Әділет органдары туралы
2002 ж. 18 наурыздағы № 304-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
(2007.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2007.12.01. № 222-III ҚР Заңын қара (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға түсініктемені қара
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және (5 - 14 баптар)
оның қызметін ұйымдастыру
3-тарау. Әділет органдарының негізгі (15 - 24 баптар)
функциялары, құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Әділет органдарының кадрлары (25 - 32 баптар)
және олардың құқықтық жағдайы
5-тарау. Әділет органдарының ұйымдастырылуы (33 бап)
мен қызметінің өзге де мәселелері
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының мәртебесi
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары (бұдан әрi - әдiлет органдары), өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
2-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзi
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
3-бап. Әдiлет органдарының мiндеттерi
Әдiлет органдарының мiндеттерi:
1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
2) Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау және Республиканың дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайту мақсатында, соның iшiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен оның халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз ету;
3) заңды тұлғаларды, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлдерiн, орталық мемлекеттік органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің мемлекеттік есебiн жүргiзудi және оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;
4) құқықтық көмектi және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;
5) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 6 ) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) қылмыстық жазаларды атқару, Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесінде құқықтық тәртiп пен заңдылықты қамтамасыз ету;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) сотталғандардың түзелуiн ұйымдастыру;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 6-2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6-2) сезiктiлердiң, айыпталушылардың және сотталғандардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесіндегі азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
7) санаткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
8) 2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
9) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша заңға сәйкес iс жүргiзу;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
9-1) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалауды және берудi жүзеге асыру;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
9-2) азаматтарды есепке алуды және тiркеудi Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен жүзеге асыру;
10) өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру болып табылады.
4-бап. Әдiлет органдары қызметiнiң принциптерi
1. Әдiлет органдарының қызметi:
1) заңдылық;
2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, баршаның заң алдындағы теңдiгi, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
3) жариялылық, құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасау;
4) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне тәуелсiз болу;
5) гуманизм, демократия, қылмыстық жаза атқарудың жiктелуi мен дербестендiрiлуi, қылмыстық жазаны түзету ықпалымен ұштастыру;
6) әдiлет органдары жүйесiнiң бiртұтастығы принциптерiне негiзделедi.
2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және
оның қызметін ұйымдастыру
5-бап. Әдiлет органдарының жүйесi
1. Әдiлет органдарының бiртұтас жүйесi:
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 1 ) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
1) мыналарды:
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігін;
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң комитеттерiн;
аумақтық әдiлет органдары мен мекемелерін ;
қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдарын қамтитын әдiлет органдарынан;
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 2 ) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) мекемелерден және өзге де бағынысты ұйымдардан құралады.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң құрылымдық бөлiмшелерiн құруды, қайта ұйымдастыруды және таратуды Әдiлет министрлігі, ал заңдарда көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
3. Әдiлет органдарының құрылымын, штат санын, материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жағдайларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимиттерi және Республикалық бюджетте әдiлет органдарын ұстауға көзделген қаражат шегiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi белгiлейдi.
6-бап. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылымына кiретiн, Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Әдiлет министрлігін Республика Премьер-Министрінің ұсынуымен Республиканың Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
7-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрінің өкiлеттiктерi
1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi (бұдан әрi - Министр) әдiлет органдарының жұмысына басшылық етудi жүзеге асырады және әдiлет органдарына жүктелген мiндеттердiң орындалуына дербес жауапты болады.
2. Министр:
1) Әділет министрлігінiң қызметкерлерiн, ведомство басшыларының орынбасарларын, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әдiлет бөлiмшелерi мен Министрлiкке бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік тiркелуге тиiс, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актілерін жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгiнедi;
3) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлер, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлер шығарады;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлiктен өкiлдiк етедi;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы атақтар бередi;
6) өзiне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
8-бап. Аумақтық әдiлет органдары
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандар мен қалалардың әдiлет бөлiмшелерi аумақтық әдiлет органдары болып табылады.
2. Аумақтық әдiлет органдарында әдiлет органдарына жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн тиiстi құрылымдық бөлiмшелер құрылады.
ҚР Әділет министрлігінің аумақтық әділет органдары туралы ережені қараңыз
9-бап. Әдiлет жүйесiнiң ұйымдары
Әдiлет министрлігіне жүктелген мiндеттердi шешу және функцияларды қамтамасыз ету үшiн Министрлiк жанында мекемелер, оқу орындары және басқа да ұйымдар жұмыс iстейдi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 10 - бап өзгертілді
10-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық-атқару жүйесi
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - қылмыстық-атқару жүйесі) - қылмыстық жазаның атқарылуын және тергеу изоляторларында сезіктілер мен айыпталушылардың күзетпен ұсталуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы және өкімші функцияларды жүзеге асыратын органдар мен мекемелердің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың жүйесі.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң өз туы мен нышаны болады.
Қылмыстық-атқару жүйесiнiң туы мен нышанының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
11-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрылымы
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен тақырыбы және 1-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
1. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:
1) уәкiлеттi орган (орталық атқарушы органның ведомствосы);
2) қылмыстық-атқару жүйесiнің аумақтық органдары;
3) қылмыстық жазаларды атқаратын мекемелер мен органдар:
қылмыстық-атқару инспекциялары;
түзеу мекемелерi;
4) тергеу изоляторлары;
5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактика ұйымдары мен білім беру ұйымдары;
6) қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi;
7) оңалту орталықтары - мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға олар босатылғаннан кейiн алты ай iшiнде еңбекке және тұрмыстық орналастыруда жәрдемдесуге, құқықтық және психологиялық көмек көрсетуге арналған қылмыстық-атқару жүйесiнiң ұйымдары құрайды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi әкiмшiлiктерiнiң және олардың лауазымды адамдарының қызметiн ұйымдастыру тәртібі, құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заң актілерімен және өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
12-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара iс-қимылы
1. Әдiлет органдары өздерiне жүктелген мiндеттердi шешу кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдармен, оның iшiнде құқық қорғау және бақылау органдарымен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара iс-қимыл жасап отырады.
2. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әдiлет органдарына функционалдық мiндеттердi орындауына және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мемлекеттiң мүдделерiн қорғауына жәрдемдесуге мiндеттi.
3. Әдiлет органдарының шет мемлекеттердiң мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, оның iшiнде әдiлет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негiзiнде жүзеге асырылады.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12-бап 4-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Жергiлiктi атқарушы органдар қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган құрады.
Консультативтiк-кеңесші органның қызметi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн типтiк ережемен регламенттеледi.
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1-бап. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылау
1. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етiлуiн қоғамдық бақылауды (бұдан әрi - қоғамдық бақылау) қоғамдық байқау комиссияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында белгiленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Қоғамдық байқау комиссиялары қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi әкiмшіліктерiнің қызметiне:
1) сезiктiлердiң, айыпталушылар мен сотталғандардың ұсталу жағдайын және оларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудi жақсарту;
2) сотталғандардың еңбегiн, бос уақытын, оларды оқытуды ұйымдастыруға қатысу;
3) сотталғандарға оларды босатуға дайындауда, тұрғын үй-тұрмыстық жайластыру, жұмысқа орналастыру, медициналық қызмет көрсету және әлеуметтiк қамсыздандыру, әлеуметтiк-психологиялық оңалту және бейiмдеу мәселелерiн шешуде көмек көрсету мақсатында жәрдемдесуге құқылы.
3. Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнің әкiмшiлiктерi қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қоғамдық бақылау iс-шараларын жүзеге асырған кезде оларға жәрдемдеседi.
4. Қоғамдық байқау комиссиясының мүшелерi қоғамдық бақылау нәтижелерi бойынша қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң әкiмшiлiктерiне не қылмыстық-атқару жүйесiнiң уәкiлеттi органына аталған мекемелердiң қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар жiберуге құқылы.
13-бап. Әдiлет органдарының актілері
1. Осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерінде көзделген жағдайларда Әдiлет министрi өз құзыретi шегiнде әдiлет органдары қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тiркелуге тиiстi бұйрықтар шығарады, сондай-ақ ұсыныстар енгiзедi.
2. Әдiлет министрлігі ведомстволарының және аумақтық органдарының басшылары өз құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады және ұсыныстар енгiзедi.
3. Әдiлет органдарының өз құзыретi шегiнде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тiркеуден өткен актілерін Қазақстан Республикасы ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар орындауға мiндеттi.
14-бап. Әдiлет органдарының ұсынысы
1. Әдiлет органдары:
1) мемлекеттік органдардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi, бiрақ одан өтпеген нормативтiк құқықтық актілеріне қатысты;
2) орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдардың олар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануы мiндеттi, бiрақ белгiленген тәртiппен жарияланбаған, нормативтiк құқықтық актілерiне қатысты;
3) мемлекеттік органдардың әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуге тиiстi, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актілеріне қатысты;
4) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де жағдайларда заңның бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізуге құқылы.
2. Ұсыныс тиiстi мемлекеттік органға (лауазымды адамға) не жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) енгiзiледi.
3. Ұсынысты мемлекеттік орган не жоғары тұрған органның лауазымды адамы бiр ай мерзiмде қарауға тиiс.
Әдiлет органдары ұсыныстың қаралуына қатысуға құқылы.
4. Мемлекеттік орган не лауазымды адам жолсыздықты жоюға және қолданылған шаралар туралы әдiлет органдарына хабарлауға мiндеттi.
3-тарау. Әділет органдарының негізгі
функциялары, құқықтары мен міндеттері
15-бап. Әдiлет органдарының заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары заң жобасы жұмысын жүргiзу, заңдарды жетiлдiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) заң жобасы жұмысы, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу;
2) нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жасау;
3) заң жобалары, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн, осы мақсаттарға бюджеттік және өзге де қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шет ел мамандары мен сарапшыларын тарту;
4) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсыруымен және өз бастамасы бойынша Үкiметтiң нормативтiк құқықтық актілеріне ресми түсiндiрме беру;
5) құқықтық ақпараттандыру, заңдарды жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу, Қазақстанда құқықтық ақпараттың бiрыңғай компьютерлiк жүйесiн жүргiзу;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың заң саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру.
16-бап. Әдiлет органдарының халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдiк құқықтық көмектi үйлестiру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарды дайындау, жасасуды және орындауды ұйымдастыру;
2) Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен жасалатын заем шарттарына заң сараптамасын жасау;
3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң сот тапсырмалары мен өтiнiштерiн орындау;
4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң заңдарын үйлестiру, бiр iзге түсiру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелерi бойынша талдау жүргiзу;
5) санаткерлiк меншiк құқықтарын өзара қорғау туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, осындай шарттарға қол қоюға белгiленген тәртiппен қатысу;
6) халықаралық шарттардың жобаларына заң сараптамасын жасау.
17-бап. Әдiлет органдарының сот-сараптама қызметi, анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласындағы функциялары
Әдiлет органдары сот-сараптама қызметi, анықтау және әкiмшiлiк iс жүргiзу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 2)тармақша толықтырылды
2) сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және сот сарапшыларына Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен лицензиялар беру;
3) мемлекеттік сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
4) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру;
5) әдiлет органдарының құзыретiне жатқызылған қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды жүзеге асыру;
6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестiру;
7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзудi заңға сәйкес жүзеге асыру.
18-бап. Әдiлет органдарының мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыру саласындағы функциялары
Әдiлет органдары мемлекеттік тiркеу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу, мәслихаттардың, әкiмияттардың және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу;
2006.05.06 № 146-III ҚР Заңымен 2) тармақша толықтырылды
2) Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларын қоспағанда, заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу, сондай-ақ заңды тұлғалардың бiрыңғай мемлекеттік тiркелiмiн және филиалдар мен өкiлдiктердiң тiзiлiмiн жүргiзу;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау, әзiрлеу және беру, азаматтарды есепке алу және тiркеу;
4) мемлекеттік органдардың тiркелген нормативтiк құқықтық актілерінің тiзбесiн жалпы жұрттың назарына жеткізу үшiн жариялау;
5) жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу, жылжымалы мүлiктiң құқықтық кадастрын жүргiзу, оның кепілiн тiркеу және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу.
19-бап. Әдiлет органдарының құқықтық көмек және заң қызметiн көрсетудi ұйымдастыру, құқықтық насихат салаларындағы функциялары
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 1)тармақша толықтырылды
1. Әдiлет органдары құқықтық көмектi ұйымдастыру және заң қызметiн көрсету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік нотариат кадрларын iрiктеу, аттестаттау және орналастыру, Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында белгiленген тәртiппен адвокаттар мен нотариустарға лицензиялар беру, оларды қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату;
2) мемлекеттік нотариат кеңселерiнiң қызметiне басшылық жасау, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, жасалған нотариаттық әрекеттердiң заңдылығы мен мемлекеттік және жеке нотариустардың iс жүргiзу ережелерiн сақтауын бақылау;
2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен 3)тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
3) нотариаттық және адвокаттық қызметтi лицензиялау, мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялау;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
4) азаматтық хал актілерін тiркеу органдарының қызметiн, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi қамтамасыз ету;
5) орталық атқарушы органдардың заң қызметiнiң жұмысын үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi аппараттарының заң қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасау;
6) нотариат кеңселерiнiң, азаматтық хал актілерін тiркеу органдарының, адвокатураның жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн заң қызметiнiң сапасын бақылау;
2004.29.12. № 25-III ҚР Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр. ред. қара)
7) азаматтық хал актілерін жазу, құжаттамалау органдарының кадрларын аттестаттау, iрiктеу және орналастыру, осы органдарға ұйымдастырушылық, әдiстемелiк басшылық жасау, олардың қызметiнде бiрыңғай құқық қолдану iс-тәжiрибесiн қамтамасыз ету;