.
1.31.1., 1.31.2. "Бұрылыс бағыты". Көрiнуi шектеулi шағын радиусты жол доғалануындағы қозғалыс бағыты. Жолдың жөнделетiн учаскесiн айналып өту бағыты.
1.31.3. "Бұрылыс бағыты". Т үлгiсіндегі жол қиылысында немесе ол тармақталуындағы қозғалыс бағыты. Жолдың жөнделетiн учаскесiн айналып өту бағыты.
1.31.4, 1.31.5 "Бұрылыстың бағыты".
1.32.1, 1.32.2 және 1.32.3 "Кедергiнi айналып өту".
1.1., 1.2., 1.5-1.30. ескерту белгiлерi қауiптi учаске басталғанға дейiн елдi мекеннен тыс жерлерде 150-300 м қашықтықта, ал елдi мекендерде және тұрғын аймақтарда 50-100 м қашықтықта орнатылады. Қажет болған жағдайларда белгiлер 7.1.1. табличкасында көрсетiлетiн өзге қашықтықтарда да орнатылуы мүмкiн.
1.13. және 1.14. белгiлерi, егер еңiстер мен өрлеулер бiрiнен соң бiрi келетiн болса, тiкелей еңiстiң немесе өрлеудiң басталысы алдында 7.1.1. табличкасыз орнатылуы мүмкiн.
1.23 белгiсi жүріс бөлiгiнде қысқа мерзiмдiк жұмыстар жүргiзiлген кезде жұмыс жүргiзiлетiн жерге дейiн 10-15 м ара қашықтықта орнатылуы (7.1.1. табличкасыз) мүмкiн.
Елдi мекендерден тыс жерлерде 1.1, 1.2, 1.9, 1.10, 1.21 және 1.23 белгiлерi қайталанады. Екiншi белгi қауiптi учаске басталғанға дейiн кемiнде 50 м арақашықтықта орнатылады.
1.4.1 - 1.4.3 белгiлерi жолдың оң жағынан, ал 1.4.4 - 1.4.6 -сол жағынан қойылады. 1.4.1 және 1.4.4 белгiлерi - 1.1 немесе 1.2 белгiсiмен қозғалыстың бағытымен, ал 1.4.2 және 1.4.5 белгiлерi өздiгiнен, 1.1 немесе 1.2 бiрiншi және екiншi белгiлерiнiң арасына бiрдей арақашықтықта қойылады.
1.3.1 және 1.3.2 белгiлерi тiкелей теміржол өтпесiнiң алдына қойылады.
2. Басымдылық белгiлерi
Басымдылық белгiсi жүрiс бөлiгiнiң немесе жолдың жiңiшкерген учаскелерiнiң көше қиылыстарын өтпелерiн кесiп өту кезектілігiн белгiлейдi.
2.1 "Басты жол". Реттелмейтiн қиылыстарда басымдылықпен өту құқығы берiлген жолдар.
2.2 "Басты жолдың аяқтаулы".
2.3.1 "Екiншi дәрежелi жолмен қиылысу".
2.3.2, 2.3.3 "Екiншi дәрежелi жолға жанасу". 2.3.2 - оң жақтан, 2.3.3. - солдан жанасу.
2.4 "Жол берiңiз". Жүргiзушi қиылысатын, ал 7.13 табличкасы болғанда басты жолдың бойымен қозғалатын көлiк құралдарына жол беруi тиiс.
2.5 "Аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады". Тоқтау-сызығының алдынан, ол жоқ болса - қиылысатын жүрiс бөлiгiнiң шетiне жетпей аялдама жасамай қозғалуға тыйым салынады. Жүргiзушi қиылысатын жол бойымен, ал 7.13 табличкасы болғ,ан кезде - басты жолмен қозғалатын көлiк құралына жол беруi тиiс.
2.5 белгiсi теміржол өтпесi немесе карантин посты алдынан қойылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда жүргiзушi тоқтау-сызығының, ал ол жоқ болса - белгiнiң алдында аялдауы тиiс.
2.6. "Қарама-қарсы қозғалыстың басымдылығы". Егер бұл қарама-қарсы қозғалысты қиындататын болса, жолдың тар учаскесiне шығуға тыйым салынады. Жүргiзушi тар учаскедегi немесе қарама-қарсы оған кіру жолындағы қарама қарсы көлiк құралына жол беруi тиiс.
2.7 "Қарама-қарсы қозғалыс алдындағы басымдылық". Қарама-қарсы көлiк құралына қарағанда оның бойымен жүргенде жүргiзушi басымдылықпен пайдаланатын жолдың тар учаскесi.
3. Тыйым салатын белгiлер
Тыйым салатын белгiлер қозғалысқа белгiлi бiр шектеулер енгiзедi немесе оларды жояды.
3.1 "Кiруге тыйым салынады". Осы бағыттағы барлық көлiк құралдарының кіруiне тыйым салынады.
3.2. "Қозғалысқа тыйым салынады". Барлық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.3. "Механикалық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".
3.4. "Жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салынады". Жүк автомобильдерi мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т астам (егер белгiде массасы көрсетiлмесе) немесе рұқсат етiлген ең жоғары массасы белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының составтарының, сондай-ақ тракторлар мен өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тый,,ым салынады. 3.4 белгiсi борттарында төмен көлбеу ақ жолағы бар немесе адамдарды тасуға арналған жүк автомобильдерiнiң қозғалысына тыйым салмайды.
3.5 "Мотоциклдердiң қозғалыс,ына тыйым салынады".
3.6 "Тракторлардың қозғалысына тыйым салынады". Тракторлардың және өздiгiнен жүретiн машиналардың қозғалысына тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 3.7.-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3.7 "Тiркемелi көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады".
3.8 "Көлiк-арба қозғалысына тыйым салынады". Көлiк-арбаның (шананың), адам мiнген және жүк артылған малдардың қозғалуына, сондай-ақ мал айдауға тыйым салынады.
3.9. "Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады". Велосипедтер мен мопедтердiң қозғалысына тыйым салынады.
3.10 "Жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына тыйым салынады".
3.11. "Массаны шектеу". Нақты жалпы массалары белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдары, оның iшiнде көлiк құралдары составтарының қозғалысына тыйым салынады.
3.12 "Оське түсетiн жүктеменi шектеу". Қандай болса да оське түсетiн нақты жүктемесi белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.13. "Биiктiктi шектеу". Көлемдiк биiктiгi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.14 "Енiн шектеу". Көлемдiк енi (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.15 "Ұзындықты шектеу". Кө,,лемдiк ұзындығы (жүкпен немесе жүксiз) белгiде көрсетiлгеннен артық көлiк құралдарының (көлiк құралдары составының) қозғалысына тыйым салынады.
3.16 "Ең төменгi аралықты шектеу". Олардың арасындағы аралық белгiде көрсетiлгеннен кем көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.17 "Кеден", Кеден (бақылау пунктiнiң) жанында аялдамасыз өтуге тыйым салынады.
3.17.2 "Қауiптілік", Жол-көлiк оқиғаларына, аварияға немесе басқа қауiптіліктерге байланысты, әрi қарай барлық көлiк құралдарының қозғалысына ерекшелiксiз тыйым салынады.
3.18.1 "Оңға бұрылуға тыйым салынады".
3.18.2 "Солға бұрылуға тыйым салынады".
3.19 "Керi бұрылуға тыйым салынады".
3.20 "Басып озуға тыйым салынады". 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа, барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.21 "Басып озуға тыйым салынатын аймақтың аяқталуы".
3.22 "Жүк автомобильдерiне басып озуға тыйым салынады". Рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдерiне 30 км/сағ кем жылдамдықпен қозғалатын, жекелегендерiнен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады. Тракторларға көлiк-арба және велосипедтен басқа барлық көлiк құралдарын басып озуға тыйым салынады.
3.23 "Жүк автомобильдерiнiң басып озуына тыйым салу аймағының аяқтаулы".
3.24 "Ең жоғары жылдамдық,ты шектеу". Белгiде көрсетiлгеннен артық жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға тыйым салынады.
3.25 "Ең жоғары жылдамдықты шектеу аймағының аяқталуы".
3.26 "Дыбыстық сигнал беруге тыйым салынады". Сигнал жол-көлiк оқиғаларын болдырмау үшiн берiлгеннен басқа жағдайларда дыбыс сигналына тыйым салынады.
3.27 "Аялдауға тыйым салынады". Көлiк құралдарының аялдауына және тұруына тыйым салынады.
3.28 "Тұруға тыйым салынады". Көлiк құралдарының тұруына тыйым салынады.
3.29 "Айдың дақ күндерi тұруға тыйым салынады".
3.30 "Айдың жұп күндерi тұруға тыйым салынады". 3.29 және 3.30 белгiлерiн бiр мезгiлде қолданғанда көлiк құралдарын бiр жақтан екiншiсiне орын ауыстыру уақыты - 19-дан 21 сағатқа дейiн.
3.31 "Барлық шектеу аймақтарының аяқтаулы". Бiр мезгiлде 3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26 - 3.30 белгiлерiнiң бiр мезгiлде бiрнешеуiн қолдану аймағының аяқталуы.
3.32 "Көлiк құралдарының қауiптi жүкпен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған көлiк құралдарының қозғалуына тыйым салынады.
3.33 "Көлiк құралдарының жарылғыш және оңай тұтанатын жүктермен қозғалуына тыйым салынады". "Қауiптi жүк" айырым белгiсiмен жабдықталған және 19433-88 ГОСТ-ы бойынша, 1.2.2-2.4, 3.1, 3.2, 5.2 сыныптарының қауiптi жүктерiн тасымалдауға арналған көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
3.2-3.9, 3.32 және 3.33 белгiлерi тиiстi көлiк құралдары түрлерiнiң екi бағытқа қозғалуына тыйым салады.
Мына белгiлердiң күшi қолдан,ылмайды:
3.1-3.3, 3.18.1, 3.18.2, 3.19, 3.27 - маршруттық көлiк құралдарына;
3.2-3.8 - белгiленген аймақт,а орналасқан кәсiпорындарға қызмет етедi, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсетедi немесе солардың меншiгi. Мұндай жағдайларда көлiк құралдары белгiленген аймаққа белгiленген жерге жақын қиылыстан кіруi немесе содан шығуы керек;
3.28-3.30 - таксометрi iске қосылу таксиге;
3.2, 3.3, 3.28-3.30 - I және II топтағы мүгедектер басқаратын немесе осындай мүгедектердi тасымалдайтын көлiк құралдарына.
3.18.1, 3.18.2 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған қиылысына қолданылады.
3.16, 3.20, 3.22, 3.24, 3.26-3.30 белгiлерi қолданылатын аймақтар белгi қойылған жерден бастап жақын жердегi қиылысқа дейiн, ал елдi мекендерде қиылыс жоқ болса - елдi мекен аяқталғанға дейiн қолданылады. Жолға жанасып жатқан аумақтан шығатын жерде белгiлердiң күшi сақталады.
5.22 белгiсiмен белгiленген елдi мекеннiң алдына қойылған 3.24 белгiсiнiң күшi осы белгiге дейiн қолданылады.
Белгiлердiң күшi қолданылатын аймақ мынадай жағдайларда кiшiреуi мүмкiн:
7.2.1 табличкасын қолданумен 3.16 және 3.26 белгiлерi үшiн;
3.20, 3.22, 3.24 белгiлерi үшiн аймақтың соңына қойылғанда немесе 7.2.1 табличкасын қолданумен олардың күшi 3.21, 3.23, 3.25 белгiлерiне сәйкес келедi. 3.24 белгiсiнiң қолданылу аймағы 3.24 белгiсiн қозғалыстың ең жоғары жылдамдығының басқа мәнiмен кiшiреюi мүмкiн;
3.27-3.30 белгiлерi үшiн 7.2.3. табличкасымен 3.27-3.30 қайталама белгiлерiнiң немесе 7.2.2. табличкасын қолданумен олардың күшi жүретiн аймақтың соңында қойылғанда;
3.27 белгiсi 1.4 таңбасымен бiрге қолданылуы мүмкiн, ал 3.28 белгiсi - 1.10 таңбалауымен, мұндайда белгiлердiң қолданылу аймағы таңбалау сызығының ұзындығымен айқындалады.
3.10, 3.27 - 3.30 белгiлерiнiң күшi жолдың олар қойылған жағына ғана қолданылады.
4. Алдын ала жазылатын белгiлер
4.1.1 "Тiке қозғалыс", 4.1.2 "Оңға қозғалыс", 4.1.3 "Солға қозғалыс", 4.1.4 "Тiке немесе оңға қозғалыс", 4.1.5 "Тiке немесе солға қозғалыс", 4.1.6 "Оңға және солға қозғалыс". Белгiлерде бағыттауыштармен көрсетiлген бағыттарда ғана қозғалуға рұқсат етiледi. Солға бұрылуға рұқсат ететiн белгiлер керi бұрылуға да рұқсат бередi (4.1.1 - 4.1.6 белгiлерi нақты кесiп өтулерде қозғалыстың тиiстi талап етiлетiн бағытына бағыттаушы кескiндердiң үйлесiмiмен қолданылуы мүмкiн).
4.1.1-4.1.6 белгiлерiнiң күшi маршруттық көлiк құралдарына қолданылмайды.
4.1.1-4.1.6 белгiлерiнiң күшi жүрiс бөлiгiнiң алдына белгi қойылған өтпелерге қолданылмайды.
Жол учаскесiнiң басталысында қойылған 4.1.1 белгiлерiнiң күшi жақын жердегi қиылысқа дейiн қолданылады. Белгi жолға жанасып жатқан аумаққа оңға бұрылуға тыйым салмайды.
4.2.1 "Кедергiнi оң жағынан айналып өту", 4.2.2 "Кедергiнi сол жағынан айналып өту". Бағыттауышпен көрсетiлген жағынан ғана айналып өтуге рұқсат етiледi.
4.2.3 "Кедергiнi оң немесе сол жағынан айналып өту". Кез келген жақтан айналып өтуге рұқсат етiледi.
4.3 "Айналма қозғалыс". Бағыттауыштармен көрсетiлген бағытта қозғалуға рұқсат етiледi.
4.4. "Жеңiл автомобильдер қозғалысы". Жеңiл автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, маршруттық көлiк құралдары мен рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3.5 т аспайтын жүк автомобильдерiнiң қозғалысына рұқсат етiледi.
Белгi белгiленген аймақта орналасқан кәсiпорындарға қызмет көрсететiн, сондай-ақ белгiленген аймақта тұратын немесе жұмыс iстейтiн азаматтарға қызмет көрсететiн немесе олардың меншiгіндегі басқа көлiк құралдарының қозғалысына да рұқсат бередi.
4.5. "Велосипед жолы". Велосипедпен және мопедпен ғана қозғалуға рұқсат етiледi. Велосипед жолымен сондай-ақ жаяу жүргiншiлер де қозғала алады (тротуар, жаяу жүргiншi жолы немесе жол жағалауы болмағанда).
4.6 "Жаяу жүргiншiлер жолы". Тек қана жаяу жүргiншiлердiң қозғалуына рұқсат етiледi.
4.7 "Ең төменгi қозғалысты шектеу". Тек қана көрсетiлген немесе көбiрек жылдамдықпен (км/сағ) қозғалуға рұқсат етiледi.
4.8. "Ең төменгi жылдамдықты шектеу аймағының соңы".
ҚР Үкіметінің 2005.12.10. № 1021 қаулысымен 4.9.-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4.9. "Қауiптi жүгi бар көлiк құралдары қозғалысының бағыты". "Қауiптi жүк" деген айырым белгiмен жабдықталған көлiк құралына 4.9.1 - оңға, 4.9.2 - солға, 4.9.3 - тiке белгiлерiнде көрсетiлген бағыттарда қозғалуға рұқсат етiледi.
5. Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер
Ақпараттық-көрсеткiштiк белгiлер қозғалыстың белгiлi бiр режимдерiн енгiзедi немесе күшiн жояды, сондай-ақ елдi мекендер мен басқа да объектiлердiң орналасуы туралы хабарлайды.
5.1. "Автоарна". Ережелердiң талаптары қолданылатын, автоарналар бойынша қозғалыстың тәртiптерiн белгiлейтiн жол.
5.2. "Автоарнаның аяқталуы".
5.3. "Автомобильдерге арналған жол". Автомобильдер мен мотоциклдердiң ғана қозғалысына ғана арналған жол.
5.4. "Автомобильдерге арналған жолдың аяқталуы".
5.5. "Бiржақты қозғалыстағы жол". Көлiк құралдарының қозғалысы бүкiл енi бойынша бiржақты бағытта жүзеге асырылатын жол немесе жүргiн бөлiк.
5.6. "Бiржақты қозғалыстағы жолдың аяқталуы".
5.7.1., 5.7.2. "Жолға бiржақты қозғалыспен шығу". Жолға немесе жүргiн бөлiкке бiржақты қозғалыспен шығу.
5.8.1. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағытты". Жол Жолақтарының саны және қозғалыстың оның әрбiрiне рұқсат етiлген бағыттары.
5.8.2. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыттары". Қозғалыстың жол жолақтары бойынша рұқсат етiлген бағыттары.
Шеткi сол жол жолағынан сол жаққа бұрылуға рұқсат ететiн 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi осы жол жолағынан айналыс жасауға да рұқсат етедi.
Қиылыстың алдында орнаты,лған 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi, егер онда орнатылған басқа 5.8.1. және 5.8.2. белгiлерi өзге нұсқаулар бермейтiн болса бүкiл қиылысқа қолданылады.
5.8.3. "Жол жолағының басталуы". Көтерiлуде қосымша жол жолағының немесе тежеу жол жолағының басталуы.
Егер қосымша жол жолағының алдында "Ең төменгi жылдамдықты шектеу" деген 4.7. белгiсi бейнеленген болса, онда қозғалыста көрсетiлген негiзгi жол жолағы бойынша немесе жоғары жылдамдықты жалғастыра алмайтын көлiк құралының жүргiзушiсi қосымша жол жолағына қайта шығуы тиiс.
5.8.4. "Жол жолағының басталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң басталуы.
5.8.5. "Жол жолағының аяқталуы". Көтерiлудегi қосымша жол жолағының немесе екпiндеп айдаудың аяқталуы.
5.8.6. "Жол жолағының аяқталуы". Осы бағыттағы қозғалысқа арналған үш жол жолақты жолдың орта жол жолағы учаскесiнiң аяқталуы.
5.8.7, 5.8.8. "Қозғалыстың жол жолақтары бойынша бағыты".
Егер 5.8.7. белгiсiнде қандай да болмасын көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салатын белгi бейнеленген болса, онда осы көлiк құралдарының тиiстi жол жолағы бойынша қозғалысына тыйым салынады.
5.8.7. және 5.8.8. белгiлерi көрсеткiштердiң тиiстi санымен жолдарда төрт жол жолағымен және одан да көп қолданыла алады.
5.8.7. және 5.8.8. ауысымдық ,бейнеленуiнiң көмегiмен реверсивтiк қозғалыс ұйымдастырылуы мүмкiн.
5.9. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағы". Көлiк құралдарының жалпы легiмен жолай қозғалатын тек маршруттық көлiк құралдарының қозғалысына ғана арналған жол жолағы.
Белгi өзi қойылған жол жолағына қолданылады. Жолдың оң жағына орнатылған белгi оң жол жолағына қолданылады.
5.10.1. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жол". Маршруттық көлiк құралдарының қозғалысы көлiк құралдарының жалпы легiне қарсы арнайы бөлiнген жол жолағында жүзеге асырылатын жол.
5.10.2, 5.10.3. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолға шығу".
5.10.4. "Маршруттық көлiк құралдарына арналған жол жолағындағы жолдың аяқталуы".
5.11.1. "Айналыс жасауға арналған орын". Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.11.2. "Айналыс жасауға арналған белдеу". Айналыс жасауға арналған белдеудiң ұзындығы. Солға бұрылуға тыйым салынады.
5.12. "Автобус пен (немесе) троллейбустың аялдау орны".
5.13. "Трамвайдың аялдау орны".
5.14. "Жеңiл таксилердiң тұрақ орны".
5.15. "Тұрақ орны".
5.16.1, 5.16.2. "Жаяу өтпе".
Өтпеде 1.14.1.-1.14.3. таңбалары болмаған кезде 5.16.2. белгiсi жолдың оң жағына өтудiң жақын шекарасына, ал 5.16.1. - жолдың сол жағына өтудiң шегiне орнатылады.
5.17.1, 5.17.2. "Жер асты жая,,у өтпесi".
5.17.3, 5.17.4. "Жер үстi жаяу өтпесi".
5.18. "Ұсынылатын жылдамдық". Жолдың осы учаскесіндегі ұсынылатын қозғалыстың жылдамдығы. Белгiнiң қолданылу белдеуi жақын маңайдағы қиылысқа дейiн, ескертушi белгiмен бiрлесiп 5.8. белгiсi қолданылу кезiнде қауiптi учаскенiң ұзындығымен айқындалады.
5.19.1. - 5.19.3. "Тұйық". Тура жол жүру жоқ жол.
5.20.1. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi", 5.20.2. "Бағыттардың алдын ала көрсеткiшi". Белгiде белгiленген елдi мекендер мен басқа да объектiлерге қарай қозғалыстың бағыттары. Белгiлерге 5.29.1. белгiсiнiң бейнесi, автоарналардың, әуежайдың, спорттық рәмiздер мен өзге де пиктрограммалар енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiне қозғалыстың ерекшелiктерi туралы хабарлайтын басқа белгiлердiң бейнелерi енгiзiлуi мүмкiн. 5.20.1. белгiсiнiң төменгi бөлiгiнде белгiнi орнату орнынан бастап қиылысқа немесе тежеу жол жолағының басталуына дейiнгi ара қашықтық көрсетiледi.
5.20.1. белгiсi, сондай-ақ 3.11-3.15 тыйым салу белгiлерiнiң бiрi орнатылған жолдардың учаскелерiн айналып өтудi нұсқау үшiн де қолданылады.
5.20.3. "Қозғалыс схемасы". Жекелеген маневрлер қиылысындағы тыйым салу кезіндегі қозғалыс маршруты немесе қозғалыстың күрделi қиылысындағы рұқсат етiлген бағыттары.
5.21.1. "Бағыт көрсеткiш", 5.21.2. "Бағыттар көрсеткiшi". Қозғалыстың маршрут бағыттарына қарай бағыттары. Белгiлерге ондағы белгiленген объектiлерге дейiнгi арақашықтық (км) көрсетiлуi, автоарналар, әуежай, спорттық рәмiздер мен ,,өзге де пиктограммалар енгiзiлуi мүмкiн.
5.22. "Елдi мекеннiң басталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртібін белгiлейтiн Ережелердiң талаптары қолданылатын елдi мекеннiң атауы және басталуы.
5.23. "Елдi мекеннiң аяқталуы". Елдi мекендерде қозғалыстың тәртібін белгiлейтiн Ережелер талаптарының күшi жоғалатын осы жолдағы орын.