Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысына өзеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 430 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 173 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 302 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 162-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы төленетін өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің тізбесінде:
1-тармақтағы «Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары» деген сөздер «Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы және оның орынбасарлары» деген сөздермен ауыстырылсын;
«төрағасының орынбасары,» деген сөздерден кейін «департаменттердің,» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтағы «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» деген сөздердің алдынан «Департаменттер,» деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |