салық салу
45-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 279-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 279-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
279-бап. Осы бөлiмде реттелетiн қатынастар
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 279-бап өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Осы бөлiмде мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргiзу жөніндегі қызметке салық салудың ерекшелiктерi реттеледi және жер қойнауын пайдаланушылардың мынадай салықтары мен арнайы төлемдерiн:
1) үстеме пайда салығын;
2) 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен алып тасталды
3) жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерiн:
а) бонустарды (қол қойылатын, коммерциялық табу);
б) роялтидi;
в) өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн;
г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртібі белгiленедi.
Осы Кодексте "жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар", "мұнай операциялары", "мұнай" және "келісім-шарттық аумақ" ұғымдарының Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы заңдарында айқындалған маңызы бар.
2. Мұнай операцияларын қоса алғанда жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргiзу жөніндегі қызметке осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс.
280-бап. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
281-бап. Жер қойнауын пайдаланушыларға жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттар жасалғанға дейiн салық салу
Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды.
Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 282-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 282-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
282-бап. Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу жөніндегі қызметке салық салу
1. Салық режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдер бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу оларды төлеу жөніндегі міндеттемелер пайда болған кезде қолданылып жүрген Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргізіледi.
2. Мiндетті салық сараптамасынан өткен және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда айқындалған салық режимi олардың қолданылуының белгіленген бүкiл мерзiмi ішiнде сақталады және қолданылады әрі Қазақстан Республикасы салық заңдарының өзгеруіне байланысты тараптардың келісімі бойынша түзетiлуi мүмкiн.
3. Осы Кодекстiң 283-бабында көрсетілген екiншi үлгі бойынша салық режимi өнiмдi бөлу туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жасалған келісім-шартта ғана айқындалады.
Өнiмдi бөлу туралы келiсім-шартта белгіленетiн салық режимi келісім-шартқа қол қойылған (жасалған) күні қолданылатын жеке және заңды тұлғалардың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуiн реттейтiн Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелерiне сәйкес болуға тиіс.
Салық сараптамасы жүргізілген күн мен өнімді бөлу туралы келісім-шартқа қол қойылған күн аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының салық заңдары өзгерген жағдайда қайтадан сараптама жүргізіле отырып, салық режимi осы өзгерістерге сәйкес келтірілуге тиiс.
4. Өнімді бөлу туралы бiр келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалануды бiрнеше салық төлеушi жүзеге асыратын жағдайда келісім-шартта белгіленген салық режимi олардың барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл ретте:
1) осындай келiсім-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушiлер салық салу мақсатында бірыңғай шоғырландырылған есеп жүргізуге және келісім-шартта белгіленген барлық салық пен төлемдерді төлеуге міндетті;
2) бiр келісiм-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын резидент емес жер қойнауын пайдаланушыларға келісім-шартта белгіленген салықтар бойынша осы Кодекстің 184-186-баптарына сәйкес салық салынуға тиіс.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Жер қойнауын пайдаланушы келісiм-шарт аясында жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу және осы келісiм-шарт аясынан тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшін бөлек есеп жүргізуге міндетті.
Осы ереже кең таралған пайдалы қазбаларды және (немесе жер асты суларын өндiру жөніндегі келісім-шарттарға және барлаумен және өндірумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға қолданылмайды.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Қорларын осы мақсаттар үшін уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта көзделмеген пайдалы қазбаларды өндірген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 281-бабында белгіленген тәртіппен солар бойынша төлемдер жүргізеді.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 283-бап өзгертілді
283-бап. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім- шарттардың салық режимiнiң үлгiлерi
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу екi үлгiге бөлiнедi:
1) бiрiншi үлгi, өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте көзделген салық пен басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуiн көздейдi;
2) екiншi үлгі жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн төлеуiн (беруiн), сондай-ақ осы Кодексте көзделген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлерінің төленуін көздейді, оларға:
экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
роялти;
шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз;
үстеме пайда салығы;
жер салығы;
мүлiк салығы қосылмайды.
2. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
3. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
4. 29.11.03 ж. № 500-II ҚР Заңымен алып тасталды
284-бап. Жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыруға қатысы жоқ операциялар бойынша салық режимi
Келісім-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн орындау жер қойнауын пайдаланушыны осындай мiндеттемелердiң пайда болған күнi қолданылып жүрген салық заңдарына сәйкес, келісім-шарт шеңберiнен тыс қызметтi жүзеге асырғаны үшiн осы Кодексте көзделген салық мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 285-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
285-бап. Салық заңдары өзгерген кезде өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша салық салу шарттары
1. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттарда белгiленген салық салу шарттары тараптардың келісімi бойынша салық заңдарының өзгеруiне байланысты түзетiлуi мүмкiн.
Салық заңдарындағы өзгерістер нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушыға салық салу шарттары жақсарған жағдайда, өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттарда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында салық салу шарттарына түзету жасалады.
2. Өнiмдi бөлу туралы келісім-шартта көзделген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң күшi жойылған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 1-тармағында айқындалған тәртiппен келісім-шартқа тиiстi өзгерістер енгiзiлгенге дейiн келісім-шартта белгiленген тәртiппен және мөлшерде оларды бюджетке төлеудi жалғастыра бередi.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 286-бап өзгертілді
286-бап. Салық сараптамасы
1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерістерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекіту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.
2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық келісім-шарттарға қол қойылғанға дейiн олар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмдерде мiндеттi салық сараптамасынан өткiзiлуге тиiс. Осы ереже бұрын жасалған келісім-шарттарға енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыруларға да қолданылады.
3. Салық сараптамасының нәтижелерi бойынша белгiленген салық салу шарттары өнiмдi бөлу туралы келісім-шарттың түпкiлiктi мәтiнiне ешбiр өзгертулер мен түзетулерсiз мiндеттi түрде енгiзілуге тиіс.
46-тарау. Бонустар
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 287-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
287-бап. Бонустар туралы жалпы ережелер
1. Бонустар жер қойнауын пайдаланушының тiркелген төлемдерi болып табылады.
2. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануды жүргiзудiң жеке жағдайларын негiзге ала отырып, бонустардың мынадай түрлерiн:
1) қол қойылатын;
2) коммерциялық табу бонусын төлейдi.
§ 1. Қол қойылатын бонус
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 288-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
288-бап. Қол қойылатын бонусты белгiлеу тәртібі
1. Қол қойылатын бонус жер қойнауын пайдаланушының келісім-шарт жасалатын аумақта жер қойнауын пайдалану жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығы үшiн бiржолғы тiркелген төлемi болып табылады.
2. Қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшерлерiн пайдалы қазбалар көлемi мен кен орнының экономикалық құндылығы ескерiлген есеп негiзiнде Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
3. Қол қойылатын бонустың түпкiлiктi мөлшерiн жер қойнауын пайдалануға құқық алуға өткізiлген инвестициялық бағдарламалар конкурсының нәтижелерi бойынша комиссия белгiлейдi және ол жер қойнауын пайдалану үшiн берiлетiн кен орындарының (келісім-шарт аумақтарының) экономикалық құндылығы есепке алынып, келісім-шартта бекітіледi, бiрақ бастапқы мөлшерлерден төмен болмауы керек.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 289-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
289-бап. Қол қойылатын бонусты төлеу мерзiмi
Қол қойылатын бонус келісім-шарт күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмей бюджетке төленедi.
290-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы қол қойылатын бонус бойынша декларацияны тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
§ 2. Коммерциялық табу бонусы
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 291-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
291-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу тәртібі
1. Коммерциялық табу - келісім-шарт аумағы шегiнде ашылған, өндiру үшiн экономикалық жағынан тиiмдi пайдалы қазбалардың белгiлi бiр түрiнiң запастары.
2. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, коммерциялық табу бонусы келісім-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн, оның iшiнде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу барысында, бастапқы анықталған алынатын қорды арттыруға жеткiзетiн пайдалы қазбалардың табылғаны үшiн төленедi.
3. Пайдалы қазбалардың кен орындарына оларды кейiннен өндiрудi көздемейтiн барлау жүргiзуге жасалған келісім-шарттар бойынша коммерциялық табу бонусы төленбейдi.
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 292-бап өзгертілді
292-бап. Коммерциялық табу бонусының мөлшерi
Коммерциялық табу бонусының мөлшерi салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi.
Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн:
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекітілген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгiленген биржалық баға бойынша есептеледi. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгiленбеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзыреттi орган бекiткен жұмыс бағдарламасында көрсетiлген өндiруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабельдiлiк мөлшерiне түзетiлген сомасынан айқындалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 проценті ставкасы бойынша бөлінедi.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 293-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
293-бап. Коммерциялық табу бонусын төлеу мерзiмi
Коммерциялық табу бонусы осы мақсаттар үшiн уәкілеттік берiлген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемiн бекiткен күннен бастап 90 күннен кешiктiрiлмей төленедi.
294-бап. Салық декларациясы
Коммерциялық табу бонусы жөніндегі декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.
47-тарау. Роялти
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 295-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
295-бап. Роялти туралы жалпы ережелер
1. Жер қойнауын пайдаланушы роялтидi Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн пайдалы қазбалардың әр түрi бойынша, оның сатып алушыларға өткiзiлгенiне (тиеп жөнелтiлгенiне) немесе өз қажетiне пайдаланылғанына қарамастан, жеке төлейдi.
1-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шартта белгiленген роялти, осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ақшалай нысанда төленедi.
3. Келісім-шарт бойынша қызметтi жүзеге асыру барысында роялтидi ақшалай төлеу нысаны Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шешiмiмен құзыреттi органмен қосымша келісімде белгiленген тәртiппен заттай нысанмен ауыстырылуы мүмкiн.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 296-бап өзгертілді
296-бап. Төлеушiлер
Техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, есептi кезеңде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан роялти төлеушiлер болып табылады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 297-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 297-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
297-бап. Роялти төлеу тәртібі
1. Роялти мөлшерi салық салу объектісi, есептеу базасы мен ставка негізге алына отырып айқындалады.
2. Пайдалы қазбалардың өндіріліп алынған көлемi немесе нақты өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнің көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Мыналар:
1) пайдалы қазбалардың өзi:
мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
көмiр және жанғыш тақтатастар;
тауарлы кендер;
жер асты сулары, оның ішінде бастапқы өңдеуден өткен сулар;
слюда, керіш, құрылыс материалдары өндiрісіне арналған шикізат;
металлургияға арналған кен емес шикізат;
2) қымбат бағалы металдар, құмда, кенде, концентратта болатын металдар;
3) қара, түсті, сирек кездесетiн және радиоактивті металдардың, кен-химия шикізатының концентраттары;
4) қымбат бағалы тастар, бастапқы өңдеуден өткен жарқырауық тас және пьезооптикалық шикізат;
5) басқа пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикізат алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн.
2-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Осы Кодекстің 299-бабына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың құны роялтиді есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
3-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
4. Осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти:
1) газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.
Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;
2) алтынды, күмісті, платинаны, басқа да қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазбалар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ставкалар бойынша төленеді.
Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.
4-1. 2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти осы Кодекстің 300-бабында белгіленген ставкалар бойынша төленеді.
6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.
298-бап. ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 299-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
299-бап. Пайдалы қазбалардың құнын айқындау тәртібі
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 1 тармақ жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
1. Роялтиді есептеу мақсатында алтынды, күмісті және платинаны қоспағанда, өндірілген мұнайдың, кең таралған пайдалы қазбалардың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны өндірілген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнімнің салық кезеңіндегі орташа өлшемді өткізу бағасы негізге алына отырып, жанама салықтар мен оларды сату (тиеп жөнелту) пунктіне дейін тасымалдауға кеткен іс жүзіндегі шығыстар сомасы есепке алынбай айқындалады.
Осы баптың мақсаттары үшін тасымалдауға арналған шығыстар деп темір жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңіз жолдары арқылы тасымалдау кезінде көлік тарифін қамтитын іс жүзіндегі шығыстар, ағызу және құю (сұйық заттар үшін) жөніндегі шығыстар, тиеу және түсіру (қатты заттар үшін) жөніндегі шығыстар және, егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартта өзгеше көзделмесе, жолда сақтандыру жөніндегі шығыстар түсініледі.
2. Жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген алтынның, күмiстiң және платинаның құны Халықаралық (Лондон) биржада салық кезеңi ішінде қалыптасқан осы металдардың орташа құны негiзге алына отырып есептеледi.
3. Алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған жағдайда, алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны осындай сату орын алған соңғы салық кезеңіндегі алғашқы тауарлы өнiмiнiң орташа өлшемдi өткізу бағасы негiзге алынa отырып айқындалады.
4. Алғашқы тауарлы өнiм мүлде сатылмаған кезде алтынды, күмiстi, платинаны және кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, өндiрiлген мұнайдың, жер асты сулары мен пайдалы қазбалардың құны мұнайды, жер асты суларын өндiруге және көрсетілген пайдалы қазбаларды өндiруге салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
Келесi сату жағдайында жер қойнауын пайдаланушы алғашқы тауарлар өнiмнің iс жүзiнде сатылған бағасын негiзге ала отырып, алғашқы сату орын алған салық кезеңiнде есептелген роялти сомаларына түзету жүргiзуге мiндеттi.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Кең таралған пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiм сатылмаған не толық сатылмаған кезде немесе оларды толығымен өз қажеттерi үшiн пайдаланған жағдайда, кең таралған пайдалы қазбалардың құны жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділiк нормасына ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар сомасы негiзге алына отырып айқындалады.
Газ тәрiздес көмiрсутектерiн одан әрi өңдеу үшiн өтеусiз берген жағдайда, осындай көмiрсутектерiнің құны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен салық кезеңiнде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельдiлік нормасына ұлғайтылған, оларды өндіру мен бастапқы өңдеуге iс жүзінде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады. Бұл ретте, газ тәрiздес көмiрсутектерi бойынша роялти ставкаларын айқындау үшiн осы Кодекcтiң 297-бабында айқындалған ауыспалы коэффициент пайдаланылады.
Жер асты суларын шығарылатын өнiмдердің және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердiң негiзгi компонентi ретiнде пайдаланған жағдайда, өндiрiлетiн жер асты суларының құны салық кезеңінде iс жүзiнде қалыптасқан рентабельділік нормасына ұлғайтылған, оларды өндiру мен бастапқы өңдеуде iс жүзiнде қалыптасқан шығындар негiзге алына отырып айқындалады.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 300-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
300-бап. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидiң ставкалары
1. Кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтидi жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiруге жасалған келісім-шарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындар мынадай тiркелген ставкалар бойынша төлейдi:
Р/с № | Пайдалы қазбаның атауы | Роялти ставкасы, % |
1 | Металлургияға арналған руда емес шикiзат | 1 |
2 | Қалыпқа салынатын құм, глиноземдi жыныс (далалық шпат, пегматит), әк, доломит, әк-доломит жыныстары | 1 |
3 | Тамақ өнеркәсiбiне арналған әк | 1 |
4 | Басқа руда емес шикiзат | 3,5 |
5 | Отқа берiк саз балшықтар, каолин, вермикулит | 3,5 |
6 | Ас тұзы | 3,5 |
7 | Жергілікті құрылыс материалдары | 4,5 |
8 | Ауа кіретін кеуек жыныстар, құрамында суы бар ауа кіретін шынылар мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), малта тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипстік тас, ангидрит, гажа, саз балшық және саз балшықты жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз балшық, құмды саз балшық, аргиллиттер, алевролиттер, сазбалшықты тақтатастар), бор, мергель мергельдi-борлы жыныстар, кремнийлі жыныстар (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпаты жыныстар, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфозалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыпқа салынатыннан басқа құм (құрылыстық, кварцты, кварцты- далалық шпатты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас. | 4,5 |
9 | Жерасты сулары | 10 |