11. Азаматтар хаттарына Басшылық тапсырмаларын орындауға бiр айдан аспайтын, ал қосымша зерделеудi және тексерудi қажет етпейтiндерiне - 15 күннен аспайтын мерзiм белгiленедi және олар Кеңседе тiркелген күннен бастап есептеледi.
Егер хатқа жауапта азаматтар өтiнiштерiнде қойылған мәселелердi iс жүзiнде шешу жөнiнде қабылданған шаралар туралы деректер болмаса, оны қарау аяқталды деп есептеуге болмайды.
12. Хатты бақылаудан, әдетте, оның тапсырмасы бойынша қаралған лауазымды тұлғаның өзi алады. Бұл ретте Басшылықтың тиiстi қарары хатты бақылаудан алу үшiн негiздеме болып табылады.
Бақылаудағы хаттарға жауаптар түскен кезде Кеңсенiң олардың орындалуы үшiн жауапты құрылымдық бөлiмшелерi азаматтардың хаттарында қойылған мәселелердi шешудiң сапасы мен толықтығына сараптама жүргiзедi және Басшылыққа қараудың нәтижелерi туралы бақылаудан алу, орындау мерзiмiн ұзарту немесе басқа да iс-әрекеттер туралы ұсыныспен бiрге баяндайды. Азаматтардың бақылаудан алынған хаттары бойынша Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелеріндегі орындаушылар есеп кәртішкесіндегі тиiстi бағанды толтырады, одан кейiн хаттар мен оларға материалдар құрылымдық бөлiмшенiң ағымдағы мұрағатына есеп кәртішкелерiмен бiрге тапсырылады.
13. Азаматтардың қойылған қолы жоқ, өтiнiш берушінің тегi көрсетілмеген немесе анық көрсетiлмеген және өтiнiш берушінің тұратын жерi туралы не оның жұмысы немесе өзге тұрғыда айналысатын қызметi туралы деректерi жоқ жазбаша өтiнiштер бүркеншiк деп танылады. Бүркеншiк хаттар, әдетте, қарауға жатпайды.
14. Күнтiзбелiк жылдың аяқталуы бойынша азаматтардың қаралған хаттары мен оларға барлық материал iске түзiледi және мұрағатқа тапсырылады.
Бүркеншiк өтiнiштер хат және азаматтарды қабылдау секторында бiр жыл сақталады, одан кейiн кесiм бойынша жойылады.
15. Азаматтардың хаттары мен оларға қатысты материалдар мұрағаттан Кеңсе қызметкерлерiне Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi меңгерушiсiнiң немесе оның орынбасарының рұқсатымен ғана берiледі.
16. Азаматтарды қабылдауды хат және азаматтарды қабылдау секторы дайындап, Кеңсе Басшысы бекiткен кестеге сәйкес Аймақтық даму және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бас инспекторлары Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнде жүргізедi. Қабылдау кестесi Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнің кiреберiсiнде ақпараттық қабырғаға iлiнедi.
Азаматтарды қабылдаудың есебi өтiнiш берушінің тегі, аты, әкесiнің аты, жұмыс орны, лауазымы, мекен-жайы, өтiнiштiң, тапсырманың және қарау нәтижелерiнің қысқаша мазмұны көрсетiле отырып, кәртішкелер (2-қосымша) бойынша жүргiзiледi.
Егер өтiнiш немесе шағым қабылдау кезiнде шешiлмесе, онда азаматтар көтерiп отырған мәселелер жазбаша түрде баяндалады және онымен азаматтардың хаттарымен секiлдi одан әрi жұмыс жүргiзiледi.
17. Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiнде Үкiмет мүшелерiнің, азаматтарды жеке қабылдауы "Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарында азаматтарды қабылдаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы № 58 қаулысына және осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
Хат және азаматтарды қабылдау секторы тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi бекiтетiн Үкiмет мүшелерiнiң (Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және Кеңсе Басшысын қоспағанда) азаматтарды қабылдау кестесiн жасайды. Үкiмет мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесi ол бекітілгеннен кейiн республикалық баспасөзде жарияланады және Кеңсенiң Азаматтарды қабылдау бөлмесiнiң кiреберiсiне iлiнедi, азаматтарды қабылдау апта сайын сәрсенбi күнi сағат 10.00-ден 13.00-ге дейiн жүргiзiледi.
18. Үкiмет мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағыныстағы және есеп беретiн мемлекеттік органдар және өзге де органдар басшыларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының, оның орынбасарларының және Кеңсе құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының Алматы қаласының әкімі аппаратының ғимаратында азаматтарды қабылдауы Премьер-Министр бекiткен бөлек кесте бойынша жүзеге асырылады. Азаматтарды Алматы қаласындағы көрсетiлген қабылдауға дайындық іс-шараларын жүргiзу және оған Кеңсе қызметкерлерiнiң қатысуы Кеңсе Басшысының әрбiр нақты жағдайдағы нұсқауына сәйкес жүзеге асырылады.
19. Азаматтарды Үкiмет мүшелерінің жеке қабылдауына алдын ала жазуды және қабылдауға мәселелердi алдын ала пысықтауды хат және азаматтарды қабылдау секторы қызметкерлерi жұмыс күндерi сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн, сенбi күндерi сағат 9.30-дан 13.00-гe дейiн жүзеге асырады.
Үкiмет мүшелерiнiң қабылдауына алдын ала жазылу кезiнде әрбiр өтiнiшке хат және азаматтарды қабылдау секторы қызметкерлерi белгiленген үлгiдегi азаматтарды қабылдау кәртiшкесiн (3-қосымша) ресiмдейдi.
Алдын ала жазу кезiнде де Кеңсенің Азаматтарды қабылдау бөлмесiне азаматтардың ауызша немесе жазбаша өтiнiшпен келуiнiң мәртелiк ретi анықталады, қайталама өтiнiш кезiнде осы өтiнiш берушi жөнiнде бар барлық материал (осының алдындағы жазба, қабылдау кәртішкесі, өтiнiштiң көшiрмесi) туралы жазба жасалады.
Азаматтарды Үкiметтің нақты мүшесi қабылдайтын күнге екi күн қалғанда хат және азаматтарды қабылдау секторы азаматтың жазбаша өтiнiшiнiң түпнұсқасын, ресімделген есеп кәртiшкесiн, хатқа қоса берiлетiн басқа да құжаттарды кестеге сәйкес азаматтарды қабылдауды жүргiзетiн Үкімет мүшесiне жолдайды.
Үкiмет мүшесi азаматтарды қабылдауды аяқтағаннан кейiн оның хатшылығы (департамент, қабылдау бөлмесi) қажет болған жағдайда азаматтардың өтiнiштерi бойынша тапсырмалардың жобаларын жасайды және оған қол қоюға бередi. Азаматтарды қабылдау мен олардың өтiнiштерін қарау нәтижелерiн хатшылық (департамент, қабылдау бөлмесi) 10 күндiк мерзiмде хат және азаматтарды қабылдау секторына жеткізеді.
20. Үкімет мүшесi азаматтарды қабылдауды аяқтағаннан кейiн азаматтардың өтініштерi мен оған байланысты материалдарды Кеңсенің хат және азаматтарды қабылдау секторы өңдейдi және есепке алады. Өткiзiлген қабылдау туралы есептік деректердi сектордың маманы компьютерлiк дерекқорына енгiзедi.
21. Орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, олардың орынбасарлары "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда азаматтарды қабылдаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 қаңтардағы № 58 қаулысы мен Премьер-Министр тоқсан сайын бекiтетiн кестелерге сәйкес өздерi басқаратын мемлекеттік органдарда аптасына екі рет азаматтарды тiкелей жеке қабылдауды ұйымдастырады және жүргізедi.
22. Қосымша тексерулер жүргізу қажет жағдайларда азаматтар өтініштерiн қараудың белгіленген мерзiмдерiн азаматтарды қабылдауды жүргізушi адам ұзартуы мүмкiн, ол туралы өтінiш берушіге хабарланады. Азаматтардың жеке қабылдау кезiнде келiп түскен ауызша және жазбаша өтiнiштерiн, қойылған мәселелердiң мәнi бойынша қарау барысын басшылары нақты азаматты қабылдауды жүргiзген мемлекеттік органдар бақылайды.
23. Азаматтардың хаттары мен өтiнiштерiн қарау мерзiмдерiн және Басшылықтың оларға тапсырмаларының орындалуын бақылауды Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi жүзеге асырады.
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
1-қосымша
(кәртiшкенiң бет жағы)
КЕЛГЕН ХАТТАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КӘРТІШКЕСI ----------------------- ТIРКЕУ: ------------------------- |
Өтінiш берушiнiң Тiркеу Тiркелген тегi, аты, әкесiнiң аты нөмiрi күні Хаттың сипатының коды |
Хаттың қысқаша аннотациясы Өтiнiш берушiнiң әлеуметтік жағдайы Ұсыныс, өтiнiш, шағым, үн қосу, сұрау салу. Өтiніш қай тiлде жазылған. Орындаушының шифрi. Қарар. |
(кәртiшкенiң сырт жағы)
Күні | Хатты кiм жолдады, кiмге | Қолхат |
Сақтау: iс/том Орындау _______________ дейiн ұзартылды Бақылаудан алынды Тексерудiң қорытындысы Құрылымдық бөлiмшелердiң бақылауына қойылды |
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
2-қосымша
(кәртiшкенiң бет жағы)
КЕЛУШIЛЕРДI ҚАБЫЛДАУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ КӘРТIШКЕСI №________ 200 жылғы "___"____________________ қабылдау күнi Өтінiш иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты ________________________ _______________________________________________________________ Өтiнiш иесiнiң жұмыс орны және атқаратын қызметi ______________ _______________________________________________________________ Тұратын мекен-жайы ____________________________________________ _______________________________________________________________ Өтiнiштiң қысқаша мазмұны _____________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қабылдау жүргiзушiнiң тегi ____________________________________ _______________________________________________________________ |
(кәртiшкенiң сырт жағы)
Кiмге және не тапсырылды, күнi ________________________________ _______________________________________________________________ Өтініш қараудың нәтижелерi ____________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қашан және кiм жауап қайтарды _________________________________ _______________________________________________________________ |
Азаматтардың өтiнiштерiн қарау
және олардың орындалуын бақылау
тәртібі туралы нұсқаулыққа
3-қосымша
(кәртiшкенiң бет жағы)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МҮШЕЛЕРIНIҢ ҚАБЫЛДАУЫНА АЛДЫН АЛА ЖАЗЫЛУ КӘРТIШКЕСI №________ 200 жылғы "___"____________________ өтініш қабылданған күнi Өтiніш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты ______________________ _______________________________________________________________ Өтiнiш берушінің жұмыс орны және атқаратын қызметi ____________ _______________________________________________________________ Тұратын мекен-жайы мен телефон № ______________________________ _______________________________________________________________ Мәселенiң қысқаша мазмұны _____________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Қабылдауды жүргізушiнiң қызметi, тегі, аты, әкесiнiң аты ______ _______________________________________________________________ |
(кәртiшкенiң сырт жағы)
Қабылдауға жазылатын адамның тегi, аты, әкесiнiң аты және _____ қызметi _______________________________________________________ _______________________________________________________________ Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшесiнiң қабылдау күнi _____ _______________________________________________________________ Өтінiштi қараудың нәтижелерi __________________________________ _______________________________________________________________ |
Ескертпе.
Кәртiшке екi данада жасалады, оның бipeуi Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң iсiнде қалдырылады, ал екiншiсi азаматтарды қабылдауды өткiзушінің қарауына берiледi.
Кәртішке қараудан кейiн қараудың нәтижесiмен бiрге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне қайтарылады.