Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 мамырдағы № 436 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеде:
11-тармақтың 8) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есебінің нысанын және алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын бекіту»;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп және ғылыми-техникалық дамыту комитеті туралы ережеде:
11-тармақта:
15), 15-1), 15-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15) Қазақстаннан шыққан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуы бөлігінде олардың келісім-шарттық міндеттемелерді орындауы мониторингін жүзеге асыруға қатысу;
15-1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ осы тізілімге енгізу үшін оларды бағалаудың өлшемдерін әзірлеу;
15-2) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында шығарылатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру жөніндегі облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;»;
мынадай мазмұндағы 15-3), 15-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«15-3) Қазақтан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің веб-сайтында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ашық конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуға арналған конкурстарды өткізу туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырулар орналастыру»;
15-4) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу немесе келісім-шартқа байланысты ілеспе қызмет кезінде пайдаланылатын тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге қатысты қазақстандық қамтуды есептеу әдістемесін құзыретті органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді»;
12-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
«14) жер қойнауын пайдаланушылардан және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардан өндірілетін және өндірілген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы ақпаратты сұратуға».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |